Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі Физика және астрономия пәнінен



жүктеу 2,87 Mb.
бет2/18
Дата17.11.2017
өлшемі2,87 Mb.
#975
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Мазмұны:
1.Түсінік хат.

2. Физика пәнінен есептер шығарылуға қойылатын негізгі талаптар.

3. Бағалау параметрлері.

4. Физика пәнінен деңгейлік тапсырмаларды бағалау.

5. Физика және астрономия. 7-сынып.

6. Физика және астрономия. 8-сынып.

7. Физика және астрономия. 9-сынып.

Түсінік хат
Еліміздің білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан оқытудың Кембридждік Бағдарламасы сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оұыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олардың жұмыс жүргізу қажеттілігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілмен меңгеретіндігін жете түсінуі.

Оқушылардың білім нәтижелерін бағалауға байланысты Кембридждік Бағдарлама Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін ұсынады. Бұл модуль бағалаудың екі түрде қарастырады: сумативті (жиынтық) бағалау және формативті (қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқытуды бағалауды пайдаланғанда, бағалау оқыдағы аса пайдалы құралға айналады. Сонымен қатар білім беру үрдісінде мұғалімдер мен оқушылар үшін қандай мақсатқа жету керектігін білу маңызды, ол мақсатқа жету критерийлерін түсінуді талап етеді. Оқыту нәтижесін бағалау оқытудың маңызды үрдісіне жатады деген ұғым Бағдарламаның басты идеяларының бірі болып табылады. Бағалаудың түрлері мен әдістерін ұтымды пайдалану мұғалімге оқытуды даралауға, яғни әр оқушының мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді, ал оқушыға өз оқуын қадағалап, кейінгі өміріне қажетті құзыреттіліктерді максималды қалыптастыруға жағдай жасалады.



Бағалаудың мақсаты:

  • Оқушылардың оқудағы қиындықтарын анықтау арқылы қолдау көрсету үшін;

  • Оқушылардың назарын оқыту мақсаты мен табысқа жету өлшемдеріне аударту үшін;

  • Мұғалімнің әрекетін әр оқушының дамуын жетілдіруге бағыттау үшін (әрі қарай білімді жетілдіруге шешім қабылдау үшін оқушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету: бар күшін неге жұмсау керек, неге назар аудару керек, нені жақсартып, нені дұрыстауы тиіс, немен әлі жұмыстану керек)

  • Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін;

  • Оқу бағдарламасының мазмұны мен стилін бақылау үшін;

  • Оқу бағдарламасы мен стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін жүзеге асырылады.

«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытудың мақсаты- функционалдық сауаттылықты дамыту негізінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасындағы талаптардың ерекшеліктеріне, яғни оқушылардың өздік жұмыстары практикалық және жобалық жұмыстардың орындалуына назар аударылады.

«Физика» пәнін меңгеру сапасын тексеру үшін өтетін бақылау жұмыстары оқу бағдарламасына сәйкес оқу жылы ішінде өтіледі.

Физика пәнінен 7-9 кластарға арналған бақылау жұмыстары оқу бағдарламасына сәйкес жасалынды.

Бақылау жұмыстары деңгейлік тапсырмалардан және бағалау параметрлерінен құралған.

Бақылау жұмыстарына 45 минут беріледі. Бақылау жұмыстары нолдік, тоқсандық, жылдық бақылау жұмыстарын қамтиды.

Бұл әдістемелік нұсқаулық үшінші (базалық) деңгей Бағдарламасының мазмұнына сәйкес физика пәнінен құрастырылған.

Әдістемелік нұсқаулық деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдерге, жалпы білім беретін орта мектептің физика пәндері мұғалімдеріне арналған.


Физика пәнінен есептер шығарылуға қойылатын негізгі талаптар.
Кез-келген физика есебін шығарудың процесі мынадай бес кезеңнен тұратындығын ескертейік:

1.Есептің мазмұнын зейін қоя оқып, шартын физикалық стандарт бойынша қысқаша белгілеп жазу, схема немесе сызба түрінде кескіндеу және берілген шамалардың өлшем бірліктерін СИ жүзіне келтіру.

2.Есептің мазмұнына талдау жасап, оның қандай физикалық процестерге, құбылыстарға, шамаларға, заңдылықтарға негізделгенін тағайындау, қажетті формулаларды, теңдіктерді, теңдеулерді анықтап жазу және қосымша шарттарды математикалық түрде өрнектеу.

3.Қажеттілігіне қарай қарастырылған схемада координат жүйесін таңдап алып, сызып көрсету және тағайындалған векторлық теңдіктер мен теңдеулерді координат осьтеріне проекциялау, одан скалярлық түрге келтіру.

4.Тағайындалған барлық скалярлық теңдіктерді, теңдеулерді формулаларды, қосымша шарттарды біріктіріп қарастыру және шешу жолымен іздеп отырған шаманы жалпы формула түрінде табу және ол формула бойынша белгісіз шаманың өлшем бірлігін тағайындау.

5.Тағайындалған жалпы формулаға берілген шамалардың мәндері мен таблицалық мәндері қою арқылы іздеп отырған белгісіз шаманың сан мәнін анықтау және қажеттілігіне қарай есептің жауабына талдау немесе зерттеу жасау.


Бағалау параметрі:



  • А деңгейдің сұрақтарына толық және В деңгейдің тапсырмасын толық орындамаған кезде, тек қана С деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана В деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.



  • А және В деңгейдің тапсырмасын толық орындаған, С деңгейдің тапсырмасын толық орындай алмаған оқушы, тек қана С деңгейді және А деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.



  • А,В,С деңгейлердің тапсырмасын толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.


Физика пәнінен деңгейлік тапсырмаларды бағалау

А деңгей (0-5) ұпай.

Бұл тапсырмалар: жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер, т.с.с. түсін өзгертпей естігенін жатқа айтып беруге арналған қарапайым тапсырмалар. Оларға оқушылардың барлығы міндетті түрде жазбаша жауап береді, барлығы 5 ұпай жинап, “3” деген баға алады.



В деңгей (0-5) ұпай.

Бұл тапсырмалар оқушылардың I деңгейден алған білімдеріне негізделіп құралады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған бала алғашқы 5 ұпайына тағы 5 ұпай қосып, 10 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі толық “4” деген бағаға сәйкес келеді деп қарастырылады.



С деңгей (0-5) ұпай.

Оқушы жаңа тақырып бойынша негізгі ойды қорытып, өз пікірін айта алатындай бір ғана тапсырма болуы тиіс. Дұрыс жауап бере алған оқушы I (0-5), II- деңгейлерден жиған (0-5) ұпайына тағы (0-5) ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол дәстүрлі оқытудағы “5” бағасына сәйкес келеді.



Физика пәнінен бақылау жұмысын критерий арқылы бағалау

Критерий

Білім жетістігінің деңгейі




Дескриптор

А

0-5


0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаса

2

Оқушы формуланы жаза алмай қателессе

5

Оқушы есепті толықтай дұрыс шығарса

В

0-5


0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаса

2

Оқушы есепті шешуде қателіктер жіберсе

5

Оқушы есепті толықтай, дұрыс шешсе

С

0-5


0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаса







2

Оқушы формуланы жаза алмай қателессе







5

Оқушы есепті толықтай дұрыс шығарса



Физика және астрономия 7-сынып.
I-тоқсандық бақылау жұмысы.
I тарау. Физика – табиғат туралы ғылым. II тарау. Заттың құрылысы.

III тарау.Қозғалыс.

Жалпы тарауға шолу.
Табиғат құбылыстары-табиғаттағы кез келген өзгерістер. Физика-табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні. Астрономия-аспан денелерінде және олардың жүйелерінде өтетін құбылысты зеттейтін ғылым және оқу пәні.Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері:

1) бақылау;

2) эксперимент (тәжірибе);

3) теориялық әдіс;

Физикалық шама-физикалық нысанды немесе құбылысты сипаттайтын өлшем бірлігі бар сан мәні.Атом-химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтайтын оның ең кіші бөлшегі.

Молекула-заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтайтын оның ең кіші бөлшегі.

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары:

1) барлық денелер молекулалардан (атомдардан) тұрады;

2) молекулалар үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады;

3) молекулалардың (атомдардың) арасында тартылыс күші және тебу күші әрекет етеді.

Диффузия-бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық бос орындарына өзара өтуі.Заттың күйлері-газ тәрізді, сұйық және қатты түрлері.

Механикалық қозғалыс-дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі.Орын ауыстыру-қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді. Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі, яғни бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығын есептегендегі амал қолданылады.




Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр м/с алынады.

Қозғалыс теңдеуі: х=x0+υt. Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің координатасы уақыттың сызықтық функциясы болып табылады.

Дене координатасының уақытқа тәуелділігі графигін дененің қозғалыс траекториясымен шатастыруға болмайды.

Тақырыптар:

Физика- табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физикалық шама. Атомдар мен молекулалар. Молекулалар қозғалысы. Диффузия. Заттың күйлері. Механикалық қозғалыс.



Мақсаты:

Оқушылардың молекула және олардың қозғалысы, заттың үш күйде болуы және механикалық қозғалыстар туралы білімдерін тексеру.



Күтілетін нәтиже:

А.Механикалық қозғалыс, жол және орын ауыстыру, жылдамдық сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсінеді.

В. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі дененің жүрген жолы мен жылдамдығын есептеуге арналған формулаларды қолдана біледі.

С. Оқушылар өмірмен байланыстырып, физикалық ұғымдар мен шамалардың маңыздылығын айқындайды.



I- нұсқа

А. 1. «Физика» деген сөз нені білдіреді, қай тілден енген?

2. Физикалық денелерді мысал келтіріп, жаз.

3. Молекула деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

4. Диффузия сөзін қалай түсінесің?

5. Заттың үш күйін атап шық.

В. Ұзындықтың негізгі бірлігі қалай аталады? Ол бірлікке еселік және үлес болатын бірліктерді атап шық.

С. Автомобиль 9 км жолды 10 м/с жылдамдықпен, ал келесі 27 км жолды 54 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығы қандай?



II-нұсқа
А.1. Физика нені зерттейді?

2. Физикалық шамалар дегеніміз не?

3. «Атом» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

4. Температура дегеніміз не?

5. Қатты дененің молекулалары қалай орналасқан?

В. Өлшеуіш аспаптың бөліктерінің құнын қалай анықтау керек?



С. Велосипедші алғашқы 0,5 сағатта 10 км жол жүрді. Келесі 12 минутта ол 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Ол соңғы 9 км жолда 5 м/с жылдамдықпен жүрді. Велосипедшінің барлық жүрілген жолдағы орташа жылдамдығын табу керек.
II-тоқсандық бақылау жұмысы.
ІV тарау. Масса және күш. Жалпы тарауға шолу.
Масса-денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама. Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм т.б. Өлшейтін құрал – таразылар.

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шаманы айтады. Зат тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да кг/м3 алынады.



жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау