Батхолдинов Қ.Ү. – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының оқытушысы, педагогикалық өтілі жыл. 050724-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша «Слесарлық іс негіздері» пәні, кредит



жүктеу 8,73 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі8,73 Kb.
#6527

Батхолдинов Қ.Ү. – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының оқытушысы, педагогикалық өтілі 5 жыл. 050724-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша «Слесарлық іс негіздері» пәні, 3 кредит.

  • Аңдатпа
  • «Слесарлық іс негіздері» пәні студенттерге бөлшектерді қайта қалпына келтіру әдістері мен тәсілдері, бөлшектерді жөндеу кезінде қолданылатын құралдар мен жарақтар жөнінде жалпы мағлұмат береді. Қажет жағдайда өз бетінше орындауға берілген жекелеген тақырыптар бойынша білімдерін өз бетінше толықтыруға немесе тереңдетуге мүмкіндік беретін материалдар бар.
  • «Слесарлық іс негіздері» пәні «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының бакалаврлары үшін таңдалып алынатын пән болып табылады, бұл пәннен алынған білім слесарлық әдіспен бөлшектерді қалпына келтіруде өте қажет.

Пәннің мақсаты Пәннің басты мақсаты болашақ мамандарда өндірістік шеберхана жағдайында бөлшектерді слесарлық әдіспен қалпына келтіруден білімді қалыптастыру болып табылады.

  • Пәнді оқып-үйренуге қойылатын міндеттер
  • Пәнді оқытудың міндеті студенттерді бөлшектерді слесарлық әдістермен өңдеу мен жұмыс қабілетін қайта қалпына келтіруден тәжірибелік дағдыларға үйрету болып табылады.

Материалдарды таңдау мен құрылымдаудың негізгі принциптері

  • Курстың бүкіл материалдары тәжірибелік сабақ түрінде берілген.
  • Тәжірибелік материалдардың құрылымы:
  • Жөндеу шеберханасындағы еңбек кауіпсіздігі
  • Жұмыс орны мен еңбек процесін оңтайлы ұйымдастыру
  • Слесарьдың жұмыс және бақылау-өлшеу құралдары
  • Жалпақ беттерді белгілеу.
  • Көп жақты беттерді белгілеу.
  • Металдарды шабу, түзету, майыстыру
  • Кесу, егелеу, шаберлау, үйлестіру, келтіру
  • Бұрғылау , зенкелеу, зенкірлеу
  • Сырткы және ішкі бұрандаларды салу
  • Бөлшектерді келтірудің технологиялық процесі

Оқыту әдістері мен түрлері

  • Студенттер кредиттік жүйе бойынша оқытылады, оқу түрі – күндізгі, жүргізілетін сабақтар түрі – дәріс және тәжірибелік.
  • Тәжірибелік сабақтардың негізгі бөлігі зертханалық стендтер мен қондырғылар қолданылып, арнаулы дәрісханада оқу өндірістік шеберхана жағдайында өтіледі.
  • Курсты оқып-үйрену нәтижесінде студент:
  • білуі керек:
  • - қазіргі мұнай өндірісіндегі жабдықтарды тиімді қолдану қағидаларын;
  • - машиналар мен жабдықтардың қазіргі жөндеу тәсілдерін;
  • - әртүрлі жөндеулерде қолданылатын жабдықтарды ;
  • -жөндеудің қауіпсіздік ережелерін;
  • орындай алуы керек:
  • - қажетті құралдарды, кіші механизация жабдықтарын, машиналар мен жабдықтарды таңдау мен қолдануды;
  • - қабылдау-өткізу жұмыстарының ережелері мен тіркеуді;
  • - слесарлық жұмысты жүргізуді.
  • ұғымы болуы керек:
  • - жөндеуге қажетті техника мен технология саласынан;
  • - жөндеуді қажет ететін жабдықтардың техникалық құрылысы мен пайдалануынан;
  • - жинақтаушы және шығындық материалдардың қажетті типтік өлшемдерін, сапасын, санын таңдаудан.

Білімді бақылау және бағалау

  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде кредиттік технология бойынша оқитын барлық курстарда барлық пәндерден студентердің білімін бақылау үшін рейтингілік бақылау қолданылады.
  • Мамандықтың жұмыстық оқу жоспарына кірген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 балдық шкаламен бағаланады
  • Бақылау түрі
  • Пайыздар
  • Емтихан
  • Қорытынды бақылау
  • Аралық бақылау
  • Ағымдық бақылау
  • 100
  • 100
  • 100

Өзім жөнінде: Біліктілігім: тау-кен инженер-мұнайшысы, МГЖМЖ кафедрасының оқытушысы. Соңғы 5 жылда 3 еңбектерім жарияланды. Мен жетекшілік ететін дипломдық жобалар тақырыптары университет сайтында көрсетілген. Менің курсым бойынша оқушылардың үлгерімінің орташа балы 85-90%.

  • Оқушыларға қойылатын талаптар:
  • 1. Жұмыстарды көрсетілген уақытта тапсыру.
  • 2. Жұмыстарды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
  • 3. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тестермен тексеріледі.
  • 4. Сабаққа кешікпеу.
  • 5. Сабақтан қалмау.
  • 6. Оқу процесіне белсенді қатысу.
  • 7. Үй тапсырмасын өз бетінше орындау.

жүктеу 8,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау