Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
Жоба тақырыбы:
«Бастауыш сынып оқушыларының «Қазақ тілі» және «Ана тілі»
сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту»
Орындаған: Искакова Ж.Т.
Ғылыми жетекші: Шадетова А.К.
Жұмысты өткізу мерзімі: 23.04.2011
Қарағанды-2011
Мазмұны
І.Кіріспе
1. Жобаның мақсаты мен міндеттері
2. Күтілетін нәтижелері
ІІ.Жобаның негізгі мазмұны.
1.Теориялық негіздемесі
2.Жоба өнімінің сипаттамасы
3.Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау
ІІІ.Жоба тиімділігін бағалау критерийлері.
ІV.Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер
V.Глоссарий.
VІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
VІІ.Қосымша.
Кіріспе І.Жобаның қысқаша негіздемесі.
Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға белгілі.
К.Д. Ушинский пікірін П.Ф. Каптерев одан өрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан - оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды. Ең маңыздысы, бұл процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді.
Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс - тәсілдеріне:
а) оқыту әдісі - бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі.».
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.
Кейбір зерттеулерде оқушының танымдық белсенділігі – бұл интеллектуалды және кәсіптік дайындыққа бағытталған үздіксіз оқу үрдісі, оқу тиімділігі мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оптималдандыру ретінде түсіндіреді.
Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Осы пәннің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді». Ал ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыру дегеніміз- өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Осыған орай В.В.Давыдов: «Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетіндекөрінеді, даму өнімі- оқуға құштарлық, ынталылық» - дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық , әдіснамалық».
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.
Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.
Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілетері, ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.
Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.
Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
2.Жобаның мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудағы әдіс-тәсілдердің түрлерін зерделеу.
Жобаның міндеттері:
1.Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдеу;
2.Ана тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту;
3. «Жұмбақтар,мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту;
4.Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар.
3.Күтілетін нәтижелер:
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізу керек.
ІІ.Жобаның негізгі мазмұны
1.Теориялық негіздемесі.
Бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
2.Жоба өнімінің сипаттамасы.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адам.
Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтылды.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.
3.Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау.
Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсете кетейін:
Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері
Дәстүрлі сабақ
|
Шығармашылық сабақ
|
Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру;
Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру.
|
Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу
|
Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру;
ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау.
|
Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.
|
Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті.
|
Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.
|
Сабақ тақырыбына көзқарас — кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас.
|
Сабақ тақырыбына көзқарас — мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.
|
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау Оқушыларды шығармашылыққа баулу, білім деңгейін жетілдіру — ұзақ әрі жүйелілікті қажет ететін процесс. Оқушының дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеріле береді.
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
Оқушылардың логикалық нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
9.Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді
10.Ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шартының алғашқы баспалдағы - кәсібилік. Қоғамның дамуы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған
Критерийлер:
Объективті Субъективті Нәтижелі Шығармашылық
Субъективті критерийлер:
Адамның мамандығы: Субъективті критерийлер:
- оның табиғатына - кәсіби – педагогикалық
- қабілетіне бағыттылық
- қызығушылығына - кәсіптің маңыздылығы
- өз ісінен қанағат - оның құндылығын түсіну
табатындығына маман иесі ретінде өзіне
байланысты позитивті көзқарас тың болуын
жатқызады
Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме кеш пе меңгеруі тиіс. Ал А.К.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі.
Мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі
Мамандықта өзін - өзі актуландыру кезеңі
Мамандықты еркін меңгерген кезең
Мамандықта кәсібилік деңгейге жеткен кезең.
Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шарты – білім сапасын арттыру деңгейін төмендегідей әрекеттердің сапасын анықтау арқылы дәлелдеп отыр:
Мұғалімнің сапасы + тұлғаның сапасы = білімнің сапасы
Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты – білім сапасын арттыру. Ендеше оқушының білім сапасын арттыруда күнделікті өткізілетін сабақтың қызықты, мазмұнды, жаңа талаптарға сай жүргізілуінің маңызы өте зор
Оқушының білім сапасын арттыру - өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық – гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс – қимылын жүйелілікпен арттыруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімге байланысты.
Қорытынды
Қорыта келгенде, білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты - оқушының білім сапасын арттыру болғандықтан, сабақ жүргізетін кез – келген мұғалім сабақ өткізудің ең тиімді, ең қызықты, ең қажетті, ең тартымды, ең өзекті үрдісін таңдап алу қажет. Мұндай үрдіс оқушының білім сапасын арттырып қана қоймайды, оның білімге деген біліктілігін арттырып, ізденімпаздылық пен шығармашылыққа деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады, білім кеңістігіне жол ашады.
ІV.Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер:
-мұғалімнің кәсіби даярлығының болмауы;
-көрнекі құралдардың аздығы;
-техниканың жетіспеуі;
V.Глоссарий
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
Шығармашылық — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».
VІІ.Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева
Бастауыш білім журналы № , 2004 ж.
Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева
Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.
Бастауыш мектеп журналы, № 1, 2006 ж.
Оқушыларға тіліді меңгерту жолдары Алматы «Ана тілі», 1997 ж.
Шешендік сөздер С. Негимов Алматы, «Ана тілі» 1997 ж
V Қосымша тапсырмалар
Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.
5 жолды өлең:
Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын
II тапсырмаӨсімдік пен жануарлардың байланысы.
IІІ- тапсырма
— Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)
4-тапсырма
ББҮ кестесі (кез келген тақырып)
Не білемін?
|
Не білгім келеді?
|
Не үйрендім?
|
|
|
|
Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |