Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары


Ана тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар



жүктеу 258,5 Kb.
бет2/3
Дата19.11.2018
өлшемі258,5 Kb.
#21087
түріСабақ
1   2   3

Ана тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар


Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттырудағы түрлі әдіс-тәсілдер:

  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

  8. Өлең, мақалдар құрастыру.

  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  10. Кейіпкерге мінездеме беру.

  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

  12. Рөлге бөліп оқыту.

  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

  14. Диалог-ертегі.

  15. Образға кіру.

Шығармашылық тапсырмалар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.



І тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдерін дамыту.





ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»

Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.

— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

— Екі бала жайында не айтасыңдар?



Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.



Жантас

Мейірімсіз, қатыгез, жаман,


әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады

Қожа

Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,


жақсы, әдепті, жаны ашитын

Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?



— Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)

— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.

— Қожаның ісіне қуандық.

— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?

— Кездескенде не деп айтар едіңдер?

— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?

— Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?

— Қандай сурет салар едіңдер?

— Қалай мүсіндер едіңдер?

Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.

ІІІ тапсырма «Суырыпсалма ақын»

Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.



Мысалы «Жаңбыр ойыны»

Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.



Мұғалім

Оқушы

Жаңбыр жауды

Далаға

Жаңбыр жауды

Қалаға

Жаңбыр жауды

Ауылға

Жаңбыр жауды

бауға да

Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)

ІҮ тапсырма «Диалог-ертегі»

Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.



Ү тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

  1. Суреті бар, хабарлайды,
    Жәшікте тұрып жыбырлайды.
    Ән салады, би билейді,
    Көңіліңді көтереді. (теледидар)

  2. Жерге түсірсең, секіреді. (доп)

  3. Бізге жарық береді,
    Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)

  4. Өзі әдемі, иісі жұпар,
    Оны туған күніне сыйлар. (гүл)

  5. Өзі гүл сияқты,
    Күн көзін сүйер.
    Ішінде дәні бар,
    Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)

Мақалдар

  1. Еріншек болсаң,
    Наның жоқ.
    Еңбекқор болсаң,
    Қарның тоқ.

  2. Еңбексіз нан жоқ,
    Нансыз өмір жоқ.

  3. Бір сәттік бақытқа,
    Алланы ұмытпа

жүктеу 258,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау