Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орндар ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен ьастап ақ өлең жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақал- мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әртүрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға,тұжырымды түйін есебінде қолданылады. Мақал-мәтел ойды қысқа да ұтмды жеткізетін, өмір тәжірибесін қолдана айтатын сөздер. Онда ел, халық, Отан, ерлік, бірлік жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. “Туған жерге туың тік”, “Ер өзі үшін туады, елі үшін өледі ”, “Ел іші алтн бесік” дейтін мақалдар ертедегі батырлардан бастап, отан соғысы күндеріне дейін елді ерлікке шақырып, патриотизмге баулыған асыл сөздер балған. Ел қорғау батырлық ерлік істер жайлы туған халық мақалдары халықтың бұл жөніндегі ой тілегі, арман мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтаншы қандай екендігін білдіріп отырады. Бұл тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге болсада туған жер, өсіп өнген ел отан аса қасиетті, қадірлі, қымбат, ыстық деп көрсетеді. “Туған жердің тауы ыстық”, “Ел жұрты бардың жұтымы жоқ”, “Туған жердің күні де, күлі де ыстық”, “Туған жер тұғырың, туған ел қыдырың”, “Ата қоныс алтын мекен ” деумен туған елді басқа елдермен салыстыра келіп, әркімге өз елінің артық екенін аңғартады. Мұны халық “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол ”, “Кісі елі күміс, өз елің алтын”, “Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол” деген мақалдар арқылы сипаттайды . Өзінің мақалдары туған жер, ел отанды аса жоғары бағалап ардақтаған халық, енді оларды қорғау әрбір азаматтың басты боршы деп біледі. Ел талап ойран салуды көздеген шапқыншы жау болса, оған қарсы аттану, қасқтай қан қалғанша ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан Отанды қорғап қалу халқын сүйген әрбір ержігіттің азаматтық борышы болатындығын көрсетеді. “Елін сүйген ер болар”, “Жүкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер” деген мақалдар жоғарыда айтылған пікірдің айғағы. Халық мақалдары ел қорғау басқыншы жауды талқандап жеңу жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарған, қиадан тартып жол салған, жау қамалын қиратқан, табан тірескен айқасарда тайсалып тартынбаған жігіттерді ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрлардың бірі – жұмбақтар. Жұмбақ- өскелең ұрпаққа білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі. Мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылпаш жас баланң тілін жетілдіріп, табиғат өмір жағдай”ындағцы түсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады. Жұмбақ ең алдымен жас бөбекутерге үйретілген. Оның өзі көбіне ұйқасқан өлең түрінде айтылатын болған. Алдында айтылған мақал-мәтелдер тәрізді жұмбақтар да сәби балаларды ерлікке, отаншылдыққа, патриоттыққа үндейтін маңызды құралдардың бірі. Өйткені кәптеген жұмбақтардың астарында батырлық ел қорғаған ерлердің бойндағы бес қаруы жасырын түрінде айтылады. Мысалы: Белі қайқы, жоны тайқы (қылыш) Сүмбелі теректі, Ерден қалмайды, Қызыл желекті, Жауда керекті (найза) Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындық ұрығы- дәні тәрізді. Бұл жақтарынан тексеріп тану да ғылымдық міндет. Жұмбақтардың шешуін іздеймін деген баланың ойына және қиялына әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар қылыш, найза тәрізді ер қаруын қолға алып, елін жаудан қорғауға деген құштарлық та пайда болады. Аңыз әңгімелерде елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын қаһармандар өскелең буынға тәрбиелі де ізгі ықпалын тигізеді. Мәселең көпшілікке мәлім, ұлы даланың абз жырауы атанған Асан Қайғы халқы уайым қайғыны білмейтін, жан- жануары жылына екі мәрте балайтын жаз самал, қысы шуақты Жерұйықты іздеуі баяндалады. Желмаяға мініп тынымсыз сапар шегетін, Алтай мен Атырау арасындағы жер- судың қадір- қасиетіне қарай сипаттама беретін дала данышпаны қартайған шағында жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрсе, ол халқы үшін жасаған қызметі. Сол үшін де халқы оны қадірлеген, оны кейінгі ұрпағына Асан Қайғының отаншылдығын үлгі етіп ұсынған. Асан Қайғдай ел ұлы болуға үндеген. Жалғыз Асан Қайғы емес, сонымен бірге Жиренше шешен туралы аңыз әңгімелерде патриотизм туралы айтылған. Айталық, ұзақ мерзім бойы әз- Жәнібек ханның ақ ордасында болып, өзінің ұядай қосына анда- санда бір оралатын Жиреншенің екі тізесі сыртқа шығып жататын баспанасы жайлы “қайран меніәң өз үйім, кең сарайдай боз үйім” деп айтатын қанатты сөзінде патриоттық ой жатыр. Өйткені, ел деген ұғым осы шағн қара қостан басталатынын, туған жерге деген сүйіспеншілік осындай түсініктен нәр алатынын қиыр жайлап, шет қонып жүрген көшпелі жақсы білген. Сондықтан, оны ұрпағына өнегелі жол деп көрсетті. Ертегілерге бай елдердің бірі- қазақ халқы. Қазақ халқының ой- қиялының жемісі болвп саналатын ертегілер балалардың патриоттық тәрбиесінде аса маңызды рөл атқарады. Өйткені, ондағы патриотизм шығарма қаһармандарының туған еліне, кіндік қан тамған жеріне деген құштарлығы ауыз әдебиеті нұсқауларының басқа жанрларна қарағанда ертегілерде анық байқалады. Мәселен, “Ер Төстік” ертегісіндегі оқиғалар бас кейіпкер өзінің елден ауып кеткен ағаларн іздеп тауып әкелуі, өз басына, еліне қауіп төндірген перінің қызы Бекторы мен Жалмауз кемпірден құтылып, кек алуы жалаң батырлық емес, ізгі пейілді азаматтығын да байқатады. Халық ертегілері өткенді ғана баяндаумен шектелмелді, болашақ, келешек туралы қатты ойланады. Қазақ ертегілерінің басм бөлігінде ерлік, батрлықпен қатар үлкен адамгершілік, қайырымдылық, ақыл, тапқырлық, мейірімділік пен парасат мадақталып, өскелең ұрпаққа үлгі ретінде ұсынылады. Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі- батрлар жыры. Бұл жырлардң көпшілігі халқтың Отанды сүю, басқыншы жаудан елді қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс- тіршілігіне, тарихна, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. “Қамбар батыр” жырын ерекше атап көрсетпекпіз. Өйткені ересектермен қатар бұл жыр орталау және орта мектеп оқушыларының қабілетіне сай шығарма. Қамбар батырдың ерлік істері, халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы өжет іске бастайды. Олардың патриоттық рухын көтереді. Нашарларға жан ашу, оларды қолдай білетін рахмшыл, көпшіл, қоғамшыл болуға үйретеді. Адамгершілік санасы мейлінше жоғары ұстаудың жақсы үлгілерін береді. “Қамбар батыр” жырының батырлық жырлардан тағы бір өзгешелігі, жаңалғы деп білеміз. Қамбар жас болса да, алды- артын болжай білетін, абайлап, ақылға салып қарайтын өнегелі азамат, ірі тұлға. Бұл - оған берілген халықтық сипат. Оның жас өспірімдеріміз үшін үлгі болатн тәрбиелік жақтары батырлығымен қатар ақылды, сабырлы, ұстамдылығында. Осындай шайқас, тартыс үсті балалар мен жас өспірімдерге патриоттық рух беріп, оларды шігерлендіре түседі. Бұл- балалар үшін үлкен тәрбие. Мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндерін туған халқының ауыз әдебиеті үлгілері арқылы патриоттық рухта тәрбиелей алсақ қана біз жас бүлдіршіннің жан дүниесін жадыратып, келешекте елін, жерін қорғайтын, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар азамат тәрбиелеп шығарамыз. Халық ауыз әдебиеті- балаларды Отаншылдыққа тәрбиелеудің сыннан өткен мектебі. Сондықтан, жас ұрпаққа өз еліміздің, халқымыздың аса бай ауыз әдебиеті үлгілерін үйретіп, сол үлгілер арқылы патриоттық тәрбиеге баулу- ұстаздар мен тәрбиешілер қауымының басты жұмысы. “Жастай берген тәрбие- жас шыбықты игендей ”деп, біз балаларға тәрбиені жастайынан халықтық педагогика элементтері мен халық ауыз әдебиеттері үлгілерін пайдаланудан бастауымыз қажет. Өз халқының алтын қорынан нәр алып, сусындаған әрбір жас бүлдіршін болашаққа өз Отанының жанашыр азаматы, елін- жерін қорғайтын ері болып өсері сөзсіз. Балабақша бүлдіршіндері мен оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын арттырып адамгершілікке, патриоттық сезімге баулу ісінде халық ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше екенін естен шығармауымыз қажет.
Мектеп оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілетін өлкетану жұмыстары: туған өлкенің тарихын, мәдениетін, табиғатын, әдебиетін зерттеу, соның нәтижесінде жиналған материалдарды жоспарлы, жүйелі түрде пайдалану аса маңызды. Егерде бұл жұмыс жақсы жолға қойылып, жиналған материал мектеп мұражайында немесе өлкетану бұрышында сақталса және де ол әдебиет, тарих, жаратылыстану, биология пәндері бойынша факультативтік курс ретінде жүргізілсе, онда осы курс бағдарламасының алдна қойған міндетін ойдағыдай жүзеге асыруға, жас жеткінкеншектерді интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеуге үлес қосты деп есептеуге болады.
Елбасымыздың “Қазақстан-2030” атты бағдарламасында: “Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет”- деп атап көрсетілген.
Жоғарыда айтылған, сарапқа салынған түрлі әдебиеттер мен педагогикалық оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, сондай-ақ Елбасының жолдауын басшылыққа ала отырып, де де өз мектебімізде 4 сынып арасында бірқатар іс-шаралар жүргіздік. Бастауыш сынып оқушыларының бойына патриоттық, интернационалистік қасиеттерді сіңдіру мақсатымен “Жеңіс күні” атты тәрбие сағатының үлгілік нұсқаулығын ұсынып отырмыз.
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Жеңіс күні (Қайрат Жұмағалиев).
Сабақтың мақсаттары: Оқушыға өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
а) білімділік: Өлеңді нақышына келтіріп, түсіндіру. Ұлы Жеңістің қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Қосымша материалдар пайдалану;
ә) дамытушылық: Негізгі идеяларды суреттей отырып, оқушылардың белсенділігің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, негізгі идеяны баяндау, керкем сөз оқу, өз ойларын тұжырымдау, өздік жұмыстар, шығармашылық тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер, кітаптар көрмесі, үнтаспа, бүктеме кітапша.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс күнін бүкіл адамзат аңсап күтті. Бірақ, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. 1941 жылы 22-маусымда гитлершілдер елімізге соғыс ашты. Осынау сұрапыл соғысқа Кеңес Одағының басқа да республикаларымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне біздің Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосты.
Иә, балалар, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатыс-қандар сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне "Батыр" деп жазып кетті.
- Құрметті балалар, ағаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық (1 минут үнсіздік).
1945 жылдың 30-сәуірінде рейхстаг үстінде Р.Қошқарбаев тіккен Жеңіс туы желбіреді.
8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9-мамыр күні бұрын - соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
Ой толғаныс. Кеңес Одағының Батыры атағын алған жерлестеріміз тура-лы Әсемгүл апайларыңыз әңгімелейді.
Поэзия минуты. "Әлия" (Сағи Жиенбаев - Әлия болып киініп шығады.)
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.
Мәншүк (Сәду Машақов - Мәншүк болып киініп шығады.)
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі "Максим" оның,
Бойында күш - жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.
Тақтамен жұмыс.
(Дыбыс санына қарай бөліп жазу.)
І топ ІІ топ ІІІ топ
ат лақ торт
от нан алма
ор күн бала
бас алты
сүт құрт
Өздік жұмыс. Дауысты дыбыстарды бір рет, дауыссыз дыбыстарды екі рет сыз.
құстар гүлдер
жеңіс ардагер
Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға "Жеңіс күні" өлеңін тізбектей оқыту.
Шығармашылық жұмыстар. "Менің атам соғыс ардагері" тақырыбына жазған шығармаларды оқыту.
1. Жолдас. 2. Әлихан.
3. Аманбек. 4. Аяжан.
Есімде сол бір кез.
Халық легі куәсіндей ерліктің,
Көптен бері осы күнді сағынған.
Ардагерлер осында отыр ерліктің,
Медальдарын, ордендерін тағынған.
Бүгінгі сабағымыздың қонақтары соғыс ардагерлері Дүйсенғалиев Құрманғали мен Уәлиев Тұқыш ағайларға сөз кезегін береміз.
ІV. Қорытындылау. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел еш уақытта ұмытпайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Азаттық үшін күрескен ерлерді, батырларды ешқашан ұмытпаймыз.
"Мен соғысты жек көрем" Қайрат Жұмағалиевтің өлеңін 4-сынып оқушысы Жандалиева Айзада мәнерлеп оқиды.
"Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды", "Ұлы Жеңіске 61 жыл" сөздерін сұраққа жауап беру арқылы құрастыру.
V. Үйге тапсырма. "Жеңіс күні" (жаттау)
VІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатынасқан, шығарма жазып келген, көркем сөз оқыған оқушыларды бағалау.
Оқушыларды ізденуге, білуге, талпынуға, ойын қозғап таным көзқарасын қалыптастыру үшін оқьпудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін пайдаланған дұрыс. Ал окушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін өз бетімен жұмыс істеуіне дағдыландыратын тапсырмалар беру тиімді.
Сабақ сапасының нәтижелі, ұтымды болуы сабақтың ғылыми-теориялық жағынан жоғары деңгейде болып, мазмұны ғылыми жаңалықтармен толықтырылуына байланысты. Ондай шығармашылық жұмыс белгілі нәтиже береді.
Бұл үшін үздіксіз ізденіп өмір талабынан артта қалмай, замана көшіне ілесіп отыру қажет. Демек оқытудың жаңа технологиялық әдістеріне сүйеніп, оқушыларға тиянақты білім беруді қалыптастыру қажет. Яғни оқушы тек білім алып қана қоймай, ол сабаққа қызыға қатысып, белгілі тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасап отыруы тиіс.
Қорытынды
Бастауыш сынып оқушыларның интернационалдық және патриоттық тәрбиенің педагогикалық негіздеріне қатысты педагогикалық, философиялық әдебиеттер, психолог, педагог ғалымдардың еңбектері мен мектеп мұғалімдерінің практикасы, мерзімді басылымдардағы жеке мақалалар мен оқу әдістемелік құралдар, мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуге арналған мектеп практикасының нәтижелері және т.б. материалдарды зерделеу барысында, жұмысымыздың жалпы мазмұнын қорыта келе, мынадай ұсыныстар мен ой-пікірлер түйіндедік:
1. Ғылыми-педагогикалық және психологиялық материалдарды зерттеп ғылыми-философиялық әдебиеттермен танысу, талдау және мерзімді басылымдарды зерделеу нәтижесінде біз “қазақстандық патриотизм” және "ұлттық патриотизм" деген ұғымдарға анықтама бере алдық. Бұл ұғымдарға берілген анықтамалар мектеп және басқа оқу-тәрбие мекемелерінде жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуде патриоттық сана, сезім қалыптастырып, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыруда табан тірейтін негіз болмақ.
2. Мектеп оқушыларын интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған теориялық және практикалық материалдарды талдай отырып, интернационализм мен патриотизмге тәрбиелеудің төмендегідей бағыттарын анықтадық:
- оқушылардың бойында патриоттық сана қалыптастырылып, сезімдері оятылды;
- 4 сынып оқушыларына интернационалдық және патриоттық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер ұйымдастырылып, оны дағдыға айналдыру үйретілді.
- әрбір оқушы отанды сүюге, елжандылыққа өзін-өзі тәрбиелеудің өте маңызды екендігі түсіндіріліп, санасына сіңдірілді.
3. Жалпы алғанда, біздің ойымызша, дәл интернационализм және қазақстандық патриотизм болашақта Қазақстанның гүлденуіне жол ашатын өзіндік бір кілт, өйткені ол этностардың кірігуіне, олардың бірауыздылығына, тұтастық пен бірліктің рухани ауанын жасауға бағытталғандығын білдіреді. Сондықтан да, біз шама шарқымыз жеткенше 4 сынып оқушыларының бойына интернационалистік және патриоттық сана қалыптастырдық деген сенімдеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н. Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, Білім, 1997. 176-6.
2. "Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясы / Бас. ред. Ә.Нысанбаев. Алматы, "Қазақ энциклопедиясының" бас редакциясы, 1999. 720-6.
3. С.Қалиұлы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы (Оқу құралы). Алматы, Білім, 2003. 280-6.
4. Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека. - М.: Педагогика, 1990. - 286с.
5. Момышулы Б. Психология войны. - Алматы: Казахстан, 1996. - 176с.
6. Жұмақанов Ә. Патриоттық және интернационалдық тәрбие беру жолдары //Қазақстан мектебі. - 1971. - №3. - 206.
7. Сухомлинский В.А. О воспитании //Сост. С. Соловейчик 5-ое изд. - М., 1985.-870с.
8. Ушинский К.Д. О нравственном элементе в воспитании //Соч.: В 11 т. -М.-Л., 1948-1951.
9. Макаренко А.С. О воспитании. - М.3 1988. - 256с.
10. Раев Д. Қазақстандық патриотизм мен гуманизм //Ақиқат, 2000. - №89.
11. Елікбаев Н. Ұлттық психология. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. -966.
12. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Санат, 1995. -3526.
13. Сейдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар): дис. ...канд. пед. наук. - Алматы, 2001. - 1496.
14. Борбасов С. Қазақстандық патриотизм туралы//Ақиқат. - 1991. - №9.
15. Қалмырзаев Ә. Қазақстандық патриотизм қалай қалыптасады //Егемен қазақстан, 10 Қантар 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |