Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу»



жүктеу 1,94 Mb.
бет1/8
Дата31.05.2018
өлшемі1,94 Mb.
#18632
  1   2   3   4   5   6   7   8



Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу

«Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу»

Жоспар
Кіріспе..............................................................................................4-7


1 тарау. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негізі.


    1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие жайында жалпы түсінік беру.............................................................8-18

    2. Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және маңызы..................................................................................................19-33

    3. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімдерін педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру.....................................................34-43


2 тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік тәрбие берудің әдіс-тәсілдері мен жолдары.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие берудің зерттеу деңгейі........................................................................44-52

2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері..............................53-62

2.3. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында отансүйгіштікке тәрбиелеудің тәжірибелік-эксперимент нәтижесі.........................................63-71
Қорытынды..................................................................................72-73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................74-76
Қосымша А
Қосымша Ә

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бастауыш буын – қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы білім берудің бағдарлы мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру; айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым – қатынасқа дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас сияқты түрлерін меңгерумен қамтамасыз етуге болады [1; 12-13].

«Қазақстан – 2050» бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген [2; 26-27].

Басты назар аударатын мәселелердің бірі – отансүйгіштік. Отаншылдық отансүйгіштік тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін қалыптастырады.

Оқу адамның жеке басы танынымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені, елін, жерін, ұлтын, мәдениетін, тілін таниды. Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу – тәрбие жұмыстарын жан – жақты толықтырып, халықтық тәлім- тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр [3; 8-9].

Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер – еліміздің тарихына, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.

Отанды сүю, патриотизм, отаншылдық деген ұғымдар мектепке, үйге, жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады. Әрбір халық ел мен жер қадірін, ата – баба дәстүрін, ұрпағының құлағына кішкентайынан құюға тырысады. Бұл тұрғыда, қазақ халқының жаңа туған нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан бастау алып, тұсау кесу, қыз ұзату, үйлену тойы, тіпті адамды соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан – қилы ырымдар мен кәделерге толы салт - дәстүрлерінің маңызы ерекше.

Ұрпақты ата – салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем – білсем деген алып – ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас ұрпақты халқымыздың әдет – ғұрып, салт – санасымен сусындату ел ертеңін ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден – бір кепілі [4; 32].

Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс- шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.

«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт – дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, ана тілі сабағында отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс – шараларға бөлуге болады:

 тілді құрметтеу;

 ұлттық салт – дәстүрді зерделеу;

 елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;

 ата – бабалар өсиетін орындау;

 жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.

Яғни, отансүййгіштікке тәрбие беруде, ең алдымен ана тілі, табиғаттану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады. Тарихты оқу үйрену, әсіресе Отанымыздың тарихын оқу еліміздің қаһармандық өткені мен теңдік алған қазіргі күніне сүйіспеншілік сезімдері нығаяды. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері – бабаларымыздың бізге қалдырған бай мұрасы. Ана тілімен Отан деген ұғымдар – бір – біріне ажыратуға келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы қарайтын кісі өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарамақ [5; 13-15].

Табиғаттану сабақтары еліміздің жер байлығы мен әсем табиғаты туралы түсінік беріп қана қоймай, оқушылардың елі үшін мақтаныш сезімін оятып, мұндай байлықты қорғау қажеттігін көрсетуі тиіс.

Ана тілі сабақтарында жазушыларымыздың айтқан өсиеттері арқылы оқушыларда отаншылдық сезімін оятуға болады. «Ел болам десең, бесігінді түзе», - дейді ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәрсүр, әдет – ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт – санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс. Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында ел тану материалдарын, белгілі қоғам қайреткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану ел жандық сезімдерін тереңдетені сөзсіз [6; 56].

Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан жақты жетілгенде ғана Қазақстандық отаншылдық сезімі асқақтай түседі.

Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи – этникалық мұрасын, ұлтының әдет – ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көз қарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтаныш туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бастауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.

Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан – ашырлық танытуда отансүйгіштің рөлі ерекше. Сондықтан дипломдық зерттеу тақырыбымды «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу» деп таңдауыма негіз болды.



Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабағында отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырып, елін, жерін сүюге оны қорғауға шақыру.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта отансүйгіштік сезімді жетілдірудің жолдарын педагогикалық үдерісті қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Отансүйгіштік туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой – пікірлерді анықтау;

2. Отансүйгіштік тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;

3. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу;

4. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер ана тілі сабағында отаншылдық тәрбиенің бастауыш сынып кезеңіндегі мазмұны белгіленіп, оқушының отансүйгіштік сезімі қалыптастырылса Егеменді Қазақстан Республикасының өркендеуіне, оның құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, сүюге, қызмет көрсетуге және т.б. сияқты сезімдерінің арқасында өздерінің отансүйгіштік мүмкіндіктерін дамытуды меңгереді.

Зерттеу әдістері: педогогикалық, психологиялық, этно – педагогикалық, тарихи – этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.

Зерттеу базасы: Қостанай қаласының №24 «А» Бастауыш қазақ мектебінің 4 «А» және 4 «Б» сыныптары.

Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, үш тармақшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

1.1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие жайында жалпы түсінік беру.
Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық, патриотизм, отаншылдық деген сөздер бір ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Отансүйгіштік грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:


  • Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімді түсіндіру;

  • Қазақстанда қызмет етуді мойындату;

  • Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау.

Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие бар [7; 78].

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген қоғамда жаңа идеология қалыптастыру керек болды. Бұл идеологиялардың негіздерін «патриотизм», «қазақстандық отансүйгіштік» және «ұлтжандылық» ұғымдары құралады.



Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. «Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм" ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным- сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды. "Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді [8; 200].

Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек [9; 236].

Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты. Цицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. “Ең мәртебелі ой- толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ”, -дейді Цицерон “Мемлекет туралы диалогінде”. Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің, неміс философтарының да қосқан үлесі мол. Орыс революционер – демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді. Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т.б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті. Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай шығармаларынан да байқауға болады. Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс [10; 225].

Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген. Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр. Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз. Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс [11; 225].

Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын- жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова т. б. ғылыми - педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбилеу; оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық [12; 350].

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. Соның бір айғағы жылда өткізілетін Халықтар достығы фестивалі. Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет [13; 380].

Ежелгі грек жерінде пайда болған патриот сөзі дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттерді саяси жағдайға байланысты сан алуан сипат пен мағынаға ие болып отырған. Ежелгі грек ғұламалары Аристотель, Платон, Цицерон 18-ғасырда француз матералистері, неміс философтары, орыс революционер-демократтары, қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. еңбектері мен шығармаларын еліне, жеріне деген ұлтжандылық және отансүйгіштік сүйіспеншілік көрініс тапқан. Отансүйгіштік тәрбиенің негізгі мақсаты-жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік шынықтыру салаларымен қалыптастыру [14; 109-111].

Қазақ халқының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «отаншылдық - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адам мен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағы мен қарым-қатынасын біріктіреді»,- деп атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеулерде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық тұстарының ескерілмей келгені де байқалады. Міне, осы проблемалардың бәрі отансүйгіштік тәрбие мәселесінің белсенділігін көрсетсе керек [15; 72-73].

Қазіргі егеменді ел жағдайында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамассыз ету-бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады. Жоғарыда отансүйгіштік ұғымына берілген сипаттамалар мен зерттеушілер, ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының пікірлеріне сүйене отырып, біз өз пайымдауымызды білдірдік. Отансүйгіштік-ол өзінің туған жеріне, тіліне, еліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанның гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосу,қызмет ету. Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында: - Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз, - деген болатын. Қазақстан түрлі тарихи аласапрандарды басынан өткізіп барып, тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның берік болуы отансүйгіштік тәрбиені дұрыс жолға қоя білуге байланысты болмақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Конституциясында да республика қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі - қазақстандық патриотизм деп атап көрсетілген [16; 28-36].

Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм-Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек [17; 7-9].

А.Абижанов-«патриотизмнің» мәні өте күрделі. Бір жағынан, ол ізгілікті саяси үрдіс, яки жеке тұлға хәм қоғамдық сана элементтерінен тұрса, екінші жағынан, Отанды қорғауға, нығайтуға бағытталған сезім болып табылады»-деген. Мұнда автор патриотизм деген ұғымды адамның санасы және сезімімен байланыстырып отыр, демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық сана-сезім орнықтыру қажет.Қазақстандағы мектеп оқушыларын пратриотизмге тәрбиелеу тақырыбы көптен бері зерттеліп келеді. Сондай еңбектердің бірі ретінде С.Қ.Нұрмұқашеваның «Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы» еңбегін атауға тұрарлық. Онда,білімнің мазмұнын жаңғырту, оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу оларды оқу-тәрбие ісіне пайдалану секілді іс-әрекеттерін ұйымдастыру секілді ұсыныстар берілген [18; 36-39].

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Психологияда адамның жан-дүниесі, сезім әрекеттеріне екінші сигналдық жүйенің ықпалы мол екендігі айтылады. Бұл ретте мектептердің патриотизмге тәрбиелеу жолдарын қарастыра келіп, олардың, жалпы оқушылардың сана - сезіміне ықпал ету, іс-әрекеттерін ұйымдастыру бағыттарында жүргізілгендігін анықтадық. Ұйымдастыру жұмыстарын осы бағыттар бойынша топтастырсақ, олар былайша бейнеленеді: лекторий, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, әңгіме кітаптар бойынша оқырман конференцияларын ұйымдастыру, ойын-сауық кештері, мұражайларға материалдар жинау фото қалқаншалар, фотоальбомдар жасау тағы басқа іс-әрекеттерді ұйымдастыруға бағытталған. Тәрбиелік іс-шараның бағыттары «ұлтжандылық, ұлттық патриотизмдік» сананы қалыптастыру болса, ол-ар, намыс, ождан, қарыз, парыз секілді тағы басқа ұғымдар мен түсініктерді нақтылауды; олар туралы оқушы білімдерін жетілдіруді және олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдетуді; сөйтіп Отан, мемлекет, ел, ұлт, халық, атамекен секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсетуді талап етеді. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, олардың әрқайсыларының «өзін ұлтының перзентімін» деп сезінуін нысанаға ала отырып, Қазақстандағы дәл бүгінгі жағдайда «ұлтты сақтап, одан әрі өркенін өсірудің кепілі»,-деп білген жөн. Мұның өзі «ұлт дегеніміз - ұлттың өзін-өзі билеу идеясы басын құраған адамдардың шынайы жүрек жарды бірлестігі» деген идеядан өрбиді [19; 225].


жүктеу 1,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау