24
- 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарында әрбір сан қандай орында
тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын
айтатынын игеріп алулары тиіс.
Баспа және жазба цифрмен таныстыру үшін оқып-үйренілетін
сандарды ең алдымен баспа цифрмен белгілеп алады да, оларды
қалталы полотнада заттардың сәйкес жиынының тұсына көрсетіп
қояды. Мұғалім түсініктеме беруге болады: 3 қоян, 3 алма деуге
болады, сондай ақ 3 санын таңбамен, яғни цифрмен белгілеуге
болады. Оқушылар жаңа цифрды өз кассаларынан тауып алып,
көрсетеді. Бекіту үшін бірден сан мен цифр арасындағы сәйкестікті
тағайындауға жаттығулар енгізіледі: «Мына цифрдың қандай санды
білдіретінін таяқшаларды пайдаланып көрсетіңдер»; «Неше алма
көрсетіп тұрғанымды білдіретін цифрды көрсетіңдер», т.с.с.
Жазбаша цифрмен таныстырғанда, мұғалім цифрдың жазылу
үлгісін тақтаға жазып көрсетеді. Балалар қолдың қозғалыс бағытын,
цифрдың суретін қимыл жасап, салады немесе мұғалімнің дәптеріне
жазып берген үлгісін
бастыра жазып, ұғып алады.
2. Жүз көлеміндегі сандарды оқыту теориясы мен
технологиясы
100 көлеміндегі сандарды нөмірлеу тақырыбының мазмұны
мынадай мәселелерді қамтиды
бірлікпен санау, бірге арттыру және
кеміту, бір таңбалы натурал сандар қатары, см-мен дм арақатынасы
және дм-дің көмегімен ұзындықты өлшеу, ондықтармен санау және
ондықтарды қосу және азайту, толық ондықтардың қатары, он және
ондық ұғымы.
100 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқыту мына ретпен
жүргізіліді
- жаңа санау бірлігі - ондықты енгізу;
- толық ондықтар,
олардың нөмірленуі;
- 11-19
сандардың нөмірленуі;
- 21-99 сандарының нөмірленуі.
Осы уақытқа дейін бір таңбалы сандар қатары түзіліп, әр
сандардың қатардағы орны анықталған, кіші немесе үлкен бір
таңбалы сан тағайындалған болатын. Енді натурал сандар қатары
туралы түсінік қарастырылады, яғни таяқшаларды санау барысында
1,2,..9 сандарын шығарып алып, олардың бір таңбалы натурал сандар
деп аталатыны баяндалады. Ал тағы бір таяқша қоссақ, барлығы 10
26
математикалық тіл санау жүйелері деп аталады. Санау жүйелері
позициялы және позициялы емес болып 2-ге бөлінеді. Позициялы
жүйе бір таңба (цифр) оның санның жазылуындағы тұрған орнына
байланысты әр түрлі мағынаға ие болады. Позициялы жүйе ретінде
ондық санау жүйесі, вавилондық алпыстық санау жүйесі алынады.
Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифр қай орында тұрса да,
бір мағынаға ие болады, оған мысал ретінде рим цифрын алуға
болады. Ондық санау жүйесінде сандарды жазу үшін 10 цифр (0-ден
9-ға дейін) пайдаланылады. Олардан сандардың қысқаша жазбасы
болатын сандық тізбектер жасалады.;
- үш таңбалы сандардың разряд бірліктерінің арасындағы
қатынасты түсіндіру: 10 бірл.- 1 онд., 10 онд.- 1 жүзд.;
- үш таңбалы сандардағы ондықтар мен жүздіктердің санын
анықтауға үйрету (сандардың ондық құрамы);
- үш таңбалы сандарды оқу және жазу біліктері мен дағдыларын
қалыптастыру;
- үш таңбалы сандардың разрядтық құрамына сүйене отырып,
сандарды қосу және
азайту біліктерін қалыптастыру;
- үш таңбалы сандарды оқып–үйренумен байланыста ұзындық
бірліктері дециметр, метр, км арасындағы қатынасты қарастыру.
Мың көлеміндегі сандардың нөмірленуін бөліп оқытудың себебі
- мұнда бірінші класс – бірліктер класы сандарының нөмірленуін
оқып–үйрену аяқталады, бұл көп таңбалы сандар нөмірленуін игеріп
алуға негіз болып табылады, өйткені келесі кластар: екінші класс –
мыңдар класы, үшінші класс – млн. класы т.с.с. бірінші класқа ұқсас
құрылады. Сондықтан үш таңбалы сандардың ауызша және жазбаша
нөмірленуін балалар берік және саналы ұғынып алуы тиіс.
Бағдарламаға сәйкес «Мың көлеміндегі сандарды нөмірлеу»
тақырыбы 2-сыныптың екінші жарты жылдығында өтіледі. Материал
мынадай тәртіппен қарастырылады: бірліктермен, ондықтармен және
жүздіктермен санау; үш таңбалы сан және оның ондық құрамы;
сандарды салыстыру және мың көлеміндегі сандарды оқу және жазу.
Мұнда негізінен «Жүз көлеміндегі сандар» тақырыбында
оқушылардың игерген білім, білік және дағдылары біршама өзгерген
және жаңа жағдайларда қолданылады. Сондықтан тақырыпты
оқытуға көшпес бұрын жүз көлеміндегі сандардың нөмірленуін
қайталауға ауызша жаттығулар берген жөн: