68
Жаңа материалды түсіндіру алдында сол тақырыпқа байланысты
бұрын өткен материалдар қайталанады. Бұл сабақта жаңа
материалды бірден бекіту жұмысы жүргізіледі.
Сабақтың құрылымы төмендегідей:
1. Жаңа
материалды түсіндіруге қажетті бұрын өткен
материалдарды қайталау.
2. Жаңа материалды түсіндіру.
3. Жаңа материалды бірден бекіту.
4. Үйге тапсырма беру.
5. Қорытынды.
3. Белгілі бір тақырып бойынша білім, білік, дағдыны бекіту
сабағы.
Бұл сабақта негізінен бірнеше жаттығулар мен шығармашылық
жұмыстар орындалады. Сабақтыңң көп уақыты оқушылардың өз
бетімен жұмыс істеуіне арналады. Сабақтың құрлысы:
1.
Белгілі бір жаттығу жұмыстарын орындауға білім, білік,
дағдыны бекіту.
2.
Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыс түрлері.
3.
¤з бетімен орындалған жұмысты тексеру және
қорытындылау.
4.
Үйге тапсырма.
5.
Қорытынды.
4. Бақылау және есепке алу сабағы. Бақылау сабағын жазбаша
және ауызша өткізуге болады. Бұл сабақта да сабақтың негізгі
құрылымы сақталынады:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Оқушылардың тапсырманы
орындауы. 3. Қорытынды.
Бүгінгі таңда оқушылардың танымдылық қызығушылығын
арттыру мақсатында дәстүрлі емес сабақтар өткізіледі.
Әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау бастауыш сыныптарда
математикадан дәстүрлі емес сабақтардың мынадай түрлерін бөліп
көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Ойын және сайыс түріндегі сабақтар: конкурс, турнир,
эстафета, көңілді тапқырлар клубы, іскерлік ойын, рольдік ойын,
т.с.с.
2. Оқу материалын дәстүрден тыс ұйымдастыруға негізделген
сабақтар: даналық сабағы, жаңалық ашу сабағы, т.с.с.
69
3. Қарым-қатынастың бұқаралық формалары тәріздес сабақтар:
пресс-конференция, брифинг, аукцион, панорама, телекөпір, ауызша
журнал, т.с.с.
4. Қиялға құрылған сабақтар: ертегі сабақ, қиял-ғажайып әлемі
сабағы, т.с.с.
5. Интеграциялық сабақтар.
6. Шығармашылық сабақтар: көрме сабағы, шығармашылық
есеп сабағы, т.с.с.
7. Театрландырылған сабақтар: спектакль сабағы, естелік
сабағы, саяхат сабағы, т.с.с.
8. Ойын сабақтары: іскерлік ойын сабағы, сайыс абағы, рольдік
ойын сабағы, дидактикалық ойындарға құрылған сабақ, т.с.с.
Дәстүрлі сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушылардың есінде
ұзақ сақталады және олар математикалық білім мазмұнынан тыс,
яғни оқу материалынан бөлек мағлұматтар алады, балалардың тілі
ұстарып, байланыстырып сөйлеуге үйренеді, сөйлеу мәдениетін
игереді. Сабаққа белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.
Бастауыш сыныптарда математикадан дәстүрлі емес сабақтарды
өткізу оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне
байланысты болуы тиіс және оқу материалының мазмұнына сай
іріктеп алынуы қажет (мысалы, сайыс сабағын көбінесе оқу
материалын пысықтауда өткізу тиімді).
4-сұрақ. Математика сабағын әдістемелік талдау схемасы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жалпы
сыныппен жеке оқушылармен жұмыстың болуы, болмауы. Сабақ
жабдығы,
мұғалімнің
және
оқушылардың
жұмыс
орнын
ұйымдастыруы.
ІІ. Ауызша есептеудің мөлшері, уақыты.
ІІІ. Сабақтың мазмұны.
ІҮ. Сабақ материалы негізгі мақсат пен міндеттерге сай ма?
Ү. Сабақта білімділікк, дамыту, тәрбиелік міндеттері қалай
шешілді?
ҮІ. Сабақта қолданылған әдістердің тиімділігі.
ҮІІ. Көрнекі құралдар, техникалық оқу-құралдары тиімді
пайдаланылады ма?
ҮІІІ. Тапсырмалардың оқушылардың қызығушылығын оятуы
және білім дәрежесін көтеруге тигізген жәрдемі.
ІХ. Үйге берілге тапсырманың көлемі.
70
Х. Мұғаліммен оқушылармен қарым- қатынас стилі.
ХІ. Қорытынды (жетістіктер, кемшіліктер).
Негізгі әдебиеттер: 8,10,13,24,25
Қосымша әдебиеттер: 5,9,12
№8
дәріс
тақырыбы:
Бастауыш
сыныптарда
математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі
формалары және оларды өткізу технологиясы
1. Бастауыш мектептерде математикадан жүргізілетін сыныптан
тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесінің жалпы
мәселелері.
2. Математикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері.
3. Математикадан сыныптан тыс жұмыстың түрлері.
1-сұрақ. Ең алдымен педагогикада «сыныптан тыс жұмыс»
деген
ұғымға
қандай
анықтама
беріледі
және
оны
ұйымдастырудың міндеттері қалай деген мәселелерге тоқталайық.
«Сыныптан тыс жұмыс»-сабақтан тыс уақытта арнайы
ұйымдастырылып,
оқушылардың
білімдерін
тереңдетуде
іскерліктермен
дағдыларын
одан
әрі
жетілдіруде,
қызығушылықтарымен қаблеттерін қанағаттандыруда дамытуды
және ақыл-ой демалысын қамтамасыз етуді көздейтін оқытудың
бір формасын айтамыз.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі міндеттері
-
оқушылардың
әр
жақты
қызығушылықтарымен
қабілеттерін дамыту
-
кәсіптік өзін-өзі айқындау
-
өз
бетімен
жұмыс
істеушілікпен
жауапкершілікті
тәрбиелеу
-
ғылым, техника, өнер, әдебиетке деген біліммен
қызығушылық қажеттіліктерін ояту
-
саналы бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру,
балалардың денсаулығын нығайту.
Математикада
сыныптан тыс жұмыс деп, еріктілік
принципіне негізделген және ақыл-ой тәрбие сипатында мектепте
Достарыңызбен бөлісу: |