Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет17/34
Дата04.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2861
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34

 
52 
 
 
Мәселен, 
«Шеңбер» 
ою-өрнегiн 
шеңбер 
туралы 
ұғымды 
қалыптастыруда  қолдана  отырып,  өмiр  сүрiп  отырған  жерiмiз, 
күнiмiз,  киiз  үй,  оның  шаңырағы  –  бәрi  дөңгелек  екендiгiн,  шеңбер 
осыларды  бейнелейтiндiгiн  айту  қажет.  «Тұмарша»  оюы  ұшбұрыш 
үлгiлес  болып  келедi.  Осындай  тұмарлар  тiл-көзден  сақтау  үшiн  үй 
жануарларының, 
бойтұмар 
ретiнде 
балалардың 
мойнына 
тағылатындығы  туралы  әңгiмелеу  оқушылардың  дүниетанымын 
кеңейтедi. 
Қолөнер  үлгiлерiн  оқытудың  құралы  ретiнде  қолданғанда  оның 
элементтерi 
қолданылған 
тапсырмалар 
жүйесiн 
пайдалану 
оқушылардың белсендiлiгiн арттырады. 
Кез  келген  геометриялық  материалды  оқыту  байқаудан,  оны 
әртүрлi жағдайларда қарастырудан басталатыны анық.  
  Осы  қағидаға  сәйкес  оқушыларға  мынадай  тапсырмалар 
жүйесiн ұсынуға болады: 
1.  Байқау  тапсырмалары.  Оқушылар  сәндiк-қолданбалы  өнер 
туындыларынан, 
ою-өрнектерден 
геометриялық 
фигураларды 
табады, олардың қасиеттерiн анықтайды, орналасу тәртiбiн көрсетедi, 
өзара  салыстырады,  яғни  мұғалiмнiң  басшылығымен  қолөнер 
материалдарына геометриялық талдау жасайды. 
2. ¤лшеуге берiлген тапсырмалар. Мұнда оқушыларға қолөнер 
үлгiлерiндегi  геометриялық  фигураларды  салыстыру  үшiн  олардың 
ұзындықтарын, бұрыштарын, аудандарын өлшеу ұсынылады. 
3. 
Салуға  берiлген  тапсырмаларды  оқушылар  сызба 
құралдарының  көмегiмен  не  олардың  көмегiнсiз  орындайды. 
Мысалы,  геометриялық  фигуралардан  ұлттық  ою-өрнектердi 
құрастырады,  оюдың  элементтерiн  өрнекке  дейiн  толықтырып 
салады,  геометриялық  ою-өрнектердi  бұйымдардың,  заттардың  iшiн 
әшекейлеу үшін қолданады. 
4.  Есептеуге  берiлген  тапсырмалар.  Сәндiк-қолданбалы  өнер 
туындыларындағы  геометриялық  фигуралардың  санын  есептейдi, 
олардың ауданын, периметрiн табады, т.с.с. 
5.  Аралас  тапсырмалар.  Мұнда  байқау,  өлшеу,  салу,  есептеу 
тәсiлдерi  кешендi  түрде  жүзеге  асырылады,  жоғарыда  айтылған 
тапсырмалардың барлығы өзара араласып келедi. 
Сонымен,    осы  айтылғандарды  негiзге  ала  отырып,  сәндiк-
қолданбалы  өнер  материалдарының  педагогикалық  мүмкiндiктерiн 
ашып  көрсетуге  болады:  бастауыш  сыныптарда  геометриялық 


 
53 
 
 
материалды  оқытуды  жетiлдiредi,  сәндiк-қолданбалы  өнердегi 
математикалық 
бiлiмнiң 
мазмұнын 
меңгертедi, 
халықтың 
қолөнерiмен  тереңiрек  таныстырып,  оған  деген  аялы  көзқарасты 
қалыптастырады,  эстетикалық  талғамды  дамытады,  өнерге  деген 
қызығушылықты арттырады. 
Бірінші  топтың  жаттығулары  ажырату  және  танып  білу  іс-    
әрекеттерінің орындалуын көздейді. Мұнда оқушылар жаттығуларды 
орындау  барысында  фигуралардың  бірнеше  қасиеттерден  тұратын 
сипаттамалық  белгілерін  еске  түсіреді  және  оларды  айтып  шығады, 
әрі  қарай  сол  қасиеттер  фигураларға  тән  екендігін  біртіндеп 
тағайындап,  тексеруден      өткізеді,  сонан  кейін  бір  фигураларды 
қарастырып отырған                         ұғымға тиісті немесе тиісті емес 
екендігі жайында қорытынды                     жасайды.  
Геометриялық  пішіндер  (фигуралар)    ішінде    орналасқан  ою-
үлгілері берілген: Бір жағында  ою  орналасса, сол фигураның екінші 
жағында нөмірлер жазылған. 
Барлық  тік  төртбұрыштардың  және  үшбұрыштардың  сәйкес 
нөмірлерін теріп жазыңдар. 
Екінші  топтың  жаттығулары  геометриялық  фигуралардың 
бейнелерін еске түсіруді көздейді. 
Халқымыздың сәндік- қолданбалы өнер туындыларының ішінен 
геометрилық фигуралар пішіндес заттарды атаңдар. 
Кез келген тік төртбұрыш, үш бұрыш сызыңдар. Оның ішіне ою 
үйлестіріп табыңдар. 
Үшінші 
топтың 
жаттығулары 
сызу 
дағдыларын 
қалыптастыруға  және  тиянақтай  түсуге  арналады.  Сонда  әртүрлі 
жағдайларда  геометриялық  фигураларды  салудың  ерекшеліктері 
пысықталады. 
Түскиіздің ені 3 м, ұзындығы 5 м. Суретін сызыңдар. 
«Тұмарша» оюының пішіні қандай? Суретін сызыңдар. 
Халқымыздың  сәндік-қолданбалы  өнеріне  негізделген  әр 
тапсырмалардың  қайсысы  орындалғанда  болсын,  алдымен  сәйкес 
фигуралардың сипаттамалық белгілері мен қасиеттері еске түсіріледі 
де,  әрі  қарай фигура  қалауымызша  алынған  өлшем  бойынша  немесе 
берілген шарттарға сәйкес салынады. 
Төртінші  топтың  жаттығулары  геометриялық  шамалар, 
оларды  өлшеу  және  есептеп  шығару  жайындағы  білімдерін  бір 
жүйеге келтіреді және қорытындылайды. 


 
54 
 
 
Текемет  сызбасындағы  берілгендерді  пайдаланып,  фигураның 
периметрін табыңдар. 
Суретті пайдалана отырып, фигураның ауданын табыңдар. 
Осындай  жаттығуларды  орындата  отырып,  оқушыларға  ең 
бастысы геометриялық материалдарды оқытуды дұрыс жолға қойсақ, 
екінші  жағынан  сәндік-қолданбалы  өнер  туралы  кең  көлемде 
мағлұмат  береміз  және  осының  негізінде  оларды  әдемілікті  сезуге 
тәрбиелеп, 
эстетикалық 
көзқарастары 
мен 
танымдарын 
қалыптастырамыз. 
Алгебра элементтерін оқыту міндеттері: 
-  өрнектер,  теңдіктер,  теңсіздік,  теңдеулер  туралы  білім,  білік, 
дағдыларын қалыптастыру; 
-  сандық  өрнектерде  амалдарды  орындау  ретімен  таныстыру 
және  осы  ережеге  сәйкес  өрнектің  мәнін  табу  дағдысын 
қалыптастыру; 
- a+b, c-d, c:3, к·с, с:а  түріндегі  әріптік өрнектерді  оқып- жазуға  
дағдыландыру  және  берілген  әріптердің  мәндері  бойынша  оларды 
шешуге үйрету; 
-  5+х=15,  х-3=7,  12-х=3,  х·7=42,  х:4=5,  27:х=2  түріндегі 
теңдулермен  таныстыру  және  оларды  таңдау  тәсілдерімен,  сонымен 
бірге  арифметикалық    амалдардың  компоненттері  мен  нәтижелері 
арасындағы  байланыс  туралы  білімге  сүйене  отырып,  шешу 
дағдыларын қалыптастыру 
Бағдарлама  негізгі  мектепте  алгебра  курсын  оқып  үйренуге 
қажетті  даярлықтың    практикалық  негізін  бастауыш  мектепке 
қалайтын  алгебра  элементтерін  қарастырудың  мүмкін  жолдарын 
ұсынады.  Мұнда  алгебралық  қарапайым  түсініктер  мен  ұғымдарды: 
өрнек,  сандық  өрнек,  сандық  теңдік  және  теңсіздік,  әріптік  өрнек, 
әріптік  өрнектің  мәні,  әріптің  әрбір  мәніне  өрнектің  бір  ғана  мәні 
сәйкес болатыны, қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері, 
құрылысы  күрделі  теңдулер  және  оларды  шешу  тәсілі,  алгебралық 
тәсілмен,  яғни  теңдеу  құру  арқылы  есептер  шығару  және  тағы 
басқаларды қарастыру көзделеді. 
Әріпті  өрнектердің    а+5,  а-3,  7-а,  7+а,  а·2,  а:2,  5·а,  а:3  сияқты 
сандар  аймағы  кеңейген  сайын,  сандық  деректері  күрделене  түсетін  
қарапайым түрлері қарастырылады. 
Арифметикалық  амалдар  арқылы    біріктірілген  сандар  тізбегін 
өрнек деп атайды  немесе математикалық өрнек деп белгілі бір ереже 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау