«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет5/25
Дата01.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#6500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 

14 


 

 

6.  Есепті талдау негізінде шешуге және шешу жоспарын құруға, 



амалдар, өрнектер тендеулер көмегімен шешуін жазуға және шешуін 

әр түрлі тәсілмен тексеруге үйрету. 

7.  Есептін кез келген түрін шеше алу білігін калыптастыру үшін 

әр түрлі есептерді салыстыра алу білігін дамыту. 

8.  Арифметикалык  амалдар  қасиеттері  мен  ережелері  жөніндегі 

білім негізінде есепті әр түрлі тәсілмен шсшуге уйрету. 

9.    Түрлі  мәліметтер  мен  мағлұматтар,  сурет,  кыскаша  жазу, 

сызба,  график,  схема,  кесте  мен  өрнектер  бойынша  есеп  құрастыра 

алу білігін калыптастыру. 

10. Кері және өзара кері есептер құру мен шешуге үйрету. 



4. Есеппен және оның құрамымен таныстыру 

технологиясының ерекшеліктері 

1. «Есеп» үғымымен таныстыру бірінші сыныпта «Кестелік қосу 

және  азайту»  тақырыбында  басталады.  Оқушылар  жай  есептерді 

шешуге  үйренеді.  Оқушылар  есеппен  танысуда  және  «шарты», 

«сұрағы»,  «берілген  деректер»  және  «ізделінді»,  «шешуі»  мен 

«жауабы»  ұғымдарын  игеруде  қиналады,  сондықтан  төмендегі 

түрдегі динамикалық көрнекі құралды пайдаланган тиімді: 

 

Бұл  «есеп»  уғымын  және  онымен  жұмыстың  ретін  меңгеруді 



жеңілдетеді. 

2. Кестемен жұмыс: 

Есепті оқу: «Айгүлдің себетінде 2 саңырауқұлақ бар. Ол тағы 2 

саңырауқұлақ  тауып,  себетіне  салды.  Айгүлдің  себетінде  неше 

саңырауқұлақ болды?» - бұл 

Есеп. 


Нені білетінімізді және нені білмейтінімізді, нені табу керектігін 

ажырата отырып, есепті қайталап оқу: 




 

15 


 

 

2 және 3 (кестеге орналастыр) — бұларды біз білеміз (деректер) 



Ш|— бұл есептің шарты. Біз нені білуіміз керек? (Себетте неше 

саңырауқұлақ болды?) — мұны біз білмейміз (ізделінді). 

С - бұл есептің сұрағы. 

Демек, есепте үнемі шарты мен сұрағы болады. Сұрақсыз есеп те 

жоқ.  Мысалы,  «Дастанда  5  машина  бар.  Оған  тағы  1  машина 

сыйлады.» 

Бұл  есеп  пе?  (жоқ).  Неге?  (сұрагы  жоқ).  Сұрақ  қандай  болуы 

мүмкін? (Дастанның машинасы нешеу болды?) 

Берілген есептің шарты да, сұрағы да бар, енді есепті шешу, яғни 

ойланып,  «қосу»  не  «азайту»  амалдарын  таңдау,  өз  таңдауын 

түсіндіру  және  осы  амалды  орындау  қажет:  қосу,  өйткені  қанша 

болғанын білу, ал оның саны бастапқыдан артты. 

3+2 - бұл есептің шешуі. 

Қанша шығалы? - 5 шығады - бұл - есептің жауабы Ж. 

3. Окулыкпен жұмыс («М-1», 54-бет). 

Оқы:  «Дана  қорапқа  3  шар,  ал  Сара  2  шар  салды.  Қораптағы 

барлық шар нешеу болды?» 

 

Бұл — есеп. 



Шарты: Дана қорапқа 3 шар, ал Сара 2 шар салды (белгілі). 

Сұрағы:  Қораптағы  барлык  шар  нешеу  болады?  (белгісіз,  табу 

керек). 

Шешуі:  3+2=5  (есептің  сұрағына  жауап  беру  үшін 

арифметикалык амал орындау кажет). 



 

16 


 

 

Жауабы:  Барлығы  5  шар  (жауаптың  алдында  шешуін  тексеруге 



болады). 

4.  1-сынып  оқушыларын  есептің  құрамы  және  оны  шешумен 

таныстыру  барысында  есептің  шешу  кезендерін  көрсететін 

көрнекілікті қолдануга болады. 

1.  Шарты; 

2. Сұрағы; 

3.  Есептің шешуін іздестіру (жоспар); 

4.  Есептің шешуі; 

5.    Есептің  жауабы  (жауаптың  алдында  шешуін  тексеруге 

болады). 

5. Есеп және оны шешумен байланысты терминдерді оқушылар 

игеруі  үшін  мынадай  жаттығуларды  қолданған  пайдалы:  есепті 

шығарып болған соң тақтаға төрт оқушы шығады. 

Бірінші  оқушыныц  басында  «Шарты»  белгісі  бар,  ол  есептің 

шартын айтады. 

Екінші  оқушының  басында  «Сұрағы»  -  ол  есептің  сұрағын 

айтады.                                                                       

Үшінші оқушыда «Шешуі» - ол есептің шешуін айтады. 

Төртінші оқушыда «Жауабы» - ол есептің жауабын айтады. 

 

6.  Бірінші  сынып  оқушыларында  есепті  шеше  алуға  қажетті 



біліктер қалыптасуына қарай мұғалім есеп және онымен жұмыс істеу 

ретін білдіретін схеманы енгізеді: 




 

17 


 

 

 



7.  Жай  есептерді  шешу  жұмыстары  бойынша  жалпы  білікке 

жаттықтыруда «Есепті қалай шешу керек?» нұсқауының көмегі зор. 

Есепті былай шығар: 

Есепті оқы және онда не айтылғанын түсініп ал. 

Әр  сан  нені  білдіретінін  түсіндіре  отырып,  есепті  қысқаша  жаз 

немесе суретін сал. 

Есептің сұрағын ата. 

Есептің  сұрағына  бірден  жауап  беруге  бола  ма,  ойлан:  егер 

болса, есепті шешуге арналған амалды танда және оны түсіндір (жай 

есеп  үшін),  егер  болмаса,  онда  шешу  жоспарын  құр  (құрама  есеп 

үшін). 

Шешуін орында және сұрақтың жауабын ата. 



Шешуін тексер. 

8.  «Есеп»  ұғымын  және  есептің  құрамы  жайындағы  білімлі 

бекіту  үшін  «есеп  еместі»  есепке  айналдырумен  байланысты 

жаттығулар орындаған пайдалы: («М — 1», 62-бет). 

«Қорапта  4  қарындаш  бар,  ал  үстелде  2  қарындаш  жатыр. 

Барлық  қарындаш  нешеу?»  «4  жәнс  2  сандарының  қосындысының 

мәні неге тең?» 

Қайсысы есеп? Неліктен? (Біріншісі, өйткені мәтінмен берілген, 

нақты  жағдаят  сипатталған,  сұрағы  бар,  амал  орындалады).  («М  — 

1», 76-бет). 

«Қорада 10 қой және одан 4-еуі кем ешкі бар. Қорада неше ешкі 

бар?» 


«Қорада 6 ешкі бар, ал қойлардын олардан 4-еуі артық» 

Екінші  тапсырманы  есепке  айналдыруга  бола  ма?  (Иә.  Сұрақ 

қою керек.) («М — 1», 103-бет]. 

«Суда  10  үйрек  жүзіп  жүр.  4-еуі  ұшып  кетті.  Суда  неше  үйрек 

қалды?» 

«Суда  10  үйрек  жүзіп  жүр.  4-еуі  ұшып  кетті.  Суда  6  үйрек 

қалды.» 



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау