Сұраулы сөйлемнің жасалуы
Сұраулы сөйлемнің жасалуы:
сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;
сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;
сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;
сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.
Тапсырмалар: Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай ажыратыңыз.
Мен ол қыста біздің ауылда Нұрбек бір жұма жатып айтқан әндерінен біреуін де ести алмай қалдым. Хабарлы сөйлем
Міне, енді ғана естіп келемін оның әнін. Хабарлы сөйлем
Әні, шынында да, тамаша екен. Хабарлы сөйлем
Ендеше, мен неге жылаймын? Сұраулы сөйлем
Өз аулымда, өз үйімде қызғыштай қорғаған балапаны мен қайда келе жатырмын қазір. Ол қайда қалды қазір?.. Сұраулы сөйлем
Өзінен тумадым демесем, туған шешемнен кем болып па еді ол маған? Сұраулы сөйлем
Егер мені уысынан шығармай өсірсе, залалыма ма еді ол менің? Сұраулы сөйлем
Пайдама емес пе еді?.. Сұраулы сөйлем
Алақанына сап сонша аялаған әжеме не көрсетіп кеттім бүгін? (С.М.). Сұраулы сөйлем
2. Сұраулы сөйлемдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз. Сұрақ мәнді сөздер қай сөйлем мүшесі қызметінде, сұрақ мәнді демеуліктер қай сөйлем мүшесі құрамында жұмсалған?
1. Бұдан жиырма жыл бұрын осы арада осы қала болған ба? Ізденіс сұрағы
2. Рас, Дәмеш өз жүрегінің соғысын өзі түсіне ме екен? Таң қалып қойылған сұрақ
3. Бір қалған көңіл жіби ме? Ренжіп қойылған сұрақ
4. Хатшы болып Серегин неше жыл істейді? Қызғанышпен қойылған сұрақ
5. Енді ол Ораз тұғырына қонатын құс емес... Бұған кім кінәлі? Қайыр ма? Дәмеш пе? Ораздың өзі ме? Ізденіс сұрағы
6. Жаңағы бір сүңгуір үйректер қайда қонды екен? Таң қалып қойылған сұрақ
Достарыңызбен бөлісу: |