Лауазымдық міндеттері. Инвесторлармен байланыс саласында ұжымның саясатын және оның бөлек кезеңдерін жүзеге асыру жөнінде жұмыстарды орындайды. Ақпаратты ашу жүйесін жүзеге асыру, жариялылық (транспаренттілік) саясатына, инвесторлармен байланыс саласында ұжымның жұмыс жоспарына қатысу. Инвесторлармен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара іс-қимылдарының нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асырады, оларды ұжым басшыларының ресми шешімдері және бұйрықтарымен таныстырады, ресми сауалдарға жауап әзірлейді, ұжым қызметі туралы ақпараттық материалдардың уақытылы таратылуын қадағалайды. Брифинг, баспасөз мәслихаты, басқа іс-шаралар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізілетін ақпараттық-жарнама сипатындағы акцияларды, акционерлердің жылдық жиналысын дайындау және өткізуге қатысады, оларды кешенді ақпаратпен және ұйымдастырумен қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз хабарламасын және басқа ақпараттық материалдарды дайындайды, электрондық және бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, ішкі қолданыс үшін ақпараттық-талдамалық материалдарды әзірлеуге қатысады. Ақпараттық-жарнама материалдарды әзірлейді, бірлескен басылым, ұжымның ресми интернет-ресурс үшін мәтін әзірлейді. Техникалық тапсырманы зерттеу үшін әзірлеуге және ақпараттық-жарнама сипатындағы іс-шаралар жүргізу нәтижелері бойынша жиынтық есеп құрастыруға қатысады. Талдау - есеп айырысу операциясы және ақпараттық материалдарды тіркеу, ресімдеу, жинау, сақтау, пайдалану және тарату бойынша жұмыстарды орындайды. Бекітілген номенклатураға сәйкес іс құрастырады, тізімдеме жасайды. Басшылықтың шешімін орындауды қамтамасыз етеді, уақытылы ағымдағы жұмыс барсы және оның нәтижесі туралы басшылықты хабардар етеді.
Білуге тиіс. Инвесторлармен байланысты ұйымдастыру мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, инвестициялық заңнама, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнаманың негізі, корпоративтік басқару, инвесторлармен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидат кодексі, мамандану, ұжым қызметінің ерекшелігі және ұйымның даму стратгеиясы, инвестициялық және қаржы нарығының құрылымы мен ағымдағы жай-күйі, саясаттану, әлеуметтану, психология негіздері, сапалы және сандық зерттеу жүргізудің негізгі әдісі (социологиялық және тағы басқа), бұқаралық ақпарат құралдары мониторингін өткізу әдістемесі, жарнамалық хабарлама, мақала, өтініштердің стилі мен композиция заңдары, статистикалық және қаржылық ақпараттарды талдау әдісі, ұжымның меншікті деректер қорын қалыптастыру мен пайдалану құралдары мен әдісі, қазіргі заманғы байланыс құралдарын, аппараттық-техникалық құралдарды және компьютерлік технологияны қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдісі, ақпаратты бейнелеу және беру техникалық құралдарының түрі, инвесторлармен байланыс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе, экономика, кәсіпкерлік және инвестициялық менеджмент, инвестициялық маркетинг негіздері, іс-қағаздарын жүргізу негізі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және инвесторлармен байланыс саласында қосымша дайындық, жұмыс стажына талап қойылмайды.
166. Көтергіш құралдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің маманы Лауазымдық міндеттері. Көтергіш құралдарының (лифттер, эскалаторлар, жарымжандарға арналған көтергіш платформалары және басқа да техникалық жабдықтар) маманы өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптауға байланысты жұмыстарды атқарады. Көтергіш құралдары орнатылған қауіпті өндірістік объектілердің техникалық тексерулерін жүргізеді. Эксплуатациялық құжаттарды, құрылыстың, кеңейтулердің, қайта құрудың, техникалық өзгертулердің, консервациялаудың жоба құжаттары мен қауіпті өндірістік объектілерді жабу құжаттарын сараптаулардан өткізеді. Көтергіш құралдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау қорытындыларын, техникалық шешімдер мен оларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыздандыру бойынша ұсыныстарды бекітуге ұсынады. Нормативті эксплуатациялық мерзімнен өткен көтергіш құралдарының қалған қорын анықтауға қажетті инженерлік есеп-қисаптарды орындайды, сараптау объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестілігі жөнінде сараптау қорытындыларының жобаларын құрайды. Көтергіш құралдарындағы авариялар мен бақытсыз жағдайларды тексеру бойынша, авариялар мен бақытсыз жағдайларды алдын ала ескерту бойынша іс-шараларды жасайтын комиссия жұмыстарына қатысады.
Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдістемелік және нормативтік - техникалық құжаттар, қаулылар, үкімдер, бұйрықтар және көтергіш құралдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібін реттейтін соның ішінде жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету және техникалық жағдайы бойынша талаптар, сонымен қатар сараптауға арналған көтергіш құралдарының эксплуатациялық мерзімін ұзарту, көтергіш құралдары мен олардың элементтерін тексеру тәсілдері мен технологиялары, көтергіш құралдарының құрылысы, конструктивтік ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері қауіпсіз пайдалану ережелері, олардың техникалық диагностикаларын өткізу реті және ұйымдастыру техникалық шешімдер қабылдауға байланысты сынақтарды өткізу реті, көтергіш құралдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау кезінде қолданатын техникалық құралдарды пайдалану ережелері, нормативтік пайдалану мерзімінен өткен көтергіш құралдарының қалған қорын есептеу тәсілдері, көтергіш құралдары мен олардың элементтерінің қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту бойынша техникалық ұсыныстар, қауіпті өндірістік объектілерді тексерулерден өткізу реті, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандығы (біліктілігі) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |