Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
222. Комендант
Лауазымдық міндеттері. Ғимараттарды, сондай-ақ оларға қатысты құрылыстар мен қоршаған аумақты тиісті дәрежеде ұстау жөніндегі жұмыстарды басқарады. Ғимараттардың ішкі жайларын жинап-тазалауды ұйымдастырады және тазалықтың сақталуын қадағалайды. Ғимарат жайларын күзгі-қысқы пайдалануға дайындайды. Есіктердің, терезелердің, құлыптардың, перделердің және тағы сол сияқты уақтылы жөнделуін ұйымдастырады. Өзінің қарамағындағы мүліктің сақталуын және жұмыс істейтін қалыпта ұсталуын қамтамасыз етеді. Қолдағы мүлікті есепке алады, мезгіл-мезгіл тексереді және оны есептен шығару жөнінде актілер жасайды. Көмекші жұмысшылар мен үй жинаушыларға мүкаммал, шаруашылық қызметін көрсету бұйымдарын алады, оларды береді және тиісті жедел есепке алуды жүзеге асырады. Санитарлық талаптардың және өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылайды. Санитарлық және өртті қадағалау жазбаларының кітабын жүргізеді.
Білуге тиіс. Қызметтік, тұрмыстық немесе тұрғын үй-жайларды ұстауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері, еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
223. Коммивояжер Лауазымдық міндеттері. Ұсынысты қалыптастырады және әр түрлі тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) олар өндірілетін жерден қашықта орналасқан өңірлерде өткізуді, сондай-ақ осы тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыстар алуды және орналастыруды қамтамасыз етуге үлес қосады. Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) сатушының тапсырмасы бойынша және соның есебінен тапсырманың сипатын, сондай-ақ оларды орындағаны үшін сыйақы алудың мөлшері мен тәртібін айқындайтын шарт негізінде делдалдық функцияларды жүзеге асырады. Талаптарын ескере отырып, ұсынылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) әлеуетті сатып алушыларын (тапсырыс берушілерін) анықтайды. Дәл осы тауарларда (көрсетілетін қызметтерде) бұрын байқалмаған қажеттілік бар екеніне және дәл осы тауарлар (көрсетілетін қызметтер) оның проблемаларын ұтымды шешіп беретініне немесе қажетін қанағаттандыратынына сатып алушының (тапсырыс берушінің) көзін жеткізе отырып, сатып алушыға (тапсырыс берушіге) өзінде бар үлгілер, каталогтар және басқа да жарнамалық басылымдар бойынша ұсынылатын тауарды (көрсетілетін қызметтерді) жарнамалайды. Осы өңірдегі тиісті тауарлар (көрсетілетін қызметтер) нарығының конъюнктурасын сипаттайтын ақпарат (сұраныс, ұсыныстар, бағалар, тұтынушылардың талаптары) жинайды. Бұдан былай байланыстар, келіссөздер жүргізу және мәмілелер жасау үшін қолайлы негіз дайындай отырып, тиімді сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) табады, олармен іскерлік байланыстар орнатады. Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы есептер дайындайды.
Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері, ұсынысты қалыптастыру, тауарларды (қызмет көрсетуді) өткізуді ынталандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру негіздері, жарнама түрлері және жарнама қызметін ұйымдастыру негіздері, ұсынылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) негізгі қасиеттері, сапалық және тұтынушылық сипаттамалары, қолданылып жүрген бағалары және олардың прейскуранттары, нарықты зерделеу нысандары мен әдістері, іскерлік қарым-қатынас дағдылары, нарықтық экономика негіздері, психология негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.
224. Көшірме жасаушы
Лауазымдық міндеттері. Калькаға немесе қағаздың арнайы сортына тушь пен қарындашпен дайындалған сызба, кесте және басқа да техникалық құжаттаманың көшірмелерін түсіреді. Қажет болған жағдайда көшірмелерді бояулармен немесе түрлі-түсті тушьпен бояйды. Құрал-жабдықтар мен аспаптардың жағдайын қадағалайды, олардың сақталуы мен дұрыс күтілуін қамтамасыз етеді. Көшірмені заманауи көшіргіш машиналарда немесе компьютер көмегімен жүзеге асырады.
Білуге тиіс. Техникалық құжаттамамен жұмыс бойынша ережелер және нұсқаулықтар, техникалық сызбаның негіздері, көшіру кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар мен аспаптар, оларға күтім жасау мен сақтау ережелері, көшірмені түсіру үшін кальканы немесе қағаздың арнайы сорттарын дайындау ережелері, еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
225. Крупье
Лауазымдық міндеттері. Ойын бизнесінің қолданылып жүрген ережелері мен қағидаларына сәйкес құмар ойындарын жүргізу процесін жүзеге асырады (америка рулеткасы, Блэк Джек, кариб покері, Баккара, француз рулеткасы және басқалары). Ойын операцияларын клиенттердің тиімділігі, қауіпсіздігі және оларға қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүргізеді. Құмар ойындарының ережелерін, сондай-ақ қолданылатын халықаралық терминдердің мағынасын түсіндіреді, ойынды басқарады. Ойыншыларға ойын карточкаларын (жетондарды, фишкаларды, карталарды) үлестіру бойынша (алғашқы және бұдан былайғы) тиісті іс-әрекеттерді орындайды, рулетканы басқарады, құмар ойынының барысын және ережелерінің сақталуын қадағалайды. Ең төменгі және ең жоғарғы ставкалар мөлшерін бақылайды, ставкаларды қабылдайды немесе қабылдамайды, ставкалар бойынша ақша сомаларын қабылдайды. Рәсімдік ережелерге сәйкес ставкаларды жариялайды және олардың дұрыс орналастырылуын қамтамасыз етеді, ставкалар мен ұтыстардың сомаларын санайды, ставкаларды таңбалауды жүзеге асырады, тиісті жазбаларды жүргізеді. Ұтқан нөмірлерді, ұтыс ставкаларының сомаларын жариялайды, ұтылған ставкалар бойынша ойын карточкаларын жинап алады. Ақша мен ойын карточкаларын (жетондарды, фишкаларды, карталарды) айырбастайды, төлем сомаларын тексереді, құмар ойынының нәтижелерін (ұтыстарды, ұтылыстарды) санап, есебін шығарады. Құмар ойынының ережелері бұзылған, ерекше жағдайлар немесе даулы жағдайлар, оның ішінде күмәнді сипаттағы оқиғалар туындаған кезде құмар ойны процесін бақылайтын қызметкерден қажетті көмек сұрайды. Жұмысында ұқыптылықты сақтай отырып, өзін клиенттермен қалай ұстау, құмар ойынды жүргізу барысында өзін ізетпен және әдепті мәнерде ұстау жөніндегі белгіленген ережелерді сақтайды. Ойын орнының тиімді жұмысының және клиенттерге қызмет көрсетуінің жоғары стандарттарына жетуге жәрдемдеседі. Ойын бизнесінің қолданыстағы ережелерін орындау және олардың сақталуын бақылау жөнінде шаралар қолданады.Ойын үстелін таза ұстауды және оны ұстау үшін белгіленген ережелердің сақталуын қадағалайды.
Білуге тиіс. Ойын орындарының жұмысына қатысты нормативтік құқықтық актілер, ережелер, нұсқаулықтар, басқа да басшылыққа алатын құжаттар, ойын бизнесінің негіздері, солардың негізінде ойын бизнесі жұмыс істейтін және бақыланатын жүйелер мен әдістер, құмар ойындардың мазмұнын және оларды жүргізу ережелері, құмар ойындарды жүргізу барысында пайдаланылатын халықаралық терминдер, ойын үстелі басында жүргізілетін мәмілелердің түрлері және жүргізу ережелері, ставкалар мөлшерін белгілеу тәртібі, ставкаларды қабылдау, ақшаны ойын карточкаларына (жетондарға, фишкаларға) айырбастау және ұтыстарды төлеу ережесі, тәртібі және тәсілдері, ойын операцияларын орындаудың қолданылып жүрген ережелері, ойын орнындағы қызметкерлер тәртібінің кодексі, ойын орындарындағы қызметкерлердің сыртқы түр-әлпетіне қойылатын талаптар, ойын бизнесінің қауіпсіздік және тиімділік негіздері, ойын бизнесін ұйымдастырудың және құмар ойындарды жүргізудің отандық және шетелдік тәжірибесі, өзін-өзі ұстау және іскерлік қарым-қатынас этикасы, ойын орнындағы жабдықтардың, мүкаммалдың құрылысы және түрлері, жылдам санау тәсілдері, белгіленген құжаттаманы ресімдеу тәртібі, экономика және бухгалтердік есеп негіздері, еңбек заңнамасы, ойын орнының ішкі еңбек тәртібінің ережелері, ойын орнының жұмыс тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша (104 сағаттан 512 сағатқа дейін оқытатын) арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |