ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
БАСҚАРУ ЕСЕБІ ПӘНІНЕН
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ ЖӨНІНДЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
КАРАҒАНДЫ 2010
Құрастырушы: э.ғ.к., проф. Мадиева К.С.
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген.
Мәжіліс хат № 1 “ 23 “ қырқүйек 2010ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Курстық жұмыс «Басқару есебі» пәнін оқып-үйренудің қорытынды кезеңі болып табылады. Ол териялық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін, нарықтық қатынаста кәсіпорындардың бухгалтерлік есепті жетілдіру жөніндегі нақты міндеттерді шеше білу қабілетінің қаншалықты екендігін тексеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мәні маңызы орындау негізінде студенттің алған териялық білімін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге тереңдете түсетіндігінде. Курстық жұмыс студенттердің өз бетімен жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Оны орындау студентті өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын тексеру ғана емес, сонымен бірге өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын дамытудың маңызды формасы. Оқудың осы кезеңіндегі студенттің алған тәжірибесі мен білімі дипломдық жұмысқа дайындық кезінде көп көмегін тигізеді.
Курстық жұмыс өз бетінше зерттеу болғандықтан оған мынадай талаптар қойылады:
курстық жұмыс өз бетімен жазылуы керек және кәсіпорындардағы
жүргізілетін есеп тәжірибесіне сыни көз қараспен ерекшеленуі тиіс, тақырыпты баяндау нақты, дәл деректермен толы болуы қажет, жұмыстың есеп жұмысының нақты бір учаскесіндегі есептің ұйымдастырылуы мен әдістемесін жақсартуға бағытталған тұжырымдармен және ұсыныстармен аяқталғаны – жұмыс анық және сауатты тілмен жазылып дұрыс дайындалуы қажет, оның сыртқы беті (1 қосымша), мазмұны болóы, беттері нөмірленіп, рецензенттік ескертпелері үшін шетінде жолақ қалдырылуы қажет, жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер көрсетіледі.
Курстық жұмысты дайындау мынадай кезеңдерді қамтиды:
тақырып таңдап алу;
таңдалған тақырып бойынша әдебиеттер жинақтау және олармен
алғаш танысу;
жоспардың алғàшқы, варианттарын жасау;
таңдап алған әдебиттерді оқып-үйрену;
5. жоспардың ең соңғы вариантын жасау;
шаруашылық қызмет атқаратын субъектінің есеп тәжірибесін зерттеу,
нақты деректерді жинау және өңдеу, оларды бір жүйеге келтіру және
әдебиет материалдарымен сәйкестендіре тұжырымдау;
7. курстық жұмысты жазу;
8. курстық жұмысты қорғау.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАП АЛУ
Курстық жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедасында жасалады және бекітіледі. Жетекшінің және кафедра меңгерушісінің келісімі бойынша студент кафедра ұсынған тізімге кірмеген тақырыпты алуына, сол сияқты тақырыптың атын өзгертіп алуына болады.
Тақырыпты таңдау кезінде студенттердің ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша курстық жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді студенттің ескеруі қажет. Курстық жұмыстың тақырыбы болашақтағы дипломдық жұмыста келтірілген мәселемен ұштасқан жөн. Мұндай жағдайда студент алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, дипломдық жұмысты өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.
Студент оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.
Студент таңдап алған проблема бойынша әдеби материалдарды оқып-үйрену курстық жұмыстың тақырыбы II курста алынады. Студенттің курстық жұмыс тақырыбын кафедра бекітеді. Сонымен бірге кафедра курстық жұмыстың ғылыми жетекшісін тағайындап, оның орындалу мерзімін белгілейді.
АЛҒАН ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӘДЕБИТТЕРДІ ІРІКТЕУ
ЖӘНЕ АЛДЫН АЛА ТАНЫСУ
Такырып алған соң курстық жұмыс бойынша бірден әдебиеттерді іріктеуге кірісу керек. Мұны өз бетімен жасау керек. Студент каталогтармен библиографиялық анықтамаларды пайдалану білуін көрсету қажет. Сол кезде курстың тиісті тарауы бойынша негізгі әдебиеттер көрсетілген лекция коспектілерін де ұмытуға болмайды.
Пәндік тақырыптың каталогпен жұмыс кезінде курстық жұмыспен сәйкес қана емес, сонымен бірге таңдалған тақырыпқа жақын келетін бөлімдерді де қарау керек. Сол кезде проблеманың теориялық жағын ғана емес, сонымен бірге тәжірибеде қолданылып жүрген есепті көрсететін әдебиеттерді де іріктеп алған жөн. Каталогтарды қарай отырып өз картотекасын жасау керек. Әрбір жұмысқа жеке библиографиялық карточка ашылып, оған авторы, әдебиет аты, баспасы, басылған жылы, қысқаша мазмұны жазылады. Картотекаға курстық жұмыс бойынша соңғы 5 жыл ішінде шыққан барлық әдебиетті жазған дұрыс болады. Нұсқау беретін материалдардың ең соңғы шыққаны пайдаланылады.
Әдебиеттерді өз бетімен таңдап алғаны дұрыс, бірақ ғылыми жетекшімен жүйелі түрде кеңесіп отыру қажет. Іріктеліп алынған әдебиетттердің тізімі онымен міндетті түрде келісіледі. Іріктеліп алынған әдебиетттерді қарау кезінде қандай жаңа өзгерістер мен толықтыруларды ескеру туралы да жетекшімен ақылдасу керек. Танысу деңгейіне байланысты олар пайдаланылған әдебиеттер тізіміне тіркеледі.
Іріктеліп алынған әдебиетттермен алдын ала таныстыру кітапхана немесе жорналдағы мақаланың мазмұнын таңдаған тақырыпқа қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау үшін де қажет. Сонымен қоса мұндай танысусыз тақырыппен қаншалықты мәселенің ауқымының қаншалықты екендігін толық түсініп, курстық жұмыстың жоспарының алғашқы нұсқасын жасау мүмкін емес.
ЖОСПАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ
Әдебиетттермен алдын ала таныс негізінде курстық жұмыстың алғашқы нұсқасы мұқият ойластырылуы қажет. Әдетте курстық жұмыс кіріспеден, төрт-бес параграфтан және қорытындыдан тұрады.
Жоспарды жасау кезінде ең бірінші кезекте жекелеген параграф қарастырылатын мәселелердің ауқымының жобасын және олардың орналасó ретін анықтап алу қажет.
Қандай тақырып болмасын әр түрлі ашылуы мүмкін. Бірақ сол курстық жұмыс жоспары оның негізгі бағыттарын көрсетеді. Жұмыс жоспары жұмыстың негізгі идеясын көрсетіп, оның мазмұны мен сипатын ашуы қажет. Онда тақырыптың аса актуальды мәселелері бөлініп алынады.
Жасалынған жоспарды студент курстық жұмыс жетекшісімен келіседі.
ІРІКТЕЛГЕН ӘДЕБИЕТТТЕРДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУ
Жетекшісімен жұмыс жоспарын келіскен соң, әсіресе кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері туралы іріктеп алынған әдебиеттерді жете оқып-үйренуге кірісу керек. Ол үшін әдетте конспектілер жасалады. Конспектілердің сипаты болашақ жұмысқа оқып-үйреніп отырған материалдарды пайдалану мүмкіндігі мен формасына қарай анықталады. Ол қысқаша көшіру (дәйексөз) немесе ойды, фактіні қысқаша мазмұндай немесе курстық жұмысты жазу кезінде қажет болатын жерлер үшін оқылған жан-жақты жоспар түріндегі сипаттамасы болуы керек. Барлық жағдайда материалдың алынған жері, баспасын және бетін көрсету қажет.
Алынған деректерді жұмыстың жоспарда көрсетілген негізгі тараулары бойынша жүйеге түсіру іріктеп алған материалдардың тәжірибелік негізінде тақырыптың негізгі мәселелерін терең де, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде белгілі бір ретпен жұмыс істеу ұсынылады. Оқулықтар мен оқу құралдарынан бастаған жөн. Содан соң монографиялық жұмысқа көшуге болады. Жорналдық мақалалармен және нормативтік материалдармен аяқтау қажет. Әдеби нұсқаларды зерттеудің мұндай жолы білімді бірте-бірте жинақтап, тереңдете беруге, қарапайымнан күрделіге, жалпыдан жекеге көшуге мүмкіндік жасайды. Әдебиеттерді мұқият оқып үйрену нақты материалдарды іріктеп алғанша аяқталуы керек, өйткені әдеби ңұсқалар бойынша барлық есептің теориясы мен практикасының мәселелерімен, әсіресе озат кәсіпорындардағы есеп тәжірибесімен терең әрі жан-жақты таныñу кәсіпорындағы тәжірибені сыни тұрғыда зерттеп, курстық жұмысқа қажет нақты материалды білгірлікпен реттеп алуға жағдай жасайды.
ЖОСПАРДЫҢ ЕҢ СОҢҒЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ
Әдебиеттер тақырып бойынша мұқият зерттеліп, жүйеге келтірілген соң жұмыс жоспарының алғашқы нұсқасынà кейбір өзгертулер енгізілуі мүмкін. Жоспардағы өзгерту жұмыстың өзінің бағытына кейбір түзетулер енгізумен, зерттеп жатқан проблемамен жан-жақты таныса келе автор түзету кіргізу қажет екендігіне көз жеткізгенде немесе өз алдында жеке алынған бөлімдегі көптеген мәселелерде материалдар жеткілікті болмағанда, ал басқаларында, керісінше теориялық және практикалық жаңа деректер пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.
Егер әдебиет материалдарымен танысып шыққан соң жоспардың жаңа нұсқасы жасалған жағдайда соңғысы да курстық жұмыстың жетекшісімен келісіледі. Курстық жұмыс ең соңында нұсқасы оның жазылатын мерзімі көрсетілген графикпен толықтырылады.
НАҚТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨНДЕУ
Басқару есебі бойынша курстық жұмыстың ерекшелігі нақты кәсіпорынның қызметі туралы деректерді зерттеудің негізінде жазылады. Сондықтан да нақты материалдарды жинау ең жауапты кезең болып табылады. Нақты материалдың қаншалықты дұрыс және толық жиналуы курстық жұмыстың сапаëы жазылуына көп әсер етеді. Сондықтан материалды жинауға кіріспес бұрын жұмыс үшін қандай материал қажет екендігін мұқият ойластырып, мүмкіндігі болса арнаулы жоспар жасаған дұрыс.
Кәсіпорынның жұмыс тәжірибесін зерттеген кезде “Басқару есебі” курсын оқу кезінде сол сияқты әдеби нұсқаларды оқып үйрену кезінде алған білімді пайдалану қажет.
Нақты деректерді жинастыру мен өңдеу кезінде есеп жұмысының тиісті учаскесіндегі оң тәжірибе мен кемшіліктерäi анықтауға ерекше назар аударылуы қажет. Сонымен қоса есеп кәсіпорын мен оның жекелеген буындарының басшыларын қажетті ақпарат пен қаншалықты қамтамасыз ететіндігіне, есептегі қосарласу болған жағдайда оперативтілігі мен алынған деректің толықтығына есептің компьютерлендірілуіне, т.б. назар аудару керек. Нақты материалдарды жинастырып, өңдеу процесінде есептің ұйымдастырылуы мен метологиясын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды ойластыру және ол ұсыныстарды дұрыс жазу қажет.
Есептің методологиясы мен құрастырылуы өндірістің ұйымдастырылуы мен технологиясына қатысы көп болатындығы жағдайын ескере отырып, курстық жұмыстағы есептің проблемасы мен тәжірибесі тұтынушылар кооперациясындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының нақты жағдайымен тікелей байланысты қарастырылуы үшін де бұл мәселені де мұқият зерттеу керек.
Нақты материалдарды жинау және оны өңдеу жалпы тақырыпқа курстық жұмыс жазу кезінде де пайдаланылады. Бұл жағдайда ол жұмыстың теориялық жағын көрсетеді.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ
Курстық жұмыс кәсіпорын материалында жинақталып, өңделген, мұқият зерттелген әдеби нұсқалар негізінде жазылады.
Курстық жұмыстың жекелеген шаруаларының мазмұнын сипаттай отырып, мынаны атау қажет:
Екі-үш беттік кіріспеден алынған тақырыптың негізгі мазмұны мен мәні ашылады, мұнда студенттің жұмысты жазу кезінде алға қойған мақсаты да көрсетіледі. Материалы бойынша курстық жұмыс жазылған кәсіпорынның қысқаша сипаттамасын берген дұрыс. Сол кезде кәсіпорынның есепті ұйымдастыру мен методологиясына ықпал ететін ерекшеліктеріне тоқталу керек.
Бірінші тарау әдетте теориялық сипатта болады. Онда курстық жұмыс бағытталған есеп көрсеткіштерінің экономикалық табиғаты, маңызы көрсетіледі, одан есепті дұрыс ұйымдастырудың маңызы ашылады.
Осы айтылғандардың барлығы статистикалық анықтамалардан монографиялардан, жорнал мақалаларынан және басқа материалдардан алынған сандық деректермен өрнектеліп олардың қайдан алынғаны жөнінде сілтеме жасау ұмыт қалмасын.
Келесі тарауда кәсіпорында жүргізілетін есеп тәжірибесі қарастырылады. Баяндау рет-ретімен келіп, қисынды болсын. Ол сонымен бірге нақты және түгелімен жүргізіліп жатқан тәжірибеге сүйенуі қажет. Сонымен бірге тек жаза салу ғана емес, алынған кәсіпорынның есебін ұйымдастыру мен методологиясына сыни талдау жасау маңызды. Нақты материалдарды талдау нәтижесінде кәсіпорындағы озат тәжірибені жинақтап, оның жұмысындағы жекелеген кемшіліктердің бетін ашуға, мүмкіндігі болса ондай кемшіліктерді болдырмаудың жолын көрсетуге тырысқан жөн. Сол кезде есепті жетілдірудің шешуші шарты оны толық компьютерлендіру есептің прогрессивті әдісін бірқалыпты енгізу естен шықпауға тиіс. Қосымша сілтеме нөмірі көрсетіліп жасалғаны дұрыс. Жұмыстың барлық таðаóлары бір-бірімен байланысты болсын.
Сондықтан да бір тараудан екінші параграфқа көшкенде және тарау ішінде бір мәселеден екінші мәселеге көшудің қисынды болуына ерекше назар аударылсын.
Қорытынды бөлімде жалпы тұжырым жасап, есептің қолданылып жүрген тәжірибесін жақсартуға бағытталған сөйлемде қысқаша баяндау қажет.
Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі.
Жұмыстың көлемі қолжазба күйінде 25-30 бет болуы қажет.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУ.
Жұмыстың материалы мынадай ретпен орналастырылады:
а) сыртқы бет ( 1 қосымшада көрсетілген);
ә) жоспар мазмұны;
б) курстық жұмыстың текстік баяндалуы (тараулар бойынша);
в) әдебиеттер тізімі;
г) жұмыста пайдаланылған нақты материал (егер ол баяндау барысында симай қалса, қосымша түрінде беріледі).
Жұмыс стандартты қағаздың бір жақ бетінде жазылады, немесе компьютерде теріледі. Беттің екі жағынан сол жағында 30,0 мм және оң жағында 10,0 мм, жоғарғы және төменгі жақтарынан 20,0 мм жер қалдырады. Курстық жұмыстың барлық беті нөмірленеді. Текстегі әрбір тарау жоспар мазмұнына сәйкесті тиісті тақырып қойылады.
Жаңа тарауды егер тақырыптан соң бірнеше жол сиятын болса, алғашқы тараудың соңы аяқталған беттен бастай беруге болады. Егер курстық жұмыс компьютерде терілетін болса текст арасындағы қашықтық 1,0 интервалға , ал шрифт 14-ке тең болу керек.
Топтарға бөлінген және бір жүйеге келтірілген сандық деректер кесте мен график түрінде беріледі. Соңғысының дайындалуының мәні зор. Кестелер оған сілтеме жасалған соң беріледі, бірақ оны бір беттен екінші бетке жалғастыру жөн болмайды, оған қоса кесте мен оның тақырыбы бөлек бетерде болып арасын үзу дұрыс емес. Кестенің рет нөмірі болуы керек, тақырыбы мазмұнын ашатын болсын, ескертуде алынған материалға сілтеме жасалсын.
Материалға тікелей қатысы жоқ деректерді келтірмеу керек.
Кесте мен тексте ұзақ сандарды толық келтіруден қашқан жөн. Ол үшін қажет дәлдікке байланысты өлшем бірлігін ірілендіріп алған дұрыс.
Жұмыста тек жалпыға бірдей қабылданған қысқарған сөздермен шартты белгілерді ғана қолдану керек.
Жұмыста пайдаланылған сандық деректер, тұжырымдар, басқа авторлардың ойлары және дәйексөздер міндетті түрде пайдаланылған жұмысқа жасалған сілтемемен жарысып отыруы қажет. Бұл сілтемелер сөйлемнің соңында көрсетіледі көрсетіледі.
Бàñқà автордың ойы мен тұжырымын қолданғанда бұл ойларды өзгертусіз пайдалану керек. Дәйексөз мұқият көшіріліп, тырнақшаға алынып жазылады. Басқа авторлардың келтірілген деректерінің дәлдігі мен ойларының анықтығы үшін студент жауап береді.
Әдебиеттерге жасалған сілтемелер олардың әдебиеттер тізіміндегі рет нөмірімен цитаталар алынған беттің нөмірін көрсету арқылы орындалады. Олар жазылу барысында төрт бұрышты тырнақшаға алынуы керек, мысалы (3., 91).
Курстық жұмыстың соңғы сатысы оның сыртын безендіру болып табылады. Курстық жұмысқа студент қол қоюы қажет.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ
Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының белгіленген мезгілінде жазылып бітуі керек. Курстық жұмысты мерзімінде қорғамаған студент академиялық берешек болып есептеледі де, “Басқару есебі” бойынша емтихан тапсыруға жіберілмейді.
Курстық жұмысты қорғау кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссиямен жүргізіледі.
Курстық жұмысты қорғау таңдап алған тақырып бойынша студенттің білімінің тереңдігі мен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін анықтауға бағытталады. Қорғау кезінде студент берілген жұмысты жақсы бағдарлауы, сандық деректердің қайдан алынғанын түсіндіре білуі, жұмысқа қатысты теориялық және сұрақтарға жауап бере білуі қажет. Қорғау алдында студент тұтастай жұмыс бойынша да, жетекшінің ескертпелері бойынша да дайындық жүргізуі керек.
Қорғау студенттің жұмысының негізгі жағдайын қысқаша ғана мазмұндауынан тұрады. Жұмыстың жүргізіліп жатқан есеп тәжірибесіне сыни ескертпелер, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар туралы айтылған тарауларына ерекше назар аудару керек. Хабарламаның соңында студент жұмыстың ескертулері бойынша жауап береді. Содан соң комиссия мүшелері студентке сұрақтар қояды. Курстық жұмысты бағалау кезінде комиссия оның жазылу сапасы да, қорғау нәтижесіне еске алады. Егер жұмысты оқытушылар қанағаттанғысыз деп есептейтін болса, онда студенттің айтылған ескертпелерді ескере отырып түбегейлі қайта жұмыс істеуі үшін өзіне қайтарылып беріледі.
Кафедраның шешімі бойынша үздік жазылған курстық жұмысты студенттердің ғылыми үйірмесінде немесе студенттердің ғылыми конференциясында жасалатын баяндамалардың орны болуы мүмкін.
Басқару есебі пәнінен курстық жүмыстардың тақырыптары
1. Басқару есебін үйымдастырудың негіздері
2.Өндірістік есепті үйымдастыру
3.Өндірістегі шығындардың құрамы мен жіктелуі
4. Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
5. Тікелей шығындар есебі
6. Отандық тәжірибеде үстеме шығыстар есебі және оларды бөлу
7. Өндірістік залалдар есебі
8. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялаудың тапсырыстық өдісі
9. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялаудың нормативтік өдісі
10. Шығындардың толық үлестірілуі және өзгермелі шығындар бойынша калькуляциялау өдістері (директ-костинг және абзорпшен-костинг)
11.Аяқталмаған өндірістің бағалануы, түгенделуі және есебі
12.Жауапкершілік орталықтары бойынша есепті үйымдастыру
13.Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялаудың процесстік әдісі
14.Директ-костинг есеп жүйесінің басқару есебіндегі мәні мен маңызы
15.Өндірістік есептің шоттар жүйесі, олардың сипаттамасы
16.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
17.Көмекші өндіріс шығындарының есебі
18.Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындарының есебі
19.Функциялары бойынша шығындар есебі жүйесінің сипаттамасы және функционалдық калькуляция (АВС) шеңберінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесі
20.Шешімдер қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі
21. Өндірістік шығындардың жиынтық есебі
22.Бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындардың жіктелуі
23 «Стандарт-костинг» әдісі бойынша шығындар есебінің жүйесі
24. Релеванттық табыстар мен шығындар
25. Материалдық қорлармен жабдықталудың есебі
26. Өндіріс шығындарының талдамалық есебін үйымдастыру
27. Материалдарды басқару процесінің есебі
28. Басқару функциясы бойынша шығындардың жіктелуі (өндірістік, әкімшілік, коммерциялық)
29. Еңбек ресурстарын басқару процесінің есебі.
30. Зиянсыздықты таддаудың моделдері
31. Өз өндірісінде өндіру немесе сатып алу туралы шешімдер
32. Таза дисконтталған (келтірілген) қүн
33. Күрделі қаржы салымдар туралы шешімдер қабылдаудағы қолданатын әдістер
34. Бюджеттік бақылау және бюджеттің орындалуын бағалау
35. Нормативтер және, олардан ауытқулар - шығындарға бақылау жасау қүралы
36. Қорлар деңгейін жоспарлау және бақылау
37. Комплексті өндірістің шығындарын есепке алу және жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
38.Трансферттік баға белгілеу
39. Сметаның (бюджеттің) қажеттілігі және құрастыру тәртібі
40. Халықаралық тәжірибеде үстеме шығындар есебі және оларды бөлу.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.
ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы. 28.02.2007 жыл.
№2 Ұлттық қаржылық есеп стандарты
№2 «Қорлар» Халықаралық қаржылық есептілік стандарты.
Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР қаржы Министрінің бұйрығы. 23.05. 2007 ж., № 185.
Апчерч А. Управленченский учет: принципы и практика: Пер.с анг./ Под ред Я.В.Соколова, И.А.Смтрновой- М.: Финансы и статистика, 2002.
Друри К. Управленческий и производственный учет / Пер с англ. Учебник- М.:ЮНИТИ-ДАНА, издание 6, 2007
Назарова В.Л., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі: Оқулық –Алматы: Экономика,2005
Мадиева К.С. Басқару есебі 1. Оқулық құрал. – Қарағанды 2009.
Хонгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект: пер с англ, под ред. Я.В.Соколова М: Финансы и статистика, 1995
Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп – оқулық/ Мадиева Қ.С. Қарағанды, КЭУ 2008.
Аврова И.А. Управленческий учет. – М.: Бератор-Пресс, 2003.
Карпова Т.П. Управленческий учет. Учебник для вузов. 2-ое изд. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004.
Кондратьева Н.С. Основы управленческого учета: Учебное пособие-М.: Финансы и статистика, 2000.
Каверина О.Д. Управленческий учет: системы, методы, процедуры.-М.: Финансы и статистика, 2003.
Управленческий учет: Учебное пособие/Под ред. А.Д. Шеремета-М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2002.
Кукукина И.Г. Управленческий учет: Учебное пособие-М.: Финансы и статистика, 2004.
Керимов В.Э. Управленческий учет: Учебник-3-ое изд. – М.: ИТК «Дашков и К», 2004.
Тасмағамбетов Т. Басқарушылық есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. Алматы: Дәуір, 2002
Достарыңызбен бөлісу: |