Барлығы – 45 сағат



жүктеу 1,13 Mb.
бет8/12
Дата02.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#27972
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

8.Тақырыбы: Сын есім.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сын есімнің семантикалық сипаты.

  2. Сын есімнің морфологиялық сипаты.


3.Дәрістің мақсаты: Сын есімнің синтаксистік қызметі. Семантикалық жағынан сын есімдер екі топқа бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім. Сапалық және қатыстық сын есімдердің ерекшеліктері, өздеріне тән негізгі қасиеттері үнемі сақтала бермейді. Сондықтан бұларды бір-бірінен ажырататын ең басты белгі – олардың құрылысы мен мағынасы. Құрылысына қарай қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалып, заттың, құбылыстың белгісін екінші бір зат, құбылыс не қимылдың қатысы арқылы білдіреді. Ал сапа сындары түбір тұлғалы болып, сындық белгіні тікелей білдіреді.


  1. Дәріс мазмұны:

Сын есімнің синтаксистік қызметі. Семантикалық жағынан сын есімдер екі топқа бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім. Сапалық және қатыстық сын есімдердің ерекшеліктері, өздеріне тән негізгі қасиеттері үнемі сақтала бермейді. Сондықтан бұларды бір-бірінен ажырататын ең басты белгі – олардың құрылысы мен мағынасы. Құрылысына қарай қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалып, заттың, құбылыстың белгісін екінші бір зат, құбылыс не қимылдың қатысы арқылы білдіреді. Ал сапа сындары түбір тұлғалы болып, сындық белгіні тікелей білдіреді.

Сапалық сын есімдер семантикалық жағынан заттың әр алуан сын-сипатын, сапалық белгілерін, шырай тұлғаларымен түрлене алады. Сапалық сын есімдер қосымшасыз тұрып, семантикасы жағынан тікелей заттың сынын білдіреді: Терең ой, терең ғылым іздемейді. Сапалық сын есімдердің морфологиялық сипаты – шырай тұлғаларымен түрлене алуы: әдемілеу, қызғылт, жұп-жұмыр, үлкендеу. Сапалық сын есімдер негізінен түбір сөздер болып келеді. Олардың қатарындағы сөздердің біразы тарихи жағынан туынды түбірлер де, түбір мен қосымшаның жігі ажырамастай бірігіп кеткен.

Қазіргі қазақ тілінде қатыстық сын есімдерге бір заттың белгісін басқа бір заттың, қимыл іс-әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіретін сөздер жатады. Қатыстық сын есімдер көбіне-көп әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады да, сол затқа, қимыл, іс-әрекет, құбылысқа қатысын білдіреді. Қатыстық сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан сөзжасам қосымшалары арқылы жасалған туынды немесе күрделі сөздер болып келеді. Мағыналық жағынан қатыстық сын есімдер заттың сынын білдіре отырып, белгілі бір сапалық заттың екінші бір затқа я ұғымға қатысын немесе сондай сапаның жоқтыңын, яғни заттың түрі мен түсіне, сыры мен сынына, я ішкі қасиетіне, сол сияқты мезгіл мен мекенге тағы басқа сол тәріздес белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Қазақ тіліндегі қатыстық сын тудырушы қосымшалар: -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті, -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік, -ғы/-гі, -қы/-кі, -сыз/-сіз, -шыл/-шіл, -и, -паз, -қой, -ық/-ік, -қ/-к, -ғыш/-гіш, -шақ/-шек, -ғыр/-гір, -қыр/-кір. Бұл сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді және қимылды білдіретін сөздерге жалғанып, сол сөздің мағынасына қатысты ол ұғымдардың бар я жоқ, соған бейімділік, мекендік т.б. тәрізді сөзжасамдық мағына тудырады да, ол екінші бір затқа қатысы болу арқылы қатыстық сын есім болады.

Тілдің даму барысында туынды түбір кейбір қатыстық сын есімдер қатыстық мағынамен бірге заттың сапалық сипатын да білдіреді, сөйтіп, бара-бара сапалық сын есімдерге ауысып кетеді. Оны ажыратудың бірден-бір белгісі – мағыналық жағымен бірге шырай қосымшаларының жалғана алуы немесе керісінше жалғана алмауы. Қатыстық сын есімдерге шырай қосымшалары жалғана алмайды. Ал қосымша арқылы жасалған туынды сын есімдерге шырай тұлғалары жалғанса, олар сапалық сын есімдерге ауысқан сөздер болып табылады: өткір, тұнық, ақылды, ақылсыз. Демек, кейбір қатыстық сын есімдер семантикалық жағынан қатыстық мәннен сапалық мәнге ауыса бастайды. Сөйтіп, қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарынан жасалған туынды сөздер болып келеді. Қатыстық сын есімдердің бір тобы бір сөзде заттық белгінің бар екенін көрсетсе, екінші бір тобы керісінше оның жоқ екенін, ал үшінші тобы бір затқа, құбылысқа бейімділікті, икемділікті, төртінші тобы қимыл, іс-әрекетке, амалға, мекенге, мезгілге қатыстылықты білдіреді. Бұл мағыналардың қай-қайсысы болсын морфологиялық көрсеткіштер арқылы беріледі.

Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан негізгі және туынды түбір болып бөлінеді. Негізгі сын есімдерге әрі қарай бөлшектеуге келмейтін бір түбір морфемадан тұратын сөздер кіреді: жарық, ақ, көк, мөлдір.



5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Сапалық сын есімдерге нелер жатады?

2. Сын есімнің шырай арқылы түрленбейтін түрі?

6.Пайдаланатын әдебиеттер

1. Қазақ тілінің грамматикасы . - Астана, 2002.

2. Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991.

3. Қалыбаева А . Оралбаева Н . Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі . - А, 1986.

4. Аханов К . Грамматика теориясының негіздері. - А ., 1996.

5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007.

6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б. Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005.

7. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1966.

8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - А.,1998.

9. Төлеуов Ә . Сөз таптары . - А., 2002.

10. Кузнецов П . Ц . О принципах изучения грамматики М . 1961г. стр 25.

11. Қазақ тілі энциклопедия. – А., 1998.

12. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –А., 1992.

13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1956, 1993.

14. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. – А., 1999.

15. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. - А., 1953.

16. Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты.- А., 1997.

17. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. - А., 1971.

18. Фердинанд де Соссюр. Курс общей лингвистики. - М.,1933.

19. Сарыбаев Ш.Х. Табыс жалғаудың тасалануы. –Халық мұғалімі. - 194О.№3.

20. Төлеуов Ә. Кейбір көрсеткіштердің тасалануы, тасаланбауы. Қазақстан мұғалімі. 1960. 7 январь, № 2.
9.Тақырыбы: Сын есім.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1.Сын есімнің шырай категориясы.

2.Сын есімнің шырай категориясы және түрлері.

3.Шырай категориясының зерттелуі, ғалымдар көзқарастары.

3.Дәрістің мақсаты: Жай шырай деп сындық белгінің негізгі дәрежесін білдіретін шырай аталады.үлкен

Салыстырмалы шырай бір заттың сынын, я сипатын, түсін,екінші заттың біртектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің, түрлердің бір-бірінен, я артық, я кем екенін білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалады. Ол қосымшалар: а) –рақ, -рек, -ырақ, -ірек: төменірек, жоғарырақ. ә) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: жалпақтау, аласалау. Сапалық сын есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар да бар. Олар: 1) –ғыл, -гіл, -ғылт, -қылт, -ғылтым,-қылтым: сарғылт, бозғылт. 2) –шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: ақшыл, көкшіл. 3) –ғыш, -ілдір: сарғыш, көгілдір. 4) –ан, -қай, -ша, -ше: қоңырқай, сопақша.

Күшейтпелі шырай бір заттың бастапқы сынын, белгісін күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады. Ол, біріншіден, күшейтпелі буын арқылы жасалады: жап-жасыл, қап-қара, топ-толық. Екіншіден, өте, аса, ең, тым, тіпті т.б. күшейтпелі үстеулер арқылы жасалады

4. Дәріс мазмұны: Сын есімнің шырай категориясы лексика-грамматикалық категория, жалпы сын есімнің түрлену жүйесі емес, сапалық сын есімнің семантикалық және грамматикалық тұлғалану сипаты болып табылады. Шырай түрлері туралы қазақ тіл білімінде бірыңғай пікір жоқ. Ең алдымен бірден көзге түсетін ерекшелік – грамматикалар мен оқу құралдарында шырай түрлерін жасауға негіз болатын тұлға деп көрсетілген жай шырай түрін жеке шырай деп көрсетеді. Тек шырай түрлеріне негіз болатын, ал өзі шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да оппозициялық қатар құрай алмайтын тұлға,ол категорияның ішіне, шеңберіне кіре алмайды. Жай шырай дегенді есептемегенде, бір оқулықтарда екі түрлі – салыстырмалы және күшейтпелі шырайлар, енді біреуінде үш түрлі – салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай және асырмалы шырай, тағы біреуінде төрт түрлі – салыстырмалы шырай, бәсең я шағын шырай, күшейтпелі шырай және асырмалы шырай, тіпті кейбір зерттеулерде одан да көп түрі беріледі. Күшейтпелі және асырмалы деп аталатын шырай түрлерін біріктіріп қарайтын болсақ, (асырмалы деп жүрген шырай түрі де күшейтпелі мәнді білдіреді: өте жап-жақсы), шырайдың сапалық сын есімнің лексика-грамматикалық категориясы ретінде екі-ақ түрін көрсетуге болады: салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай.

Ғ.Мұсабаев өзінің еңбегінде қазақ тілінде бес түрлі шырай бар деп топшылайды да, оларды, біріншіден, салыстырмалы шырай (жақсырақ), екіншіден, бәсең шырай (жақындау), шағын шырай (көкшіл), күшейтпелі шырай (қып-қызыл), үдетпелі шырай (аса жақсы) деген топтарға жіктейді. Ал Ж.Шәкенов аталған еңбегінде қазақ тілінде бес түрлі шырай бар деп есептейді де, оларды, біріншіден, жай шырай («бастапқы қалпында тұрған сапа сындарының барлығы»), екіншіден, салыстырмалы шырай (терең-ірек), үшіншіден, бәсең шырай (бозғыл-дау), төртіншіден, күшейтпелі шырай (қап-қара), бесіншіден, таңдаулы шырай (өте жақсы) деген топтарға бөледі. Ғалым А.Ысқақовтың еңбегінде төрт түрлі шырай бар деп көрсетіледі: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.



Жай шырай деп сындық белгінің негізгі дәрежесін білдіретін шырай аталады.үлкен

Салыстырмалы шырай бір заттың сынын, я сипатын, түсін,екінші заттың біртектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің, түрлердің бір-бірінен, я артық, я кем екенін білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалады. Ол қосымшалар: а) –рақ, -рек, -ырақ, -ірек: төменірек, жоғарырақ. ә) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: жалпақтау, аласалау. Сапалық сын есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар да бар. Олар: 1) –ғыл, -гіл, -ғылт, -қылт, -ғылтым,-қылтым: сарғылт, бозғылт. 2) –шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: ақшыл, көкшіл. 3) –ғыш, -ілдір: сарғыш, көгілдір. 4) –ан, -қай, -ша, -ше: қоңырқай, сопақша.

Күшейтпелі шырай бір заттың бастапқы сынын, белгісін күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады. Ол, біріншіден, күшейтпелі буын арқылы жасалады: жап-жасыл, қап-қара, топ-толық. Екіншіден, өте, аса, ең, тым, тіпті т.б. күшейтпелі үстеулер арқылы жасалады. Мысалы: өте жақсы, ең ыстық сезім.

Қай тілде болсын, сөз таптары арасында бір-біріне ауысу, алмасу процестері болып отырады. Осымен байланысты сындық белгіні білдіретін сөздер сөйлеу қажеттілігіне қарай заттық ұғымда қолданылады. Сын есімнің көптеліп, септеліп, тәуелденіп келіп, зат есімге ауысып, заттанып қолданылуы – субстантивтену процесі деп аталады. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. Өңшең жалбағай тымақтылар тұс-тұсынан қалың қолға қосылып кетті. Осы сегіз үй ішіндегі ең бүтіні және үлкендеуі – ортада тұрған жалпақтау бес қанат үй. Кейбір сын есімдер бүтіндей заттанып біржола субстантивтеніп кетеді. Олар: жас, бала, ауру, жүдеу. Осыған байланысты сын есімдердің көбі уақытша, кейбіреулері толық субстантивтенеді.



Адъективтену – басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін конверсиялық процесс. Сөз таптарының ішінде адъективтену процесі не зат есімдер мен етістік анағұрлым бейім. Зат есімнен сын есімдерге толық ауысқан сөздер: жамау, бұрау (қамшы), асқақ, көк (аспан, шөп, түс), ақ (түс, ағарған), жас (жас мөлшері, жігіт).

Түбір етістіктерге қарағанда, оның белгілі тұлғалары адъективтену процесіне жиі ұшырайтындығы байқалады. Адъективтенген қимыл есімдері: ұшқыр, тапқыр, білгір, өткір, үшкір. Есімше формаларының адъективтенуі: қиылған (қас), уылжыған (жас), қашаған, сүзеген, тебеген, алаған, береген, ұшқалақ, жаңғалақ, сасқалақ.

Қазіргі қазақ тілінде сын есімдер сөйлемнің барлық мүшелері бола алады.

1) Сын есім ілік септікте тұрып, заттанып келіп те матаса байланысқан анықтауыш болады: Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

2) Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп заттанып, толықтауыш қызметін атқарады: Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

3) Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болады: Бетті бастым, қатты састым.

4) Сын есім көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанса, зат есімнің орнына жүреді. Заттанған сын есім атау септігінде тұрып қолданылса,бастауыш қызметін атқарады: Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.

5) Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы да болады: Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, иықты.



5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Шырай категориясы нені білдіреді?

2. Шырай категориясын зерттеген ғалым?

3. Қазақ тілінде шырайдың неше түрі бар?

6.Пайдаланатын әдебиеттер

1. Қазақ тілінің грамматикасы . - Астана, 2002.

2. Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991.

3. Қалыбаева А . Оралбаева Н . Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі . - А, 1986.

4. Аханов К . Грамматика теориясының негіздері. - А ., 1996.

5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007.

6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б. Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005.

7. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1966.

8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - А.,1998.

9. Төлеуов Ә . Сөз таптары . - А., 2002.

10. Кузнецов П . Ц . О принципах изучения грамматики М . 1961г. стр 25.

11. Қазақ тілі энциклопедия. – А., 1998.

12. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –А., 1992.

13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1956, 1993.

14. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. – А., 1999.

15. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. - А., 1953.

16. Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты.- А., 1997.

17. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. - А., 1971.

18. Фердинанд де Соссюр. Курс общей лингвистики. - М.,1933.

19. Сарыбаев Ш.Х. Табыс жалғаудың тасалануы. –Халық мұғалімі. - 194О.№3.



20. Төлеуов Ә. Кейбір көрсеткіштердің тасалануы, тасаланбауы. Қазақстан мұғалімі. 1960. 7 январь, № 2.

10.Тақырыбы: Есімдік.

2.Қарастырылатын сұрақтар: Есімдіктің жасалуы жолы, ерекшеліктері, прономиалдану процесі.

3.Дәрістің мақсаты: Есімдіктер нақты затты сипаттамай, анықтамай, сынын көрсетпей тек соларға нұсқау қызметін атқарады. Есімдіктер есімдермен тығыз байланысты болып, әдетте солардан кейін келіп отырады. Бірақ, олардың атқаратын қызметі әртүрлі болып келеді. Есімдіктердің бір тобы заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына жұмсалып, заттық атаулардың орынбасарлары болады да, екінші тобы заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына қолданылып белгі атауларының орынбасарлары болып отырады. Бұлардың алғашқысын тіл ғылымында субстантивтік есімдіктер, соңғысын атрибуттық есімдіктер деп атайды.

4. Дәріс мазмұны: Қазақ тіліндегі сөз табының бірі- есімдік. Есімдік үнемі заттың атын, сынын, санын айтудың орнына қолданылады.Яғни, есімдердің орнына қолданылады. Есімдіктер белгілі бір ойды не түсінікті жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің мағынасы өзінен бұрын айтылған сөзге не сөйлемге қарай айқындалады. Мысалы: жіктеу есімдіктері мен, сен, ол сөйлеушінің белгілі болуына байланысты нақтыланады. Мен кітап оқыдым. Сен кино көрдің деп айтатын болсақ, есімдіктердің нақты кімге байланысты айтылғанын аңғара аламыз. Ал егер есікті біреу қағып рұқсат сұрайтын болса, бұл кім деп сұраймыз. Бейтаныс дауыс менмін деп жауап береді. Танымағасын менің кім деп сұрайсын. Демек, есімдіктердің өз алдына нақты мағынасынан ғөрі, сілтеу, нұсқау мағыналары басым болады. Есімдіктер нақты затты сипаттамай, анықтамай, сынын көрсетпей тек соларға нұсқау қызметін атқарады. Есімдіктер есімдермен тығыз байланысты болып, әдетте солардан кейін келіп отырады. Бірақ, олардың атқаратын қызметі әртүрлі болып келеді. Есімдіктердің бір тобы заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына жұмсалып, заттық атаулардың орынбасарлары болады да, екінші тобы заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына қолданылып белгі атауларының орынбасарлары болып отырады. Бұлардың алғашқысын тіл ғылымында субстантивтік есімдіктер, соңғысын атрибуттық есімдіктер деп атайды. Қазақ тілінде басқа сөз таптары есімдіктер қатарына ауыса алмайды. Тек, бір, біреу сияқты сан есімдер туралы айтып өту керек. Олар белгісіздік есімдігі болып та келіп отырады. Субстантивтік есімдіктер кез- келген жерде көптеле де, септеле де, тәуелдене де, жіктеле де береді. Ал атриутвтік есімдіктер дәл өз мағынасында қолданылып тұрғанда сөз түрлендіретін формалардың ешқайсын да қабылдамайды. Сөз өзгеретін формалар атрибутивтік есімдерге тек субстантивтенген жағдайда ғана қосыла алады. Есімдіктердің бәріне бірдей тең ортақ заңдылық- олардың бәріне тән бір формалар мен өзгеру амалдары жоқ. Осы белгісі арқылы есімдіктер басқа сөз табынан оқшауланады. Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді: бірі көне заманнан келе жатқан байырңы түбір есімдіктер, екіншісі тіліміздің даму, жетілу процесінде туып, қалыптасқан есімдіктер. Есімдіктердің алғашқы тобына жататын есімдіктер түбір сөздер сипатында болады. Мысалы: мен, сен, ол, сіз, біз, қай, кім, не, бұл, осы. Есімдіктердің екінші тобы үш топқа бөлінетін есімдіктерден тұрады: а) алғашқы мағыналары өзгере келе есімдіктер дәрежесіне ауысқан сөздер: бір, бар, біреу, бүкіл, түгел т.б. б) морфологиялық тәсіл арқылы / -у элементі/ жасалған есімдіктер: мына-у, сона-у және әр түрлі формалар арқылы қалыптасқан есімдіктер: барлық, барша, қанша, ешқандай, әлдеқашан, әлдекім т.б. Синтаксистік қызметі жағынан берік қалыптасқан заңдылық жоқ.Олар сөйлемде, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, бастауыш болады.

Қазақ тілінде есімдіктер саны көп емес. Олардың саны 70-тен аспайды. Бірақ олардың атқарар қызметі орасан зор және жан- жақты.

Мағыналарына қарай олар 7 топқа бөлінеді:

1. Жіктеу есімдіктері

2. Сілтеу есімдіктері

3. Сұрау есімдіктері

4. Жалпылау есімдіктері

5. Өздік есімдіктері

6. Белгісіздік есімдіктері

7. Болымсыздық есімдіктері.



Жіктеу есімдіктері

Саны жағынан өте көп емес, бірақ қызметі жағынан жиі қолданылатын есімдіктер тобы. Оларға мына сөздер жатады: мен, сен, сөз, ол, біз, біздер, сіздер, сендер, олар. Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты болып, әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылады. Сондықтан үнемі адаммен байланысты, яғни сөйлеуші, тыңдаушы және басқа адам деген ұғымды беру үшін айтылады.

Мысалы: мен есімдігі тек I жақта айтылады да сөйлеуші дегенді, сен есімдігі II жақта айтылады да тыңдаушы дегенді, ал ол есімдігі III жақта беріледі де бөгде кісі деген түсінікпен байланысты болады.

Жіктеу есімдігінің III жағы ол сілтеу есімдігімен ортақ болып келеді. Оның мағынасы сөйлем ішінде ғана дифференцияланып / сараланады, бөлінеді/ анықталады. Мысалы: Ол келді.- Ол адам. Алғашқысы жіктеу есімдігі болса, соңғысы сілтеу есімдігі. Лингвист- ғалым Ә.Төлеуов ол есімдігінің о бастағы түбірі о болуы керек деп топшалайды. Ғалым бұл пікірінің көптік формасын қабылдаған кездегі өзгерісіне байланысты айтады. Мысалы: о- лар. Сондай-ақ бұл есімдіктің септелу үлгісіде ерекше. Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдай алады. Мынадай формада септеледі:

Жекеше:

А. мен, сен, сөз,ол.



І. менің, сенің, сіздің, оның.

Б. маған, саған, сізге, оған.

Т. мені, сені, сізді, оны.

Ж.менде,сенде, сізде, онда.

Ш.менен, сенен, сізден, онан/ одан/

К. менімен, сенімен, сізбен, онымен.

Көпше:

А. біздер, сендер, сіздер, олар.



І. біздердің, сендердің ,сіздердің, олардың.

Б. біздерге, сендерге, сіздерге, оларға.

Т. біздерді, сендерді, сіздерді, оларды.

Ж.біздерде,сендерде, сіздерде, оларда.

Ш.біздерден, сендерден, сіздерден, олардан.

К. біздермен, сендермен, сіздермен, олармен.

Осы септеуде тек сіз есімдігі ғана есімдер сияқты түрленбей септеліп отыр. Ал мен, сен, ол есімдіктерінің септелу жүйесінде біраз ерекшеліктер бар. Олар мыналар:


  1. Ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінде соңғы -н дыбысы түсіп қалады;

  2. Мен, сен есімдіктері барыс септігінде ма, са болып өзгеріп отырады;

  3. Барыс септігі ған түрінде болып келеді;

  4. Көмектес септігінде дәнекер -ы,-і дыбыстары қолданылады;

  5. Ол есімдігіндегі соңғы -л дыбысы -н дыбысына айналады.

Бірақ бұл ерекшеліктерді қопармалық белгі деп есептеуге болмайды.Бұл ерекшеліктер есімдіктердің көпшілігінде сақталған ерекшеліктер деп айтуға болады.

Енді тәуелдену туралы бірер сөз. Тәуелдік жалғауын тек III жақтағы ол есімдігі ғана қабылдайды. Мысалы: оны, оларың. оларым т.б. Жіктеу есімдіктері өзінің жеке жақтық мағынасында қолданылғанда меншікті білдіретін - нікі, -дікі жұрнақтарын қабылдайды.

Біз есімдігінің мағыналық реңкі әр түрлі болып келеді. Біріншіден, біз жақтағы көпше форма. Әдетте көптің атынан айтылады. Екіншіден, бұл есімдікті жеке адам да айтуы мүмкін. Әсіресе, ғылыми стильде автор сыпайыгершіліктен мен демей біз дейді.

Жіктеу есімдіктерінің жіктелуі. Жіктеу есімдіктеріне жіктік жалғауы өзіндік ерекшелікке сәйкес жалғанады. Есімдік қай жақта тұрса, оған сол жақтың ғана жіктік жалғауы жалғанады.

Мысалы: I жақ менмін, бізбіз, біздерміз

II жақ сенсің, сізсіз, сендерсіңдер, сіздерсіздер

Жіктеу есімдіктері III жақта жіктелгенде ешбір қосымша қабылдамай, сол күйінде қалады.

Сілтеу есімдіктері.

Есімдіктердің бұл тобына бұл, сол, осы, анау, мынау т.б. сөздер жатады. Бұл есімдіктер сілтеу, нұсқау, көрсету сияқты қызмет атқарады да, қай, қандай деген сұраққа жауап беріп, сөйлемдегі субстанциялардың, құбылыстардың субьектіге алыс не жақын сияқты аралық қатынастарын білдіреді.

Сілтеу есімдіктерінің бәрінің мағыналары бірдей болып келе бермейді. Семантикалық жағынан әр сілтеу есімдігінің өзіне тән мағыналық реңкі болады.

Бұл, осы есімдіктері жақын мандағы түсінікті беру үшін қолданылады. Ал сол есімдігі алысырақ жерді сілтейді. Анау, сонау есімдіктері тіпті алыстағы затты сілтейді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес үш жікке бөлінеді: жақындық, орталық және алыстық есімдіктері.

Кейде бұл, ол, сол есімдіктерінің соңғы үнді -л дыбысы түсіріліп, ықшамдалып бұ, со, о түрінде айтылады. Бұл есімдіктер әдетте осы ықшамдалған формада септеледі. Ал бұлар тәуелдік жалғауын қабылдағанда- -н дыбысы жалғанады.

Анау, мынау, осынау есімдіктері тікелей септелмейді. Олар тәуелденіп барып септеледі.

Сілтеу есімдіктері саны жағынан көп болмағанына қарамастан, көптеген сөз таптарынын орнына қолданылады.

а) зат есім орнына. Алдыңғы топта жуан қара жігіт келе жатыр. Бұл- Елемес батырақ.

ә) сын есім орнына: Биікке қада қызыл ту

Сол ту болар тірегің.

б) сан есімнің орнына: Басында жүздеп келе жатқан қонақтар күн батар шақта мыңға жетіп, одан да асып кетті.

в) есімдіктер орнына. Итбай бірдемелерді айтып еді, оны ол тыңдаған жоқ.

Сілтеу есімдіктері жеке етістіктердің орнына қолданылмайды. Керісінше сілтеу есімдіктері түгел бір сөйлемнің және ондағы берілген әр қилы оқиға, іс- әрекет орнына қолданыла алады. Мысалы: Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан, шешесі есінен танып қалды. Мұны көрген Сейіт жыламақ түгіл қабағын да шытпай қалыпты.

Қазіргі қазақ тілінде сілтеу есімдіктері түгелімен жеке грамматикалық тұлғалар және дербес сөздердің кірігуі арқылы жасалынған. Тарихи тұрғыдан олар түгелдей дерлік кіріккен түбірлер. Алайда олардың кірігу дәрежесі біркелкі емес. Осы тұрғыдан ғалымдар сілтеу есімдіктерін екіге жіктейді:

а) іштей байырғы сілтеу есімдіктері

ә) кейіннен жасалған сілтеу есімдіктері

Алғашқылардың сапына бұл, ол, міне, осы, сол, сона, түу есімдіктері кіреді. Ал кейіннен пайда болғандар деп ана-у, мына-у, осы- нау т.б. есімдіктерді айтады.

Бұл есімдіктердің барлығы есімдіктердің бірігуі не кірігуі арқылы аналитикалық жолмен жасалған.

Сілтеу есімдіктері сирек болса да жаңа сөз тудырушы формаларды қабылдайды. Одан бірнеше жаңа сөз жасалады.

1. Аналитикалық тәсіл /синтаксистік/ Бұл тәсіл арқылы қалыптасқан сөздерді екі топқа бөліп қарастырамыз: сөздердің қосарлануы арқылы қалыптасқын және сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөздер.

а) ол, бұл есімдіктерінің қосарланып айтылуы арқылы ол-пұл, анау және мынау есімдіктерінің қосарлануы арқылы анау- мынау сөздері жасалған

ә) сона, ана есімдіктеріне ғұрлым сөзі бірігіп келіп анағұрлым, сонағұрлым секілді туынды үстеулер пайда болады.

б) бұл, ол, сол есімдіктерінен бұлай, олай, солай туынды үстеулері дүниеге келеді. Осы үстеулер ет етістігімен бірігіп бұйт, өйт, сөйт секілді туынды етістіктер жасалған. Сондай- ақ ол есімдігінен өйткені, сол есімдігінен сондықтан сияөты шылау сөздер жасалған.

2. Синтетикалық тәсіл. / морфологиялық/

а) әне, міне сілтеу есімдіктеріне -ки/ кей/ қосымшасы жалғану арқылы әнеки, мінеки сөздері жасалады.

ә) бұл, сол, ол есімдіктері жатыс септігі жалғауын қабылдап, мезгіл және мекен мағыналарында қолданылып, үстеу сөздері қатарына ауысқан: мұнда, осында, сонда.

б) сілтеу есімдіктеріне -дай, -гі қосымшалары жалғану арқылы сын есім сөздер жасалған: ондай, әнеугі, сондай т.б.



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау