Есептеу керек:
1995 жылмен салыстырғанда барлық халықтың және қала мен ауыл тұрғындарының абсолюттік өсімін немесе кемуін.
Әр жыл бойынша қала мен ауыл тұрғындарының үлесін.
Қала мен ауыл тұрғындарының өзара қатынасын.
Есептелінген көрсеткіштерді кесте түрінде көрсетіңіздер және қорытынды жасаңыздар.
Төменде Қазақстан халқының жыл басындағы жыныстық құрамы берілген, мың адам:
Жылдар
|
Барлығы
|
Оның ішінде
|
еркектер
|
әйелдер
|
1995
1996
1997
1998
1999
2000
|
15957
15676
15480
15188
14958
14896
|
7706
7566
7467
7320
7205
7176
|
8251
8110
8013
7868
7753
7720
|
Есептеу керек:
1995 жылмен салыстырғанда барлық халықтың және еркектер мен әйелдердің абсолюттік өсімін немесе кемуін.
Әр жыл бойынша еркектер мен әйелдердің үлесін.
Еркектер мен әйелдердің өзара қатынасын.
Есептелінген көрсеткіштерді кесте түрінде көрсетіңіздер және қорытынды жасаңыздар.
Төменде халық санақтарының дерктері бойынша республикада тұратын қазақтардың саны берілген, мың адам:
Жылдар
|
Барлығы
|
Оның ішінде
|
еркектер
|
әйелдер
|
1959
1970
1979
1989
1999
|
2795,0
4234,2
5289,4
6534,6
8033,4
|
1344,9
2070,7
2601,0
3225,9
3960,5
|
1450,1
2163,5
2688,4
3308,7
4072,9
|
Есептеу керек:
1959 жылмен салыстырғанда барлық халықтың және еркектер мен әйелдердің абсолюттік өсімін немесе кемуін.
Әр жыл бойынша еркектер мен әйелдердің үлесін.
Еркектер мен әйелдердің өзара қатынасын.
Есептелінген көрсеткіштерді кесте түрінде көрсетіңіздер және қорытынды жасаңыздар.
1999 жылдың басында республикада тұратын халықтың саны 1495,8 мың адам, ал 2000 жылдың басында 14896,1 мың адам болды.
Есептеу керек:
1999 жылғы халықтың орташа жылдық санын.
Жыл ішіндегі халықтың абсолюттік өсуін (кемуін).
Әр айдың басындағы облыс халқының саны төмендегідей болды, мың адам:
жылғы 1 қаңтарға - 754,0;
1 сәуірге – 762,5;
1 тамызға – 776,8;
1 желтоқсанға - 783,9;
2000 жылғы 1 қаңтарға – 784,6.
Есептеу керек:
Облыс халқының орташа жылдық санын.
Жыл ішіндегі халықтың абсолюттік өсімін.
1990 жылдың басындағы Алматы қаласында тұратын халықтың саны 1100 мың адам, 1994 жылы - 1125 мың адам,1997 жылы - 1118 мың адам, 2000 жылы - 1135 мың адам болса, онда 1990-2000 жылдар аралығында қала халқының орташа жылдық саны қанша адам болады?
Төменде 1995 – 2000 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының жыл басындағы саны берілген, мың адам:
Жылдар: 1995 1996 1997 1998 1999 2000
Халықтың
саны: 15957 15676 15480 15188 14958 14896
Есептеу керек:
1995 – 2000 жылдар аралығындағы халықтың орташа жылдық санын.
Орташа абсолюттік өсімді.
Орташа жылдық өсу және өсім қарқынын.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Жыл басындағы қала халқының саны 254 мың адам болды.Жыл ішінде 3600 сәби дүниеге келген, 1900 адам қайтыс болған, ал қоныс аудару болған жоқ деп есептейміз.
Есептеу керек:
Қала халқының орташа жылдық санын.
Туу, өлу және табиғи өсім коэффициенттерін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Жыл басындағы облыс халқының саны 439,3 мың, ал жыл аяғында 443,0 мың адам болды.Жыл ішінде 8181 сәби дүниеге келген, 4033 адам қайтыс болған, оның ішінде 173 адам бір жасқа дейінгі балалар, 2963 адам некеге тұрған,543 адам ажырасқан, 3117 адам тұрақты тұруға көшіп келген, 3714 адам көшіп кеткен.
Есептеу керек:
Облыс халқының орташа жылдық санын.
Туу, өлу, балалар өлімі, табиғи, механикалық және жалпы өсім, некелесу және ажырасу коэффициенттерін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Жыл басындағы облыс халқының саны 680 мың адам болды.Жыл ішінде 11500 сәби дүниеге келген, 6800 адам қайтыс болған, оның ішінде 442 адам бір жасқа дейінгі балалар, 2300 адам тұрақты тұруға көшіп келген,800 адам көшіп кеткен.
Есептеу керек:
Облыс халқының орташа жылдық санын.
Табиғи және механикалық өскендердің санын.
Туу, өлу, балалар өлімі, табиғи және механикалық өсім коэффициенттерін.
Покровскийдің индексін (өмір сүргіштік коэффициенттерін).
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Жыл басындағы аудан халқының саны 68,8 мың, ал жыл ішіндегі табиғи өсім коэффициенті 10,3 промиль, туу коэффициенті 20,9 промиль болды.
Есептеу керек:
Жыл ішінде туғандар мен өлгендердің санын.
Покровскийдің индексін (өмір сүргіштік коэффициентін).
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Төменде республика бойынша халықтың табиғи қозғалысы туралы көрсеткіштері берілген, мың адам:
Жылдар
|
Туғандар
|
Өлгендер
|
Табиғи өскендер
|
1995
1996
1997
1998
1999
|
276,1
253,1
232,4
222,4
211,8
|
168,7
166,0
160,1
154,3
145,9
|
107,4
87,1
72,3
68,1
65,9
|
Есептеу керек:
1995 жылмен салыстырғанда туғандардың, өлгендердің және табиғи өскендердің өсуін немесе кемуін.
Есепте берілген халықтың санын қолдана отырып, туу, өлу және табиғи өсім коэффициенттерін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Төменде облыс бойынша халықтың өзгеруі туралы сандық көрсеткіштер берілген, мың адам:
Жыл басындағы халықтың нақты саны – 975,0,
оның ішінде: уақытша жоқтары – 25,0;
уақытша тұратындары – 20,0.
Жыл ішінде туғандардың саны – 16,9,
оның ішінде: тұрақты тұрғындардан - 16,8;
уақытша тұрғындардан – 0,1.
Жыл ішінде қайтыс болғандардың саны – 9,6,
оның ішінде: тұрақты тұрғындардан – 9,1;
уақытша тұрғындардан – 0,5.
Жыл ішінде тұрақты тұруға басқа жақтан көшіп келгендер – 5,2.
Басқа жаққа көшіп кеткендер – 6,0.
Тұрақты және нақты халық үшін жеке есептеу керек:
Жыл аяғындағы халықтың санын.
Халықтың орташа жылдық санын.
Абсолюттік өсімді жеке себептері бойынша.
Халықтың жалпы саны бойынша өсу және өсім қарқынын.
Жыл ішіндегі халықтың абсолюттік өсімін.
Тұрақты халық бойынша туу, өлу, көшіп келу, көшіп кету коэффициенттерін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Қала бойынша жыл басындағы халықтың нақты саны 614 мың адам болды,
оның ішінде: уақытша тұратындары – 12900;
уақытша жоқтары – 3700.
Жыл ішінде төмендегідей өзгерістер болды:
Туғандар: тұрақты тұратындардан – 11500;
уақытша тұратындардан – 450.
Қайтыс болғандар: тұрақты тұратындардан – 4200;
уақытша тұратындардан –400.
Қалаға келгендер – 7100,
оның ішінде: тұрақты тұруға – 4900.
Қаладан кеткендер – 5200,
оның ішінде: басқа жаққа тұрақты тұруға кеткендер – 3000.
Есептеу керек:
Жыл аяғындағы халықтың нақты санын.
Жыл басындағы және жыл аяғындағы тұрақты халықтың санын.
Тұрақты халықтың жалпы,табиғи және механикалық өсімін.
Тұрақты халықтың жалпы, табиғи және механикалық өсім коэффициенттерін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Қала халқының саны төмендегілей көрсеткіштермен сипатталады:
Жыл басындағы халықтың саны – 410 мың адам, оның ішінде 15-49 жас аралығындағы әйелдердің саны – 130 мың адам.
Жыл аяғындағы халықтың саны – 430 мың адам, оның ішінде 15-49 жас аралығындағы әйелдердің саны – 135 мың адам.
Табиғи өсім коэффициенті – 14,3 промиль, ал туғандар саны – 8 мың адам болды.
Есептеу керек:
Туу, өлу және арнайы туу коэффициенттерін.
Халықтың жалпы және механикалық өсім коэффициенттерін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Қала халқының орташа жылдық саны – 50 мың адам, оның ішінде 15-49 жас аралығындағы әйелдердің саны - 18,6 мың, ал арнайы туу коэффициенті 60 ‰ болса, онда жалпы туу коэффициенті қанша болады?
Жыл ішінде республика бойынша 232,4 мың сәби дүниеге келген.Осы жылы 15-49 жас аралығындағы әйелдердің үлесі барлық халықтың 26,6% құрады, оның ішінде жастық құрамы бойынша төмендегідей:
15-19 жастағылар - 721,8 мың адам; 20-24 – 664,3; 25-29 – 657,1; 30-34 – 579,4; 35-39 – 541,4; 40-44 – 534,8; 45-49 – 457,5 мың адам болды.
Арнайы және жалпы туу коэфициенттерін есептеңіздер.
Республика халқының орташа жылдық саны 15642 мың адам, оның ішінде 15-49 жас аралығындағы әйелдердің саны - 4154 мың, ал арнайы туу коэффиценті - 55,8‰ болса, онда жалпы туу коэффициенті қанша болады?
Аудан халқының орташа жылдық саны – 52000 мың адам, оның ішінде 15-49 жас аралығындағы әйелдердің саны - 13120 және олардың арнайы туу коэффиценті - 89,3‰ болса, онда жалпы туу коэффициенті қанша болады?
Өткен жылы облыс бойынша 12131 бала, ал есепті жылы 12400 бала дүниеге келген, оның ішінде 1 жасқа дейінгі шетінегендердің саны 290 адам болды. 1 жасқа дейінгі шетінегендердің коэффициентін есептеңіздер.
1.21. Төменде Республика бойынша еңбек ресурстары туралы сандық көрсеткіштер берілген, мың адам:
Көрсеткіштер
|
1997ж.
|
1998ж.
|
1999ж.
|
Барлық еңбек ресурстары
Экономикалық белсенді халық
Оның ішінде:
экономика саласымен шұғылданушылар
Жұмыссыздар
|
9153
7360
6552
808
|
9140
7490
6519
971
|
8814
7440
6472
968
|
Есептеу керек:
1997 жылмен салыстырғанда берілген көрсеткіштердің абсолюттік өсуін немесе кемуін.
Еңбек ресурстарының ішіндегі:
а) экономикалық белсенді халықтың үлесін;
ә) экономика саласымен шұғылданушылардың үлесін;
б) жұмыссыздардың үлесін.
3. Экономикалық белсенді халықтың ішіндегі:
а) экономика саласымен шұғылданушылардың үлесін;
ә) жұмыссыздардың үлесін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
1.22. Төменде республика бойынша экономика саласымен шұғылданушылар мен жұмыссыздар туралы сандық көрсеткіштер берілген, мың адам:
Көрсеткіштер
|
1997 ж.
|
1998 ж.
|
1999 ж.
|
Экономика саласымен шұғылданушылар
Оның ішінде:
- еркектер
- әйелдер
Жұмыссыздар
Оның ішінде:
- жұмыссыздық жөнінде тіркелгендері
Олардан:
- еркектер
- әйелдер
- 16-29 жас аралығындағы жастар
|
6552
3472
3080
808
140
56
84
65
|
6519
3494
3025
971
282
104
178
116
|
6472
3521
2951
968
258
86
172
91
|
Есептеу керек:
Әр жылғы жеке түрде экономика саласымен шұғылданушылардың еркектер мен әйелдердің үлесін.
Әр жылға жеке түрде жұмыссыздардың ішінде жұмыссыздық жөнінде тіркелгендердің үлесін.
Әр жылға жеке түрде жұмыссыздық жөнінде тіркелгендердің ішінде 16-29 жас аралығындағы жастардың және әйелдер мен еркекетердің үлесін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
1.23. Төменде республика бойынша халықтың жұмысқа орналасу жөнінде өтінгендері мен жұмысқа орналасқандары туралы сандық көрсеткіштер берілген, мың адам:
Көрсеткіштер
|
Жұмысқа
орналасу жөніндегі
өтінгендер
|
Оның ішінде
жұмысқа
орналасқандары
|
1995 ж.
|
2000 ж.
|
1995 ж.
|
2000 ж.
|
Жұмыс іздегендердің саны
Оның ішінде:
Жұмыс іздегендердің ішінде:
еңбекпен шұғылданбайтындар
жұмыстан босатылғандар
19-29 жас аралығындағы жастар
|
351914
226758
81450
345419
72853
154310
|
533608
318595
162041
528571
217481
190157
|
92212
73749
18463
90060
12762
37524
|
96410
71808
24602
95951
24175
34174
|
Есептеу керек:
1995 жылмен салыстырғанда 2000 жылғы берілген көрсеткіштердің өсуін немесе кемуін.
Әр жылға жеке түрде жұмысқа орналасуы жөнінде өтінгендердің ішінде жұмысқа орналасқандардың үлесін.
Әр жылға жеке түрде жұмысқа орналасу жөнінде өтінгендер мен жұмысқа орналасқандар бойынша жұмыс іздегендердің ішінде еңбекпен шұғылданбайтындардың, жұмыстан босатылғандардың және 19-29 жас аралығындағы жастардың үлесін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
1.24. Төменде Қазақстан Республикасы бойынша барлық және еңбекке жарамды жастағы халықтың сандық көрсеткіштері берілген, мың адам:
|
1980 ж.
|
1990 ж.
|
2000 ж.
|
Барлық жастағы халықтың саны
Оның ішінде:
- еңбекке жарамды жастағылар
|
15053
8881
|
16793
9909
|
15642
8912
|
Есептеу керек:
Әр жылға жеке түрде еңбекке жарамды жастағы халықтың үлесін.
1980-1990; 1990-2000; 1980-2000 жылдар аралығындағы орташа жылдық абсолюттік өсімі немесе кемуі:
а) барлық халық үшін;
б) еңбекке жарамды жастағы халық үшін.
3. Әр жылға жеке түрде еңбекке жарамды жастағы халықтың зейнеткерлік жүктеу коэффициентін.
Негізгі капитал статистикасы
5.1. Төменде республика бойынша негізгі капиталдың меншік нысандарына қарай бөлінуі туралы көрсеткіштері берілген, млрд, теңге:
Көрсеткіштер
|
1998 ж.
|
1999 ж.
|
2000 ж
|
Негізгі капиталдар
Оның ішінде меншік нысандары бойынша:
мемлекеттік
мемлекеттік емес
шетелдік
|
1385,7
633,2
734,6
17,9
|
1997,7
788,4
1140,8
68,5
|
2730,9
1149,2
1292,3
289,4
|
Есептеу керек:
Әр жылға жеке негізгі капиталдың меншік нысандары бойынша үлесін.
2000 жылғы көрсеткіштердің алдыңғы жылғы жылдармен салыстырғанда өскендігін немесе кемігендігін.
Барлық және әрбір меншік нысаны бойынша орташа жылдық нақты өсімді.
Есептелген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
5.2. Республика бойвнша 2000 жылы экономик салаларының негізгі капиталдары 1990 жылмен салыстырғанда 132% өскен. Негізгі капиталдың орташа жылдық өсім қарқынын есептеу керек.
5.3. Төменде облыс бойынша экономика салаларының негізгі капиталдары бойынша шартты көрсеткіштері берілген, млрд. теңге:
Көрсеткіштер
|
1 қаңтар 1990 ж.
|
1 қаңтар 2000 ж.
|
Барлық негізгі капиталдар
Оның ішінде:
өнеркәсіпте
ауыл шаруашылығында
көлік пен байланыста
құрылыста
сауда және қоғамдық тамақтандыру орындарында
Басқа салаларда
|
1354
60
120
100
99
90
345
|
1799
710
90
160
101
100
638
|
Есептеу керек:
Негізгі капиталдардың абсолюттік өскендігін немесе кемігендігін.
Негізгі капиталдардың экономикалық салалар бойвнша үлесін.
Барлығы және әр сала бойынша орташа жылдық нақты өсімді.
Есептелген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
5.4. Төменде облыс бойынша негізгі капиталдар туралы көрсеткіштер шартты түрде берілген, млн. теңге:
Жыл басындағы негізгі капиталдардың толық бастапқы құны 400,0
Жыл басындағы негізгі капиталдардың тозу құны 90,0
Жыл ішінде негізгі капиталдың жаңарғаны 40,0
Жыл ішінде негізгі капиталдардың істен шыққаны 10,0
Жыл аяғына қалған негізгі капиталдардың тозу құны 84,6
Есептеу керек:
Жыл аяғындағы негізгі капиталдардың қалдық құнын.
Жыл ішіндегі негізгі капиталдардың жаңару және істен шығу коэффициенттерін
Жыл басындағы және аяғындағы негізгі капиталдардың жарамдылық және тозу коэффициенттерін
Есептелген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
5.5. Төменде жыл ішіндегі негізгі капиталдардың толық бастапқы құны
Жыл басындағы негізгі капиталдардың толық бастапқы құны 800
Жыл басындағы негізгі капиталдардың тозу құны 200
Жыл ішінде негізгі капиталдардың жаңадан қосылғаны 250
Негізгі капиталдардың толық бастапқы құнынан істен шыққны 100
Істен шыққан негізгі капиталдардың қалдық құны 10
Негізгі капиталдардың орташа жылдық амортизация мөлшері, % 10
Есептеу керек:
Жыл аяғындағы негізгі капиталдардың толық бастапқы құнын және орташа жылдық құнын.
Жыл аяғындағы негізгі капиталдардың қалдық құнын.
Негізгі капиталдардың қозғалыс көрсеткіштерін, яғни жаңару және істен шығу коэффициенттерін.
Жыл аяғындағы негізгі капиталдардың жарамдылық және тозу коэффициенттерін.
Есептелген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
5.6. Құрылыс басқармасы 1996 жылдың қаңтар айында 500мың теңгеге жүк көтергіш машина сатып алды және оны тасымалдауға, орналастыруға қосымша 90 мың теңге жұмсады. Егер орта есеппен жылына 6 % отозу құны шығарылған болса, онда 2000 жылдың басында көтергіш машинаның толық бастапқы құны мен қалдық құнының қанша болатындығын жеке есептеңіздер.
5.7. Машина 10жыл жұмыс істеген және осы уақытта оған 20мың теңгеге екі рет күрделі жөндеу жүргізілген. Жыл сайынғы амортизациялық аударым жарнасы – 10 мың теңге, ал негізгі капиталдарды жоюдан түскен қаржы – 4 мың теңге болды.
Есептеу керек:
машинаның толық бастапқы құнын.
амортизациялық жарна мөлшері.
5.8. Машинаның толық бастапқы құны 300 мың теңге болды және 12 жыл пайдаланылды. Ал оның жойылу құны 27 мың теңге болды.
Есептеу керек:
Машинаға бөлінген орташа жылдық амортизация мөлшерін.
Орташа жылдық амортизация аударым жарнасын.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау жасаңыздар.
5.9. Төменде облыс ұжымшарларының негізгі капиталдары туралы көрсеткіштері берілген, млн. теңге:
Өндірістік үйлер мен ғимараттар – 4100, тракторлар – 200, комбайндар – 150, басқа да ауыл шаруашылық машиналары – 125, жанар май қоры – 30, күш трансформаторлары мен басқа да күш құралдары – 17, автомашиналар мен басқа да көліктің түрлері – 60, геологиялық барлау жұмыстары – 180, өнім беретін жастағы көп жылдық өсімдіктер – 37, жұмыс және өнім беретін малдар – 1775, клубтар – 300, мектептер, ауруханалар және балалар мекемелері – 900, басқа да материалдық негізгі капиталдар – 120, материалдық емес негізгі капиаталдар – 100.
Есептеу керек:
Облыс ұжымшарларының материалдық және материалдық емес негізгі капиаталдарын.
Материалдық негізгі капиталдарды табиғи – заттай түрлері бойынша топтастырыңыздар.
Материалдық негізгі капиталдарды құрылымы бойынша есептеңіздер.
Есептелген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
5.10. Төменде аудан бойынша негізгі капиталдары туралы мәліметтер берілген:
Жыл аяғындағы негізгі капиталдардың баланстық (толық) құны – 80,0 млн.теңге, ал тозу құны – 20,0 млн. теңге болды.
Есептеу керек:
Негізгі капиталдардың қалдық құнын.
Негізгі капиталдардың тозу және жарамдылық коэффициенттерін.
5.11. Төменде экономика салаларының негізгі капиталдары туралы көрсеткіштері берілген, млн. теңге:
- жыл басындағы негізгі капиталдың қалдық құны – 7500;
- жыл басындағы тозу құны – 3700;
- жыл ішіндегі пайдалануға берілген жаңа негізгі капиталдардың құны – 3300;
- жыл ішіндегі негізгі капиталдардың толық бастапқы құнынан істен шыққаны – 700;
- істен шыққан негізгі капиталдардың қалдық құны – 70;
- жыл ішінде негізгі капиталдарды толық қалпына келтіру үшін бөлінген амортизация мөлшері – 120.
Өндірілген өнім көлемі – 15888.
Есептеу керек:
Жыл басындағы және жыл аяғындағы негізгі капиталдардың бастапқы құнын.
Жыл аяғындағы негізгі капиталдардың қалдық құнын.
Негізгі капиталдардың жаңару және істен шығу коэффициенттерін.
Жыл басындағы және жыл аяғындағы негізгі капиталдардың тозу және жарамдылық коэффициенттерін.
5.12. Төменде өнеркәсіп саларының екі уақыт кезеңіндегі көрсеткіштері берілген, млн.теңге
Сала
|
Базалық жыл
|
Есепті жыл
|
Жалпы өндірілген нім
|
Орташа жылдық негізгі капиталдардың құны
|
Жалпы өндірілген нім
|
Орташа жылдық негізгі капиталдардың құны
|
А
В
|
49500
57600
|
62400
97200
|
50000
56700
|
63600
98400
|
Есептеу керек:
Әр жылға жеке негізгі капиталдардың капитал қайтарымдылығын:
а) әр сала бойынша;
б) екі саланы бірге алғанда;
2. Әр сала бойынша капитал қайтарымдылығының өсіңкілігін.
3. екі саланы бірге алғандағы капитал қайтарымдылығының индекстерін:
а) өзгермелі;
б) тұрақты;
б) құрылымды.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау жасаңыздар.
5.13. Төменде кәсіпорынның негізгі капиталдары туралы көрсеткіштер берілген, мың теңге:
- жыл басындағы негізгі капиталдардың толық бастапқы құны – 60000;
- жыл басындағы тозу құны – 12000;
- жыл ішінде негізгі капиталдарға жаңадан қосылғаны – 6000;
- жыл ішінде негізгі капиталдардың істен шыққаны – 2000;
- жыл ішінде кәсіпорын – 70000 теңге өнімін өндірді.
Кәсіпорындағы жұмысшылардың жылдық орташа саны – 2600адам.
Есептеу керек:
Жыл аяғындағы негізгі капиаталдардың толық бастапқы құнын.
Негізгі капиталдардың қозғалыс көрсеткіштерін, жаңару және істен шығу коэффициенттерін.
Жыл басындағы және жыл аяғындағы негізгі капиталдардың тозу және жарамдылық коэффициенттерін.
Негізгі капиталдардың орташа жылдық құнын.
Еапитал қайтарымдылығы мен капитал сыйымдылығын.
Еңбектің капиталмен жарақтану дәрежесін.
Есептелген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар
Шығын және аралық тұтыну статистикасы
Төменде өренкәсіп кәсіпорнында өндірген өнімдері мен өндіріске жұмсалған шығындары туралы көрсеткіштері берілген, млн. теңге:
Көрсеткіштер
|
Базалық жыл
|
Есепті жыл
|
Жалпы өндірілген өнім, тауар көтерме салыстырмалы бағамен
|
60,8
|
62,9
|
Жалпы өндірілген өнімге жұмсалған шығындар
|
39,6
|
40,8
|
Есептеу керек:
Әр жыл бойынша бір теңгелік өндіріген тауарлы өнімге жұмсалған шығынды және оның өскендігін немесе кемігендігін.
Өндірілген тауарлы өнімге жұмсалған шығын көлемінің нақты артуын немесе кемуін:
а) тауарлы өнімге жұмсалған шығын көлемінің өзгеруіне байланысты;
ә) өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты.
Есептелінген көрсеткіштерге қорытынды жасаңыздар.
Төменде аудан бойынша өндірілген өнімдерге жұмсалған шығындар туралы көрсеткіштер берілген, млн. теңге:
Көрсеткіштер
|
Базалық жыл
|
Есепті жыл
|
Жалпы өнімді өндіруге жұмсалған шығындар
|
550
|
621,0
|
Тауарлы өнімді өндіруге жұмсалған шығындар
|
404
|
497
|
Жалпы өнімді өткізуге (сатуға) жұмсалған шығындар
|
371
|
471
|
Есептеу керек:
Жалпы, тауарлы және өткізілген өнімдерге жұмсалған шығын мөлшерінің динамикасын.
Өткізілген өнімге кеткен шығынның абсолюттік өсімінің өзгеруін:
а) жалпы өнімді өндіруге жұмсалған шығын көлемінің өзгенуіне байланысты;
ә) тауарлы және жалпы өнімді өндіруге жұмсалған шығындардың қатынасына байланысты;
б) өткізілген және тауарлы өнімді өндіруге жұмсалған шығындардың қатынасына байланысты.
Есептелген көрсеткіштерге қорытынды жасаңыздар.
Төменде шаруашылық бойынша дәнді дақылдар өнімін өндіруге жұмсалған шығын көлемі туралы көрсеткіштер берілген, мың. Теіге:
Әлеуметтік сақтандыру жарнасын бірге есептегендегі еңбекақы
Тұқым және отырғызылған материалдар 107,0
Минералды және органикалық тыңайтқыштар 160,0
Автокөліктер 71,0
Негізгі капиталдардың амортизациясы 25,0
Негізгі капиталдарды жеңіл-желпі жөндеу 29,0
Басқадай шығындар 8,0
Жалпы өндірістік және шаруашылықтық шығындар 7,0
Жанармай және майланатын материалдар 10,6
Барлығы 24,0
Жалпы жиналған дәнді дақылдар 12600 ц., ал оның сабағы – 5600 ц болды.
Есептеу керек
Жиналған бір центнер дәнді дақылдың өзіндік құнын.
Дәнді дақылдарды өндіруге жұмсалған шығынның құрылымын.
Жиналған бір центнер дәнді дақылға жұмсалған шығын мөлшерін баптары бойынша көрсетіңіздер.
Есептелінген көрсеткіштерге қорытынды жасаңыздар.
Есептеу кезінде мына коэффицентті қолданыңыздар: 1 ц дәнді дақылдар – 1,0; 1 ц сабан – 0,08.
Төменде республика бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалған шығынның құрылымы туралы көрсеткіштер берілген, ℅ есебімен:
Шығын баптары
|
1990 ж
|
1995 ж
|
1999 ж
|
Жалпы шығын
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Материалдар
|
53,4
|
52,6
|
51,7
|
Жұмысшылардың еңбекақысы
|
16,9
|
17,3
|
19,6
|
Машиналарды қолдануға кеткені
|
8,3
|
8,9
|
7,7
|
Басқадай шығындар
|
3,6
|
4,0
|
3,9
|
Қосымша шығындар
|
17,8
|
17,2
|
17,1
|
1999 жылғы көрсеткіштерді алдыңғы жылдармен салыстыра отырып, шығын баптарының қалай өзгергендігіне талдау жасаңыздар.
Жоспар бойынша өндірілген өнімнің өзіндік құны 5 %-ке төмендеуі тиіс, ал шын мәнінде ол өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ке кеміген.
Өндірілген өнімнің өзіндік құны бойынша жоспардың орындалуын анықтау керек.
Базалық жылы фабрика 1025 дана өнім шығарды және оған жұмсалған шығын көлемі – 386,9 мың теңге құрады. Есепті жылы жоспар бойынша 1130 дана өнім шығарылуы және оған жұмсалған шығын көлемі 396,6 мың теңге болуы тиіс. Шын мәнінде фабрика 1180 дана өнім шығарды және оған жұмсаған шығын мөлшері 411,8 мың теңге болды.
Есептеу керек:
Базалық және есепті жылдары шығарылған өнімнің бір данасының өзіндік құнын: нақты және жоспар бойынша. Шығарылған өнімнің бір данасының өзіндік құнының төмендеуін: жоспарлық тапсырма, жоспардың орындалуы және нақты көрсеткіштері бойынша.
Есептелінген көрсеткіштерге қысқаша қорытынды жасаңыздар.
Есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда шығарылған өнім көлемі 8% өскен, ал оның өзіндік құны 2% төмендеген.
Өнім өндіруге жұмсалған шығын көлемінің қалай өзгергендігін анықтау қажет.
Базалық жылы кәсіпорын өндірген өнімдері үшін 60,8 млн. теңге жұмсаған. Есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда әрбір өндірілген өнімнің өзіндік құны 6,1% төмендеген, ал оның көлемі 13,9% артқан.
Есептеу керек:
Есепті жылы өндірілген өнімге жұмсалған жалпы шығынды.
Шығынның абсолюттік өсімін немесе кемуін:
а) өндірілген өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне байланысты;
ә) өндірілген өнім көлеміне қатысты.
Есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі 15% өскен, ал оған жұмсалған шығын мөлшері 4% кеміген.
Өндірілген өнімдерге жұмсалған шығындардың қалай өзгергендігін анықтау қажет.
Есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда өндірілген тауарлы өнімнің құны 12,7% өскен, ал бір теңгелік тауарлы өнімге шыққандағы жұмсалған шығын мөлшері 4,6% төмендеген.
Тауарлы өнімге жұмсалған шығын көлемінің қалай өзгергендігін анықтау қажет.
Есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда өндірілген тауарлы өнімнің құны 7% кеміген, ал бір теңгелік тауарлы өнімнің шығыны 2,7% артқын.
Жалпы тауарлы өнімге жұмсалған шығын көлемінің қаншаға өзгергендігін анықтау керек.
Базалық жылы өндірісте тігілген әйел сөмкесі 870 дана, ал оларды өндіруге жұмсалған шығын 475,7 мың теңге болды. Есепті жылы жоспар бойынша 987 дана сөмке тігу және оған жұмсалатын шығын 544,0 мың теңге мөлшерінде жоспарланған. Осы жылы нақты 910 дана сөмке тігілді және оның шығыны 445,4 мың теңге болды.
Есптеу керек:
Базалық және есепті жылдары тігілген әйелдер сөмкесінің өзіндік құнын.
Өндірілген өнімнің өзіндік құнының дара индекстерін:
а) жоспарлық тапсырма бойынша;
ә) жоспардың орындалуы бойынша;
б) динамикасы бойынша;
Төменде жеңіл өнеркәсіпте өндірілген өнім көрсеткіштері берілген:
Өндірілген матаның түрлері
|
Өндірілген өнім, мың метр
|
Бір метр матаның өзіндік құны, теңге
|
базалық жыл
|
есепті жыл
|
базалық жыл
|
есепті жыл
|
Таза жүнді
|
1400
|
1600
|
90
|
88
|
Жартылай жүнді
|
2500
|
2700
|
45
|
40
|
Есептеу керек:
Әр матаның түрі бойынша өзіндік құнының дара индексін.
Өнімнің өзіндік құнының, өндіріс шығынының және өнімнің физикалық көлемінің жалпы индекстерін.
Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі салдырынан үнемделген ақшаны.
Төменде мұнай өндіретін 3 кәсіпорын бойынша көрсеткіштер берілген:
Кәсіпорындар
|
1 тонна өндірілген мұнайдың өзіндік құны, теңге
|
Өндірілген мұнай, мың тонна
|
базалық жыл
|
есепті жыл
|
базалық жыл
|
есепті жыл
|
1
|
447
|
574
|
73,6
|
129,0
|
2
|
1067
|
1145
|
78,8
|
80,2
|
3
|
780
|
786
|
74,5
|
85,4
|
Төменде екі кеңшардың өндірген өнім көлемі мен оның өзіндік құны туралы мәліметтері берілген:
Кеңшарлар
|
Өндірген картоп, ц
|
1 ц картоптың өзіндік құны, теңге
|
базалық жыл
|
есепті жыл
|
базалық жыл
|
есепті жыл
|
1
|
1970
|
2000
|
151
|
182
|
2
|
1500
|
1700
|
140
|
165
|
Есептеу керек:
Әр кеңшар бойынша бір центнер картоптың өзіндік құнының дара индексін.
Әр жылға жеке екі кеңшарды бірге алғандағы бір центнер картоптың орташа өзіндік құнын.
Өзіндік құнының жалпы индекстерін:
а) өзгермелі құрамды;
ә) тұрақты құрамды;
б) құрылымның өзгеру индексін.
Төменде шаруашылықтың өндірген өнімдеріне жұмсаған шығындары туралы көрсеткіштері берілген:
Өнімнің түрлері
|
Есепті жылы өндірген өнімдерге жұмсалған шығынның көлемі, мың теңге
|
Есепті жылды өткен жылмен салыстырғандағы өнімнің өзіндік құнының өзгеруі, % өзгеріссіз
|
Картоп
|
17,5
|
-6,2
|
Дәнді дақылдар
|
84,5
|
-4,3
|
Жүгері
|
4,4
|
-4,3
|
Сүт
|
15,0
|
+0,2
|
Есептеу керек:
Өнімнің өзіндік құнының жалпы индексін.
Есепті жылдары өткен жылмен салыстырғандағы өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне байланысты үнемделген немесе артық жұмсалған ақшаның мөлшерін.
Төменде көлік басқармасы бойынша тасымалданған жерге және тасымалдауға кеткен шығындар туралы мәліметтер берілген:
Көрсеткіштер
|
Базалық жыл
|
Есепті жыл
|
Жүк айналымы, млн. тонна км.
|
25,5
|
22,7
|
Тасымалдауға кеткен шығын, млн. теңге
|
1020
|
908
|
Есептеу керек:
Әр жылға жеке 10 тонна-км тасымалдаудың өзіндік құнын.
Тасымалдаудың өзіндік құнының индексін.
Тасымалдау шығынының абсолюттік аутқуын:
а) тасымалдаудың өзіндік құнының өзгеруі нәтижесінде;
ә) тасымалданған жүк көлемінің өзгеруі нәтижесінде;
Республика бойынша бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі 17% артты, ал айналым шығынының деңгейі 2% кеміді. Айналым шығынының сапасы қалай өзгерді?
Төменде құрылыс-монтаж басқармасының жұмыстары туралы көрсеткіштері берілген, млн. теңге:
Базалық жыл
|
Есепті жыл
|
Сметалық құн
|
Нақты өзіндік құн
|
Сметалық құннан тысқары шығынның орнын толтыру
|
Сметалық құн
|
Нақты өзіндік құн
|
Сметалық құннан тысқары шығынның орнын толтыру
|
3000
|
2900
|
100
|
3200
|
3100
|
140
|
Құрылыс-монтаж жұмыстарың өзіндік құнының динамикасын анықтау қажет.
Төменде «Алматы құрылыс» АҚ-ның құрылыс және монтаж жұмыстары туралы көрсеткіштері берілген, мың. теңге:
Жұмыс түрлері
|
Сметалық құн
|
Жоспарланған өзіндік құн
|
Нақты өзіндік құн
|
базалық жыл
|
есепті жыл
|
базалық жыл
|
есепті жыл
|
базалық жыл
|
есепті жыл
|
Құрылыс
|
8400
|
10000
|
7900
|
9600
|
8100
|
9400
|
Монтаж
|
1600
|
1900
|
1490
|
1760
|
1485
|
1650
|
Есептеу керек:
Жоспарланған жұмыс көлемі бойынша жоспарлық тапсырманың өзіндік құнының жалпы индексін.
Құрылыс және монтаж жұмыстары бойынша динамиканың және жоспардың орындалуының жалпы индексін.
Есепті жылды базалық жылмен салыстырғанда құрылыс және монтаж жұмыстарының өзіндік құнының өзгеруіне байланысты үнемделген немесе артық жұмсалған ақшаның мөлшерін.
ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ СТАТИСТИКАСЫ
3.1.Үш адамнан тұратын бригада бір ай ішінде 1020 дана өнім өндірді.Ай ішіндегі жұмыс күні-22, жұмыс күнінің ұзақтығы-8 сағат.
Орташа сағаттық,орташа күндік және бір адамның бір айда өндірген өнімінің орташа көлемін есептеу керек.
3.2.Есепті жылы зауыт 80 млн. теңгенің тауарларын өндірді.Осы өнімдерді өндіру үшін кеткен аралық тұтыну шығынының көлемі өнімдер құнының 43% құрады,соның ішінде 5%-амортизация.Өнеркәсіптік-өндірістік жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 1000 адамнан тұрады,оның ішінде 800 адам жұмысшыларға жатады және лоармен 184 мың адам-күн,1450 мың адам-сағат жұмыс істелінген.
Есептеу керек:
1.Орта есеппен шаққанда өндірілген тауарлардың мөлшерін:
а) бір жұмыскерге;
ә) бір жұмысшыға;
б) жұмыс істеген жұмысшының бір күніне;
в) жұмыс істеген жұмысшының бір сағатына.
2.Орта есеппен шаққанда жалпы қосылған құнның мөлшерін:
а) бір жұмыскерге;
ә) бір жұмысшыға;
б)жұмыс істеген жұмысшының бір күніне;
в) жұмыс істеген жұмысшының бір сағатына.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
3.3.Есепті жылды базалық жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі 5,3%, ал жұмыс істейтін жұмысшылардың орташа жылдық саны 3% өскен.Өндірілген өнім көлемінің қалай өзгергенін анықтау керек.
3.4.Есепті жылды базалық жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі өнеркәсіпте 28%, ауыл шаруашылығында 17% және құрылыста 23% өскен.Осыған сәйкес есепті жылы жұмыс істеген жұмысшылардың саны өнеркәсіпте 2637 мың адам,ауыл шаруашылығында 890 мың адам,құрылыста 1146 мың адам болды.
Еңбек өнімділігінің артуына қарай әр сала бойынша шартты түрде босатылған жұмысшылардың санын есептеу қажет.
3.5.Төменде зауыт бойынша екі жылдың көрсеткіштері берілген:
Көрсеткіштер
|
Базалық жыл
|
Есепті жыл
|
Өндірілген тауарлы өнімдер,салыстырмалы бағамен,млн.теңге.
|
780,4
|
836,3
|
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны,адам.
|
6073
|
5995
|
Жұмысшылармен істелінген адам-күн,мың.
|
1020,3
|
997,6
|
Жұмысшылармен істелінген адам-сағат,мың.
|
7911,8
|
7712,7
|
Әр жылға жеке есептеу керек:
1.Орташа сағаттық,орташа күндік және бір жұмысшының жылдық өндірген тауарлы өнімінің көлемін.
2.Жұмыс күнінің ұзақтығы мен бір жұмысшының жылдық істеген жұмыс күнін.
3.Тауарлы өнімнің,жұмысшылардың орташа тізімдік санының,жұмыс күнінің орташа ұзақтығының,бір жұмысшының орташа жылдық істеген жұмыс күнінің және еңбек өнімділігінің өсіңкілік коэффициенттері мен абсолюттік өзгерістерін.
Есептелінген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
3.6.Төменде аяқ-киім фабрикасының екі жылдық көрсеткіштері берілген:
Көрсеткіштер
|
Базалық жыл
|
Есепті жыл
|
Бір жұмысшының бір сағатта орташа өндірген өнімінің көлемі,теңге.
|
221
|
252
|
Жұмыс күнінің нақты орташа ұзақтығы,сағат.
|
7,97
|
7,84
|
Бір жұмысшының орташа жылдық істеген нақты жұмыс күні.
|
227
|
218
|
Әр жылға жеке есептеу керек:
1.Бір жұмысшының бір күндік және жылдық орташа өндірген өнімінің көлемін.
2.Бір жұмысшының бір сағаттық,күндік және жылдық өндірген өнімінің өскендігін немесе кемігендігін.
3.Жұмыс күнінің орташа ұзақтығының өзгеруін.
Есептеліген көрсеткіштерге талдау және қорытынды жасаңыздар.
Студент әр тақырып бойынша өз фамилиясының бас әрпіне сәйкес вариантты таңдап,берілген СОӨЖ тапсырмасын орындап, оқытушыға көрсетуі тиіс.
І вариант – А; Ә; К; Қ; Ш; Ф;
ІІ вариант – Б; В; Л; М; Щ; О;
ІІІ вариант – Г; Ғ; Н; П; Ч; Э;
ІV вариант – Д; Ж; Р; С; Ц; Ю;
V вариант – З; И; Е; Т; У; Х; Я;
Негізгі капитал статистикасы
Негізгі қордың бар болуы мен қозғалысы туралы кәсіпорындар бойынша келесідей деректер бар:
Көрсеткіштер
|
I
млн.руб.
|
II
млн.руб.
|
III
млн.руб.
|
IV
млн.руб.
|
V
млн.руб.
|
1.Жыл басындағы негізгі қордың толық баланстық құны жыл ішінде:
~ іске қосылғаны
~ қалдық құны бойынша істен шыққаны.
|
42
6
0,5
|
58
12
0,6
|
34
18
0,9
|
56
7
0,7
|
33
8
0,32
|
2. Қалдық құны бойынша толық құны.
|
4,0
|
8,0
|
3,0
|
5,0
|
6,0
|
3. Жыл ішіндегі күрделі жөндеу құны.
|
0,4
|
0,8
|
0,2
|
0,9
|
0,7
|
4. Жыл басындағы негізгі қордың тозуы,%.
|
30
|
46
|
38
|
54
|
45
|
5.Амортизацияның жылдық нормасы, %.
|
10
|
12
|
8
|
6
|
19
|
6.Өндірілген өнім көлемі.
|
28,8
|
13,6
|
32,0
|
24,7
|
34,2
|
7.Жұмысшылардың орташа жылдық саны,адам.
|
150
|
180
|
120
|
202
|
120
|
Табу керек:
1.Жыл аяғындағы негізгі қордың толық бастапқы құнын ,балансын
2. Жыл басындағы,жыл аяғындағы негізгі қордың қалдық құнын, балансын
3. Негізгі қордың жаңару және істен шығу коэффициенттерін
4. Жыл басындағы,жыл аяғындағы негізгі қордың тозу және жарамдылық коэффициенттерін
5. Негізгі қордың пайдалану көрсеткіштерін
Халық статистикасы
Көрсеткіштер
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІV
|
V
|
1. Жыл басындағы халық саны, адам
|
747185
|
678607
|
1589751
|
463466
|
606534
|
2. Жыл ішінде дүние келген сәби саны, адам
|
10633
|
13036
|
27679
|
10806
|
9613
|
3. Жыл ішінде қайтыс болған адам саны,
Оның ішінде бір жасқа дейінгі балалар, адам
|
9894
140
|
6573
191
|
15383
330
|
3882
122
|
6435
145
|
4. Жыл ішінде некеге тұрғандар саны, адам
|
5669
|
5889
|
13017
|
4639
|
4698
|
5. Жыл ішінде ажырасқандар саны, адам
|
1762
|
1465
|
2803
|
842
|
1230
|
6. Тұрақты тұруға көшіп келгендер саны, адам
|
20364
|
15064
|
40728
|
7905
|
15422
|
7. Көшіп кеткендер саны, адам
|
21636
|
13436
|
39017
|
5911
|
15843
|
8. Облыс халқының ішіндегі 15-19 жас аралығындағы әйелдердің үлесі
|
27,5
|
29,2
|
28
|
28,2
|
28,3
|
Есептеу керек:
Облыс халқының орташа жылдық санын
Табиғи және механикалық өскендердің санын
Туу, өлу, балалар өлімі, табиғи және механикалық өсім коффициенттерін
Покровскийдің индексін (өмір сүргіштік коэффициентін)
Арнайы туу коэффициенттін
Жұмыс уақыты статистикасы
Көрсеткіштер
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІV
|
V
|
1. Жұмыс істелінген адам -күндер
|
107036
|
169853
|
102658
|
136598
|
123658
|
2. Күндік жұмыссыз бос тұру, адам- күн
|
69
|
16
|
89
|
25
|
62
|
3. Жұмысқа келмей қалған адам- күндер:
|
|
|
|
|
|
4. Кезекті демалыстар
|
6724
|
2659
|
7338
|
1226
|
5896
|
5. Оқуға кеткендер
|
668
|
556
|
327
|
889
|
258
|
6. Екіқабат және бала туған әйелдерге берілген демалыстар
|
2851
|
2658
|
5692
|
1376
|
2598
|
7. Ауруына байланысты
|
19930
|
16698
|
12365
|
10368
|
10598
|
8. Әкімшіліктің рұқсатымен
|
139
|
569
|
62
|
78
|
126
|
9. Мемлекеттік тапсырманы орындауына байланысты
|
2010
|
3201
|
5065
|
991
|
265
|
10. Себепсіз
|
1092
|
2564
|
2685
|
900
|
527
|
11. Демалыс және мейрам күндер
|
37874
|
36598
|
25698
|
56985
|
41361
|
Достарыңызбен бөлісу: |