Барлығы – 135 сағат


Қазақстан Республикасында үй шаруашылықтарын зерттеу бағдароамасы мынадай құралдармен қамтамасыз етілген



жүктеу 2,59 Mb.
бет23/25
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#22520
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Қазақстан Республикасында үй шаруашылықтарын зерттеу бағдароамасы мынадай құралдармен қамтамасыз етілген:

  1. Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы;

  2. Негізгі сұхпаттың сұрақтары;

  3. Күнделікті шығындарды есепке алу күнделігі;

  4. Тоқсан бойынша шығындар мен кірістерді есепке алу журналы;

  5. Шығындар мен кірістер бойынша сұрақтар.

Осы құралдарға қоса мақсаттарға сәйкес және тұтыну классификаторы негізінде әзірленген тауарлар мен қызметтер тізімі қоса беріледі.

Құралдарға ақпарат қажеттілігінің уақыттың өтуіне байланысты өзгеруінен (мысалы, әлеуметтік саясаттарға өзгерістер) туындайтын қосымша сұрақтарды немесе сұрақтардың топтамасын қосу мүмкіндігі бар.



Бақылау карточкасы – үй шаруашылығының әр мүшесінің барлық демографиялық сипаттамалары енгізілетін зерттеу формасы. Негізгі сұхпатты өткізу алдында толтырылады. Шығындар мен кірістер жөніндегі сұрақтарға жауап алғанда бақылау карточкасы пысықталаы, оған тиісті өзгерістер енгізіледі.

Үй шаруашылығын зерттеуге таратылған негізгі сұхпаттың сұрақтарына жауаптар тоқсанның аяғында үй иесімен әңгімелесу барысында толтырылады.



Күнделікті шығынды есепке Күнделігінде сол жасалған уақыттағы шығын туралы ақпарат бейнеленген.Бір күнделік айдың 15күні, ал екіншісі 16 күні үй шаруашылығын толтыру үшін қарастырылған зерттеуге қатысушы үй шаруашылығындағы әйел тоқсанда екі күнделік толтырады, яғни бір ай көлеиінде белгілеулер жүргізеді. Күнделікті шығынды есепке алу күнделігі зерттеуге маңызды орын алады, себебі республика халқының ақшала шығында тамқтануға жұмсалған шығынның меншікті салмағы өте үлкен.

Сонымен қатар, тамақтану өнімдерінің маңызды бір бөлігі сол үй шаруашылықтарын өздерінде өндіріледі және оларды да тұтыну күнделікте тіркеледі.

Күнделікті шығынды есепке алу Күнделігі 5 бөлімнен тұрады:


  • азық-түлік тауарлары мен алкоголь сусындарын сатып алу;

  • үйден тыс тамақтануға жұмсалатын шығын;

  • жеке қосалқы шаруашылықтан алынған немесе сыйға берілген тамақтану өнімдері (сол күні тұтынылған);

  • үй жануарларын қоректендіруге арнаған азық-түлік тауарларын сатып алу;

  • күнделікті сұраныстағы азық-түліктік емес тауарлармен темекі өнімдерін сатып алу;

Тоқсандық шығын мен кірісті есепке алу Журналында зертеуге қатысушы үй шаруашылығы тоқсан бойы азық-түліктік емес тауарларға, көрсетіген қызыметтерді төлеуге жұмсалған шығындарды, сонымен қатар ақшалай кірістерді белгілеп отырады.

Шығын мен кірістер туралы сұрақ кітапшасын сұхбат жүргізушілер есеп беру тоқсаны аяғында үй шаруашылығының мүшелерімен сауалнама-әңгімелесу барысында толтырады. Сұрақ кітапшасын толтыруда сұхбат жүргізушілер міндетті түрде тоқсандық шығын мен кірісті есепке алу журналын қолдануы тиіс. Аталған сұрақ кітапшасы үй шаруашылығының азық-түліктік емес тауарларға (күнделікте тіркелгеннен басқасына), ақылы қызыметтерге, білім алуға денсаулық сақтауға, көліке тұтынылған барлық шығындарды туралы, қызмет көрсетуі мен тауар, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруі, тұтынушылық емес шығындарды, кіріс көзімен жұмысқа қамтылуы туралы толық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Келесі тоқсандық сұрақ кітапшасы 12 бөлімнен тұрады:

- киім және аяқ киімге шығын;

- үйдегі тұрмыстық заттарға,тұрмыстық техникаға,жиһазға және басқа үлкен шығындар;

- тұрғын үй-коммуналдық шығындар;

- білім алыуға шығындар;

- денсаулық сақтауға шығындар;

- көлік қызыметі;

- жеке және басқа шығындар;

- трасферттер мен көмектер;

- жеке қосалқы шаруашылық;

- қызымет көрсетіу және тауар өндіріу;

- жұмысқа қамтылыу;

- үй шаруашылығы кірісі;

Үй шаруашылығын таңдамалы зерттеуді жүргізіуді басқаруды Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі обылыстық бөлімшелер арқылы жүзеге асырады.Облыстық басқармалар қызметкерлерінің міндеттеріне:

- сұхбат жүргізушілермен ауылдық статистиктерді оқыту және олардың жұмысын басқарыу;

- түскен ақпарат сапасын бақылау және оны ДЭЕМ-на енгізіу;

- таңдамалы зерттеу нәтижесі боынша материалдарды таратыу кіреді;

Қалалық жерде үй шаруашылығында сауалдаманы (интервьюді) мемлекет-

тік статистика органдарының өкілдері болып табылатын сұхбат жүргізіушілер,

ал ауылдықжерде мемлекеттік қызыметкерлер болып табылатын ауылдық статис-

тиктер жүргізеді.Бұл супервайзер (обылыстық статистика басқармасың экономисі)

үш сұхбат жүргізушілердің (ауылдық статистиктің) жұмысын бақылайды. Бір сұқбат жүргізушілердің (ауылдық статистиктің) жүктемесіне 30 үй шаруашылығы кіреді. Сұхбат жүргізіушілер (ауылдық статистик) өз жұмысын үй шаруашылығына қатысу кестесіне сай жүргізеді, ол кестенісұхбат берушілерге (ауылдық статистик- ке) супервайзер құрып,орындауға береді. Супервайзерлер олардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізуге міндетті.

Үй шаруашылығына таңдамалы зерттеу бағдарламасының құрамдас бөлігі халық- тың түрмыс жағдайы мен сапасын егжей-тегжей зерттеу үшін жүргізілетін бір реттік зерттеулер болып табылады. Олар негізгі инструментарийге жылжымалы кесте және сол ақпаратқа қажеттілік мөлшеріне қарай кірістіріледі. Зерттеулер материалдары аймақтық кесіндіде, қалалық және ауылдық жер бойынша,индерлік аспектіде және жас мөлшерлік өлшемде жарияланады.

Тақырып: Қаржы нарығы статистикасы.

Дәрістің мазмұны: 1.Қаржы нарығы, оның субъектілері мен құрылымы.

2.Несие нарығы, оны статистикалық зерттеу.

3.Қор нарығы.

4.Валюта нарығы, көрсеткіштер жүйесі

Қаржы термині латынның «finis» деген сөзінен шыққан. Ол экономикалық қатынастардың субъектілері арасындағы төлем, есеп айырысу аяқталды деген мағынаны білдіреді.

Қаржы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы тұрған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ақшалай қаражаттардың қорларын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастардың жиынтығын көрсетеді. Қаржы – ұдайы өндірістің категориясы. Оның үш қызметі бар:

1) ақшалай табыстар мен қорларды құру;

2) ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;

3) бақылау қызметі;

Қаржы қызметінің мұндай мазмұны табыстар мен қорларды қалыптастыру мен қолдану үрдісінде жүретін экономикалық қатынастардың әртүрлі сипатымен, сондай-ақ аталмыш үрдістің қатысушыларының түрлі құрамымен түсіндіріледі.

Қаржының бақылау қызметі жалпы ішкі өнімді сәйкес қорлар бойынша бөлуді және оларды мақсатты тағайындалуына қарай бөлуді бақылаудан көрінеді. Сондай-ақ қаржы реттегіш қызметін атқарады. Бұл қызмет ұдайы өндіріс үрдісіне мемлекеттің қаржы арқылы (мемлекеттік шығындар, салықтар, мемлекеттік несие) араласуымен байланысты.

«Қаржы» жалпы түсінігінен «қаржылық жүйе» түсінігін алуға болады.Қаржылық жүйе дегеніміз бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру, бөлу және қолдану әдістері мен формаларының жүйесі.

Қаржы жүйесін үш бөлікке бөлуге болады :

1) қаржылық қатынастардың жиынтығы;

2) ақшалай қаражат қорларының жиынтығы;

3) басқарудың қаржылық аппараты;

Қаржылық жүйені екі белгісі бойынша топтауға болады:

1) функционалдық қасиеттері бойынша;

2) қаржылық қатынастарға қатысушы қаржы субъектілері бойынша;

Бірінші белгі бойынша функционалдық жүйеіші ретінде қазынашылық, салықтық және бюджеттік жүйелер, қор нарығы, қаржылық құқық, қаржылық жоспарлар (болжаулар), қаржылық көрсеткіштер жүйесі, қамсыздандыру және т.б. айтуға болады.

Екінші белгісі бойынша Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:

1) жалпымемлекеттік қаржы;

2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ұйымдар мен мекемелер қаржысы;

3) тұрғын халық (үй шаруашылығы) қаржысы;

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде мемлекеттің қаржы жүйесі төрт бөліктен тұрады:

1) мемлекеттік бюджет;

2) жергілікті қаржы;

3) арнайы бюджеттен тыс қорлар;

4) мемлекеттік корпорациялар қаржысы;

Қаржыны басқару деп, қаржылық жүйеге жетілдіру және даму мақсатында әсер ету үрдісін айтуға болады.

Қаржылық саясат экономикалық саясаттың бір бөлігі және қаржы облысында өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің жүргізетін мақсатты бағытталған шараларының жиынтығы.

Қаржылық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі қаржылық механизм бодып табылады. Кәсіпорынның қаржы механизмі – бұл кәсіпорынның қаржылық қатынастарын қаржылық тұтқалар арқылы қаржылық әдістер көмегімен басқару жүйесі.


Нарықтық экономикада несиенің рөлі аса маңызды. Ақша капиталының жинақталу ауқымының ұлғаюы – несие нарығының дамуына себепкер болады.

Несие нарығы – механизм. Несие нарығы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесінде экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады.

Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішіндегі капитал қозғалысы, капитал салымындағы жинақтық түрленуі. Ақша капиталы негізінен ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады. Ақша капиталын макроэкономикалық тұрғыдан жинақтаумен өзара тығыз байланысты. Ақша капиталы негізінен халық жинағының есебінен қалыптастығыны белгілі.

Несие нарығы - әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан және пайдаланылған құн қозғалысының ақшалай формасымен органикалық байланыста болатаны белгілі.

Несие нарығының негізгі қатысушылары – несие беруші мен несие алушы. Несие беруші несие мәмілесінің ссуда беретін жағы. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі бір қаражатқа ие болуы керек.

Қарыз алушы – несие қатынасында несие алатын және алған ссудасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті жақ.

Несие қозғалысының заңдылығы несие нарығында пайда болды несие беруші мен несие алушының арасындағы қатынасты толығырақ ұғынуымызға мүмкіндік береді. Мұны сызба түрінде былайша көрсетуге болады.


Несие берушінің ресурстары



Несиені алу



Несиені пайдаланушы



Ресурстарды босату




Қарыз алушының қарызы қайтаруы

және несие пайыздарды төлеуі






Несие берушінің несие сомасын және

бұл сома бойынша пайыз алу



5 – сызба. Несие қозғалысы

Несие нарығының құралы – несие. Ол айырбас сәтінде пайда болуы, құнның ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формаларына енеді.

Нарықтық шаруашылық жағдайдағы негізгі формаға банк несиесі жатады. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне түрлі белгілері бойынша жіктеуге болатын әр түрлі несие түрлерін ұсынады.

Банк несиесі шаруашылық жауапкерші серіктестік және басқа да құқықтық тұрғыдан ұйымдастырылған құрылымының өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне несиелеу қағидаларын қатаң сақтауы мен беріліуі. Несиелеу қағидасы барлық жүйенің ең басты және негізгі элементі болып табылады. Коммерциялық банктер нарықтағы негізгі несие берушілерге жатады. Олар жеке және заңды тұлғаның бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және активтік операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк есеп береді.

Несиені тек коммерциялық банктер ғана емес, сондай–ақ ломбардттық, несиелік серіктестер және т.б. береді. Олар ссуданы аз ғана мерзімге және өз ғана сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және халық тұтынатын тауарлардың кепілімен береді.

Кез келген тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілеттігін басқару негізіне осы тауарлар мен қызмет көрсетудің жасалу ерекшелігіне байланысты жүйелі, сондай – ақ оған байланысты емес тәуекелдерді басқару алынады. Нарық айналымдағы қаржы құралдары белгілі бір нарық сегментінде қаржы активтерінің рөлін атқарады.

Бүгінгі таңда басқа несие нарықтарына қарағанда тұтыну несиесінің нарығы ерекше дамып келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін беріледі.


Қор биржасы – құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:

  • Қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаздарды сату жолымен уақынша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;

  • Ел үкіметінің шығыстар мен өндірісті қаржыландыру және несиелендіру;

  • Жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.

Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру процесінде қызмет етуші қор биржасы экономиканың маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірісттік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды.

Қар биржасы өзінің қызметін келесі принциптерге сай құрады:



  • Брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде рәсімделеді;

  • Биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялылық пен ашықтық;

  • Сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудиторлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.

Осы принциптерді қамтамасыз ету нәтижесінде, бағалы қағаздарды қор биржасында сату мен сатып алу ықыласына түрткі болатын орта қалыптасады. Бұл осындай басымдылыққа жол ашады: осы қағаздың аяқ алысы үшін несиеге қол жеткізетін жақсы мүмкіндік, бағалы қағаздар нарығы жағдайына өте жақсы шолу мен сол мүмкіндіктің барынша дәлме – дәл немесе басқадай бағалы қағаздардың бағалануы және т.б. Сонымен бағалы қағаздар нарығында қор биржасы өзіндік барометр мен туралап дәлелдеуінің рөлін атқарады десе болады. Соның арқасында әрбір инвестор іздегенін табады, болашағы зор акционерлік қоғамға өзінің ақшалай қаражатын салады.

Қор биржасының механизмін жіберу үшін, алдын ала мыналар қажет: біріншіден, болашақ клиентуралардың желісін құру бойынша және ең алдымен барлық акционерлерге күш – жігерді жұмсау керек. Яғни, қор биржасындағы бағалы қағаздардың қажетті көлемінің бастауы үшін қалай қалыптастырылуын және кіммен жұмыс жасау мәселесін шешкен жөн; екіншіден, қор операцияларын жүргізетін делдалдар жүйесі – брокерлер мен дилерді қалыптастыру қажет; үшіншіден, алдымен қор биржасын жіберуді шешпестен бұрын, биржалық механизмнің орталық блогының жұмысын реттеу керек (бағалы қағаздардың биржаға рұқсат етуінің жүйесі, сарапшы баға белгіленімінің комиссиясы және т.б.) яғни, алдымен қор биржасының функционалды және ұйымдастырушылық құрылымның негізгі тірегін қалыптастыру керек.

Қазақстан Республикасында қор биржасының қалыптасуы және дамуы экономикалық реформалар мен жеке меншіктің қалыптасуымен байланысты. 1991 жылы бағалы қағаздар нарығының элементтері акционерлік қоғамдар, брокерлік фирмалары сияқты қор биржалары да пайда болды. Экономикалық реформалау процесінің тереңдеуінен, сонымен қатар мемлекеттендіру мен жекешелендіру туралы Ұлттық бағдарламаның қабылдануы қор биржаларының негізгі элементтерінің қалыптасу процесін үдетті. Қор биржасының қатысушыларының негізгі құқықтарын және міндеттерін анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасының қор биржасы туралы Ұлттық комиссиясының қызметі мен қалыптасу тәртібін, Сонымен қатар Қазақстан Республикасының экономиканы даму тиімділігіне жәрдемдесу және қызығушылықты қорғау мақсатында 1995 жылы 21 сәуірде ҚР Президенті Н.Назарбаевтің жарлығы бойынша «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» заң шықты.

1991 жылы Қазақстанда бірінші болып Алматы, Қазақ және Қостанай биржасы қалыптасты. 1994 жылдың желтоқсанында Алматы және Қазақ қор биржалары бірігіп Орталық – Азия қор биржасын (ОАҚБ) құрды, олардың бірінші сауда – саттық операциясы 1995 жылдың 19 сәуірінде өткізілді. Қазіргі таңда ОАҚБ қор биржасында басымдыққа ие, 1995 жылдың ортасынан бастап Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, Шымкентте оның аймақтық бөлімшелері ашылды.

ОАҚБ жыл сайын қор биржалардың тізімін жасап оларды өз тізіміне енгізіп отырады. ОАҚБ – ның ресми тізіміне кіру үшін ұйымдар келесі талаптарға сай болуы керек:


  • Ашық түрдегі акционерлік қоғам болулары қажет;

  • Жұмыс істеу мерзімі 3 жылдан кем болмауы қажет;

  • Соңғы екі жылда шығынның көп болмауы;

  • 200 – ден аз емес акционерлердің болуы және 100 мың қарапайым акцияларын орналастыру қажет.

ОАҚБ – дан басқа мемлекеттік бағалы қағаздар операциясын маңызды көлемде Қазақстандық банк аралық валюта – қор биржасы (ҚБВҚБ) валюталық келісім шартты жасаумен бірге жүзеге асырады. Алайда, мамандардың, сонымен қатар бағалы қағаздар жөнінде Ұлттық комиссия өкілдерінің ойынша бағалы қағаздар нарығы ақша – несие жүйесімен араласпау керек. Себебі валюталық және қор операцияларының қиылысуы махинация мүмкіндіктерін тудыруы мүмкін. Сонымен бірге қор нарығының қалыптасу кезінде бірнеше биржалардың болуы нарықтың төмендеуіне әкеледі (мысалы, сұраныстың азаюына, құнның түсуіне және т.б.). Оны болдырмау үшін біртұтас сауда – саттық алаңы қажет, себебі бұл қадамда бар мүмкіндікті бір құрлымда мобилизациялау тиімді және те отандық және шетел инвесторлары және эмитеттерінің қызығушылығын арттыру үшін техникалық жағынан қамсыздандыру қажет.

Әрбір елде бір емес, бүтіндей қор биржасының жүйесі бар.Белгісі бойынша сол рөлді ұлттық биржа жүйесінде жекелеген биржаларда атқарылады, қор биржасының жүйесіндегі дара және көп орталықтандырылған елдер тобын шығаруға болады. Қазақстанда ұйымдастырылған қор биржасының дамуы дара орталықтандырылған биржалық жүйе бойынша жүреді. Бұнда елдің басты қаржы орталығында орналасқан бір ғана биржа басымдыққа ие болады да, қалғандары аймақтық маңызға ие болады.

Қор биржасы әрқашанда акционерлі формадағы жеке меншікте болады, оның жарғылық қоры құрылтайшылардың арасынан акцияларды орналастыру есебінен қалыптасады. Қазақстан заңнамасы қор биржасын берілген формада функционалдық міндетін реттейді, биржаның минималды жарғалақ қорының анықталған, ол 10 мың минималды жалақыны құрау қажет.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы ағымдық күйін экономиканың өтпелі кезеңіндегі жалпы жағдайына байланысты дағдарыс ретінде сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы – жекешеленген жүйе емес, ол нарықтың (сигменті) сараланымы. Өйткені ол нарықтық экономиканың тұтастай жан – жақты дамуынсыз толыққанды жұмыс істей алмайды. Қор нарығының жай – күйі бірқатар факторларға байланысты, солардың ішінде инфляцияның қарқыны басты орынға ие болып отыр. Қор нарығының көптеген басымдылығы өндірістің құлдырау және бағаның тоқтаусыз өсу кезінде жинақ ақшалардың инфляциядан сенімді түрде қорғаны деп үнемі есептелуі – ақылға қонбайтын болып шығады.


6.Практикалық сабақтардың жоспары




Тақырыбы

Практикалық сабақтың мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Әлеуметтік-экономикалық статистиканың пәні, әдістері мен міндеттері.


1.Әлеуметтік-экономикалық статистиканың пәні, мазмұны және мақсат- міндеттері,әдістері.

2.Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылым ретіндегі негізгі категориялары.




1

(1) 3-11

(2) 7-41

(4) 13-31

(10) 6-9




2

Ұлттық шоттар жүйесі.


1.ҰЕЖ түсінігі мен мазмұны.

2.ҰЕЖ құрудың жалпы принциптері.





2

(1) 23-43

(3) 43-63

(4) 32-81

(10) 9-10




3

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын статистикалық талдау.


1.Халықтың саны мен құрамы статистикасы.

2.Халықтың табиғи қозғалысы мен миграциясы статистикасы.

3.Халықтың жұмыспен қамтылу статистикасы.


3

(1) 66-77

(2) 151-176

(4) 82-99

(10) 17-18




4

Елдің экономикалық дамуын статистикалық бағалау.


1.Ұлттық байлық туралы түсінік, оның классификациясы.

2.Негізгі өндірістік қорлар. Оларды бағалау түрлері

3.Негізгі өндірістік қорлардың жағдайы, қозғалысы, қолдану көрсеткіштері.


4-5

(1) 95-133

(2) 151-221

(4) 120-171

(10) 20-23





5

Елдің экономикалық дамуын статистикалық бағалау.


1.Құрал-жабдық статистикасы. Айналым капиталы статистикасы.

2.Инвестиция статистикасы.




6

(1) 167-207

(2) 334-398

(4) 445-525


6

Шығындар және аралық тұтыну статистикасы.


Шығындар және аралық тұтынудың құрамы, түсінігі.


7

(1) 208-230

(2) 426-469

(4) 526-596

(10) 44-48




7

Өндіріс нәтижелерінің статистикасы


1.ҰШЖ бойынша экономикалық өндіріс ұғымы.

2.Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері.




8

(1) 232-267

(2) 268-332

(4) 320-410


8

Өндіріс нәтижелерінің статистикасы


Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері.


9

(9)108-127

(13)23-60

(11)406-420


9

Баға, тауар және ақша айналымының статистикасы

Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік статистикасы.




1.Баға туралы түсінік, оның түрлері.

2.Тауар және ақша айналымының статистикасы.

3.Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері.


10-11

(9)108-127

(13)23-60

(11)421-443


10

Халықтың өмір сүру деңгейі және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.


1.Халықтың өмір сүру деңгейі және оны зерттеудің субъектілері.

2.Халықтың өмір сүру деңгейінің жалпылама көрсеткіштері.



12

(5) 273-294

(8) 73-112

(9) 27-62

(11) 155-192

(5) 328-337

(8) 130-148



11

Халықтың өмір сүру деңгейі және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.


1.Халықтың кірістерін статистикалық сипаттау.

2.Шығыстар және тұтыну халықтың өмір сүру деңгейінің сипаттамасы ретінде .




13

(5) 328-337

(8) 130-148

(9) 189-211

(19) 298-301



12

Қаржы нарығы статистикасы.


Қаржы нарығы, оның субъектілері мен құрылымы.

Несие нарығы, оны статистикалық зерттеу.

Қор нарығы.

Валюта нарығы, көрсеткіштер жүйесі



14-15

(5)242-266

(8) 9-32

(9)128-157

(10)58-69

(11)579-587

(12)22-43


7.Пәнді зерттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар

Бұл пәнді оқығанға дейін студент математика, тарих, экономикалық теория, кәсіпкерлік негіздерін, информатиканы терең білуі қажет.

«Әлеуметтік-экономикалық статистика» курсын оқи отырып, студент білімнің түрлі облыстарындағы эрудициясы мен ой-өрісі кең болуы үшін, әрі экономикалық қызмет, халық, оның өмір сүру жағдайы мен басқару осы пәннің негізгі зерзаты болғандықтан экономист, қаржыгер, менеджер, коммерсант, бухгалтер т. б. мамандықта өз ісінің шебері, жоғары квалификациялы маман болу үшін бухгалтерлік есеп, менеджмент, кәсіпорын экономикасы, салалық экономика, ықтималдылықтар теориясын, математикалық статистика және т. б. пәндерді жете меңгеруі қажет.

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі. Алынған практикалық дағдылар, түсініктер әрбір тақырып бойынша есептер шешу мен есептеу әдісін қолдану арқылы бекітіліп отырылады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т. б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
ХАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ
1-мысал. Жыл басындағы облыс халқының саны 750000, ал жыл аяғындағы – 770000 адам болды.Жыл ішінде 14600 сәби дүниеге келсе, 6900 адам қайтыс болған, соның ішінде 1 жасқа дейін шетінегендердің саны – 460, оның 190-ы өткен жылы, ал қалғаны осы жылы туғандар. Өткен жылғы туғандардың 13970 адам.

Жыл ішінде 6700 адам некеге тұрған, 1900 адам ажырасқан, 2400 адам тұрақты тұруға келсе, 2970 адам түрлі себептерге байланысты басқа жаққа қоныс аударған.



Есептеу керек:

  1. Халықтың туу, өлу, некелесу және ажырасу коэффициенттерін.

  2. Покповскийдің өмір сүру және туылғандардың ішіндегі 1 жасқа дейінгі шетінегендердің коэффициенттерін.

  3. Халықтың табиғи және механикалық өсім коэффициенттерін.

  4. Арнайы туу коэффициентін, егерде облыс халқының 28%-і 15-45 жас аралығындағы әйелдерден тұрса.

ШЕШУІ:

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді есептеу үшін алдымен халықтың орташа _жылдық санын анықтаймыз.Ол мына формула бойынша есептеледі:

S=S0+S1:2=750+770:2=760 мың адам.

Ал төменде есептелетін коэффициенттер 1000 адам есебімен сипатталады және есептеу үшін өлшем бірлігі промильмен (‰) беріледі.Оны есептеу үшін болған фактіні халықтың орташа жылдық санына бөлу керек: _

Туу коэффициенті: KT=T:S∙1000=14000:760000∙1000=19,2‰ _

Өлу коэффициенті: KӨ=Ө:S∙1000=6900:760000∙1000=8,8‰ _

Ажырасу коэффициенті: KA= A:S∙1000=1900:760000∙1000=2,5‰ _

Некелесу коэффициенті: KH=H:S=6700:760000∙1000=8,8‰

Покровскийдің индексін немесе өмір сүргіштік коэффициентін есептеу үшін туғандарды өлгендердің санына бөлу керек немесе формула бойынша:

KӨС=T:Ө∙1000=14600:6900∙1000=2,1 есе

немесе туу коэффициентін өлу коэффициентіне бөлеміз:

KӨС=KТ:KӨ∙1000=19,2:9,1∙1000=2,1 есе

Балалардың өлу коэффициентін немесе 1 жасқа дейінгі шетінегендер коэффициентін есептеу үшін 1 жасқа дейінгі шетінегендерді (Өб) туылғандардың санына бөлу керек немесе мына формула бойынша:KбӨ= Өб:T∙1000= 460:14600∙1000=31,5‰

немесе оны мына формула арқылы есептеуге болады:

Kб∙ Ө= Ө0б1б : 2/3T0+1/3T1 ,

мұнда Ө1б – осы жылы туған балалардың ішінде 1 жасқа дейінгі шетінегендер саны;

Ө0б - өткен жылғы туған балалардың ішінде 1 жасқа дейінгі шетінегендер саны;

Т1 – осы жылы туылғандар саны;

Т2 - өткен жылы туылғандар саны.

Онда


Kб∙ Ө= Ө0б1б : 2/3T0+1/3T1= 190+270 : 2/3∙14600+1/3∙13970 ∙1000 = 460:9733+4657=460:14390=31,97‰

Халықтың табиғи өсім коэффициенті екі тәсілмен есептелінеді.Бірінші табиғи өскендер санын (Тө=Т-Ө) халықтың орташа жылдық санына бөлу керек немесе мына формула бойынша:

_ _

KT∙ Ө= T-Ө : S ∙1000=TӨ : S ∙ 1000= 14600-6900 : 760000 ∙ 1000=7700 : 760000=10,1‰



Екінші, туу коэффициентінен өлу коэффициентін шегереміз:

KT∙ Ө= KT – KӨ= 19,2-9,1=10,1‰


Халықтың механикалық өсім коэффициентін есептеу үшін көшіп-қону қалдығын, яғни келгендер мен кеткендердің арасындағы айырмашылықты халықтың орташа жылдық санына бөлу керек немесе формула бойынша:

KМ∙ Ө= келгендер – кеткендер : S ∙1000=Sкел – Sкет : S ∙ 1000=2400-2970 : 760000 ∙ 1000 = = -570 : 760000 ∙ 1000 = -7,5‰

Егер жалпы өсім мен табиғи өсім коэффициенттері есептелінген болса, онда механикалық өсім коэффициентін есептеу үшін екеуінің айырмашылығын алады немесе мына формула бойынша:

KМ∙ Ө= KЖ∙ Ө - KT∙ Ө

Мұнда жалпы өсім халықтың жыл аяғы мен жыл басындағы айырмашылығын халықтың орташа жылдық санына бөлу керек немесе формула бойынша: _

Kж.Ө.= S1 – S0 : S ∙1000 = 770000-750000 :760000 ∙ 1000 = 2,6‰

Онда механикалық өсім коэффициенті тең болады:

KМ∙ Ө= KЖ∙ Ө - KT∙ Ө = 2,6-10,1= -7,5‰

Арнайы туу коэффициенті немесе бала көтеру коэффициентін есептеу үшін туғандардың санын 15-49 жас аралығындағы әйелдердің орташа жылдық санына бөлу керек.Оны мына формула бойынша есептейді: _

KAT = T : S15-49 ∙ 1000

Ол үшін алдымен 15-49 жас аралығындағы әйелдердің орташа жылдық санын жалпы халықтан анықтап аламыз және ол төмендегідей:

_ _S15-49 = S ∙ %15-45 : 100 = 760000 ∙ 28% :100 = 212800 адам

Онда арнайы туу коэффициенті тең болады:

KAT = 14600 : 212800 ∙ 1000 =68,6‰

Жалпы және арнайы туу коэффициенттері арасында өзара байланыстылық бар.Демек, арнайы туу коэффициентімен 15-49 жас аралығындағы әйелдердің үлесін қолдана отырып, жалпы туу коэффициентін немесе керісінше арнайы туу коэффициентін немесе керісінше арнайы туу коэффициентін есептеуге болады оны мына формулалар арқылы анықтайды:

KA∙T = KT ∙ 1 : Y15-49 немесе KT = KA∙T ∙ Y15-49

Онда біздің есептің шарты бойынша:

KA∙T = 19,2 :28 = 68,57 ≈ 68,6‰ немесе KT = 68,6 ∙ 28 = 19,2‰



2-мысал. Жыл басындағы қала халқының ішінде 3 жастағы балалардың саны – 81200 адам болды.Өлу коэффициенттері:

3 жастағылардікі – 0,0021;

4 жастағылардікі – 0,0012 болса;

Онда 4-5 жастағы балалардың ықтималдық саны қанша болмақ?



ШЕШУІ:

3 жастағылардың коэффициентін сол жастағы балалардың санына көбейту арқылы 4 жасқа келмей қайтыс болғандар санын анықтаймыз:

81200∙0,0021=170,52≈171 адам.

Енді 3 жастағылардың санынан қайтыс болғандарды шегеру арқылы 4 жасқа тірі келгендер санын табамыз:

81200-171 = 81029 адам.

Сол сияқты 5 жасқа келгендер санын есептейміз:

81029∙0,0012=97,23≈97 адам.

81029-97=80932 адам және т.б.

Жоғырыда берілген көрсеткіштерді екінші тәсілмен де есептеуге болады.Ол үшін әр жас бойынша өмір сүру коэффициенттерін есептеп аламыз, содан кейін оларды біртінтіп сол жылғы адамдардың санына көбейту арқылы келесі жасқа келетіндерді анықтаймыз.

Өмір сүру коэффициенті 3 жастығылар үшін:

1-0,0021=0,9979,

4 жастығылар үшін: 1-0,0012=0,9988.

Онда 3 жастан 4 жасқа және 1 жастан 5 жасқа тірі келген адамдардың саны тең болады:

4 жастағылар 81200∙0,9979=81029 адам,

5 жастағылар 81029∙0,9988=80932 адам және т.с.с.

3-мысал. Жыл басындағы облыс халқының саны 1675 мың адам, оның ішінде еңбек ресурстарының саны – 985 мың адам болды.Осы жылы туу коэффициенті - 21‰, өлу коэффициенті - 9‰, механикалық өсім еоэффициенті - 3‰ болса, онда алдағы үш жылда жалпы халық пен еңбек ресурстарының саны қанша болмақ.Егер осы жылдарды табиғи және механикалық өсім коэффициенттері өзгерілмеген деп есептесек, ал еңбек ресурстарының үлесі бірінші жылы сол қалпында, екінші жылы - 3%, үшінші жылы - 4% төмендесе,

ШЕШУІ:

Алдымен келешектегі болатын халықтың жалпы санын сол үш жылға анықтап аламыз және мына формула бойынша есептейміз:


Sk = S0 ( 1+ KЖ∙ Ө : 1-1/2 KЖ∙ Ө ) ,
мұнда Sк – келешекте болатын халықтың жалпы саны;

Sо – есептеуге алынатын уақыттағы халықтың саны;

КЖ∙Ө - халықтың жалпы өсім коэффициенті.

Онда SK = 1675 (1+ 0,015 :1-0,0075) = 1675(1+0,01511)=1675∙1,01511=1700 мың адам;



1

SK = 1700∙1,01511=1726 мың адам;



2

SK = 1726∙1,01511= 1752 мың адам;



3
Еңбек ресурстарының үлесі сол жылғы - 59%, (985:1675=58,8≈59%), бірінші жылғы - 59%, екінші жылғы - 56% (59-3=56), үшінші жылғы - 52% (56-4=52) болды.

Онда еңбек ресурстарының саны тең болады:


бірінші жылға 1700∙59 : 100 = 1003 мың адам;
екінші жылға 1726∙56 : 100 = 967 мың адам;
үшінші жылға 1752∙52 : 100 = 911 мың адам.

4-мысал. Жыл басындағы облыс халқының саны 750000, ал жыл аяғында 770000 адам болды. Жыл ішінде 14600 сәби дүниеге келсе, 6900 адам қайтыс болған. Соның ішінде 1 жасқа дейін шетінегендердің саны – 460, оның 190-ы өткен жылы, ал қалғаны осы жылы туылғандар. Өткен жылғы туғандардың саны 13970 адам.

Жыл ішінде 6700 адам некеге тұрған, 1900 адам ажырасқан, 2400 адам тұрақты тұруға келсе, 2970 адам түрлі себептерге байланысты басқа жаққа қоныс аударған.


Есептеу керек:

1. Халықтың туу, өлу, некелесу және ажырасу коэффициенттерін.

2. Покровскийдің өмір сүру және туылғандардың ішіндегі бір жасқа дейінгі шетінегендердің коэффициенттерін

3. Халықтың табиғи және механикалық өсім коэффициенттерін

4. Арнайы туу коэффициентін, егер де облыс халқының 28%-ы 15-45 жас аралығындағы әйелдерден тұрса.

Шешуі:


Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді есептеу үшін алдымен халықтың орташа жылдық санын анықтаймыз. Ол мына формула бойынша есептеледі:

S=(S0+S1)/2=(750 +770)/2=760 мың адам

Ал төменде есептелетін коэффициенттер 1000 адам есебімен сипатталады және есептеу үшін өлшем бірлігі промильмен беріледі. Оны есептеу үшін болған фактіні халықтың орташа жылдық санына бөлу керек:

Туу коэффициенті: Кт=(T/S)*1000=14000/760000*1000=19,2 промиль

Өлу коэффициенті: Кө=(Ө/S)*1000=6900/760000*1000=8,8 промиль

Ажырасу коэффициенті: КА=(А/S)*1000=1900/760000*1000=2,5 промиль

Некелесу коэффициенті: КН=(Н/S)*1000=6700/760000*1000=8,8 промиль

Покровскийдің индексін немесе өмір сүргіштік коэффициентін есептеу үшін туғандарды өлгендердің санына бөлу керек немесе мына формула бойынша:

Кө.с=(Т/Ө)*1000=14600/6900*1000=2,1 есе

Немесе туу коэффициентін өлу коэффициентіне бөлеміз Кө.с=( Кт / Кө)*1000=19,2/9,1*1000=2,1 есе

Балалардың өлу коэффициентін немесе бір жасқа дейінгі шетінегендер коэффициентін есептеу үшін бір жасқа дейін шетінегендерді Өб туылғандардың санына бөлу керек немесе мына формула бойынша: Кб.ө=( Өб / Т)*1000=460/14600*1000=31,5%

Немесе оны мына формула арқылы есептеуге болады:

Кб.ө=( Ө0б + Ө1б)/ (2/3*Тө + 1/3*Т1)


Негізгі капитал статистикасы

1 – мысал. Төменде кәсіпорынның ағымдағы жылғы капитлдары туралы мәліметтері берілген, мың теңге:

- жыл басындағы негізгі капиталдардың тозу құны шегерілгеннен кейінгі толық бастапқы құны – 5520;

- жыл ішінде негізгі капиталдардың жаңарғаны – 140;

- жыл ішіндегі негізгі капиталдардың істен шыққаны толық бастапқы құны бойынша – 300;

- тозу құны шегерілгеннен кейінгі толық бастапқы құны – 200;

- жыл ішінде күрделі жөндеуге жұмсалғаны – 400;

- жыл басындағы негізгі капиталдардың тозу құны – 350;

- ағымдағы жылғы амортизациялық аударым жарнасы – 700.



Есептеу керек:

  1. Жыл аяғындағы негізгі капиталдардың құнын:

а) толық бастапқы құны бойынша;

ә) тозу құны шегерілгеннен кейінгі толық бастапқы құны бойынша;



  1. Негізгі капиталдардың коэффициенттерін:

а) жаңару;

ә) істен шығу;

б) тозу;

в) жарамдылық.



Шешуі:

1. Жыл аяғындағы негізгі капиталдар құны:

а) толық бастапқы құны бойынша:

5520+350+140-300=5710 мың теңге;

ә) тозу құны шегерілгеннен кейінгі толық бастапқы құны:

5520+140-200+400-700=5160 мың теңге.

2. Негізгі капиталдар коэффициенттері:

а) жаңару коэффициенті 140*100/5710=25%

ә) істен шығу коэффициенті 300/5520*100=5,4%

б) тозу коэффициенті:

жыл басына 350/5520*100=6,3%;

жыл аяғына 5710-5160/5710=9,6%;

в) жарамдылық коэффициенті:

жыл басына 100-6,3=93,7%;

жыл аяғына 100-9,6=90,4%.

2 – мысал. Төменде кәсіпорынның ағымдағы жылғы негізгі капиталдары туралы мәліметтері берілген, мың теңге:

- жыл басындағы негізгі капиталдардың толық бастапқы құны – 1960;

- жыл басындағы негізгі капиталдардың тозу құны – 570;

- жыл ішінде күрделі жөндеуге жұмсалғаны – 210;

- жыл ішінде негізгі капиталдардың жаңадан қосылғаны – 510;

- жыл ішінде негізгі капиталдардың істен шыққаны:

- толық бастапқы құны бойынша – 350;

- тозу құны шегерілгеннен кейінгі толық бастапқы құны – 60;

- амортизация нормасы (мөлшері), % - 9,8.

Есептеу керек:

1. Жыл аяғындағы негізгі капиталдың құнын:

а) толық бастапқы құны бойынша;

ә) тозу құны шегерілгеннен кейінгі толық бастапқы құны бойынша;

2. Негізгі капиталдардың жаңару және істен шығу коэффициенттерін.

Шешуі:

1. Жыл аяғындағы негізгі капиталдың құны:

а) толық бастапқы құны бойынша 1960+510-350=2120 мың теңге;

ә) тозу құны шегерілгеннен кейінгі толық бастапқы құнын анықтау үшін, алдымен орташа жылдық негізгі капитал мен амортизациялық аударым жарнасын есептеңіз:

Орташа жылдық негізгі капитал 1960+2120/2=2040 мың теңге

Амортизациялық аударым жарна 2040*9,8/100=199,9 мың теңге

Тозу құны шегерілгеннен кейінгі толық бастапқы құны:

1960-570+510+210-60-199,9=1850,1 мың теңге

2. Негізгі капиталдардың коэффициенттері:

а) жаңару коэффициенті 510*100/2120=24,1%;

ә) істен шығу коэффициенті 350*100/1960=17,9%

3 – мысал. Төменде кәсіпорынның ағымдағы жылғы көрсеткіштері берілген:


Көрсеткіштер

Жоспар бойынша

Нақты

Жалпы өнділірген өнім , мың теңге

Негізгі капиталдың орташа жылдық құны, мың теңге

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны,адам

Жыл аяғындағы негізгі капиталдардың құны,мың теңге

Ауысымдағы жұмысшылардың ең көп саны, адам


3800
2270
500
3950
300

4200
2310
600
4420
300


Есептеу керек:

1.Негізгі капиталдарды жоспар бойынша және нақты пайдалану көрсеткіштерін.

2. Жоспар бойынша және нақты орта есеппен алғанда еңбектің капиталмен жарақтану дәрежесін:

а) тізімдік сандағы бір жұмысшыға шаққанда;

ә) ауысымдағы жұмысшылардың ең көп санының біреуіне шаққанда.

3. Жоспармен салыстырғанда жалпы өндірілген өнімнің өсімін және оның себеперін.



Шешуі:

1) Негізгі капиталдарды пайдалану көрсеткіштері:

а) капитал қайтарымдылығы:

жоспар бойынша 3800/2278=1,67 теңге;

нақты 4200/2310=1,82 теңге.

б) капитал сыйымдылығы:

жоспар бойынша 2278/3800=0,60 теңге;

нақты 2310/4200=0,55 теңге.

2) Еңбектің капиталмен жарақтану дәрежесі:

а) тізімдік сандағы бір маусымға шаққанда:

жоспар бойынша 2278/500=4556 теңге;

нақты 2310/600= 3850 теңге.

ә) ауысымдағы жұмысшылардың біреуіне шаққанда:

жоспар бойынша 2278/300=7593 теңге;

нақты 2310/300=7700 теңге.


  1. Жоспармен салыстырғанда нақты өндірілген өнім 400 мың теңгеге өсті (4200-3800=400).

Шығын және аралық тұтыну статистикасы



1-мысал. Есепті жылы тігін фабрикасы бір костюм тігу үшін 4150 теңге жұмсады, ал жоспар бойынша 3940 теңге жұмсауы тиіс болатын. Өткен жылы әрбір тігілген костюмге 4100 теңге жұмсалған. Осы жылы жоспар бойынша 1600 костюм тігілуі керек еді, ал шын мәнінде 1450 костюм тігілді.

Есептеу керек:

Өнімнің өзіндік құнының индекстерін:

а) жоспарлық тапсырма бойынша;

ә) жоспардың орындалуы бойынша;

б) динамикасы бойынша;

ШЕШУІ: Zжос 3940

а) жоспарлық тапсырма: Iz ж.т = ——— = ——— = 0,961 немесе 96,1%,

Zо 4100

яғни жопар бойынша шығын көлемі – 3,9% төмендеуі тиіс;

Zжос 4150

ә) жоспарлық тапсырманың орындалуы: Iz ж.т = ——— = ——— = 1,053

Zо 3940

немесе 105,3%, демек жоспардан тыс өзіндік құн 5,3% өскен;

с 4150

б) динамикасы: : Iz ж.т = ——— = ——— = 1,012 немесе 101,2%.

 4100
Осы есептелінген индекстердің бір-бірімен байланыстылығын төменне көруге болады:

Iz дин = Iz ж.т * Iz ж.о немесе 1,012 = 0,961. 1,053

Сонымен жоспарлық тапсырма бойынша әрбір тігілген костюмнің өзіндік құны 3,9%-ке төмендеуі тиіс еді, бірақ шын мәнінде 1,2% өскен. Соның салдарынан 72,5 мың теңге артық жұмсалған:

Δz=(z1-z0).q1=(4150-4100) 1450=72,5 мың теңге.

Жоспарлық тапсырма бойынша 256,0 мың теңге үнемделуі тиіс болатын:

Δz=(zж.т__z0).qж.т=(3940__4100) 1600=__256,0 мың теңге.

Шын мәнінде өзіндік құнның өсуіне байланысты 304,5 мың теңге артық жұмсалған:

Δz=(z1-zж.т).q1=(4150__3940) 1450=304,5 мың теңге.



2-мысал. Төменде өнеркәсіп орнының тоқсандық жоспар бойынша өндірген өнімнің өзіндік құнын қалай орындағаны туралы көрсеткіштері берілген, мың теңге:

Бекілген жоспра бойынша барлық өндірілетін тауарлы өнімнің өзіндік құны

500

Нақты өндірілген тауарлы өнімнің өзіндік құны:

-тоқсандық жоспар бойынша

-нақты өзіндік құны бойынша

520


547

Тауарлы өнімнің айналымынан алынатын салықты есептемегендегі көретме саудадағы бағасы:

-бекітілген жоспар бойынша

-жоспар бойынша нақты қабылданған бағасы

-көтерме саудадағы бағасы



640


688

690


Өткен жылы өндірілген тауарлы өнімнің нақты өзіндік құны

1815

Ағымдағы жылы өндірілген тауарлы өнімнің нақты өзіндік құны

Есептеу керек:

  1. Бекітілген жоспар бойынша бір теңгелік тауарлы өнімге жұмсалатын шығынды.

  2. Бір теңгелік өндірілген тауарлы өнімге жұмсалған нақты шығынды:

а) тоқсандық жоспар бойынша;

ә) нақты өзіндік құны бойынша;

3. Базалық жылы бір теңгелік тауарлы өнімге жұмсалған шығынды.

4. Бір теңгелік тауарлы өнімге жұмсалған шығын индекстерін:

а) жоспарлық тауар бойынша;

ә) жоспардың орындалуы бойынша;

б) динамикасы бойынша;

ШЕШУІ:


  1. Бекітілген жоспар бойынша бір теңгелік тауарлы өнімге жұмсалатын шығынды мына формула бойынша анықтаймыз:

Сжос = ,

мұнда  - барлық тауарлы өнімнің өзіндік құны (бекітілген жоспар бойынша);



 - көтерме сауда бағасындағы тауарлы өнім (бекітілген жоспар бойынша)

  1. Нақты өндірілген бір теңгелік тауарлы өнімге жұмсалған шығынды тоқсандық жоспар бойынша мына формуламен есептейміз:

Сжос = ,

мұнда  - нақты өндірілген тауарлы өнімнің өзіндік құны, тоқсандық жоспар бойынша;

 - нақты өндірілген тауарлы өнімнің бағасы, жоспар мен нақты қабылданғаны бойынша,

Сжос=  = 0,76 теңге немесе 76 тиын.

Нақты өндірілген бір тегелік тауарлы өнімге жұмсалған шығын өзіндік құны бойынша мына формула арқылы анықталады:

Сжос = ,

мұнда  – барлық өндірілген тауарлы өнімнің нақты өзіндік құны;

 – көтерме сауда бағасы бойынша нақты өндірілген тауарлы өнімнің сомасы;



С1 = =0,79 теңге немесе 79 тиын.

  1. Өткен жылы бір теңгелік тауарлы өнімге жұмсалған шығынды анықтау үшін мына формуланы қолданамыз:

С0 = ,

мұнда  – өткен жылы өндірілген өнімнің нақты өзіндік құны;

 – ағымдағы жылы өндірілген тауарлы өнімнің нақты өзіндік құны.

С0 =  = 0,89 теңге немесе 89 тиын.



  1. Бір теңгелік тауралы өнімге жұмсалған және шығынның индекстерін:

а) жоспарлық тапсырма бойынша:
:0,876 немесе 87,6%;

ә) жоспарлың орындалуы бойынша:



  1,013 немесе101,3%;

б) динамикасы бойынша:



  0,888 немесе 88,8%;

ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ СТАТИСТИКАСЫ


1-мысал.Төменде бірдей өнім шығаратын екі кәсіпорының көрсеткіштері берілген:

Кәсіпорындар



Өндірілген тауарлы өнімдер салыстырмалы бағамен,млн.теңге.

Жұмысшылырдың орташа тізімдік саны,адам.

Базалық жыл

Есепті жыл

Базалық жыл

Есепті жыл

А
Б

257,5
231,8

293,7
223,6


1550
1450


1850
1350



Есептеу керек:

1.Әрбір кәсіпорын бойынша еңбек өнімділігінің деңгейімен оның өсіңкілігін.

2.Еңбек өнімділігінің тұрақты,өзгермелі және құрылымның өзгеру индекстерін.

3.Екі кәсіпорынды бірге алғанда өндірілген тауарлы өнімнің бір жұмысшыға шаққандағы мөлшерін және оның өзгеруіне әсерін тигізген себептері бойынша:

а)еңбек өнімділігінің артуына немесе кемуіне байланысты.

ә)жұмысшылар санының өзгеруіне байланысты.

4.Екі кәсіпорынды бірге алғанда өндірілген тауарлы өнім көлемінің жалпы өзгеруінің себептері бойынша:

а)еңбек өнімділігінің артуына немесе кемуіне байланысты

ә)жұмысшылырдың орташа тізімдік санының өзгеруне қатысты.

Шешуі:


1.Әрбір кәсіпорын бойынша еңбек өнімділігінің деңгей мен оның өсіңкілігін мына формула бойынша есептейміз:

:/.
Мұндағы және  -есепті және базалық жылдардағы өндірілген өнімнің көлемі;

 және  -есепті және базалық жылдардағы жұмсалынған уақыт мөлшері немесе жұмысшылардың орташа тізімдік саны.

Онда еңбек өнімділігінің деңгейі мен оның өсіңкілігі мынаған тең болады:



1-кәсіпорын    158757166129=0.956 немесе 95.6%;

2-кәсіпорын 165630 немесе 103,6%.

2.Еңбек өнімділігінің өзгермелі құрамды индексі:


= :/ = : = :
=161656:163100=0.991 немесе 99.1%.

Тұрақты құрамды индексі:



= ε===0.989 немесе 98.9%.

Құрылымның өзгеру индексі:


=:=0.991:0.989=1.002 немесе 100.2%.

3.Екі кәсіпорынды бірге алғанда өндірілген тауарлы өнімнің бір жұмысшыға шаққандағы көлемі есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда 1444 теңгеге азайған:

‗ _ _

Δ W= -=161656-163100=-1444 теңге.


Есепті жылы жұмысшылар құрылымының өзгеруі:

1-кәсіпорын =18503200=0.578 немесе 57.8%;

2-кәсіпорын =13503250=0.422 немесе 42,2%;

Онда, =166129·0,578+159862·0,422=163485 теңге.



Енді осы көрсеткішті индекстің формуласының орнына қоямыз:

·ε===

А)онда еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты бір жұмысшының өндірген тауарлы өнімнің өсуін немесе кемуін анықтаймыз:

_

Δ=161656-163485=-1829 теңгеге азайған.



Ә)Жұмысшылар құрылымының өзгеруіне байланысты:

_

Δ=163485-163100=385 теңгеге өскен,онда



(-1444=-1829+385).

4.Екі кәсіпорынды бірге алғанда өндірілген өнім көлемі есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда 28,0 млн.теңгеге өскен:


ΔQ=ε=517.3-489.3=28.0 млн.теңге,
Оның ішінде:
А)Жұмысшылар санының өзгеруіне байланысты:
Δ=(3200-3000)·163100=32,62 млн.теңгеге өскен,

Ә)еңбек өнімділігінің өзгеруіне қатысты:



_ _

Δ=(-)·ε=(161656-163100)·3200=-4.92 млн теңгеге
кеміген,онда,28,0=32,62+(-4,62).
2-мысал.Төменде өндірілген өнім түрлері мен оған жұмсалған уақыт көлемі туралы көрсеткіштнр берілген:

Өндірілген өнім түрлері


Базалық жыл



Есепті жыл



Өндірілген өнімнің саны,дана

Өндірілген бір дана өнімге жұмсалған уақыт,сағат.

Өндірілген өнімнің саны,дана.

Барлық өндірілген өнімге жұмсалған уақыт,сағат.

А
Б

1000
500

6,3
7,1


800
600


5440
4380



Есептеу керек:

1.Өндірілген өнімнің түрлері бойынша еңбек өнімділігін.

2.Еңбек өнімділігінің жалпы индексін.

3.Еңбек өнімділігінің өзгеру салдарынан үнемделген немесе артық жұмсалынған жұмыс уақытын.



Шешуі:

1.Есепті жылғы өнім түрлері бойынша еңбек сыйымдылығы:=/



А өнімі ==6,8 сағат; Б өнімі==7.3 сағат,онда еңбек өнімділігі:
А өнімі=/==0.926. Б өнімі==0.973.

2.Еңбек өнімділігінің жалпы индексін:



===0.47 немесе 94,7%

3.Еңбек өнімділігінің өзгеру салдарынан үнемделген немесе артық


жұмсалған уақыт көлемі:
Δt=ε=9300-9820=-520 сағат артық жұмсалған.

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) тапсырмаларының тақырыптары мен сұрақтары.

ХАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ


Төменде Қазақстан халқының жыл басындағы нақты саны берілген,мың адам:

Жылдар

Барлығы


Оның ішінде

қалада

ауылда

1995

1996


1997

1998


1999

2000


15957

15676


15480

15188


14958

14896


8885

8730


8635

8499


8369

8322


7042

6946


6845

6689


6589

6574



жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау