Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет571/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   772
tusipkaliev pediatria

Инсулин дәрілері: 
1. Ҿте қысқа жҽне тез ҽсерлі (Хумулин Р., Актрапид МС, Актрапид НМ, 
Инсуманрапид жҽне басқалар). Ҽсерінің басталуы 0,5-1 сағ, шыңы – 1-3 сағ, ҧзақтығы – 6-
8 сағ (2,5-4 сағ). 
2. Ҽсері орташа ҧзақтықтағы (Хумулин Н, Хумулин НПХ, Протафан МС). Ҽсерінің 
басталуы – 1,5-2 сағ., шыңы – 4-12 сағ., ҧзақтығы – 18-24 сағ. 


547 
3. Ҧзақ ҽсерлі (Хумулин ультралент, ультратард НМ). Ҽсерінің басталуы 4-5 сағ 
кейін, шыңы – 8-14 сағ, ҧзақтығы – 24-36 сағ. Ҧзақ ҽсерлі дҽрілердің ішінде Лантус 
дҽрілеріне артықшылық беріледі, ҿйткені ол адам инсулинінің аналогы. Лантус ертінідісін 
тері асты шел май қабатына енгізгеннен кейін қышқылдығына байланысты 
бейтараптандыруы реакциясына тҥсіп микропреципитаттар тҥзіліп, олардан бір қалыпты 
жҽне ҧзақ ҽсер ететін азғантай кҿлемде ҥнемі инсулин бҿлінеді. Ол бір сағатта шыңсыз 
ҽсер ете бастайды, ҧзақтығы 24 сағат. 
Қазіргі кезде тез ҽсерлі инсулин ҿндіріледі – ультрақысқы ҽсерлі «Хумалог». 
Ҽсерінің басталуы 10-20 мин, шыңы – 1-3 сағ, ҧзақтығы – 3-5 сағ. Жоспарланған уақытта 
тағам қабылдаудан бас тартқан ерте жастағы балаларға қолданылады. Оны тағам 
қабылдар алдында немесе тамақ ішкеннен кейін енгізеді. 
Инсулинді енгізу кестесі. 
Алдымен емдҽм (диета) тағайындалады, содан кейін инсулин таңдалып алынады. І 
типті қант диабеті бар науқастарды емдеудің жалпы белгіленген стратегиясы болып 
қарқынды инсулинмен ем жҥргізу, яғни β-жасушалары сияқты инсулиннің физиологиялық 
секрециясын имитациялайтын инсулинді енгізудің кҿп ретті тҽртібі саналады. 
Физиологиялық жағдайларда инсулиннің базалды секрециясы ҥздіксіз жҥреді (тағам 
болмаған кезде, жҽне тҥнде) жҽне сағатына 1бірлік инсулинді қҧрайды. Тамақ ішкен кезде 
инсулиннің ынталанған секрециясы пайда болады, ҽрбір 10 гр кҿмірсуына шамамен 12 
бірлік инсулин ҿндіріледі. Бҧл инсулиннің қиын кинетикасына ҧқсау ҥшін қарқынды 
инсулин емі қолданылады, оны базисті-балюсті ем деп те атайды. Бҧл кезде: фондық 
инсулинемия ҧзақ ҽсерлі инсулиннің 2 рет енгізуімен сҥйемелденеді, ал ҽрбір тағам 
қабылдау алдында қысқа немесе ҿте қысқа ҽсерлі инсулин егіледі.
Инсулинді енгізудің басқа ҽдістері: 
1)
кҥніне инсулинді 2 рет шаншу: тҽңертеңгілік ас алдында тҽуліктік дозаның 2/3 бҿлігі 
жҽне кешкі ас алдында тҽуліктік дозаның 1/3 бҿлігі – қысқа ҽсерлі инсулинді жҽне 
орташа ҽсерлі инсулинмен қосарланып енгізіледі. Ҽрбір енгізудің 1/3 дозасын қысқа 
ҽсерлі инсулин, 2/3 орташа ҽсерлі инсулин қҧру керек. 
2)
Қысқа ҽсерлі инсулин мен орташа ҽсерлі инсулиннің комбинациясы таңғы ас алдында 
тҽуліктік дозаның 50% қҧрайды. Кешкі ас алдында қысқа ҽсерлі инсулиннің тҽуліктік 
дозасының 10%, ал ҧйқтар алдында орташа ҽсерлі инсулиннің тҽуліктік дозасының 
40% қҧрайды. 
3)
Орташа ҽсерлі инсулин ҧйқы алдында тҽуліктік дозаның 30-40%, қысқа ҽсерлі инсулин 
негізгі тағам қабылдау алдында енгізіледі. 
Инсулиннің дозалары туралы айтқан кезде, оның ҿмір бойы тек қана бір дозаны 
қабылдауға болмайды. Олардың мҿлшері науқастың ҿмір сҥру жағдайына қарай жиі 
ҿзгеріп отырады. Инсулиннің дозасын дҧрыс таңдау ҥшін негізгі критерия болып, 
гликемия кҿрсеткіші саналады. 
Инсулинмен емдеудің асқынларуы:
1. Аллергиялық реакция. 
2. Инсулинге резистенттілік 
3. Инсулиннен кейінгі липодистрофиялар 
4. Гипогликемиялық жағдайлар 
Гипогликемия
– қандағы глюкоза мҿлшерінің 3 ммоль/л ден тҿмендеуі. Ол 
инсулиннің артық дозасын енгізгенде, немесе организмнің глюкозаны ҿте кҿп мҿлшерде 
жарататын физикалық жҥктеме кезінде глюкозаның аз тҥсуінен дамиды. 
Гипогликемия – кенеттен немесе бірнеше минут ішінде пайда болады. Аяқ-қолдар-
дың дірілдеуі, тахикардия, салқын тер, ҽлсіздік, ашығу сезімі, іштің ауырсыну пайда 
болады. Ауыр жағдайларда мазасыздық, агрессивттік, кейін ҧйқышылдыққа ауысатын 
қозумен, афазиямен, тонико-клоникалық қҧрысумен, ес жоғалтумен сипатталады. 
Егер осы симптомдар пайда болып жҽне баланың санасы ҽлі айқын болса, оған тҽтті 
шҽй беру керек. Естен танумен ҿтетін ауыр гипогликемияда: қантамырға глюкагон 10 


548 
жасқа дейінгі балаларға 0,5 мг, 10 жастан асқан балаларға 1 мг, кҿктамырға 20% глюкоза 
енгізіледі. 
Диабеттік кетоацидоздың емі: 
1.
Инфузиялық емге дейінгі 1 жҽне 2 сатысында жҽне жағдайының жақсаруынан кейінгі
3 сатысында тазарту клизмасын жасайды жҽне асқазанды жуады. 
2.
Регидратациялық емді диабеттік кетоацидоздың сатысына қарамастан 0,9% NaCl 
ертіндісін тамыр ішіне енгізуден бастайды. Гликемия 14 ммоль/л-ден тҿмен болған 
кезінде 5% глюкозаны инсулинмен қосып енгізеді (1 бірлік 5 г қҧрғақ глюкозаға). 
3.
Емнің екінші сағатынан бастап қандағы калийдің мҿлшерін тҥзетуді жҥргізеді. 
Бастапқы мҿлшері 1,5% КCl 0,3 мл/кг/сағ, кейіннен калийдің деңгейін 4-5 ммоль/л 
мҿлшерде ҧстау керек. 
4.
Инфузиялық ертінділер кҿлемі: 1 сағ – 20 мл/кг дене салмағына, 2 сағатта – 10 мл/кг, 3 
сағ – 5 мл/кг. Бастапқы 24 сағат ішінде денесіне енгізілетін сҧйықтықтың максималды 
мҿлшері 4 л/м
2
аспауы керек. 
5.
Қысқа ҽсерлі инсулиннің енгізілуі 0,1 бірлік/кг/сағат. Инсулинді енгізілетін басқа 
сҧйықтықтармен араластырмай бҿлек енгізу керек. Глюкозаның тҿмендеуі 4-5 ммоль/л 
сағатынан аспау керек, глюкозаның тез тҿмендеуі бас миының ісігіне ҽкеледі. 
6.
Метаболикалық қышқылдануды 4% натрий гидрокарбонаты ертіндісімен, емнің 
бастапқы 4 сағатында, қанның РН-ы – 7,1-ден тҿмен болғанда тҥзетеді. 
7.
Белгілеріне сҽйкес ем. 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау