1.5.5. СҤЙЕК ЖҤЙ ЕСІ
Сҥйек тіні – адам қанқасының негізін қҧрайтын дҽнекер тінінің бір тҥрі.
Қанқа сҥйектері, бас сҥйегінің негізгі жҽне бет сҥйегінің кейбір бҿліктері
шеміршектік сатыдан ҿтеді, сондықтан алмастырушы немесе хондральды остеогенез II -
тҥрі деп аталады.
Бала туылған мезгілде тҥтікше сҥйектердің диафиздері сҥйек тканынан тҧрады. Ал,
эпифиздердің кҿбі, алақанның барлық кеуекті сҥйектері, табанның кеуекті сҥйектерінің
кҿбі, тек қана шеміршек тканынан тҧрады. Туылғанда сҥйектену нҥктесі тоқпан жҽне
ҥлкен жіліншек, асық, ҿкше, текше сҥйектерде, омыртқалардың денесінде жҽне олардың
доғасында аралас эпифиздерінің орталық участоктерінде ғана пайда болады. Басқа
сҥйектену нҥктелері туғаннан кейін дамиды. Білезік сҥйектерінде сҥйектену нҥктелерінің
пайда болуы негізгі бір заңдылықпен жҥреді. Жҧмыр бас сҥйекте – 2
айлықта, имекше
сҥйекте – 3 айлықта, ҧшқырлы сҥйекте – 3 жаста, жартылай ай тҽріздес суйекте – 4 жаста,
ладья тҽрізді сҥйекте – 5 жаста, трапеция жҽне трапеция тҽрізді – 5 жҽне 6 жаста, бҧршақ
тҽріздес сҥйекте – 10-13 жастарда байқалады.
Бірінші жылы сҥйектік қанқаның қарқынды ҿсуімен қатар, сҥйектік тінінің
қҧрамында кҿптеген ҿзгерістер болады. Қҧрылымы дҿрекі талшықтардан пластинкалық
сҥйектерге дейін ҿзгереді. Жаңа туылған балалардың сҥйек тінінің қҧрылымы дҿрекі
талшықты тор тҽрізді болады. Ҿзі аз сҥйекті пластинкалар ҽртҥрлі қалыпта орналасады.
Гаверс каналдары ретсіз ҽр жерде орналасқан қуыс болады. Жаңа туылған баланың
сҥйегінде су кҿп, тығыз зат аз болады. Оларда қалдықты тығыз зат сҥйектің салмағының
1/2 бҿлігінде болса, ересек адамдарда 4/5 бҿлігіндей болады. Сҥйек тінінің қарқынды
ҿсуімен қатар, қҧрамының тез арада ҥлкен ҿзгерістерге душар болуы, олардың сыртқы
ортаның ҽсеріне, тамақтандырудың, қимылдық ережелердің бҧзылыстарына, бҧлшық
еттің тонусының жағдайына, сезімталдығын арттырады.
Сҥйек жасалу жҽне қайта қалыптасу процессі 3 сатыға бҿлінеді: Остеогенездің
бірінші сатысы 0-7 жас аралығын қамтиды жҽне 2 кезеңге бҿлінеді: туылғаннан бірінші
жыл аяғына дейін – жҽй ҿсу; ал 1-7 жас аралығында – қарқынды ҿсу. Бҧл саты бойында
сҥйектік тканьнің белоктік негізді матриксті қҧрайтын анаболикалық процесс жҥріп
отырады. Бҧл процесс қалыпты жҥру ҥшін бала организмін белокпен А, С, В тобы
витаминдермен, гормондармен дҧрыс қамтамасыз ету керек. Матрикс қҧралу процессін
реттейтін
гормондарға
тироксин,
соматомединдер,
гипофиздің
белсендірілген
соматотропты гормондары, инсулин, паратгормон жатады.
Екінші сатысы қыз балаларда 7-ден 9 жас аралығында, ер балаларда 7-ден 11 жас
аралығында жҥреді. Гидрооксиапатитты кристаллизациялау орталығы қҧралады. Одан соң
остеоид минерализациясы жҥреді. Бҧл сатыда организмді қажетті мҿлшерде кальциймен,
фосформен,
Д-витаминімен
жҽне
фтор,
марганец,
магний,
цинк
тҽрізді
микроэлементермен толысады.
Жаңа туылған баланың қан сарысуында кальций мҿлшері 2,25-2,45, ал ересек
балаларда 2,5-2,8 ммоль/л болады.
Фосфор алмасуы кальций алмасуымен тығыз байланысты, ол эндокрин бездерімен
реттеледі. Тек, паратгормон тҿмендетеді, ал кальцийтонин, керісінше, қан сарысуында
фосфор мҿлшерін кҿбейтеді. Д витамині жҽне оның метаболиттері фосфордың ішекте
сорылуын ҥдетеді. Бір жасқа дейінгі балалардың қан сарысуында фосфор мҿлшері (1,29-
81
2,20 ммоль/л), одан кейінгі жылдарға қарағанда кҿбірек (0,65-2,62 ммоль/л). Ал, ересек
адамдарда 1 ммоль/л.
Остеогенездің ҥшінші сатысы – қалқанша без жанындағы бездермен реттелетін жҽне
Д-витаминімен организмнің қамтамасыз етілу дҽрежесіне байланысты, сҥйектің қайта
қалыптасуы жҽне ҧдайы ҿзінен-ҿзі жаңару процессі болып табылады.
Баланың сҥйек қанқасының ерекшеліктерінің бірі – кҿлденеңнен салыстырғанда,
сҥйек қабының жуандығының жҽне ҽрекеттік белсенділігінің ҥлкендігі. Сҥйек қабығынан
сҥйектің кҿлдеңінен ҿсуі жҥреді. Сонымен қатар, сҥйек қабығы қан айналым тамырларына
ҿте бай. Сҥйек қабығы сҥйектің сыртын қап жасап орап жатады да, сҥйектің иілгіш
болуын қамтамасыз етіп, оны зақымданудан қорғайды.
Сҥйектің бҥтін болуын, тҥтікше сҥйектердің шеттерінде орналасқан, соққының
кҥшін азайтатын, метафиз бен жалпақ шеміршек арқылы қосылған эпифиз қамтамасыз
етеді. Бҧндай анатомиялық ерекшеліктері, бір жағынан балалардың сҥйегінің сынуына
қарсы ҽсер етеді.
Екіншіден, тек балаларда ғана кездесетін сҥйек сыну тҥрлерінің болуына ҽсерін
тигізеді: сҥйектің жарылуы, сҥйек қабығы астынан сыну, эпифизиолиздер, остео-
эпифизиолиздер. Эпифизиолиздер жҽне остеоэпифизиолиздер дегеніміз – зақымданғанда
эпифиздің метафизден жҧлынып ығысып кетуі немесе метафиздің бҿлігімен эпифиздік
ҿсу шеміршегінің сызығынан жҧлынуы.
Апофиздің эпифизден айырмашылығы буын сыртында, беті кедір-бҧдыр болып
келеді, жҽне оған бҧлшық ет пен тарамыстар бекітіледі. Апофиздің ҿсу шеміршегінің
сызығы бойынан жҧлынуы апофизеолиз деп аталады. «Кҿк шыбық» тҥрінде сыну
балалардың сҥйектерінің иілгіштігіне байланысты. Бҧндай сынықтарда сҥйек кішкене
қисайып тҧрады, сыртқы жағы сынып кетеді де, ішкі қыры бҥтін қалады. Сҥйек қабығы
сынған сҥйектің қабығының астында болуымен сипатталады да, сынықтардың ығысуы
байқалмайды. Кҿбіне бҧндай сынықтарға білек жҽне сирақ сҥйектері душар болады.
Сҥйек жҥйесін зерттеу аурудың сҥйегінің сырқырауына сҥйектері мен буындарының
ауыратынына, пішінінің ҿзгеруіне, қозғалғыштығының кемуіне шағымдарының бар-
жоғын анықтаудан басталады. Негізінен сҥйек жҥйесінің жағдайы қарап, пальпациялап,
перкуссиялап, қажет болса, ҿлшеп бағаланады. Алдымен баламен танысып, басынан
аяғына дейін қарап (алдымен басын, сонан соң денесін, кеудесін, омыртқа жотасын, аяқ-
қолын) шығады. Қарағанда бас сҥйегінің мҿлшерін жҽне тҥрін анықтайды. Бас сҥйегі:
жаңатуған балада ми бҿлігі, бет бҿлігіне қарағанда ҿте жақсы дамыған. 1-9
жастан бастап
бас сҥйегінің сыртқы есту тесігінен ілгері жҽне кейін бҿлігі, бір қалыпта дамиды. 10
жастағы балада бас сҥйегінің алдыңғы бҿлігінің дамуы, басқа бҿлімдерге қарағанда басым
болып келеді.
Бас, ҽдетте, домалақ болып келеді. Оның мҿлшерін, шеңберін айналдыра ҿлшеп, оны
жас ерекшеліктерімен салыстыра отырып, бағалайды. Бас мҿлшерінің ҧлғаюы рахит
немесе гидроцефалияда байқалады
(35-сурет).
Рахиттың ауыр тҥрлерінде бас тҿрт
бҧрыштанады
(сариt cgиаdraит),
маңдай жҽне тҿбе бҧдырлары, биік маңдай
{«олимпиялық»
маңдай) байқалады
(36-сурет).
Гидроцефалияның
(35-сурет)
туа біткен,
менингиттпен ауырғаннан кейін пайда болған тҥрлері болуы мҥмкін.
Бастың кішіреюі (микроцефалия) мидың ҧрықтық кезіндегі дамуының
бҧзылыстарының нҽтижесі ретінде (шын микроцефалия) байқалады
(37-сурет).
Бастың тҿрт бҧдырланып (бҧрыштанып) ҿзгеруі
(«құйрық»
тҽрізді бас) рахитте,
сиректеу туа біткен сифилисте байқалады.
Ҧзынынан созылып ҿзгерген бас (мҧнара тҽрізді бас), бастың шҥйде бҿлігінің
тегістелуі рахитте байқалады.
Жаңа туылған баланың басының тҥрі туылу кезіндегі зақымдалуға байланысты
болуы да мҥмкін. Қанды ісік
(кефалогематома)
сҥйек қабығының астына қан кҧйылғанда
байқалады
(38-сурет).
82
Мезгілі жетіп туылған баланың жебе, тҽж, желке жіктері 3-4 айға дейін ашық
болады. Кіші еңбегі жаңа туылған балалардың 25%-да 4-8 аптаға дейін ашық болады.
Алдыңғы ҥлкен еңбегінің қарама-қарсы жатқан жиектерінің арақашықтығы 3-3,5см, 1,5-
2см аралығында болады. Ҥлкен еңбегі 1-1,5 жаста, ал соңғы кездегі деректер бойынша, 8-
10 айлығында жабылатын болып жҥр.
Жалпақ сҥйектер бірімен бірі жіктер (тігістер) арқылы байланысады. Жаңа туған
балада тегістер жҧмсақ, сипағанда жақсы білінеді. Тігіс 3-4 айлықта жабылып, білінбей
кетеді.
Кіші еңбек тек қана жаңа туған балалардың 1/4 бҿлігінде ғана ашық қалады. Бірақ,
бірінші 3 айдан қалмай жабылады.
Ҥлкен жҽне кіші еңбектердің жабылуының кешігуі мешел ауруында (рахит),
гидроцефалияда, микседемада хондродистрофияда кездеседі.
Еңбектердің
ерте
бітуі
негізінде
Д-гипервитаминозында
жҽне
мидың
жетілмегендігінен пайда болатын микроцефалияда кездеседі. Микроцефалия, сиректеу
мидың жетіспеуінен емес бас сҥйегінің тігістерінің мерзімінен бҧрын бітуіне байланысты
пайда болады. Кҿп тігістің бірінің мерзімінен бҧрын жабылуы бас сҥйегінде кҿптеген
ҿзгерістер пайда болуына ҽсер етеді. Олар мҧнара тҽріздес бас, оң жҽне сол жақтын тепе-
тең болмауы (ассиметриялық бас).
Қалыпты жағдайда еңбек баланың тыныс алуына жҽне тамыр соғуына сҽйкес «дем
алып» тҧрады. Бҧнда еңбек бас сҥйегінің діңгейінде қалады, тек қана кішкене ғана
ширығуы байқалады. Еңбектің томпаюы сау балаларда тек қана қатты жылағанда
байқалады. Қызуы кҿтеріліп ауырған балаларда, еңбегі, ҽдетте, аздап томпайып тҧрады,
жҽне тамыр сияқты соғып тҧрады.
Достарыңызбен бөлісу: |