273
Фибринолитикалық ҽсер алу ҥшін никотин қышқылы жҽне оның қосымшалары
(никошпан) қолданылады. ІІ-ші сатысында плазмалық
коагуляциялық факторларды
қалыптастыру ҥшін тікелей донордан қан (5 мг/кг немесе фибриноген 0,3-0,05 г) қҧяды.
ІІІ-ші сатыда бактериялық инфекцияның ҽсерінен айтарлықтай протеолиз пайда
болғанда, бҧл кешенге ферменттер ингибиторларын (контрикал, трасилол, гордокс)
тағайындау тиімді болып келеді. Жаңа қатырылған (-30
о
) плазма 37
о
дейін қыздырылып,
қосымша гепарин дозасын қосып, енгізіледі.
Жергілікті гемостаз ҥшін тромбинмен, дицинонмен, 5% аминокапрон қышқылымен,
фибринді жҧқалтырмен (пленкамен) таңба жасайды.
Инфекциялық-токсикалық шокта кҿрсетілетін шҧғыл кҿмек. Жҥрегіне қан келуін
жақсарту ҥшін
баланы шалқасынан салып, аяқтарын жоғары кҿтереді. Аяғына, қолына
жылытқыш қойып, таза ауамен дем алуын қамтамасыз етеді, оттегімен демалдырады.
Айналымдағы қан мҿлшерін қалыптастыру ҥшін кҿктамырға плазманы (10-15 мл/кг)
немесе тҿмен молекулярлы плазманы ауыстырушылардың бірін (1-20 мл/кг) тамшылатып,
бір сағат бойына жібереді.
Шеткі тамырлар тонусын қалыптастыру ҥшін, плазманы алмастырушылардан кейін
теріастына (кҿктамырға тамшылатып жіберугеде болады) норадреналин гидрохлоридін
(0,1-0,75) салады. Кофеин (10 немесе 20% ертінді, 0,055-0,035 мл/кг), Мезатон (1% ертінді,
0,03-0,015 мл/кг) қолдануғада болады. Бҧлшықетке немесе кҿктамырға преднизалон (3-5
мг/кг) немесе дексаметазон (0,6-1-2 мг/кг) немесе гидрокартизон (5-10 мг/кг) қолданыла-
ды. Шоктан толық шығару ҥшін инфузиялық ем тиімді нҽтиже алу жалғастыра (минутына
10-12 тамшы) береді. Сҧйықтықтың 1/2 каллоидты ертінділерден, 1/4 10% глюкозадан, 1/4
тҧзды ертінділерден тҧрады. 5 г қҧрғақ глюкозаға 1 бірлік инсулин қосылады. Ҽлсіздік
толық жойылғанша 2-5 тамшыдан кофеин немесе кордиамин немесе коразол беріледі.
Дезинтоксикациялық ем.
Жҥргізілу мақсаты: а) уларды (токсиндерді)
сорып алып,
организмнен шығару; б) су-электролитті алмасудың жҽне қышқылды-сілтілі жағдайдың
бҧзылыстарын қалыптастыру; в) тиісті су мҿлшерімен жоғарлаған энергия алмасуын
қамтамасыз ету; г) қанның реологиялық қаситетін жақсарту.
Дезинтоксикациялық ем дегеніміз тездетілген (форсирлеген) диурезді қамтитын
инфузиялық ем. Жедел пневмонияда инфузиялық ем кҿрсеткіштері: а).
Науқастың
комалық немесе сопроздық жағдайы; б). Антипириталық емге кҿнбейтін тҧрақты
гипертермия; в). Науқаста сусыздануға жҽне электролиттік бҧзылыстарға ҽкелетін бой
бермейтін (тоқтамайтын) қҧсу мен ішек салдануы байқалуы; г). Айқын инфекциялық
токсикоз байқалатын пневмонияның деструктивті тҥрлері; д). Тамақ ішуге бола бермейтін
диспепсиялық белгілердің болуы.
Жедел пневмонияларда сҧйықтықтың жалпы мҿлшері ҿмірлік мҧқтаждыққа сҽйкес
келеді, қажет болған жағдайда патологиялық жойылу қосылады. Кҿктамырға енгізілетін
сҧйықтық кҿлемі науқастың іше алу мҥмкіндігіне, диурезге, дене қызуына, ентігудің бар-
жоқтығына жҽне т.б. байланысты анықталады. Ҽдетте инфузиялық
жолмен енгізілетін
сҧйықтық мҿлшері 30-60мл/кг/тҽуліктен аспайды, басқасын ішкізу керек. Коллоидтармен
глюкозаның қатыныасы 1:2, старттық ертінділер Реополиглюкин, Рефартан, 10, 20%
Альбумин (5-10 мл/кг) болады. Зҽр жҥргізу ҥшін салуретиктер (Лазикс) 1-3 мг/кг есебінен
қолданылады. Жеделдетілген диурез міндетті тҥрде сағат сайынғы зҽр мҿлшерін, несеп
қабына тҥтікше қойып, анықтауды талап етеді. Жеделдетілген диурез ҥш бағытта
(регидратация, нормагидратация, дегидратация) жҥргізіледі.
Соңғы кезде кҿптеген қаламгерлер пневмонияда инфузиялық емді мҥмкіндігінше
қолданбаған жҿн екенін атап кҿрсетіп отыр.
Деструктивті пневмонияларда енжар (пассивті) иммунизация ретінде гипериммунды
антистафилококкты плазма, антистафилококкты гаммаглобулин қолданылады. Нативті
стафилококкты анатоксинмен активті иммунизация жҥргізу тиімді болып есептеледі.
Физиоем.
Инфекциялық интоксикация, тыныс жҽне жҥрек жетіспеушіліктерінің
белгілері, гипертермия жойылғаннан кейін электрофизиоемді қосуға болады: