179
Егер ЖСЖ минутына 100 реттен аз болса, сыртқы тынысты қалыптастыруға
бағытталған реанимацияның ІІ сатысына кҿшеді. Шаралар тыныс қапшығы жҽне
масканың кҿмегімен ҿкпені желдендіруден басталады. Тыныс жиілігі минутына 30-50 рет.
Жиі 60% оттегілі-ауалы қоспа (шала туылған балаларда – 40%) қолданылады. Кеуде
клеткасының жақсы экскурсиясы альвеолалардың жеткілікті желдетілгенін дҽлелдейді,
сонымен қатар, тыныс жолдары ҿткізгіштігінің маңызды бҧзылыстарының жоқ екенін
кҿрсетеді. Қапшықпен жҽне маскамен желдетуден ҽсер болмаса, мекониймен
аспирациялануға кҥдік туса, ЖСЖ минутына 80 реттен аз болса жҽне тыныс жолдарына
бақылауды жҽне жҥрекке сыртқы массажды қажет етсе, ол эндотрахеальды интубацияға
кҿрсеткіш болып табылады. Ҿкпені жасанды желдендірумен қатар, кҿктамыр ішіне
налорфин мен этимизол енгізу арқылы тынысты қалыптастырады. ҾЖЖ басталғаннан
кейін 20-30 секундтан соң міндетті тҥрде жҥректің соғу жиілігін есептейді, егер ол
минутына 80-100 рет болса, онда ҿкпені жасанды желдендіруді жҥректің соғу жиілігі
минутына 100 ретке дейін жоғарылағанша жҥргізе береді.
Егер ЖСЖ минутына 80 реттен тҿмен болса, онда реанимацияның ІІІ сатысына
кҿшеді. 100% оттегі концентрациясы бар маскамен ҾЖЖ фонында міндетті тҥрде
жҥректің сыртқы массажын бастау керек. Егер 20-30 секунд массаждан соң нҽтиже
болмаса, интубациялап жҽне массажбен бірге аппаратты ҿкпені жасанды желдендіруді
бастау керек. Тҿстіктің тҿменгі ҥштен біріне (семсер тҽрізді ҿсіндіге баспау керек, себебі
бауырдың зақымдалуына қауіп туады) 1,5-2,0 см тҿмен басып минутына 100-140 рет
жиілікпен жҥргізеді. Жҥректің тікелей емес массажының нҽтижесін терінің тҥсі жҽне сан
артериясындағы пульс бойынша бағалайды. Егер 60 секунд жҥрек массажынан соң нҽтиже
болмаса, жҥрек қызметін адреналинмен қалыптастыру керек, оны 0,1мл/кг салмағына
0,01% ерітіндіде эндотрахеальды немесе кіндік венасына енгізеді. Енгізуді 5 минуттан
кейін қайталайды (3 ретке дейін). Бір мезгілде ҾЖЖ мен жҥректің тікелей емес массажын
жалғастыра береді. Содан соң тері жамылғысының тҥсін жҽне микроциркуляция
жағдайын бағалайды. Кҿрсеткіштеріне байланысты инфузиялық терапия (альбумин,
нативті плазма, хлорид натрийдің изотоникалық ерітіндісі) жҥргізіледі. Жоспарлы
инфузиялық терапия міндетті болғанда, оны туылғаннан соң 40-50 минуттан кейін
жҥргізуді бастайды. Инфузиялық емнің кҿлеміне қарағанда, тамшылату ҧзақтығы
маңызды екенін есте сақтау керек. Асфиксиямен туылған барлық балаларға босану
залында К витаминін енгізеді. Біріншілік реанимация жҥргізілген соң жҽне ҿмірге
маңызды функциялардың біртіндеп қалыпқа келтірілгеннен кейін, баланың жағдайы ауыр
болса, онда баланы мҥмкіндігінше балалар ауруханасының ЖТН реанимациясы
бҿлімшесіне ауыстыру керек.
Егер 15-20 минуттан соң балада ҿздігінен тыныс алу пайда болмаса жҽне тҧрақты
брадикардия сақталатын болса, ол кезде мидың ауыр зақымдалу мҥмкіндігі жоғары, онда
реанимациялық шаралардың тоқтатылуын шешу керек.
Достарыңызбен бөлісу: