дегенмен де қызметінің жеңіл бҧзылу мҥмкіншілігі сақталып қала береді. Жекелеген
мҥшелердің ауруларында жалпы (диффузиялық) реакциямен жауап беруге бейімділігі азая
бастайды. Айналасындағы адамдармен жиі қатынасатын болғандықтан, бҧл жастағы
балалар жҧқпалы ауруларының барысы жеңіл болып келеді де, ауыр асқынулары сирек
кездеседі. Туберкулезбен ауру жиілігі артып, эндокриндік жҥйесінің бҧзылу белгілері
байқалады.
Балалық шақтың келесі кезеңі мектеп жасындағы балалар. Бҧл кезең екіге бҿлінеді.
Кіші мектеп жҽне ҥлкен мектеп жасы кезеңдері.
Кіші мектеп жасы кезеңі 7-ден 11 жасқа дейін созылады. Кҿптеген жҥйелер мен
мҥшелер дамып, толық жетіледі. Сҥйек жҥйесі толық дамып жетіледі, бҧлшық ет жедел
дамып, толықсып, қатая тҥседі. Бҧл кезең ақыл ойының, жазу, ҧсақ қимыл координацияла-
рының тез дамуымен сипатталады. Бала қажетті еңбек икемділіктерін игереді.
Бҧл кезеңде жҧқпалы аурулардың маңызы зор, бірақ олар сирек кездеседі жҽне
олардың барысы жеңіл болып келеді. Бҧл кезеңде ревматизммен балалар жиі ауырады.
Туберкулез жедел немесе созылмалы тҥрінде болуы мҥмкін.
Ҥлкен мектеп жасы кезеңі 12-ден 18 жасқа дейін созылады. Эндокрин жҥйесінің қайта
қҧрылуымен, жыныс, қалқанша бездерінің, гипофиздің қызметінің арта тҥсуімен
сипатталады. Сондықтан, балалар мен жас ҿспірімдерде осы бездердің жҧмыс тепе-теңдігі
бҧзылып, эндо-крин жҥйесінің тҥрлі бҧзылыстары пайда болуы мҥмкін. Жыныстық жетілу
мерзімі балалар жынысына жҽне жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Бҧл кезең қыз
балалар ҥшін жыныстық дамудың толықсып, жетілу кезеңі болса, ер балалар ҥшін
жыныстық дамудың басы ғана.
Бҧл ҿзіне тҽн дисгармониялық пен пубертатты жедел даму кезеңі. Бҧл психологиялық
дамуының, азаматшылық, саналылық, адамгершілік, ҽдет-ғҧрып, мінез-қҧлық, жігер-қайрат
деген ҧғымдар қалыптасатын ең қиын кезең болып есептеледі. Бҧл жастағы балаларда
жыныс жҽне дене дамуының бҧзылуы жиі кездеседі.
15-ке дейінгі балаларды балалар емханасы қамтиды да, ал, 15-тен асқан балалар
жасҿспірімдер кабинеттерінде бақыланады. Сонымен қатар, мектептегі медицина қызмет-
керлері 7 жастан 17–18 жасқа дейінгі балалар мен жасҿспірімдермен қызмет істейді.
Барлық жасқа байланысты топтастыру немесе балалық шақтың жіктелуі
хронологиялық немесе кҥнтізбелік жасқа сҽйкес жҥреді.
Кҥні бҥгінге дейін жҥргізіліп отырған балалық шақты шектеу кҿрсеткіштерінің
болашағы жоқ. Бҧл кҿрсеткіштер балалық шақты 0–14 жаспен шектейді. Қазақстан
Республикасының Баланың қҧқын қорғау халықаралық конвенцияға қол қойғаны белгілі.
Бҧл дҥниежҥзілік ҧйымының шешімі бойынша балалык шақ туылғаннан бастап 18-ге
толғанша созылады. Демек, біздің елде де осы кҿрсеткіш толық қабылдануы керек. Бҧл
кҿрсеткіштерге бозбалалық (бойжеткендер) кезеңі де кіреді. Кҿптеген ғалымдардың пікірі
бойынша балалық шақтың бітуі олардың физикалық жҽне жыныстық жетілуімен бейнеледі.
Бҧл пікір дҧрыс емес, ҿйткені бҧл биологизаторлық тҧрғыдан бейнелейтін немқҧрай
кҿзқарас. Адамның ересектігі тек тҧлғасының мҿлшерімен, ҿзіне ҧқсастарды ҿмірге
келтірумен ғана шешілмейтіндігі баршаға аян. Дҥниежҥзілік денсаулық сақтау ҧйымының
(ДДҦ) Сарапшылар Комитетінің 1977 жылғы шешімі бойынша бозбалалық кезең 10-жастан
20 жас аралығы болып есептеледі. Бҧл кезең екіге бҿлінеді: 10-15 жас аралығы, жыныстық
даму қарқынды жҥретін, ҿзіндік пубертатты кезең. Ал, екінші бесжылдық 16-20 жас –
ҽлеуметтік жетілу кезеңшесі ретінде бҿлінеді. Бҧл жылдары бозбалалар мен бойжеткендер
ҿздеріне тҽн арнайы жыныстық маңызын игереді, мамандығын таңдап, оны ҽртҥрлі
дҽрежеде игереді.
Достарыңызбен бөлісу: