Көктерек селолық округінің әкімі – Смайылов Орынбай Жанбыршыұлы:
Көктерек селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және
әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен
алға қойылған міндеттері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Жолының-Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды. Түбегейлі саяси өзгерістер, ауқымды экономикалық реформалар кезеңі ретінде тарихқа еніп отыр. Қазақстанның соңғы онжылдықтағы сыртқы саяси табыстарына Мемлекет басшысының тікелей қатысуымен қол жеткізілді.
Тәуелсіз Қазақстан халқының қол жеткізген ұлан-ғайыр жетістіктеріне прогрессивті адамзат әділ бағасын беруде және Еліміздің болашағына сеніммен қарауда. Әр жылды табысты аяқтау, алға қойылған міндеттердің уақытында межеден асыра орындалуынын елімізде дәстүрге айналып бара жатқаны, құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлкен еңбегінің, дұрыс жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында.
Көктерек селолық округі аппаратының барлық жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан Республикасының халқына арнаған Жолдауын насихаттауға және жүзеге асыруға бағытталды.
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жетінші рет өткізіліп отырған барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулері еліміздің қоғамдық-саяси өмірін демикратияландыру үдерісінің маңызды элементіне ғана айналып отырған жоқ, олар атқарушы органдар үшін нағыз емтихан болып табылады, себебі, кез келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселелерін тұрғындар нақ сонда қозғайды. Облыс, аудан әкімдерінің ел тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік жағдайын, тұрмысын өз көздерімен көріп, осы мәселелер жнінде өз пікірлерін айтып, шешілмей жатқан түйінді мәселелерінің шешімін табуға көмектесуі-соның нәтижесі. Бұл биліктің халықпен тура байланысы, әкімдер елде не істеліп жатқанын, өзінің не істеп үлгергенін, келешекке арналған бағдарламаларын баяндап түсіндірулері қажет. Өткен жылдың басында округ көлеміндегі үш елді-мекендер тұрғындарымен есепті кездесулер өткізіп, соңғы қорытынды кездесуді округ орталығы Мортық ауылында аудан әкімінің тұрғындар алдында есептік кездесуімен аяқтадық.
Есептік кездесулер барысында 18 адам сөз сөйлеп, 11 адам ұсыныс пен сын-ескертпелер айтты. Әрбір мәселе бойынша оларды жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірленді.
Кездесулерде қойылған 11 сұрақтың барлығы шешімін тапты.
1)Оның ішінде ең күрделі- ауыз су мәселесін шешу болатын. Бүгінгі күні құжаттар дайындалып, сараптаудан өтті. 2012 жылы республика бюджетінен қаражат бөлініп, Молодая Гвардия ауылынан Мортық ауылына су құбыры тартылып, әр үйге ауыз су беріледі деген бағдарлама бар. Уақытша ауыз су мәселесін шешу жөнінде келесі іс шаралар атқарылды. Аудан әкімдігінің көмегінің арқасында жер астына 50 куб.метр таза ауыз су әне 25 куб.метр шаруашылығына пайдалану су қоймалары орнатылып, су тарататын орын жасадық. Бүгінгі күні жауапты адам бекітіліп, кесте бойынша су халыққа флягісі 20 теңгеден күніне екі рет таратылады.
2) Елтай орта мектебінің жылу жүйесіндегі қазандық дұрыс жұмыс істемейді, мектепте суық.
-Елтай орта мектебінде жаңа қазандық орнатылды.
3) Аудандық газеттер уақытында тасымалданбайды.
- Газеттердің уақытында келуі жолға қойылды.
4) Ауылдарда қаңғыбас иттер пайда болды, оларды жою жұмыстары қашан ұйымдастырылады?
- Қаңғыбас иттерді аулау іс-шаралары ұйымдастырылды, Көктерек ауылында 28, Мортық ауылында 34 қаңғыбас иттер ауланып, жойылды.
5) Шаруа қожалықтары қысқы мал азығына сабан қалдырмайды.
- Шаруа қожалықтарымен келісім жасалып, ауылдар маңайындағы егістер көлемінен тұрғындар малдарына сабан дәстелері қалдырылды.
6) Мортық орта мектебінің күрделі жөндеуі жоспарда бар ма?
-Мектептің күрделі жөндеуі қаржы бөлуіне байланысты шешіледі.
7) Елтай орта мектебінің дене шынықтыру залында күрделі жөндеу өткізу қажет не жаңадан дене шынықтыру залын залу керек?
- Комиссия шешімі бойынша дене шынықтыру залы пайдалануға жарамайды, жаңадан салу жоспарда жоқ, келесі жылдарда қаралады.
8) Шаруашылыққа пайдаланатын су алатын скважинада сорабы /насос/ жарамай қалды, ауыстыру керек.
- 20 қантарда ауыстырылды,жұмыс істеуі жақсы.
9) Айтжанов С.Ж. ,зейнеткер :
Біздің жеріміз ЖСШ АФ «Кызылту-НАН»-да, алатың бөлісіміз өте төмен,оны көбейтуді сұраймыз.
Жауабы кездесу барысында берілді: Сіздер өздеріңіз ұйымдастырушылар әрі құрылтайшылары болып саналасыздар, келісім-шарт жасадыңыз, бөліс жылдың жұмыс қорытындысына байланысты.
10) Кабипова Д.: балалар орталығы неге толық күн жұмыс істемейді?
- Балалар орталығы жұмыс кестесі бойынша толық күн істеп тұр.
11) Аринова С-зейнеткер :
Қарамырза ауылында қашан үйлеріне телефон тартылады ?
-Телефон жұмысының толық дұрыс жұмыс істеуі Қайрат ауылында салынатын бағана /мачта/ біткесін, Қарамырза ауылында телефон орнату жұмысы жалғасады.
Жыл басынан бері тұрғындардан ауызша және жазбаша түскен өтініштер саны-120. Барлығы уақытында қаралып, жауаптары берілді. Көктерек селолық округінде жыл басынан бері халықтың тұрмыс-жағдайларын көтеру жолында көптеген іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, өткен жыл жұмыстарының қорытындысы бойынша аудан, округ әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беруі, Елбасы Жолдауын, жүргізіп отырған саясатын түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тағы басқа қажетті мәселелер бойынша 19 рет үлкенді-кішілі жиналыстар өтті.
Округ көлеміндегі үш ауылда жазбаша арыз түсіретін жәшіктер ілінген. Олар уақытында қаралып, елдің тұрғындарына жауаптар толығымен беріледі. Аудандық газет бетінде сенім телефоны туралы хабарлама тоқсанында бір рет жарияланып тұрады. Сенім телефонына түскен хабарламаларды тіркеу журналы бар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу жұмыстары ең басты міндеттердің бірі болғандықтан Көктерек селолық округінің әкім аппаратында әрқашанда тұрақты бақылауда.
Сонымен қатар округ көлемінде 2011-2012 жылдарына «Құқықтық қорғау оқу кестесі» бекітілді. Кестеге сай бірыңғай ақпараттық күндері өткізіледі.
Көктерек селолық округі тұрғындарының-1011 адам. 2011 жылғы 3 сәуірде өткен Президенттің кезектен тыс сайлауына 100 пайыз қатысып, 100 пайыз бірауыздан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауысын берді.
Бұл тұрғындардың Елбасының туған халқын заманның сан алуан сынынан аман алып шығып, биіктен биікке бастап келе жатқан, елін сүйген еңбегіне көрсеткен сенімдері болып табылады..
Жұмысымыздың ең басты міндеттерінің бірі - округтің экономикалық әлеуетін әрі қарай арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту.
АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ДАМУЫ
Селолық округіміздің экономикалық-әлеуметтік өмірінде аграрлық сала ерекше орын алады. Көктерек селолық округінде 269 мың 506 га жер бар. 46 мың 022 га жерге егін егіледі., жайылым 133 мың 980 га. «Агрофирма Кзылту-НАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аукцион бойынша 2 мың гектардан асуымен егістік жер сатып алуының арқасында егістік жер көлемі өсіп отыр. Округтегі егін көлемінің 93 пайыз жеріне «Агрофирма Кзылту-НАН» ЖШС-гі егін егеді. Жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында сапалы әрі мол егін алады. 206 адам серіктестікте жұмыс істейді. Техникаларының бәрі заман талабына сай, қырман басында биыл жалпы сыйымдылығы 10,5 мың тонна 7 уақытша дақылдар сақтау модульдарын, навигациялық жүйелерді іске қосты. Жыл сайын тұрғындар жер үлесінің пайдасын көріп, жер ақыларын алып, фирма басшысы К.Кашаевқа ризашылығын білдіреді. Бұл серіктестіктен басқа «Юнайт Инвест», «Қайынды» ЖШС-лері және 12 шаруа қожалықтары егін салып жұмыс істейді. Шағын шаруа қожалықтарының елге пайдасы- халықтың малына жем, шөп дайындауға ат салысады. Биылғы ауа райының егін шаруашылығына қолайлығы, бүгінгі күннің талабына сай технологиясымен жұмыс істеудің арқасында бар салынған егін уақытында жиналып, әр гектар басы округ бойынша орта есеппен 18 центнер өнім беріп, 96 мың тонна астық қамбаға түсіп, 2012 жылдың егініне қажетті тұқым толық көлемде құйып алынды. Егін салу науқанының нәтижесінде агроқұрылымдарға мемлекеттік субсидия төленді.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайларының жақсы болуы, әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуі, мал санының артып, өнімінің сапасының жоғары болуына көп байланысты. Округ көлемінде қара мал 122 пайызға өсіп, 1483 бас құрады, жылқы 110 пайызға өсіп, 1701 бас құрады, қой мен ешкі 110 пайызға өсіп, 4360 бас құрады. Бір отбасына шаққанда ірі қара мал 6 бас, жылқы 7 бас, қой мен ешкі-20 бастан келеді. Сонымен қатар мал өнімдерін сатып алудың тапсырмасы артығымен орындалды.
Жыл басынан ұрықтанған мал саны 708 бас, оның ішінде 117 бас сиыр асыл тұқымды ірі қараның ұрығымен ұрықтандырылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда төл алу 108 пайызға көтерілді.
Ауыл шаруашылығын көтеру, әсіресе малдарды өсіру жөніндегі аудан әкімі С.Тұралиновтың тапсырмасына сай биылғы жылы тұрғындармен тығыз жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі күні шағын мал фермалары қалыптасуда. Қараша айында сегіз шаруа қожалықтары 24 млн. инвестиция құйды. Осы жұмысты біз бір-екі айдың көлемінде бітіру үшін тұрғындармен тығыз жұмыс істейміз. Біздің округ елді-мекендері мал бордақылау, төлімен бірге етті сиырлар өсіруге қолайлы жерлерде орналасқан. Аудан әкімінің несие берушілерді шақыруымен үш түрлі жобада мал өсірейік дегендерге өте қолайлы жағдайда несие беру мәселесі шешілген. Біздің округте бұл жұмыс уақытша тоқтатылып қалды. Себебі, округ ауылдарында бруцеллез ауыруының шығуына байланысты малдарды, мал өнімдерін шығаруға, сатып алуға уақытша шектеу қойылды. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл ауруға шалдыққан мал саны 78 басқа азайды.
Өткен жыл бойы қара малдан 3282, қой мен ешкіден 5677 бастан қан алынды. Ветеринария заңдарына байланысты 63 үй қоралары тазаланды. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, айып пұл салынды. Үш елді- мекендердің екеуі бұл аурудан тазарды. Бұл өте қатерлі аурудан сақталудың бірақ жолы- ветеринария заңдарын қатал сақтау. Өкінішке қарай, әлі де ауру малдарды уақытында жою, өз күшімен дезинфекция жасау, қысқы малдар қиын арнаулы жерге төкпеу жұмыстары кейбір санасыз азаматтар жағынан әлі де кездеседі.
Округ бойынша малдарды аурудан сақтандыру жұмыстары: егу,қан алу дегельминтация т.б. жоспарлары артығымен орындалды. Қара малдарды бірдейлендіру жұмыстары уақытында жүргізіліп отырады.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ.
Бүгінгі күні округімізде 34 шағын және орта кәсіпкерлер жұмыс істеуде.
Атап айтсақ ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарып ,дәнді дақылдар, шөп-жем сатумен 20 шаруашылық, халыққа әр түрлі товарлар сатумен-8, 1-шаштараз,шағын наубайхана, 5 кіші моншалар жұмыс істейді. 2 адам облыс орталығында наубайхана қызметкерлеріне арналған курстан оқып келіп, наубайхана ашуға дайындық жұмыстарымен айналысуда. Бүл кәсіпкерлерге аудандық жұмыспен қамту бөлімінің несие берілді.
Мал ауруына байланысты округке қойылған шектеу тоқтатылуына ветеринария заңдарын орындау арқылы қол жеткізсек, мал фермаларын ашып, жұмыс істеуге үш жоба даяр.
КӨЛІК –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ, ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Ел ішіндегі жолдарды жылда өз күшімізбен жеңіл- желпі жөндеу жұмыстары, шұнқырларды жабу жұмыстары жүргіземіз. Жолдардың асфальты жамылғысының тозуының салдарынан 3 көшені жыртып, тегістегенбіз, бірақ машиналар өткен сайын шаң көтеріліп, қолайсыздық туғызады.Аудан мен округ арасындағы жолдың жағдайы сын көтермейді. Аудан әкімшілігінің талап етуімен қараша айында жолдың екі жақ жиектері қырылып, тазартылды. Қоғамдық жұмысқа қатысқан 4 адам ел ішіндегі жолдарды жөндеу, тазалау жұмыстарын атқарды. Қөшелерге жол белгілері қойылды, билборд, бір жақты баннер орнатылды.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша айтарлықтай жұмыс істедік. Мектептер, селолық округ әкімшілігінің алаңдарында ағаштар, гүлдер отырғызылды. Бұл жұмыстың айқынды жүруіне су тапшылығы көп әсер етеді. Ел маңайында табиғи су орындары жоқтығынан, котловандардың құрғап кетуі салдарынан мал суарудың өзі қиынға түсіп отыр. Ең жақын су орны 18-20 шақырым жерлерде. Келесі жылы су құбыры тартылса, көптеген мәселелер шешімін тапқан болар еді. Тазалық сақтау үш айлықтарында елді-мекендерден 1420 тонна көң-қоқыс шығарылды. Үш елде көң-қоқыс шығаратын мал өлімтіктерін салатын орындар даярланып, құжаттары реттелген. Елдердің көшелерінде жарық беру үшін 21 үй діңгектеріне жарық орнатылған. Жағылған жарықтың құнын үй иелерінің қаражатынан ұсталады. Бұл мәселені бюджеттен қаржыландыру қажет деп санаймын. Өндіріс бөлімшелерінде, мектеп, әкімшілік аппаратының алаңдарында 36 жарық шамдары жарық беріп тұрады.
БАЙЛАНЫС.
Округ көлемі Уәлиханов аудандық телефон - пошта байланыс жүйесі арқылы жұмыс істейді. Мортық ауылында 150, Көктерек ауылында -80, Қарамырза -1 абонентік спутникті телефон байланыстары жұмыс істейді. Екі пошта бөлімі халыққа қызмет етеді. Газет, журнал жазу тапсырмасы артығымен орындалып, әсіресе мемлекет тілінде жазылған басылымдар үлесі 85 пайыздан асып түсті. Белсенділік көрсетіп, бұл жұмыста алда жүрген жазушыларды атап өтсем: Искакова Гүлзира Сағитқызы, Оспанов Саян Иманжанұлы, Габдулуахитова Гульфия Вазиховна.
САЛЫҚ ЖИНАУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕСІ
Салық жинау мәселесі бойынша округте мүлік салығы- 34 мың теңге, жер салығы -74 мың теңге, бір жолғы салығы 47 мың теңге,көлік салығы 900 мың теңге көлемінде белгіленсе, салық жинау жоспары толығымен уақытында орындалды. Округте 2011 жылға берілген қаржылар 9 млн.136 мың теңге түгел жоспарланған бағыттарына 100 пайыз игерілді.
2012 жылға 10 млн.546 мың теңге қаржы бөлініп отыр.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ
Азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты төмендету, аз қамтылған отбасыларының санын азайту бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері жоспар бойынша 46 адамның орнына 56 адам тұрақты жұмысқа орналыстырылды, оның ішінде «2020 бағдарламаға» сай -21 адам, арнайы топтардан -2 адам жұмысқа орналасты. Кәсіпорындарының кеңеюі есебінең, 40 жаңа жұмыс орындары құрылды. Округ көлемінде жыл басынан жұмыссыздар саны 11адам-1,3 пайызды құрады. 2011 қантар айынан бастап тіркелген 11 жұмыссыз адамдардың барлығы қоғамдық жұмысқа тартылып, бүгінгі күні, оның ішінде 5 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 8 жұмыссыз адамдар кәсіби оқуға жіберілді, қайта даярлауға 3 адам барып, оқу оқып келді.
«Кзылту-НАН АФ» ЖШС округте 2 бірдей өндіріс бөлімшелері ашылуының арқасында жұмыс орындары көбейіп, тіпті сырттан жұмысшылар тартылды.
Жалақының орташа көлемі 51 мың теңгені құрады.
Тұрмысы төмен 14 отбасы 60 адамды құрайды. Әлеуметтік атаулы көмек көрсетуге бөлінген қаржы 869 мың теңге, тұрмысы төмен отбасыларына берілді. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдем ақыны жыл басынан 59 отбасы, 109 бала -1 млн.83 мың теңге алды.
Қоғамдық жұмысқа бөлінген 986 мың теңгені қоғамдық жұмысына тартылған жұмысшылар алды.
Округ бойынша қарттар мен мүгедектер күні аталып өтті, концерттер ұйымдастырылып, ас беріліп, 290 мыңдай теңге көлемінде көмек көрсетілді. Жыл басынан демеушілік көмек көлемі 610 мың теңгені құрады.
Жалғыз басты зейнеткерлерге қоғамдық жұмыскерлер қызмет көрсетеді және
әр түрлі көмек беру үшін олардың барлығы мекеме басшыларының қарауына алынған. Аудан әкімінің көмегімен тұрғындарға қараша айынан бастап қабы 1800 теңгеден ұн босатылуда.
ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ САЛАНЫҢ ДАМУЫ
1.БІЛІМ.
Округ көлемінде 2 орта білім беретін мектептер бар. Округтегі мектептерде 46 мұғалімдер, оның ішінде жоғары білімді -38 , арнайы орта білімді -6 мұғалім жұмыс істейді. Оқушылар саны – 187 оқушы. Әр мектепте компьютерлер орнатылған, мультимедиялық кабинет, интерактивті тақта қойылған, нормативтік заңдылықтарға сәйкес жабдықталған. Бүгінгі күні орта мектеп түлектерінің білім денгейлері ұлттық біріңғай тестілеумен бағалануда. Біріңғай тестілеу бойынша Елтай орта мектебі – 81, Мортық орта мектебі -95 бал алды. Бар түлектер ұлттық бірінғай тестілеуден өтті. Бір түлек үздік аттестатпен бітірді.
Екі мектеп аясында 2- жастан 5 жас аралығында 50 балаға арналған шағын орталықтар жұмыс істейді. Мектептерде ыстық тамақ беру үшін асханалар жұмыс істейді. Аспазшылардың екеуі де мемлекет тарапынан жалақы алады.
Сонымен қатар, шешуін күтіп тұрған кезекті жұмыстар бар, олар Көктерек мектебінің спорт зал мәселесін шешу. Мортық орта мектебі 1970 жылы салынғаннаң бері күрделі жөндеуден өткен емес, әсіресе шатыры, кіреберіс фойесі. Жыл сайын ел азаматтарының көмегі арқасында жеңіл-желпі жөндеуден өтуде.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ.
Елбасы өз Жолдауында «Халық денсаулығы ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі»-деген еді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша округ дәрігерлермен және бір жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген, екі дәрігерлік бөлімшелер жұмыс істейді. Жедел жәрдем жасауға дәрі-дәрмек жеткілікті. Өткен жыл қорытындысы бойынша аса қауіпты аурулар болған жоқ. Былтырғы жылмен салыстырғанда, жалпы адам өлімі төмендеді. Ана өлімі тіркелмеді. Бала өлімі тіркелген жоқ.
Тегін беретін дәрілер 5 жастағы балаларға және арнайы топтағы ауруларға және жедел көмек көрсету үшін сақталып отыратын дәрі қоры жеткілікті.
МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ СПОРТ МӘСЕЛЕСІ
Округ көлемінде бір мәдениет үй, екі мектеп кітапханасы, бір ауыл кітапханасы жұмыс істейді. Мектептер мен кітапханаларда тілдерді дамыту мен қолдану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шаралары туралы жоспарлар жасалып, тіл үйрету үйірмелері жұмыс істейді. Мерекелік концерттер, әр түрлі патриоттық-тәрбиелік мәні бар шаралар жүргізіліп отырады. Келесі жылы клубты күрделі жөндеу жұмыстары басталуға тиіс.
Іс қағаздар округ көлемінде толықтай мемлекет тілінде жүргізіледі. Өткен жылы аудан көлемінде қазақ тілің білу деңгейін аныктау емтиханында округ қызметкерлері тегіс «үздік» деген баға алды. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 100 пайызға орындауға,қазақ тілін оқыту орындарын толық жабдықтауды жалғастыруға бағытталады.
Спорт мәселесі бойынша екі жазғы стадион, бір спортзал жұмыс істейді. Волейбол, баскетбол, теннис, дойбы, шахмат ойындары қысы-жазы үздіксіз жүргізіледі. Ауыл жастары округ, аудан көлемінде өтетін спорт жарыстарында көптеген жетістіктерге жетіп, жүлделі орындар алып жүр. Бүгінгі күні хоккей кортының мұз айдынына су құйылып, қарашадан бастап корт басын балалар, жастар босатпайды. Әр отбасында балалар бар, міне солардың денсаулығының зор болуына, жаман әдеттерден аулақ болуына жасалған жақсы шаралардың бірі. Округ көлемінде су тапшылығы, қиындығына, алыстығына қарамай, бұл жұмыстың орындалуына үлкен белсенділік көрсеткен Шаткенов Орал, Айтмаганов Турлыбек, Кабдылуахитов Асыл сияқты азаматтарға рахмет айтуымыз керек.
Жетістіктермен қатар, спортшыларды спорттық құралдармен жабдықтау, Елтай ауылында хоккей кортын салу жоспары алдымызда шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелері.
ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ
Тәртіп сақтау мәселесі бойынша тәртіп жоқ елде, келешек жоқ демекші, өткен жыл қортындысы бойынша құқық бұзушылық болған жоқ. Елдерде тыныштық, тәртіп орнатылған.
Округ көлемінде бір полиция қызметкері жұмыс істйиді, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық кеңесі, мұғалімдер бірігіп алдын-ала сақтандыру жұмыстарын жүргізіп, кестелік кезекшілер тағайындау жұмыстарын уақытында ұйымдастырып отырады.
Қазіргі заманда өз елін, өзін сыйлайтын ел тұрғындары тойларды, мерекелерді т.б ішімдіксіз өткізіп, жастарға өнеге көрсетуі керек, біз осы бағытта жұмыс істеудеміз.
Округ көлемінде 2 мешіт жұмыс істеуде, Мортық елінде жаңа мешіт салынып жатыр негізгі бағыттары – салауатты өмір салтын қоғамдық құндылықтарды насихаттау, қайырымдылық шараларға қатысу. Округ көлемінде 8 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
Округ көлемінде шешімін күтіп тұрған мәселелер жеткілікті. Жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлер санын көбейту егістік жер көлемін одан да әрі ұлғайтуға, мал шаруашылығын өсіруге арналған жоспарларымыз бар.
Селолық округі аппаратының қызметкерлері ҚР Президентінің Жолдауында, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясында және өзге де бағдарламалық құжаттарда қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмыстарды жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |