22
Еліктеуге үлгі болу. Үлкендер өз балаларына үлгі болу керек. Олар мәселелерді шешкенде,
бірге жұмыс істегенде, қарым-қатынаста және т.б. оларға өз дағдыларын, икемдерін үйретеді.
Некелік байланысты нығайту және дамыту барысында өз үлесін бағалай білу. Жанұялық
қарым-қатынас күшті қандас, туысқан байланысқа негізделгенімен, уақыт өте келе үлкен
жанұяларда да жақындық сезімі нашарлай бастайды, сондықтан неке байланысын сақтап қалу
үшін қосымша күш пен уақыт бөлу керек. Мезгіл-мезгіл өз өміріңізде жанұя маңыздылығын
еске салып отыру керек.
Сөйтіп, жанұя — бұл енді ғана дүние есігін ашқан жаңа кішкентай адамның өміріндегі
бірінші мектеп, бұл оның өз мүмкіндіктерін пайдаланып, оқитын, сыртқы әлемді түсініп, оның
болжап болмайтын сыйларын орындау ортасы. Өз жанұяңыз жайлы білгеніңіздің бәрі, сіздің
әрекетіңізді қалыптастыру негізінде сіздің жүйеңіз, құндылығыңыз болып табылады. Бақытты,
қуанышты жанұялық өмір – кездейсоқтық емес, таңдау және еңбекке негізделген үлкен
жетістік. Жанұя құру — бұл бізден көп уақыт, күш, қуат, ақша талап ететін жауакершілікті іс.
Бірақ бұл бүкіл өміріңдегі ең маңызды, лайықты іс.
3.2. Ата-аналар мен балалар арасындағы шыдамдылық қарым-қатынасты тәрбиелеудің
әдістері мен тәсілдері
Баланы шыдамды етіп тәрбиелеу үшін алдымен бала ата-ана қарым-қатынасы мен мінезінің
айнасы екенін естен шығармау қажет. Сондықтан, алдымен ата-ана өзі балаға
шыдамдылықпен қарау қажет:
Біріншіден, оны ренжітпеу қажет.
Екіншіден, оның ойын тыңдап санасуы қажет.
Үшіншіден, реніштерін кешіріп, ата-ана баладан кешірім сұрай алуы қажет. Бұл өте қиын сәт,
бірақ сонымен қатар, өте маңызды себебі, балада әділдік сезімі жақсы оянады.
Төртіншіден, ұрыссыз және дау-жанжалсыз келісу қажет. “Дау-жанжал” сөз тіркесінің
астарында балаға моралды немесе физикалық тұрғыдан зиян “қарсылықтың” мағынасы жатыр.
Алайда, күнделікті өмірде ой-пікірдің бір жерден шығуы екіталай. Бұл жердегі ең тиімді
шешім баламен үлкен адамдарша сөйлесіп, бір тоқтамға келу.
Бесіншіден, баланың ар-намысын төмендетпеу – оны төмендетіп немесе қызығушылықтарын
сыйламау. Алтыншыдан, баланы күштеп оған ұнамайтын іс-әрекетпен шұғылдандыру.
Шыдамды баланың болмысында жанұялық стильдің тәрбиесі өте маңызды. Психологтар
жанұялық стильдің үш типін қарастырады: демократиялық, авторитарлық (әміршіл),
енжарлық.
Демократиялық тұрғыдан бағытталған ата-аналар баланың іс-әрекетінде алдымен
тәуелсіздікті және тәртіптілікті бағалайды. Ата-ана өзі балаға еркіндік беріп, өз бетінше
әрекет етуге жол береді. Яғни, баланың құқығын таптамай сонымен қатар міндеттерін де
атқаруды талап етеді.
Авторитарлы (әміршіл) ата-аналар баладан өзіне бағынышты етеді, онымен санаспайды.
Олар баланың барлық өмір жағдайларын бақылап, тыйымдар мен кеңестерінің себептерін
түсіндірмейді. Олар баланың өмірінің барлық этаптарын қатты бақылап, және кейде дұрыс
жасамауы да мүмкін. Мұндай жанұялардағы балалар әдетте тұйықталып, ата-аналармен
қарым-қатынасы бұзылады. Ең ауыр жағдай селқос және мейірімсіз ата-аналар. Мұндай
жанұлардан шыққан балалар көбіне адамдарға сенімсіздікпен қарайды, қарым-қатынаста
ауыртпашылықты сезінеді, махаббатқа зәру болғанымен кейде өздері де мейірімсіз болады.
23
Немқұрайлы ата-ананың балаға қарым-қатынасы жанұялық қарым-қатынаста келеңсіз тип
болып табылады. Мұндай жанұяда балаға барлық іс-әрекетті жасауға мүмкіндік береді, ешкім
де баламен жұмыс жасамайды. Баланың тәртібі бақыланбайтын болады. Гиперопека (әдеттен
тыс қамқоршылық)– балаға шектен тыс артық қамқорлық жасау, оның өмірін аса бақылау.
Мұндай жанұяда тәрбиеленген бала селқос, жалтақ, өзінің құрбыларымен қарым-қатынас
жасағанда қиындықтарды сезінеді.
Баланың өзін-өзі адекватты бағалауы жанұялық тәрбиенің жағдайы мен стиліне байланысты,
ягни оның теңбе-тең немесе теңбе-тең емес мінез-құлқы анықталады.
Өздеріне қанағаттанбайтын балалардың өзін-өзі бағалауы төмен болады. Мұндай
балаларды көбіне ата-аналары төмендетіп отырады немесе алдарына жоғары мақсат
қояды. Бұл жағдайда бала көбіне ата-ананың қойған талаптарына сай емеспін деп өзін
бағалайды. Кейде, мұндай жағдайлар баланы өте жиі қолпаштап себепсіз әр түрлі
сыйлықтар беретін, немесе кішкентай жетістіктерін мақтап отыратын жанұларда орын
алады.
Адекватты бағалауды тәрбиелеу үшін баланы мақтайтын және жазалайтын икемді әдіс
қажет. Баланың көзінше таңдану мен оны мақтау іске асырылмайды. Жақсы істері үшін
сыйлықтар берілмейді. Шектен шыққан жазалау қолданылмайды.
Егер ата-анадан балаға әрдайым қанағаттанбаушылық көрсетілсе, балада
қобалжушылық сезімі пайда болады. Жоғары қобалжушылық тұрақты сезімге
айналады. Егер ата-ана баласын жиі кемсітіп, оның кемшіліктерін әрдайым айтып
отыратын болса балада өзіне өзі сенімділік төмендейді. Өзіне өзі сенімділік
төмендегендіктен баланың сабаққа деген ынтасы төмендейді. Өзіне өзі сенімділігі
төмендеген сайын баланы болымсыз ерекшеліктерге итермелейді: тек қана үлкендердің
айтуымен жүру, белгілі бір үлгіге еліктеп айту, қорқақтық негізінде өзіндік бастама
жасамау, білім алуды және іс-әрекет түрлерін жасауды
формальды
қабылдау
.
Екінші тип – демонстративті (қыр көрсететін), яғни өзіне деген назарды аударту.
Көбіне мұндай балаларға назар көп аударылмағандықтан немесе жетістікке жетем
деген үлкен талаптан болады. Кейде балаға жеткілікті түрде назар аударылады, бірақ ол
онымен қанағат тұтбайды. Өзіне деген назардың қатты және өте жиі болуын калайтын
балалар көбіне ерке болып келеді. Мұндай балалар қай жағдайда болмасын өзіне
назарды аудартады.
Үшінші тип – «шынайылықтан кету». Бұндай жағдайда балалар өздеріне назарды
аударғанын қалайды бірақ қорқыныш сезімінің арқасында оны жүзеге асыра алмайды.
Олар көп назарға түспеуге тырысады, өзінің тәртібі арқылы жағымсыз болып көрінуден
қорқып, ата-ананың барлық талаптарын орындайды. Назар аудармашылық селкостық
күйге әкеледі.
Шыдамдылық тәрбиенің балада өсуінің педагогтар мен психологтар қандай әдістері мен
тәсілдерін ұсынады?
Мұндай әдістер көбіне қарым-қатынас мәдениетін дамытуға қолданылады.
Қарым-қатынас құрылымында қарым-қатынастың негізгі мазмұны анықталады: ақпаратты
жеткізу, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы және тануы. Ақпаратты жеткізу қарым-
қатынастың коммуникативті аспектісі ретінде қолданылады, адамдардың бір-бірімен түсінісуі
және тануы. Сондықтан адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болуы қажет, оларға өзінің ойын
басқа біреулер түсінуі үшін дұрыс жеткізе алуы қажет.