48
Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?
Қазір не болды?
«Жер тұрғындарына» арналған сұрақтар:
Топта сіздерге шешім қабылдауға не көмектесті?
Осындай жаттығуды қайтадан орындау керек болған жағдайда, сіз басқа не істер
едіңіз?
Барлығына арналған сұрақ: Мұндай жұмыстан кейін қандай қорытынды шығаруға
болады?
Келесі ойын сергіп алу үшін арналады.
«Салки-обнималки» ойны (10 минут)
Бастаушы жұбы жоқ адамға қолын тигізіп таңдауға болады, содан кейін жұбыңыздың қолынан
қатты ұстау керек. Егер (үштік) үш адам болса, онда ең соңғы болып қосылған адамды
таңдауға болады.
Ал енді қазір біз қарым-қатынас барысында қандай мәселелер болатынын білетін боламыз
және оларды шешудің жолдарын қарастырамыз.
«Қарым-қатынас барысындағы менің мәселем» атты жаттығу (20 минут)
Қағаз алып, мына сұраққа жауап жазуыңыз қажет: «Қарым-қатынас барысында туындайтын
сенің негізгі мәселең қандай?». Қағазға жауап жазған адамның аты жазылмайды, қағаз
бүктеледі де бір жерге жиналады. Содан кейін әрбір қатысушы кез-келген қағазды алып, оны
оқиды және берілген мәселені қандай жолмен шешуге болатынын табуға тырысады. Топ сіздің
ұсынысыңызды тыңдайды, сіздің берілген мәселені дұрыс түсінгеніңізді және оны шешуге
деген ұсынған тәсіліңіз тиімді/тиімсіз болғанын бағалайды.
Рефлексия: (5 минут)
Осы жаттығуды орындау барысында сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Сөз саптау қарым-қатынас барысында басты рөл атқарады. «Сөйлеу» барысында барлығы да
маңызды: сіздің жұбыңызға деген қарым-қатынасыңыз, алғашқыда не айтылу керектігі,
айтылған сөздің сөйлеу мәнеріне сәйкес келетіні және т.б. Ежелгі ойшылдардың айтуынша,
әңгімелесуді жүргізу− нағыз өнер болып табылады. Ең бір қызығы− кейбір адамдар өздерінің
сөз сөйлеу қабілетінің жоқ екендігін біле тұра және оны үйрену барысында, өздерін қоршаған
адамдармен, яғни достарымен, ұжымдастарымен, туысқандарымен жақсы тіл табыса
алмайтынын мүлдем ойламайды. Сонымен қатар, өмірде мынадай жағдайлар жиі болады.
Мысалы, біз бірнәрсені айтқымыз келеді, бірақ өзіміз ойланбастан оның орнына басқа
бірнәрсе айтамыз немесе белгілі бір маңызды ойды әлде сезімді сипаттау барысында мүлдем
сөз таппай қаламыз.
Тыңдай білу − қарым-қатынас барысының ажырамас әрі маңызды бөлігі болып табылады.
Адам екінші бір адамды мұқият тыңдағанда, оның көздері, денесі, бет әлпеті сөйлеушіге
бағытталады. Бұл өз кезегінде сөйлеушінің тыңдаушыға шынайы түрде өз ойын жеткізуге
49
ықпалын тигізеді. Қарым-қатынас кезінде алаңғасарлықтың, ықтиярсыздықтың, селқостықтың
болуы ешқашанда жақсы нәтиже бермейді.
«Тыңдау қабілеті» атты жаттығу (25 минут)
Топтың қатысушылары дөңгелек болып отырады.
Ережесі: Қазір біз теңіз жағалауында біраз серуен жасаймыз. Ыңғайлы болатындай етіп
отырыңыздар және жайлап көздеріңізді жабыңыздар. Дем алыстарыңызға назар
аударыңыздар, оны сезініңіздер: ауа мұрын, тамақ арқылы өтіп, кеудеден сіздердің
өкпелеріңізге өтеді. Әр дем алған сайын сіздің денеңіз қуат алады және әр дем жіберген сайын
сіздің бойыңызға жиналған уайым, қасірет, күйзеліс өздігінен кетеді. Өзіңіздің денеңізге назар
аударыңыз, оны аяқтың ұшынан басыңызға дейін сезініңіз. Сіз орындықта (кресло) отырсыз,
бір дауыстарды естіп отырсыз, бетіңізді ескен самал желді сезініп отырсыз. Егер
отырысыңызды өзгерткіңіз келсе, онда дәл солай жасаңыз. Ал енді өзіңізді теңізде екеніңізді
елестетіңіз. Сіз жаймен теңіз жағалауы бойымен келе жатырсыз. Жан-жағыңызға мұқият
қараңыз: сізді қандай түстерді байқадыңыз, қандай дыбыстарды естідіңіз, қандай жұпар иісті
сезіндіңіз? Аспанға, теңізге қараңыз. Өзіңіздің жағдайыңызды бақылаңыз: сізде қандай
эмоция,сезім пайда болуда және олар серуен кезінде қалай өзгеріп жатыр? Сіз ешқайда
асықпайсыз және ары қарай баяу жүре беруіңізге болады. Сіз теңізге түсіп, шомылғыңыз келуі
мүмкін немесе теңіз жағалауында отырғыңыз келуі мүмкін. Дәл осылай жасаңыз.
Ал енді осы бөлмеге, арамызға қайтып оралудың уақыты келді. Мұны өзіңізге ыңғайлы
ырғақта жасаңыз: көзіңізді бірден ашуыңызға болады немесе жабық көздеріңізбен тағы да
отыра тұруыңызға болады. Ал қазір біз алған әсерлерімізбен бөлісетін боламыз.Ол үшін 3-4
адамнан тұратын топтар құрайық. Топ құрамына жиналған адамдардың ішінде шағын топта
сізбен бірге болмаған адамдар болғаны жөн.
(Топтар құрылып болғаннан кейін)
Қазір әрбір адам өзінің алған әсерлері туралы, яғни серуен барысында пайда болған образдар,
сезімдер, сәттер туралы баяндайтын болады. Ал қалғандары естігендеріне қатысты сұрақ
қоймай, сынамай, түсініктеме сұрамай, тек қана мұқият тыңдайтын болады. Әсіресе, тыңдамай
отырған сәттеріңізге назар аударыңыз. Әрбір оқиғаға шамамен 3-4 минут кетіріңіз.
Осы жаттығуды аяқтағаннан кейін қатысушылар орындарына қайта оралып, өз әсерлерімен
бөліседі. Ендігі кезекте жаттығу шағын топтарда орындалады.
Рефлексия: (5 минут)
Сіз қандай кезде тыңдауды тоқтаттыңыз?
Біздің тренингіміз аяқталуда.
«Қол алысу» атты жаттығу (1 минут)
«
Бүгін біз бәріміз жақсы жұмыс жасадық және бәріміз де алғыс алуға лайықтымыз. Мен беске
дейін санағанға дейін сіздер бір-бірлеріңізге алғыс айтып, қол алысып үлгерулеріңіз керек».
Тренинг соңында рефлексия: (15 минут)
«Енді қорытынды жасайық...», «Не туралы талқылағанымызды тағы да бір рет анықтайық...»
Сіз өзіңізге бұдан не түйдіңіз?
52
Отпечатано в ТОО «FORTRESS»
Тираж: 100 экз.
Республика Казахстан,
г. Алматы, ул. Муратбаева, 138
Тел.: +7 (727) 399-87-97
Факс: +7 (727) 399 92 49
Email: fortress@inbox.ru