Балалардың толеранттылық тәлімін тәрбиелеудегі ата-аналар дайындығы


- бөлім. Толеранттылық туралы жалпы түсінік және оның формасы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет3/19
Дата21.12.2017
өлшемі0,52 Mb.
#5271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 

1-



бөлім. Толеранттылық туралы жалпы түсінік және оның формасы 

 

Қысқаша  философиялық  энциклопедияға  сүйенер  болсақ,  толеранттылық  –  латын 

тілінің “tolerantia”  сөзінен пайда болған – төзімділікті, басқа көзқарастарға, ұстанымдар мен 

әдеттерге  шыдамдылықты  және  өзгелерді  өзімен  тең  дәрежеде  қабылдау  дегенді  білдіреді. 

Бұндай қатынас адамдардың ұлтына, тіліне, діни ұстанымдарына, жас шамасына, әлеуметтік 

дәрежесіне, терінің, шаштың реңіне және басқа-да қасиеттеріне қарамай құрмет көрсете білуді 

талап ететін қатынас түрі.   

Осыған  орай  сарапшылар  адамдардың  өмірлік  іс-әрекет  саласының  ерекшелігіне 

байланысты толеранттылықтың бірнеше формасын ұсынады.   

1. 


Саяси  толеранттылық  –  түрлі  партиялар  мен  бірлестіктердің  атқаратын  жұмысына  деген 

қатынас.   

2. 

Ұлтаралық  толеранттылық  –  түрлі  ұлт  өкілдеріне  деген  қатынас,  кейбір  ұлт  өкілдерінің 



кемшіліктері мен жағымсыз іс-әрекеттерін өзгелермен байланыстырмау.  

3. 


Нәсілдік толеранттылық – өзге нәсіл өкілдеріне қатысты теріс ұғымды ұстанбау.   

4. 


Діни толеранттылық – түрлі концессиялардың діни ерекшеліктерін мойындау.  

5. 


Гендерлік толеранттылық – өзге жыныс өкілдеріне дұрыс көзқараспен қарау. 

6. 


Жас  ерекшелік  толеранттылығы  –  түрлі  жас  мөлшердегі  адамдарға  дұрыс  көзқараспен 

қарау.  


7. 

Физиологиялық  толеранттылық  –  науқас,  мүгедек,  сыртқы  кемшіліктері  бар  адамдарға 

деген қатынас.  

8. 


Білімдік  толеранттылық  –  сауаты  жоғары  тұлғалардың  білім  дәрежесі  төмендеу 

адамдардың сөздеріне және іс-әрекеттеріне шыдамды қатынасы.  

9. 

Географикалық  толеранттылық  –  шағын  қалашық,  ауыл  және  басқа  аймақтардың  



тұрғындарына және керісінше дұрыс көзқараспен қарау. 

10. 


Таб-аралық  толеранттылық  –  түрлі  дәрежедегі  дүние-мүлік  иелерінің  –  байлардың 

кедейлерге, кедейлердің байларға шыдамды көзқарасы.  

11. 

Сексуалды-ориентациялық  толеранттылық  –  дәстүрлі  емес  сексуалды  ориентациясы  бар 



адамдарға қатысты шыдамды қатынас.  

12. 


Маргиналдық толеранттылық (қоғамның маргиналды өкілдеріне қатысты толеранттылық) 

– 

кедейлерге, мүсәпірлерге, сотталғандарға және т.б. деген қатынас. 



  

1995  жылы  БҰҰБҒМҰ  Толеранттылық  қағидаттары  мағлұмдамасындағы  анықтамаға 

сәйкес, толеранттылық  - «Әлем мәдениеттерінің, ойды білдіру формаларының және тұлғаның 

даралығын көрсету тәсілдерінің алуан түрлілігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс ұғыну». Бұл 

анықтама ең көлемді анықтама ретінде өзге ұлттарға, нәсілдерге, жынысқа, жас ерекшелікке, 

мүгедектікке,  тілге,  дінге,  саяси  немесе  басқа  да  көзқарастарға,  ұлттық  немесе  әлеуметтік 

тегіне және т.б. қатысты шыдамды қатынасты білдіреді. Мағлұмдама ағылшын тілінен орыс 

тіліне  «Декларация  принципов  терпимости»,  яғни  «Шыдамдылық  қағидаттары 

мағлұмдамасы»  деп  аударылған.  Дегенмен,  «шыдамдылық»  түсінігі  «толеранттылықтың» 

мағынасының  ауқымдылығын  көрсетпейді,  сонымен  қатар  қарама-қайшы  мағынаны  да 

білдіруі  мүмкін.  Орыс  тілінде  «терпимость»  яғни  «шыдамдылық»  теріс  ұғымды  білдіреді: 

шыдамдылық  өз  қатынасының  тек  сыртқы  тежеуі  болып  табылады  («мен  оған  әрең  шыдап 

жүрмін»).  Мағлұмдамаға  сүйенер  болсақ,  «толеранттылық»  керісінше,  «тұлғаның  әмбебап 

құқығы  мен  еркіндігін  мойындау  негізінде  қалыптасқан  белсенді  қатынас».  Көптеген 

зерттеушілер  (Н.А.    Асташова,    P.P.    Валитова,    П.В.  Степанов  және  т.б.)  толеранттылықты 

өзгеге немқұрайлы қарау деген ұғымнан бас тартып, оны мойындау, қабылдау, түсіну, яғни, 

өзгеден өзге бір құндылықтарды, ойлау қабілетін, іс-әрекеттің басқа бір үлгісін көруге, оның 



 

басқаша  болуға  құқы  бар  екендігін  тануға  қабілеттілік  деп  танып,  қарастыруды  ұсынады; 



сөзсіз,  осындай  ерекшеліктерге  дұрыс  қарау,  өзгенің  жан-дүниесін  тануға  қабілеттілік;  бір 

мезетте әлемге екі жақты көзқараспен: өзінің және өзгенің тарапынан қарай білу.   

Белгілі  ресейлік  зерттеуші  А.Г.Асмоловтың  пікірінше,  толеранттылық  идеясы  шиеленіс 

мәселесімен тарихи байланысты. Қоғамда адамдар арасында әрдайым шиеленіс алғышарттары 

болды және бар. Табиғи, әлеуметтік және психологиялық ресурстардың объективті шектеулігі 

адам қызығушылықтарының қарсы тұруына әкеледі. Сонымен қатар, әр адамның өзіндік ішкі 

әлемі,  өмірлік  тәжірибесі,  әлеуметтік  құбылыстардың  түрлі  аспектілеріне  қатысты  өз 

көзқарасы  және  оларға  берер  бағасы  болатындығы,  толерантты  ақыл-ойды  талап  ететін  кең 

диапазонды ойды, қайшылықтар мен шиеленістерді тудыратыны сөзсіз. 

Бұндай  қасиеттің  болуы  мәдениеттің  және  жеке  тұлғаның  мінезі  мен  психологиялық 

деңгейімен  байланысты.  Тәрбиелеудегі  және    жалпы  әлеуметтенудегі  амалдардың  алуан 

түрлілігі  шиеленісті  ұғынудың  түрлі  әдістерімен  және  оған  деген  көзқараспен  байланысты 

екендігі  белгілі.  Шиеленіс    қатысушылары  оны  қалай  қабылдайтыны,  қандай  көзқараста 

болатыны  жиі  жағдайларда  шиеліністі  шешудегі  негізгі  мәселе  болып  келеді.  Жанжалтану 

(конфликтология)  ұстаным  тұрғысынан,  толеранттылық  дегеніміз  –  полиэтникалық  және 

мәдениет-аралық  қоғамдық  шиеленіске  деген  сабырлықты  айқындайтын  әлеуметтік  норма. 

Бұл анықтама этникалық және мәдени түрлілігімен ерекшеленетін Қазақстан, Ресей, Бразилия, 

Канада, Қытай, АҚШ және т.б. елдер үшін әсіресе өзекті болып келеді.  

 

 

 



Ресми статистика деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында 130 ұлт бар. Сондықтан, 

Қазақстан үшін  этникалық саладағы толеранттылық мәселесін мемлекеттік, топ-аралық және 

жеке  дәрежеде  қарастырған  жөн.  Мемлекет  өзінің  ұлттық  саясатындағы  этника-аралық 

қатынастарды  және  үдерістерді  ҚР  Конституциясы  және  орталық,  аймақтық  және  жергілікті 

билік  дәрежесінде  іс  атқаратын  тиісті  органдар  мен  институттармен  қоса  құқықтық  база 

негізінде  реттейді.  Заманауи  этника-аралық  үдерістер  қарауындағы  методологиялық 




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау