Балалардың толеранттылық тәлімін тәрбиелеудегі ата-аналар дайындығы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет14/19
Дата21.12.2017
өлшемі0,52 Mb.
#5271
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

35 

 

 



Барлық  тараптың  қорқынышы  мен  қажеттіліктерін  атап  шығыңыз.  Осы  кезеңде  дайын 

жауаптарды  бермей,  тек  мына  категориялармен  жұмыс  жасау  керек.  Бұл  жауаптар  шынайы 

мұқтаждық  пен  қорқынышты  айқындайды.  Жанжалмен  жұмыс  жасау  құралы  ретінде  осы 

картаны  пайдалануға  болады.  Кез-келген  жағдайда  жанжалмен,  шиеленіспен  жұмыс 

жасағаннан, оны алдын-ала ескерткен әлдеқайда оңай. Мұндай карталарды мына жағдайларда 

қолдануға болады: 

 

әріптестерімен қарым-қатынасын реттеуде;  



 

жоспар құруда; 

 

үйде, жұмыста және т.б. қиындықтардың пайда болуы кезінде;  



 

келіссөздерге дайындық кезінде;  

 

жиналыстарда, келіссөздерде. 



 

Кез-келген  оқиғаларда  карта  жағдайдың  дамуының  шынайы  келешегін  көруге  мүмкіндік 

береді.  Оны  маңызды,  көкейкесті  жағдайларда  қолданыңыз.  Мәселелердің  туындауы  олар 

жайлы  ойлануға  және  қалайда  оларды  шешуге  көмектеседі.  Адамдардың  талаптарының 

артында  қандай  қажеттілік  тұрғанын  анықтаңыз.  Картамен  жұмыс  жасағанда  "ортақ 

байланыс" орын алады, яғни: ортақ қызығушылықтар, ортақ қажеттіктер. Бұл келешекте ортақ 

платформа (тұғырнама) бола алатын факторлар.  

 

Тренингтерге қатысушылардың уақыты  болуына байланысты,  оларға басқа да пайдалы 



және қызықты тапсырмалар беруге болады, атап айтсақ: 

 

1. 



Тараптар  арасындағы диалог:  «Мен»  мейірімді  ана  және  қатал  ана  жағдайын 

талдау 

 

Фасилитатор: «Әрқашан баласын жақсы көретін, жылылық пен қамқорлыққа толы мейірімді, 



жұмсақ,  қамқоршыл  ананы  көрсету  керек.  Оны  баласының  шорқақтығы,  жайбасарлығы, 

епсіздігі  ашуландырмайды.  Ол  ешқашан  баласына  дауыс  көтермейді  және  ешқашан  дене 

жазалау түрлерін қолданбайды. Бастайық». 

Мұндай  тапсырма  көбінесе  авторитарлық  типті  ата-аналарға  ұсынылады.  Бұл  үшін 

қатысушыларға  алдын-ала  мына  сұрақты  қою  қажет  «Кім  өзін  айтарлықтай  авторитарлық 

анамын  деп  есептейді  (әжесі,  әкесі,  атасымын)?».  Ұтылу  ережесі  бойынша  күн  тәртібін 

орындау  (таңертең:  мектепке  дайындық;  үй  тапсырмасын  орындау;  қонақ  қабылдауға 

дайындық және т.б.). 

 

Фасилитатор: 



Қатал ата-аналарды көрсетеміз.  

Бұл тапсырма өз балаларымен қиын қарым-қатынастағы ата-аналарға ұсынылады (алдын-ала 

тренинг қатысушыларынан мұндай аналар, әкелер, әжелер, аталардың бар-жоғы анықталады). 

Практикалық материал ретінде ережелері, тәртібі талқыланады. Егерде, топ қатысушыларына 

бұл  тапсырманы  орындау  барысында  қиындық  туындаса,  «бос»  орындық  техникасының 

көмегіне  жүгінуге  болады.  Бұл  былай  орындалады.  Ортаға  екі  орындық  қойылады,  біреуіне 

балаларымен  қатысуда  қиындық  мәселесі  бар  қатысушы  отырады.  Бірінші  оған  өзінің 

үйреншікті мінез-құлқын пайдаланған  вариантты ұсынады. Сосын тренер қатысушыға қарсы 




36 

 

орындыққа отыруын сұрайды, енді өз мінезіне қарама-қайшы әрекетті көрсетуі керек. Барлық 



топ қатысушыға жаттығуды орындауда көмек көрсетеді.  

  

      



2. Даулы, жанжалды мәселелерде ертегі терапиясы  

Мақсаты:  Даулы, жанжалды жағдайларды альтернативті шешуде және уәждемелік талдау 

жасауда  «По  щучьему  веленью»  (көктен  түскендей)  орыс  халық  ертегісін  мысалға  алсақ; 

психодрама, яғни, психотерапия және психологиялық кеңес беру әдісін жетілдіру. 

Қатысушылардың қалауы бойынша басқа танымал ертегіні талдауға болады.  



Тәртібі:  Топ  қатысушылары  (біреу  басқасын  жалғастырады)  атақты  ертегінің  сюжетін 

(желісін)  еске  түсіреді,  затты  (не?)  және  дауласудың  әрбір  тарабын  (кім?)  анықтайды  (олар 

кемінде 12), көбісіне әдеттегі үлгі бойынша талдайды: 

2. 


Неге? (жанжалдасу себептері). 

3. 


Қалай? (жанжалдасу тараптарының стратегиясы және тактикасы). 

4. 


Не үшін? (тараптарының мақсаттары, қызығушылықтары, пайдасы («нәтижесі»). 

Сосын қатысушылар бұл дауласуды шешудің дұрыс балама жолдарын ұсынады. 

Мұндай  сабақтың  түрі  ата-аналарға  өз  балаларымен  қарым-қатынас  жасауда  өздерінің 

әдеттегі қателіктерін тез және тиімді айқындауға және олардың қылықтары мен тәртіптеріне 

жақсы түсіністікпен қарауға әрекет етеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



37 

 

Қорытынды 



 

Адамның жақсылыққа не жамандыққа ұмтылуы сәби кезімен келеді және жылдар өте не ол, не 

бұл  бағытқа  қарай  дамиды.  Және  өз  балаларының  шығармашылық  қуатын  керек  арнаға 

бағыттауы  тек  ата-аналардың  жауапкершілігінде,  оларға  оны  өзінің  және  басқаның  игілігіне 

жұмсауға  көмектеседі.  Біздің  соғысқа,  зорлыққа,  азғындауға  толы  әлемде,  бұны  іске  асыру 

оңай  емес.  Ата-аналарға  балаларының  психологиялық,  эмоционалдық  және  адамгершілік 

дамуына  әсер  ететін  нәрсенің  бәріне  үлкен  ұқыптылық,  сақтық,  сезгіштік,  түсіністік  керек. 

Балаларын  жақсылыққа  ұмтылуға,  өзара  сыйластыққа,  махаббатқа,  аяушылық  пен 

рақымшылыққа  тәрбиелеуде  ата-аналар  балаларына  болашақ  өмірдің  бейнесін  жасайды. 

Балаларымыз өздігінен толерантты, жоғары адамгершілікті тұлғалар болады және біздің күш-

жігерімізсіз  қоршаған  әлем  дұшпанды,  адамгершіліксіз  болуын  тоқтатады  деп  күту  мүмкін 

емес. Сондықтан осы себепке байланысты ата-аналар балаларының шығармашылығына ерте 

жастан белсенді қатысып, оның толерантты тұлға болуына тәрбиелеу керек.  

Жанұя  балаға  әлеуметтік-тарихи  және  эмоционалды  тәжірибе  беруде,  әсіресе  адамдар 

арасында  іскерлік  өзара  қарым-қатынаста  жанамалық  бөлігі,  қайнар  көзі  болып  табылады. 

Осыдан  жанұяны  баланы  әлеуметтендірудің,  тәрбиелеудің  маңызды  институты  деп  толық 

айтуға болады.  

Әлеуметтік  жоспарда  бала  өзінің  беделді,  ақылды,  күшті,  мейірімді  және  жақсы  көретін 

адамының  орнына  өзін  қойып,  жетіледі.  Бала  осындай  құнды  қасиеттерді  иеленіп,  ата-

аналарына ұқсағысы, солардай болғысы келеді. Тек балаларына беделді ата-ана ғана, осындай 

үлгі  бола  алады.  Маңыздысы,  үлкен  тәжірибеге,  ақыл  мен  қайырымдылыққа  негізделген 

шынайы беделдің болуы және балалары ерікті, саналы түрде тыңдауы керек. Балаға шынайы 

және қажет бедел, мәртебе - ол анасымен көп уақыт өткізуі болып саналады. Ержеткен бала 

жанұя  құрылымын  және  ата-аналарының  қосымша  рөлдерін  түсінуге  қабілетті  болады. 

Сонымен,  жанұя  қарым-қатынасында  ең  бастысы,  ерлі-зайыптылар  арасындағы  қарым-

қатынас, олардың өзара қосымша рөльдері және олардың ешқайсысының сенімді, махаббатты 

кетірмей, бала тәрбиесінде біртұтас болуы.  

Бала тәрбиесі қазір жәй дайын білімді, ептілікті, дағдыны және тәрбие стильдері 

бағдарламаларынан да маңыздырақ болып тұр. Қазір тәрбиенің дұрысы – бұл баламен 

тәрбиешінің тұрақты сөйлесуі (диалогы) және баланың дербес шешімдерін барынша игеру 

үдерісінде өмірін мәнді ететіндей, қоғамның толық құқылы мүшесі болуына көмектеседі.  

Баланың дамуын бақылау барысында туындаған кейбір қиындықтар, бұл жанұя мәселелерінің 

бейнеленуі, қалыпты жанұялық қарым-қатынастардың бұзылуы. Және балаға көмектесу үшін, 

ең алдымен, оның жанұясына көмектесу керек. Педагогикалық және психологиялық білім 

беру семинарлары осы кезде нағыз «жедел жәрдем» бола алады. Ұсынылған материалдар тек 

бұл жетіспеушілікке ғана бағытталмай, мүмкіндігінше, бұдан мұнан былай ата-аналар мен 

балалардың тиісті тәрбиесі мен толеранттылық жанұялық қарым-қатынастар сұрақтарына 

қызығушылық танытқан басқа да тұлғалар мен мекемелер толық бағдарламалар мен іс-

шаралар желісін құруы керек. 

 

 



 

 

 


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау