Тырнақтар: туа біткен эктодермальды дисплазияда тырнақ мүлдем жоқ болуы
мүмкін.
Паранохий – тырнақтың жиегі қабынып, ісіп айналасындағы тері қызарады.
Тырнақтың сыңғыштығы мен тегіс еместігі эритремияда, микседемада, тетанияда, қант
диабетінде және хлорозда кездеседі. «Сағат шынысы» тәрізді тырнақ кейбір іріңді
ауруларда (бронхоэктазия ауруы, өкпе іріңдігі, бактериялық эндокардит), бауыр
циррозында және жүректің іштен туа болатын кейбір ақауларында кездеседі.
а б
в
26- сурет. Қызылша (бөртпенің шығу сатылығы).
а) 1-ші күн; б) 2-ші күн, в) 3-ші күн
169
Пальпация – баланың денесін ауыртпай жәйлап,
жасалу керек.
Зерттеушінің қолы таза, жылы, құрғақ, тырнағы қысқа алынған болуы міндетті.
Пальпация (сипау) арқылы терінің созылғыштығын (эластикалық қасиеті), ылғалдылығын,
қызуын, тургорын, дермографизмді (теріні сызғанда, оның із қалдыру қасиеті),
сезімталдығын анықтайды. Қалыпты жағдайда баланың терісі ылғалды, бархат тәрізді
болады. Теріні пальпация жасағанда, баланың ауырсынатыны немесе ауырсынбайтынын
анықтау үшін, бет пішін, қимылдарын мұқият қадағалап отыру керек.
Терінің қалыңдығы мен созылғыштығы тері асты шел майы ең аз жерде анықталады:
қол басының сыртқы беті, кеуде қуысының алдыңғы беті, шынтағы және т. б. Ол үшін
теріні (тері асты шел майы алынбайды) сұқ саусақ пен бас бармақтың арасына теріні
қысып алып, тартып, босатып жібереді. Қалыпты жағдайда саусақты босатқан кезде, тері
тез жазылып кетеді. Егер бірнеше қыртыстар пайда болып, бірден тарамай, жәй тарайтын
болса, созылғыштығы төмендеген (нашарланған), ал тіптен тарамай қойса, жойылған
болып есептелінеді.
Тургор (тіндер мен жасушалардың қысушы күштерге қарсы әсері) санның, қардың
ішкі бетінде теріні, шел майын, бұлшық етті екі саусақтың арасында қысып, қарсылык ету
мүмкіншілігін анықтайды (27 сурет). Тургор мен терінің
созылғыштығының бұзылуы әдетте қабаттасып жүреді. Бірақ,
ұдайы бұлай бола бермейді. Мысалы, эксикозды токсикозда
терінің созылғыштығы тургор өзгеруісіз нашарлайды, ал II–III
дәрежелі гипотрофияда керісінше болады.
Терінің ылғалдылығы қолдың сыртқы жағымен кеудені, ішті, арқаны, қолтық астын,
алақанды, табанды сипау арқылы анықталады (28 сурет).
27 сурет.
Жұмсақ тіндердің
тургорын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |