Жара (ойық жара, ulcus) – кейде төменгі мүшелерге дейін жететін терінің
зақымдалуы. Бірінші реттегі элементтердің бұзылуына, лимфаның, қан айналысының.
Дөңгелек эритема немесе анулярлық бөртпе – нәзік, бозғылт-қызғылт, қисық
сақина тәріздес, көбіне денеде, іште, аяқ-қолдардың ішкі жағында, сиректеу бетте,
табанында орналасатын, қышыма бөртпе.
Кейбір жедел жұқпалы ауруларды, бөртпелердің сипаттамасы бойынша,теріні қарау
арқылы анықтауға болады. Мысалы: қызамықта қызғылт түсті теріде (мұрын-ерін
үшбұрышынан басқа жерде) кішкене нүкте тәріздес бөртпелер аурудың бірінші күнінде
пайда болады. Қызылша барлық денеде ұсақ немесе үлкен дақты бөртпелердің болуымен
және бөртпелердің негізгі бір сатылық заңдылыққа бағынумен сипатталады. Мысалы:
бірінші күні бетінде және мойында, екінші күні денесінде, қолдарында, үшінші күні
дененің қалған бөлімдерінде пайда болады (26- сурет).
Терідегі бөртпелерге сипаттама бергенде төмендегі ережелерді сақтау керек:
- бөртпенің пайда болу уақытын, орналасқан жерін, мөлшерін және санын (көппе, аз ба),
түрін және түсін анықтау керек;.
- бөртпе бар дене бөліктері түгел көрсетіледі, негізгі орналасқан аймақтар (басы, денесі,
аяқ-қолының, буындарының, іші немесе сырты, терінің ірі қыртыстары және т. б.);
168
- бөртпелердің саны бойынша бірең-сараң (толық саны көрсетіледі), көп емес
(қарағанда тез санауға болады), көп бөртпе (көп, санауға мүмкін емес);
- бөртпе мөлшерін ең жақсы дамыған және басым элементті миллиметр немесе
сантиметрмен өлшеп анықтайды;
- бөртпелер түрін дөңгелек, овальды, дұрыс емес (қисық), жұлдыз тәріздес және т. б. деп
анықтайды. Шеттерінің айқындылығын немесе айқын емес деп белгілейді;
- бөртпелердің түсіне ерекше көңіл бөлінеді.Қабынған бөртпелер қызыл реңді түсті бо-
лып, бозғылт-қызғылт түспен көкшіл-айқын қызыл түстің аралығында болуы мүмкін.
Геморрагиялық бөртпелерге сипаттама бергенде олардың эволюция (даму)
барысында өзгеруіне байланысты көк, күлгін, қара-қошқыл (пурпурлы), көк түстер
қолдынылады.
Екінші реттегі бөртпелердің ерекшеліктерін көрсету керек: түлеудің сипаты және
орналасқан жері, қабықтың түсу мерзімі және т.б.
Гипертрихоз – дененің шамадан көп жүндеуі (ревмартрит, ауыр туа біткен ақаулық).
Жыныстық даму кезеңінде сыртқы жыныс мүшелерінің аймағында шаштың тез өсуі
байқалады, сонымен қатар, ер балаларда – үстіңгі ернінде, иегінде, кеудесінің алдыңғы
жағында, қыз балаларда – сүт бездерінің маңында, қолтығында тез өседі. Бұл жерлерге
шаштың өте ерте шығуы уақытынан бұрын жыныс жетілуінің жүріп жатқанын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |