Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 2,15 Mb.
бет4/9
Дата04.12.2017
өлшемі2,15 Mb.
#3062
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
      1) жатын және оқу үй-жайларында, кабинеттерде, зертханаларда, кітапханада, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін және демалу үй-жайларында, компьютер сыныптарында, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын орындарда плюс 18 – 22 градус Цельсий (бұдан әрі – оC);
      2) тамақтану залдарында, буфеттерде, киім үтіктейтін, кептіретін бөлмелерде, қоймаларда және киім-кешек бөлмелерінде +16
оC;
      3) физиотерапевт кабинеттерінде, массаж кабинеттерінде +28
оC; 
      4) медициналық үй-жайларда, топ бөлмелерінде, балалар тобындағы киім ауыстыратын орындарда, балалар тобындағы жатын бөлмелерде, балалар тобындағы дәретханаларда +20 – 22
оC, оңтайлы ылғалдылық – 40 – 60оC;
      5) оқу шеберханаларында, спорт залында және секциялы сабақтарды өткізуге арналған бөлмелерде, рекреацияларда, вестибюль мен киім ілетін орындарда, асханада, киімдер мен аяқ киімдерді кептіру бөлмелерінде + 15 – 17
оC;
      6) спорт залының киім шешетін орнында +19 – 23
оC;
      7) ваннасы бар бассейн үй-жайларында +30
оC;
      8) себезгі бөлмелерінде +25
оC;
      9) дәрігерлер кабинеттерінде +21 – 23
оC.
      10) Үй-жайлардағы ауаның оңтайлы ылғалдылығы 40 – 50 % -ды, асүйде және кір жуатын бөлмелерде 60 – 70 % -ға дейін құрайды.
      165. Жыл сайын объектілерде сумен жабдықтау, кәріздеу, электрмен жабдықтау жүйелеріне, жылыту кезеңінің басталуына қарай жылыту және желдету жүйелеріне ревизия және жөндеу жүргізеді.
      166. Апатты ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол берілмейді.
      Объектілердің ғимараты объектінің апаттылығы туралы құзырлы органдардың актісі болған кезде апатты жағдайда деп танылады.

6. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім


беру объектілерінің аумақтарын және үй-жайларын
күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      167. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде осы Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары болуы тиіс.


      168. Объектілердің аумағы таза ұсталуы, қар мен мұздан тазартылуы тиіс, қыс мезгілінде жолдарға құм себіледі. Ғимаратқа кіреберісте торлар, кілемшелер, щеткалар, қырғыштар орнатылады.
      169. Ойын алаңдарындағы жабдықтар және шағын сәулет мүсіндері балаларды серуендету немесе ойнату алдында күнсайын шаңнан немесе ластан тазартылады, құмсалғыштағы құмдар жұмсартылады, аптасына бір рет қопсытылады, 7 – 10 күнде бір рет қайнатылған ыстық сумен өңделеді, жұмыстан тыс уақытта ластанудан қорғау үшін жабылады. Жылына кемінде бір рет және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша құмды жаңа құммен ауыстырады.
      170. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) 2/3 бөлігі толған кезде тазартылады.
      171. Барлық үй-жайлар таза ұсталуы тиіс. Барлық үй-жайларды жинау жуу құралдарын қолдана отырып жүргізіледі және желдетіледі. Медициналық үй-жайларды, асхананы, буфетті және дәретханаларды күнсайын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жинайды.
      172. Барлық үй-жайларды күрделі жинау (жиһаздарды қозғалта отырып едендерді жуу, жарықтандыру арматураларын, есіктерді, жиһаздарды дезинфекциялау және жуу құралдарының көмегімен сүрту) ай сайын және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
      173. Объектілерде қызмет көрсететін персоналдың (тәрбиешілердің көмекшілері, техникалық персонал) саны кемінде 3 жиын болатын арнайы киімі (костюм немесе халат, орамал, қалпақ, алжапқыш) бөлек шкафта сақталатын ауыстыратын аяқ киімі болады.
      Дәретханаға кіру алдында халат шешіледі және шыққан соң қолды сабынмен мұқият жуады.
      174. Қолданылатын дезинфекциялау ерітінділері дайындалған күні көрсетіле отырып, таңбаланған ыдыстарда нұсқаулыққа сәйкес дайындалады. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалар мен жасөспірімдер үшін қол жетпейтін орындарда сақталуы тиіс.
      175. Үй-жайларды және жекелеген жабдық түрлерін (ас үстелдерін, ыдыс-аяқты, қабырғаларды, есіктерді, терезелерді, еденді) жуу және өңдеу үшін бөлек шүберек көзделеді. Шүберектер тиісінше таңбаланған ыдыстарда бөлек сақталады.
      176. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, щеткалар, шүберектер) таңбаланады және әр үй-жайға (санитариялық торап, медициналық кабинет, изолятор, ас блогы, ас блогындағы ет-балық цехы, буфет, рекреациялар, әр оқу бөлмесі, топтық үй-жайлар, зертханалар) бекітіледі және арнайы бөлінген орындарда сақталады. Оқу үй-жайларының топтары үшін жинау мүкәммалын пайдалануға жол беріледі.
      177. Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының сигналды түсі болуы тиіс.
      178. Сәбилер үйінде және МДТОҰ-ның топтық үй-жайларында, мектеп алды сыныптарында еден күніне екі рет жуылуы тиіс; жиһаздар, радиаторлар, терезелер, киімге арналған балалар шкафтары күнсайын сүртіледі және аптасына бір рет жуылады. Музыка және гимнастика сабақтары жүретін үй-жайларды жинау әр сабақтан соң жүргізіледі.
      179. Жаңадан сатып алынған ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификаттары болуы тиіс.
      180. Пайдаланылған ойыншықтарды күнсайын жұмыс күнінің соңында 2% сабынды-содалы ерітіндіні пайдалана отырып жуады, ағып тұрған судың астында шаяды және кептіреді. Қуыршақтың киімдерін ластануына байланысты жуады және үтіктейді. Ойыншықтарды жууға арналған ыдыс пен щетка таңбаланады.
      181. Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтан 25 см қашықтықта бактерицидті шамдармен 30 минут бойы дезинфекциялайды.
      182. Сәби жастағы балалар үшін және изоляторда жұмсақ ойыншықтар және пенолатексті түкті ойыншықтарды пайдалануға жол берілмейді.
      183. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, ТКБ, КББО, ЖОО-да жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күнсайын ылғалды жинау жүргізіледі:
      1) сыныптарды, шеберханаларды және оқу кабинеттерін жинау әр ауысымдағы сабақ аяқталған соң жүргізіледі;
      2) дәліздер мен рекреацияларды – әр ауысымның сабақтары аяқталғаннан кейін;
      3) ойын залдарын – күн соңында;
      4) тамақ ішу залы – әр тамақ ішкеннен кейін;
      5) киім ілінетін орындар, вестюбюльдер – әр ауысымның сабағы басталу алдында;
      6) спорт залдарында – желдете отырып, күніне 2 рет;
      7) ғимараттың санитариялық тораптарында – әрбір үзілістен кейін.
      Үй-жайларды ылғалды жинауды (едендерді жуу) ұйымның жұмыскерлері жүргізеді.
      184. Объектілерде екі ауысымдық сабақтар болған кезде ауысым арасында үй-жайларды жинау және өтпе желмен желдету үшін ұзақтығы кемінде 45 минут болатын үзіліс көзделеді.
      185. Спорттық мүкәммал шүберекпен сүртіледі, мүкәммалдың металл бөліктері өңдеуден кейін құрғағанға дейін сүртіледі. Былғарыдан жасалған төсенішті қоспағанда, төсеніштердің матадан жасалған алмалы-салмалы тыстары болады, олар аптасына кемінде бір рет және ластануына байланысты жуылады. Былғарыдан жасалған төсеніштер 2% сабынды-содалы ерітінді пайдаланыла отырып, ылғалды шүберекпен сүртіледі. Маталы төсеніштер аптасына кемінде 1 рет шаңсорғыштың көмегімен шаңнан тазартылады немесе ашық ауада қағылады.
      186. Инфекциялық және паразиттік аурулар жағдайлары тіркелген кезде эпидемияға қарсы және дезинфекциялау іс-шаралары жүргізіледі.
      187. Сору желдеткіші жүйелерінің жалюз торлары айына кемінде 1 рет шаңнан тазартылады. Сору желдеткіші шахтасын тазарту жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Терезелер және терезе жақтаулары ластануына байланысты, бірақ үш реттен сиретпей іштен және сырттан (көктемде, жазда, күзде) жуылады.
      188. Дәретханаларда едендер, есік тұтқалары, кран барашкалары, раковиналар және унитаздар күнсайын дезинфекциялауға жатады. Унитаздардағы отырғыштар сабынды жылы сумен жуылады. Унитаздың ішкі бетін тазалау және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, щеткалармен (квач) тазартады.
      189. Пайдаланылған жинау мүкәммалы дезинфекциялау ерітіндісіне салынады, экспозициядан кейін шайылады және кептіріледі. Таза жинау мүкәммалы таңбаланған ыдыста шаруашылық шкафта немесе үй-жайларда жинау мүкәммалын өңдеу және сақтау үшін сақталады. Санитариялық тораптарды жинауға тәрбиеленушілер мен оқушыларды тартуға жол берілмейді.
      190. САҚ-ты жинау күнсайын дезинфекциялық құралдарын қолдана отырып жүргізеді, қазылған шұңқырды дизенфекциялау 10 күнде 1 рет, қабырғаларды әктеу дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, айына 1 рет жүргізіледі. САҚ-ны оның 2/3 бөлігі толуына байланысты, бірақ жылына бір реттен сиретпей тазартылады.
      191. Ас блогы үй-жайларына (жатын және қажеттілігіне қарай басқа да үй-жайларда) шыбындар мен масалардың ұшып кіруінің алдын алу үшін желдету үшін ашылатын терезелерге, терезе желдеткіштеріне, фрамугаларға тор орнатылады.
      192. Кілемдер күнсайын шаңсорғышпен тазартылады, күрделі жинау кезінде оларды ылғалды щеткамен сүртеді және желге қақтырады.
      193. Құндақтау үстелдерін, балалардың жаялық астына салатын клеенкаларын, манеждердің, төбешіктердің жапқыштарын күнсайын және олардың ластануына байланысты сабынды сумен жуады. Нәжіспен ластанған жағдайда, жуу және дезинфекциялау құралдары қолданыла отырып, арнайы бөлінген шүберекпен бөлінділерден тазартылады.
      194. Жеке түбектерді пайдалану қызмет көрсететін персоналдың қадағалауымен жүргізіледі. Түбектер пайдаланылғаннан кейін тазартылады, жуылады және дезинфекциялау ерітіндісі бар таңбаланған ыдысқа салынады, кейіннен оны шаяды. Таза түбектер дәретханаларда, жеке таңбаланған ұяшықтарда сақталады.
      195. Объектілерінде жылына кемінде бір рет инженерлік жүйелерге, шатырға, қатты және жұмсақ мүкәммалға, жиһаздарға, жабдыққа және санитариялық-техникалық аспаптарға ревизия және қажеттілігіне қарай жөндеу (ауыстыру) жүргізіледі.
      196. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде апаттық жағдайларды жою бойынша жұмыстарды қоспағанда, күрделі және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      197. Ұйымда шыбын-шіркейлердің, егеуқұйрықтардың және тышқан үлгідегі кеміргіштердің болуына жол берілмейді. Дезинсекциялауды және дератизациялауды қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйым жүргізеді.

7. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім


беру объектілерінде тұру жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      198. Балалар мен жасөспірімдердің тұруына арналған объектілер ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда бөлек тұрған ғимараттарда, сондай-ақ оқу корпустарымен аралас орналасуы мүмкін.


      199. Сәбилер үйлерінің, МДТОҰ-ның (балалар тәулік бойы болатын) жатын бөлмелерінің тұрғын ауданы 1 тәрбиеленушіге кемінде 2 м2, интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да кемінде 4 м, полиемиелит және енжар паралич ауруларынан зардап шеккен балаларға арналған мектеп-интернаттарда кемінде 4,5 м2 көзделеді. 200.
      200. ТКБ оқушылары мен ЖОО студенттеріне арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м
2 аудан көзделеді және 1 бөлмеде 4 адамнан артық тұрмайды.
      201. Сәбилер үйлерінің жатын бөлмелері төрт жағының қоршауы бар, ұзындығы 1,2 м, ені 0,6 м стационарлық кереуеттермен жабдықталады. Балалардың жасына байланысты төсектің еденнен биіктігі 0,3 – 0,5 м құрайды. Қоршау биіктігі еденнен 0,95 м.
      202. МДТОҰ-ның жатын бөлмелері жеке стационарлық кереуеттермен жабдықталады. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған кереуеттердің ұзындығы 120 см, ені 60 см құрайды, қоршауының және төсек биіктігі реттеледі, 3 – 7 жастағы балаларға арналған төсектердің ұзындығы 140 см, ені 60 см.
      203. МДТОҰ-ның жатын бөлмелерінде кереуеттер өтуге және үй-жайды жинауға ыңғайлылықты есепке ала отырып, ұзын жағынан терезелерге параллель орналастырылады. Кереуеттер қатарлары арасындағы ең аз қашықтық – 0,5 м., бас жақтарының арасы – 0,2 м.
      204. Интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның жатын корпустарындағы және оқушылар мен студенттерге арналған жатақханалардағы жатын бөлмелер мынадай есеппен қатты мүкәммалмен жабдықталады: 1 адамға 1 кереует, 1 кереует жанындағы тумба, 1 орындық, киімге және аяқ киімге арналған киім ілгіш шкаф. Әр бөлмеде жазу үстелі көзделеді. Жатын бөлмелерде 7 жастан бастап қыз және ұл балалардың жеке тұруы көзделеді.
      205. Жатын бөлмелердегі кереуеттер кереуеттердің ұзын жағының арасында 0,65 м, сыртқы қабырғадан кемінде 0,6 м, жылыту құралдарынан 0,2 м, екі кереуеттің бас жақтарының арасында 0,2 м, кереуеттер арасындағы орталық өту ені кемінде 1,0 м қашықтық сақтала отырып орналастырылуы тиіс.
      206. Жатақханалардағы және жатын корпусындағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар (дәретханалар, қолжуғыштар, себезгі кір жуатын орындар, киім үтіктейтін орындар, киім кептіру бөлмелері, киімдер мен аяқ-киімдерді тазалау бөлмелері, ортақ асүйлер) осы Санитариялық қағидалардың нормаларына сәйкес бірінші қабатта көзделеді.
      207. ТКБ және ЖОО жатақханаларының қабаттарындағы асүйлер тұрмыстық тоңазытқыштармен, пештермен, жуғыштармен, үстел-шкафтармен, ыдыс-аяққа арналған шкафтармен, қажет болғанда орындықтармен немесе табуреткалармен жабдықталады. Жабдық мынадай есеппен орнатылады: 5 адамға газ пешінің 1 конфоркасы, 3 адамға – электр пешінің 1 конфоркасы, 8 адамға – 1 жуғыш және 1 үстел-шкаф, 6 – 8 адамға – 1 тұрмыстық тоңазытқыш.
      208. Бір жатын орынға төсек жабдықтарының үш жиынтығы көзделеді. МДТОҰ мен интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да барлық төсек жабдықтары (матрас, жастық, көрпе таңбаланады; жиналмалы кереуеттерді пайдаланған кезде төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) таңбаланады.
      209. Интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның жатын корпустарын санитариялық-техникалық жабдықпен қамтамасыз ету нормалары осы Санитариялық қағидаларға 
6-қосымшаға сәйкес көзделеді.
      ТКБ оқушыларына арналған студенттік және жатақханаларда: 4 – 6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуғыш және 1 унитаз және 50 адамға 1 биде орнатылады. әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға 1 кабина көзделеді және жоғары көтерілетін себезгімен, унитазбен, себезгімен және қол жуғышпен жабдықталады.
      210. Арнайы түзету ұйымдарындағы тұрғын үй-жайлардың санитариялық тораптарындағы санитариялық құралдардың, гигиеналық жабдықтардың саны ұйымның бейінін есепке ала отырып есептеледі:
      1) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттарында 8 қыз балаға 1 унитаз, 12 ер балаға 1 писсуар және 8 ер балаға 1 унитаз, 6 адамға 1 қолжуғыш және 12 адамға 1 аяқ жуатын ванна; гигиеналық себезгілер – мектеп-интернаттарының 16 тәрбиеленушісіне 1 себезгі торы, 50 адамға 1 биде есебімен қыздар гигиенасы бөлмесі орнатылады;
      2) соқыр және көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарында 8 қызға 1 унитаз, 10 ер балаға 1 унитаз және 0,5 м лотокты писсуар, 3 тәрбиеленушіге 1 қолжуғыш (қыздарға, ұлдарға), 6 тәрбиеленушіге 1 аяқ жуатын ванна, 30 қызға бір гигиена бөлмесі; оқу блогында персоналға арналған 1 дәретхана (бір унитаз, бір қолжуғыш); 12 тәрбиеленушіге бір себезгі торы есебімен гигиеналық себезгі; себезгі жанында ер балалар мен қыздарға бөлек бір унитаз, қолжуғыш, дәретханасы бар екі ванна;
      3) тілінің мүкісі бар саңырау, көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарында 15 қызға бір унитаз және 20 ер балаға бір унитаз және бір писсуар; 8 тәрбиеленушіге бір қолжуғыш; 12 тәрбиеленушіге бір аяқ жуатын ванна; 70 қызға 1 гигиеналық кабина; мектеп-интернат персоналы үшін 2 дәретхана; 18 тәрбиеленушіге бір себезгі торы есебімен гигиеналық себезгі, ванна жанында ер балалар мен қыздарға арналған унитазы мен қолжуғышы бар бір ванна және бір дәретхана.
      4) ақыл-есі дамымаған балаларға арналған мектеп-интернаттарда 8 қызға 1 унитаз, 10 ер балаға 1 писсуар және 1 унитаз; 4 тәрбиеленушіге 1 қолжуғыш, 8 тәрбиеленушіге 1 аяқ жуатын ванна; 35 қызға 1 гигиеналық кабина; 16 тәрбиеленушіге 1 гигиеналық себезгі есебімен гигиеналық себезгі; ер балалар мен қыздарға арналған үй-жайларда қолжуғышы бар бір ванна және бір унитаз көзделеді.
      211. Балалар тәулік бойы болатын объектілерде оларды жуындыру төсек жабдықтары, іш киімді және сүлгілерді бір мезетте ауыстыра отырып, жеті күнде кемінде бір рет кесте бойынша жүзеге асырылады.
      212. Киім-кешектерді жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылуы тиіс, ол болмаған жағдайда, шарт бойынша кір жуатын орындарда жууды ұйымдастыруға жол беріледі. Инфекциялық аурумен ауыратын науқастардың киім-кешектері жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатқызылады.
      213. Төсек жабдықтарын, сүлгілерді ауыстыру ластануына байланысты, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуу орнына қаптарда (клеенкалы және мата) жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы сабынды-содалы ерітіндімен өңделеді. Таза киім жуылған қапта жеткізіледі.
      214. Төсек жабдықтарының, жаңа және ескі киім мен аяқ-киімдердің, қатты мүкәммалдың қорын сақтау үшін қоймалар көзделеді.
      215. Кір жуатын орынды орналастыру кезінде таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағымы болмауы тиіс. Лас киім-кешекті тапсыруға және таза киім-кешекті алуға арналған терезелер бөлек болады және топтық бөліктер үй-жайына, жатын бөлмеге және ас блогына кіру есігіне қарама- қарсы орналастырылмайды; топтық үй-жайлардың терезесінің астына: ойын бөлмесінің, кіреберіс үй-жайдың, жатын бөлменің, сондай-ақ оқу үй-жайларының терезесі орналастырылмайды.
      216. Лас киім-кешекті тапсыруға арналған терезесі бар шлюз кір жуу орнына қарай ашылуы тиіс. Сәбилер үйінің кір жуатын орындарында жас балалар тобы үшін ауданы 9 м
болатын киім-кешектерді алғашқы өңдеуге арналған бөлме көзделеді.
      217. Жобалық қуаты 280 адамға дейінгі мекемелерде кір жуатын үй-жайлар құрамында ауданы кемінде 4м
2болатын лас киім-кешекті өткізуге және сұрыптауға арналған, жеке есігі бар үй-жай көзделуі тиіс.
      218. Кір жуатын орындар суық және ыстық су тартылған ванналармен жабдықталуы тиіс. Кір жуатын машина-автоматтарды орнатуға жол беріледі.
      219. Балалар тәулік бойы болатын сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да, интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да төсек жабдықтары, сүлгілер, жеке гигиена заттары (тіс щеткасы, тарақ, жөке) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткасын дәретханадан оқшауланған үй-жайдағы ашық ұяшықтарда сақтайды.

8. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен


білім беру объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      220. Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде мыналарға бөлінеді:


      1) өндірістік шикізатты сатып алуды, аспаздық тағам өндіруді, білім беретін мекемелерді жабдықтауды жүзеге асыратын мектеп тағамының базалық ұйымы (мектеп тағамының комбинаты, мектеп-базалы асханалар);
      2) жартылай фабрикаттардан тамақ және аспаздық бұйымдар дайындауды және оларды өткізуді жүзеге асыратын дайындауға дейінгі қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;
      3) апта күндері бойынша әртүрлі ас мәзіріне сәйкес тамақ өндіретін және (немесе) өткізетін азық-түлік шикізатымен немесе жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін асхана объектілері;
      4) дайын тамақты, аспаздық, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын буфеттер, буфеттер-тарату орындары.
      221. Тамақтану объектілерінде тұруға, қоғамдық тамақтанумен байланысы жоқ жұмыстар мен қызметтерді орындауды, сондай-ақ жануарлар мен құстарды ұстауға жол берілмейді.
      222. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде шикізатпен немесе жартылай фабрикатпен жұмыс істейтін ас блогы көзделеді. Ас блогы 2 қабаттан жоғары орналастырылмайды. Ас блогын 2-ші қабатта орналастыру кезінде өнімді тасымалдау үшін жүк көтеретін лифтімен жабдықталады.
      223. Шикізатпен жұмыс істейтін ас блогының құрамы мыналарды қамтиды: ыстық цех, тарату бөлмесі, салқындату цехы (немесе шартты аймақ), ет-балық цехы, көкөніс цехы, асхана ыдыстарын жуатын және жеке ас үй ыдыстарын жуатын бөлме, құрғақ өнімдерді сақтайтын қойма, көкөністерді сақтайтын қойма, тоңазытқыш жабдығы бар тез бұзылатын өнімдерді сақтауға арналған үй-жай, жүк тиейтін бөлме, персоналдың бөлмесі, киім ауыстыратын орын, персоналға арналған себезгі және дәретхана.
      224. Ас блогының үй-жайлары көлемді-жоспарлау және конструктивтік шешімдермен шикі өнімнің, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өніммен, пайдаланылған ыдыстың таза ыдыспен, келушілер мен персоналдың араласуын болдырмайтын технологиялық үдерістердің жүйелілігі көзделеді.
      225. Жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін ас блоктарында мыналар көзделеді: дайындауға дейінгі (жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді өңдеуге арналған аймақтарға шартты бөлінген) бөлме, сусымалы өнімдерді сақтау бөлмесі, асхана және ас үй ыдыстарын жуатын орын, тоңазытқыш жабдығы бар үй-жай, тамақ тарататын бөлме, персоналға арналған үй-жай, персоналға арналған себезгі және дәретхана.
      226. Құрғақ өнімдерді, көкөністерді сақтайтын қойма салқындатылатын камералар асүйден оқшауланады, ыдыс жуатын үй-жайлардың, себезгілердің және санитариялық тораптардың, сондай-ақ баспалдақтары бар өндірістік үй-жайлардың астындағы үй-жайларға орналастырылмайды.
      227. Шикізатпен жұмыс істейтін, өнімділігі аз (50 отыратын орынға дейін) ас блогында үй-жайлар жиынын: тамақ тарату аймағы мен асхана және асүй ыдыстарын жуу аймағын (арақабырғамен бөлінген) бөле отырып, ыстық тамақ цехын, тамақ дайындайтын цех, көкөністі сақтау аймағын бөле отырып, сусымалы өнімдер қоймасын, персоналға арналған дәретхананы қысқартуға жол беріледі.
      228. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес олардың талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде мектеп тағамының базалық ұйымдарынан (мектеп тағамы комбинаттары, мектеп-базалық асханалар және тағы басқалары) және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан жартылай фабрикаттарды жеткізуге жол беріледі.
      229. Буфеттерде тағамдарды, аспаздық бұйымарды сатуды, сондай-ақ ыстық сусындар мен жекелеген тағамдарды дайындауды (шұжық өнімдерін, жұмыртқаны қайнату, сүт тағамдарын дайындау, салаттарды араластыру, дайын өнімдерді кесу) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үй-жайлар және жабдық жиыны көзделеді.
      230. Бейімделген ғимараттарда орналасқан жалпы білім беру ұйымдарында және шағын МДТОҰ-да тығыз орналасқан құрылыс жағдайларында, ауылдық елді мекендерде үлгілік асханаларды ұйымдастыруға арналған жағдайлар болмаған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша үй-жайлардың қысқартылған жиыны: қойма үй-жайлары, шикізат дайындау, тамақ дайындау, дайын өнімді тарату және асхана мен асүй ыдыстарын жуу аймақтары бар асүй көзделеді.
      Асүйдің ауданы кемінде 18 м
2 болып қабылданады. Тұрғын үйлердің 1-ші қабатында орналасқан шағын МДТОҰ-да қолданыстағы асүйдің алаңдарында тамақ дайындауға жол беріледі.

жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау