231. Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақты дайындау ағымдылығын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
232. Жабдықтың ең аз жиыны мыналарды: духовкасы бар электр плитасын, сыртқа тарату шатырын, тоңазытқышты, электрлі су ысытқышты, ыдыс жууға арналған 2 секциялы жуғыш ваннаны, персоналдың қол жуатын раковинасын, шикі және дайын өнімге арналған бөлшектеу үстелдерін және жуғышты қамтиды.
233. Шикі және дайын өнімдер бөлек сақталады.
Жалпы білім беретін ұйымдардың жанындағы шағын – орталықтарда балаларды тамақтандыру топтармен жүзеге асырылады.
234. Тамақтану залының ауданы бір орынға кемінде 0,8 м2 есебінен көзделеді. Отыратын орын санын бір ауысымдағы оқушылар мен оқытушылар санының 1/3 есебінен айқындайды.
235. Барлық өндірістік цехтарда араластырғыш арқылы суық және ыстық су келтірілген раковиналар, жуғыш ванналар орнатылады.
236. Асхананың тамақтану залының жанында 20 отырғызу орнына 1 шүмек есебінен қолжуғыштар орнатылады. Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда суды қолмен құятын қолжуғыштар орнатылады. Қолжуғыштардың жанына электрлі сүлгі (екі раковинаға кемінде 1) орнатылады немесе бір рет қолданылатын сүлгі пайдаланылады.
237. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жаңадан салынатын немесе қайта жаңартыланатын ғимараттары үшін асхана алдында қолжуғыштар орнату көзделеді: қолжуғыштардың жоғарғы бетінің еденнен биіктігі 1- сынып оқушылары үшін 0,5; 2 – 4-сынып оқушылары үшін 0,6 м және 5 – 11 (12)-сынып оқушылары үшін 0,7 м қабылданады.
Қолжуғыштар мен қабырғаның арасындағы өтетін жол кемінде 1,1 м, қолжуғыштардың екі қатарының арасында кемінде 1,6 м көзделеді.
238. Шамшырақтардың қорғаныш арматурасы болады, плиталардың, технологиялық жабдықтың және бөлшектеу үстелдерінің үстіне орналастыруға жол берілмейді.
239. Өндірістік, қоймалық және әкімшілік-тұрмыстық ас блогы үй-жайларының жабдығының тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жабдықталады.
240. Жабдық, өндірістік үстелдер, мүкәммал, ыдыс-аяқ, ыдыс тамақ өнімдерімен жанасуға рұқсат етілген, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан дайындалады және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына жауап береді.
241. Тамақтану залдары жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, оларға өңдеу жүргізуге мүмкіндік беретін жабыны бар жиһазбен жабдықталады.
242. Қандай да бір технологиялық және тоңазытқыш жабдығы істен шыққан жағдайда, ас мәзіріне өзгерістер енгізіледі.
243. Тамақ өнімдерін, ыдыстарды, мүкәммалды сақтауға арналған стеллаждардың төменгі сөрелері мен тауарлардың астына қоятын тұғырлардың еденнен биіктігі кемінде 15 см көзделеді.
244. Асханаларды бір отыратын орынға кемінде үш жиын есебінен асхана ыдысымен және аспаптармен қамтамасыз етілуі тиіс.
245. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына сай келетін фарфордан, фаянстан және шыныдан жасалған ыдыстар (тәрелкелер, табақшалар, тостағандар, бокалдар) пайдаланылады. Дайын тамақтарды дайындауға және сақтауға арналған асхана аспаптары (қасық, шанышқы, пышақтар), ыдыстар тот баспайтын болаттан немесе материалдың гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдан болуы тиіс.
246. Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау, оларды технологиялық өңдеу және тарату үшін бөлек және таңбаланған жабдық, бөлшектеу мүкәммалы, асүй ыдысы пайдаланылады:
1) таңбасы бар өндірістік үстелдер: шикі ет "ШЕ", піскен ет "ПЕ", шикі балық "ШБ", піскен балық "ПБ", шикі көкөністер "ШК", піскен көкөністер "ПК", "нан", дайын өнім "ДӨ", қамырға арналған;
2) бөлшектеу мүкәммалы (бөлшектеуге арналған тақтай және пышақтар): шикі ет "ШЕ", піскен ет "АЕ", шикі балық "ШБ", піскен балық "АБ", шикі көкөністер "ШК", піскен көкөністер "ПК", "нан", "майшабақ", "гастрономия";
3) таңбасы бар асүй ыдыстары: "I тағам", "II тағам", "III тағам", "сүт", "жұмыртқаларды өңдеуге арналған", "жұмыртқаларды жаруға арналған", "дайын өнімге арналған", "шикі өнімге арналған".
247. Пішіні өзгерген, жиектері сынған, сызаттары, сынықтары бар, эмалы зақымданған асүй және асхана ыдыстарын; алюминийден жасалған асхана аспаптарын; пластмассадан және сығымдалған жұқа тақтайдан жасалған бөлшектеу тақтайларын; сызаттары және механикалық зақымдалған бөлшектеу тақтайларын және ұсақ мүкәммалды пайдалануға жол берілмейді.
248. Ет және балықты қасаптауға арналған бөлшектеу тақтайлары, науалар тесіктері және саңылаулары жоқ тамақ өнімдерімен жанасуға арналған материалдардан дайындайды.
Етті қасаптауға арналған науаны арнайы тұғырыққа орнатады және күнсайын жұмыс аяқталған соң тазартады және бетіне тұз себеді. Науаның бетін жүйелі түрде сүргілейді және жонады.
249. Алаң жеткілікті (ас блогы үй-жайына бейімделген) болмаған жағдайда, піскен етті, піскен балықты, піскен көкөністерді тиісінше таңбаланған тақтай мен пышақтарды пайдалана отырып, "дайын өнім" деген үстелде турауға жол беріледі.
250. Ыстық дайын тамақты және салқын жеңіл тағамды жеткізу үшін ішкі беті тамақ өнімдерімен жанасу үшін рұқсат етілген материалдардан жасалған арнайы изотермиялық сыйымдылықтар пайдаланылады.
251. Ас блогының өндірістік және басқа да үй-жайлары тәртіппен және таза ұсталады. Тамақ өнімдерін еденде сақтауға жол берілмейді.
252. Тамақтану залын жинау әрбір тамақ ішілгеннен кейін жүргізіледі. Тамақтану үстелдерін арнайы бөлінген шүберекті және таза немесе пайдаланылған шүберекке арналған таңбаланған ыдысты пайдалана отырып, жуу құралдары қосылған ыстық сумен жуады. Шүберекті пайдаланғаннан кейін жуу құралдарын қоса отырып, жуады, дезинфекциялайды немесе қайнатады, шаяды, кептіреді және таза шүберекке арналған ыдыста сақтайды.
253. Асүй ыдысын жуу асхана ыдысынан бөлек көзделеді. Жуу үй-жайларында ыдыстар мен мүкәммалды жуу қағидалары туралы нұсқаулық ілінеді.
254. Жұмыс күнінің соңында эпидемиологиялық айғақтар бойынша барлық асхана, шай ыдыстарын, аспаптарды дезинфекциялау ерітіндісіне батырып қояды, содан кейін ыдысты ағынды сумен мұқият шаяды.
255. Асхана және асүй ыдыстарын жууға арналған жуғыш ванналардың көлемдік сыйымдылығының таңбасы болады және полимер және резеңке материалдардан жасалған тығындармен қамтамасыз етіледі. Дезинфекциялау құралдарын дозалау үшін өлшегіш ыдыс пайдаланылады.
256. Екі секциялы ванналарда асүй ыдыстарын жуу кезінде мынадай тәртіп сақталады:
1) тамақ қалдықтарын механикалық тазарту;
2) + 45оС төмен емес температурада және жуу құралдары қосылған суда щеткамен жуу;
3) + 65оС төмен емес температурада ыстық ағынды сумен шаю;
4) тор сөрелерде және стеллаждарда төңкерілген күйінде кептіру.
257. Арнайы жуғыш машинада асхана ыдыстарын жуу оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
258. Үш секциялы ванналарда асхана ыдыстарын қолмен жуу кезінде мынадай тәртіп сақталады:
1) тамақ қалдықтарын механикалық тазарту;
2) ваннаның бірінші секциясында + 45оС төмен емес температурада жуу құралдары қосылған суда жуу;
3) ваннаның екінші секциясында + 45оС төмен емес температурада және ваннаның бірінші секциясына қарағанда 2 есе аз мөлшерде аз жуу құралдары қосылған суда жуу;
4) ваннаның үшінші секциясында + 65оС төмен емес температурада ыстық ағынды суда ыдыстарды шаю;
5) торларда, сөрелерде және стеллаждарда төңкерілген күйінде кептіру.
259. МДТОҰ-да және сәбилер үйлерінде буфеттерде асхана ыдыстарын жуу үшін тиісті таңбасы бар 2 ұялы жуғыштар немесе ыдыс жуғыш машина орнатылады.
Алдымен бірінші ұяшыққа рұқсат етілген жуу құралдарын қоса отырып + 45оС температурада шай ыдыстарын жуады, екінші ұяшықта + 65оС төмен емес температурада ыстық сумен шаяды, содан соң осындай кезекпен асхана ыдыстарын жуады. Асхана ыдысын жуу алдында оларды тағам қалдықтарынан тазартады, жуу құралдарын қосып, +45оС температурада жуғыштың бірінші ұяшығында ыстық сумен жуады, екінші жуғышта + 65оС температурада ыдысты ағынды сумен шаяды және тор-сөрелерде кептіреді.
260. Арнайы жуғыш орны және ағынды су жоқ болған кезде ыдыстарды үш легенде (легеннің көлемі кемінде 10 литр) жуу құралдарын қоса отырып, ыстық суда жуады, таза ыдыстар ыстық сумен шайылады, кейін кептіріледі.
261. Асхана аспаптарын сақтауға арналған сыйымдылықтар + 45оС төмен емес температурада жуу құралдарын қолдана отырып, ыстық суға жуады.
262. МДТОҰ-да және сәбилер үйлерінде емізіктерді жуады, он бес минут қайнатады және қақпағы жабық шыны ыдыста сақтайды. Сүт қоспаларына арналған бөтелкелерді жөкенің және майсыздандыратын құралдардың (қыша ұнтағы, ас содасы) көмегімен жылы ағынды сумен жуады, содан кейін он бес минут қайнатады және таңбаланған жабық эмаль ыдыста сақтайды.
263. Таза асүй ыдысын және мүкәммалды еденнен кемінде 0,5 м биіктіктегі стеллаждарда; асхана ыдыстарын шкафтарда немесе торларда; асхана аспаптарын тұтқасын жоғары қаратып сақтайды, оларды табақтарда шашылған күйде сақтауға жол берілмейді.
264. Технологиялық жабдықты өңдеуді күнсайын оның ластануына байланысты және жұмыс күнінің соңында арнайы бөлінген шүберекпен және сыйымдылықта жүргізеді.
265. Бөлшектеу тақтайларын және ұсақ ағаш мүкәммалын жууды асүй ыдысына арналған жуу бөлімшесінде (цехта) жуу құралдарын қоса отырып, +45оС төмен емес температурада ыстық суда жүргізеді, +65оС төмен емес температурада ыстық сумен шаяды және ыстық су құяды, содан кейін стеллаждарда қырынан тұрғызып кептіреді. Өңдегеннен және кептіргеннен кейін бөлшектеу тақтайларын және пышақтарды таңбаланған арнайы кассеталарда (тақтайларды қырынан) сақтайды, тиісті өндірістік үстелдерге (қырынан) тікелей сақтауға жол беріледі. Оларды үсті-үстіне қойып сақтауға жол берілмейді.
266. Ыдыс жууға арналған щеткалар мен шүберекті пайдаланғаннан кейін тазартады, жуу құралдарын қоса отырып, +45оС төмен емес температурада ыстық суға батырып қояды, дезинфекциялайды (немесе 15 минут қайнатады), ағынды сумен шаяды, кептіреді және арнайы ыдыста сақтайды.
267. Күрделі жинауды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып және эпидемиологиялық айғақтар бойынша айына бір рет (қабырғаларды, жабдықты, әйнектің ішкі беттерін, жарықтандыру аппаратурасын, асүй және асхана ыдыстарын, ыдысты және мүкәммалды жуу) жүргізеді.
268. Ақ және қара нан бөлек (әр түрлі сөрелерде сақтауға жол беріледі) желдетуге арналған есігінде саңылауы бар шкафта сақталады, төменгі сөренің еденнен қашықтығы кемінде 35 см болады. Шкафтардың сөрелерін нанның ұнтағынан арнайы щеткалармен тазартады және 1%-дық асханалық сірке су ерітіндісін қолдана отырып, шүберекпен сүртеді.
269. Тамақ қалдықтарына арналған таңбаланған ("тамақ қалдықтары") ыдыстардың қақпағы болады, арнайы бөлінген орында сақтайды және олардың 2/3 көлемі толуына байланысты қалдықтардан босатылады, жуу құралының ерітіндісімен жуады.
270. МДТОҰ, сәбилер үйі топтарының буфеттерінде тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдысты әрбір тамақ ішкеннен кейін тазалайды, жуу ерітіндісімен жуады, ыстық сумен шаяды және кептіреді.
Тамақ қалдықтарын ас блогының тарату немесе өндірістік үй-жайлары арқылы шығаруға жол берілмейді.
271. Тамақ ішу арасындағы аралық 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.
272. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде балаларды тамақтандыру нормалары осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қабылданады.
273. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да, сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да перспективалы маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады.
274. Шығарылатын өнімнің перспективалы мәзірі және ассортимент тізбесі ас блогын пайдалануға беру кезінде, одан әрі қайта жаңарту жүргізілгеннен кейін, ас блогының бейіні немесе өндірістік үдерісі өзгерген кезде, сондай-ақ бұрын бекітілген ассортиментке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.
275. Күнсайын тамақтанатын балалар мен жасөспірімдердің саны көрсетілген мәзір-тарату парағы, жас ерекшелігіне, сондай-ақ әрбір тағам бойынша өнімдердің шығыстарына байланысты порцияның массасын граммен көрсете отырып, осы Санитариялық қағидаларға 9, 10-қосымшаларға сәйкес тағам тізбесі жасалады.
276. Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.
277. Тамақты дайындау өнімдерді тарату, тағамдардың шығымы, тағамды дайындау технологиясы туралы мәліметтер көрсетілген технологиялық карталарға сәйкес тағамдар картотекасын пайдалана отырып жүргізілуі тиіс.
278. Перспективалы мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі 2 – 3 күнде қайталауға жол берілмейді.
279. Күнсайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, тауық еті 2 – 7 күнде 1 рет қосылады.
280. МДТОҰ-да және балалар мен жасөспірімдердің тәулік бойы болатын объектілерінде таңғы ас көкөніс пен жеміс-жидек қосылған, ыстық тамақты (бірінші және екінші) және ыстық сусынды қамтиды.
Түскі ас салат, бірінші, екінші (негізгі ыстық тамақ еттен, балық немесе тауықтан) және үшінші (компот, кисель, шай) тағамнан тұрады. Аскөк қосып пісірілген және жас көкөністерден (қиярдан, қызанақтан, жаңа піскен немесе тұздалған қырыққабаттан, сәбізден, қызылшадан) жеңіл салаттар дайындалады. Бесін ас мәзіріне кремсіз тоқашты немесе кондитерлік өніммен бірге сусынды (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырын) қосады.
Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан; екінші негізгі тамақтан (еттен, балықтан немесе тауықтан), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады. Екінші кешкі ас ретінде қосымша жеміс-жидектерді немесе қышқыл сүт өнімдерін және кремсіз тоқаш немесе кондитерлік бұйымдарды қосады.
281. Тамақтану залында білім беретін мекеменің басшысы бекіткен, тамақтың көлемі мен аспаздық бұйымның атауы туралы мәлімет көрсетілетін мәзір күнсайын ілінуі тиіс.
282. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын (шығарушының ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттары, сондай-ақ сәйкестік сертификаты) құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында сақталады.
283. Тамақ өнімдерін тасымалдау санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар автокөлікпен жүргізіледі. Экспедитордың арнайы киімі болуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық тексеріп-қараудан өтуі тиіс.
284. Тамақ өнімдерін сатып алатын орындар білім беретін ұйымдардан кемінде 500 метрден артық радиуста орналасқан кезде өнімдерді қол жүгімен жеткізуге жол беріледі (50 отыратын орыннан аспайтын). Тасымалдау кезінде жеткізілетін өнімнің бұзылуы мен ластануын болдырмайтын жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.
285. Балалар мен жасөспірімдер тағамына көрсетілген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелері болғанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, оқу-тәжірибелік және бау-бақшалық учаскелерде, білім беру ұйымдарындағы жылыжайларда өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі.
286. Ас блогы үй-жайларына балалар мен жасөспірімдердің кіруіне және оларды тағамдар дайындаумен, көкөністі тазалаумен, дайын тамақты таратумен, нан кесумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды тазалаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
287. Шикі өнімдерді (тазаланбаған көкөністі, етті, балықты) өңдеу үшін бөлек жуғыш ванна көзделеді. Осы мақсат үшін асүй немесе асхана ыдыстарын жууға арналған ваннаны, қол жууға арналған раковинаны пайдалануға жол берілмейді.
288. Балықты өндірістік үстелдерде немесе 1 литр суға 7 – 10 г есебімен тұз қоса отырып, +12оС-тан аспайтын температурадағы суда жібітеді. Бекіре балықты немесе жон етін суда еріту ұсынылмайды.
289. Ет, жартылай фабрикаттар, балық және басқа да өнімдер екінші рет мұздатылмайды және бірінші өңдеуден кейін жылы өңдеуден өтеді. Жібітілген өнімді сақтауға жол берілмейді.
290. Жұмыртқаларды өңдеуді таңбаланған ыдыста жүргізеді. Жұмыртқаларды өңдеу олар ерітіндіге толық батырылған жағдайда, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) өңдеу-кальцийленген соданың 1 – 2%-дық жылы ерітіндісінде;
2) өңдеу-кемінде 5 минут бойы ағынды сумен шаю.
291. Консервіленген өнімдердің жеке қаптамасын ашу алдында ағынды сумен шаяды.
292. Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді.
293. Тазартылған түрде пісіруге жататын тағамдарда, көкөністерде витаминдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін тікелей қайнату алдында тазалайды және тұзды суда қайнатады (қызылшадан басқасын).
294. Тазартылған картопты және басқа да көкөністерді 2 сағаттан артық салқын суда ұзақ ұстап, алдын ала дайындауға жол берілмейді. Салатқа арнап пісірілген көкөністер + 2 – 4оС температурада 6 сағаттан асырмай тоңазытқышта сақталуы тиіс.
295. Салат дайындауға арналған шикі көкөністер мен аскөкті кейіннен термиялық өңдеуден өткізбей, 3%-дық сірке су қышқылы ерітіндісінде немесе кейіннен салқындатылған қайнаған сумен шаю арқылы 10 минут бойы 10%-дық ас тұзы ерітіндісінде ұстайды. Бөлшектеу "ПК" деген таңбасы бар үстелдерде және тақтайларда дайын өнімдер цехында жүргізіледі.
296. Аспаздық дайындыққа дейін жеткізілген тамақ өнімі немесе өнімдердің үйлесімі болып табылатын аспаздық өнімдерді дайындау кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) піскен еттен, тауық етінен, балықтан жасалған екінші тағамдарды дайындау кезінде немесе бірінші тағамға піскен етті (балықты) жіберген кезде порциялық ет 5 – 7 минут бойы сорпада екінші рет қайнатылады;
2) бірінші тағамға арналған порцияланған етті таратуға дейін ыстық плитада немесе мармитте 1 сағаттан асырмай сорпада сақтауға жол беріледі;
3) тағам құрамына кіретін ингредиенттерді араластыру кезінде өнімге қолды тигізбей, асхана мүкәммалын пайдаланады;
4) гарнирлерді және басқа да тағамдарды тұздық қатықтауға пайдаланылатын сары май және сүтті алдын ала термиялық өңдеуден (еріту және қайнату) өткізеді;
5) жұмыртқаны су қайнағаннан кейін 10 минут бойы пісіреді;
6) рецептурасына жұмыртқа кіретін омлеттерді және пісірмелерді қуыру шкафында, омлеттерді – +180 – 200оС температурада 8 – 10 минут бойы 2,5 – 3 см қабатпен; пісірмелерді – +220 – 280оС температурада 20 – 30 минут бойы 3 – 4 см аспайтын қабатпен дайындайды; жұмыртқа массасын сақтау +2 – 4оС температурада 30 минуттан асырмай жүзеге асырылады;
7) пісірілген шұжықтарды, сардельдерді және сосискаларды су қайнаған соң кемінде 5 минут пісіреді;
8) тартылған еттен және балықтан жасалатын котлеттерді, биточкаларды 10 минут бойы екі жағынан қуырады және +220 – 250оС температурада дайын болғанға дейін духовка шкафында қуырады.
297. 1,5 жасқа дейінгі балаларға асылған еттен жасалған езбе ұсынылады, 1,5 жастан үлкен балаларға шикі тартылған еттен жасалған котлетті буға дайындауға жол беріледі. Бұл ретте тартылған етті тікелей котлетті дайындау алдында дайындайды. 2 жастан үлкен балаларға кейіннен бұқтырылатын қуырылған котлеттерді, сонымен қатар етті және биточкаларды беруге жол беріледі.
1,5 жасқа дейінгі балаларға сұйық және ұсақталған ботқалар, үлкен балаларға – жабысқақ және бытырап піскен ботқалар ұсынылады.
298. Кеспе бұйымдарын қайнаған тұзды суға салады және дайын болғанша пісіреді. Дайын кеспе бұйымдарын қайнаған ыстық сумен шаяды.
299. Бұршақ өнімдерін жуады және 3 – 4 сағат бойы суға салып қояды, бөрткеннен кейін суын төгеді және басқа суда қайнатады.
300. Тамақ дайындау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:
1) шикі және піскен өнімдерді өңдеуді тиісті таңбаланған бөлшектеу мүкәммалын пайдалана отырып, әртүрлі үстелдерде жүргізеді;
2) ет-сүйек сорпасын сүзіп алады;
3) салатқа арналған шикі көкөністерді "ПК" – піскен көкөністер деген таңбасы бар үстелдерде және тақтайларда өңдейді және турайды;
4) шикі және піскен өнімдер үшін бөлек кемінде екі еттартқыштың болуы;
5) ашыған сүтті тек қамыр дайындауға қолданады;
6) сүт өңдеу ұйымдары ұсақ орамаларда шығарған, қаймақ және сүзбе арнайы термиялық өңдеуді қажет етпейді.
301. МДТОҰ-да және балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда гиповитаминоздың алдын алу және спецификалық емес иммунитетті жоғарылату мақсатында салқындатылған сусындарға (компотқа, кисельге) аскорбин қышқылымен жасанды витаминдеу жүргізіледі.
302. Компоттарды витаминдеу оларды өткізуден бұрын +15оС-тан аспайтын температураға дейін салқындатқаннан кейін қамтамасыз етіледі, кисельге аскорбин қышқылының ерітіндісін +30 – 35оС температураға дейін салқындатқан кезде қосады. Сәби балаларға арналған С витаминінің тәуліктік нормасы 50 миллиграмм (бұдан әрі – мг), ал мектепке дейінгі балалар үшін 60 мг. Витаминделген тағамдар жылытылмайды.
303. Дайын бірінші және екінші тағам дайындалған сәттен бастап мармитте немесе ыстық плитада кемінде 2 сағат не изотермиялық ыдыста (термоста) – тарату температурасынан төмен емес температураны қамтамасыз ететін уақыт ішінде, бірақ 2 сағаттан асырмай болуы мүмкін. Тарату температурасынан төмен, суып қалған дайын ыстық тамақты ысытуға жол берілмейді.
304. Салаттарды және олардың тұздығын дайындау тарату алдында тікелей жүзеге асырылады. Тұздық қатқан салаттарды сақтауға жол берілмейді.
305. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары өндірушінің (дайындаушының) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.
306. Тез бұзылатын тамақ өнімдері осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес +2 – 6оС температурада тоңазытқыш камераларында немесе тоңазытқыштарда сақталуы тиіс.
Тоңазытқыш және тоңазытқыш камераларында температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді.
Бір тоңазытқыш камерасы болған жағдайда, ет, балық және сүт өнімдерін сақтау орындары шектеледі.
307. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде инфекциялық аурулардың және тамақтан уланулардың пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін мыналарға жол берілмейді:
1) айран, сүзбе және басқа да сүт қышқылы өнімдерін, туралған ет қосылған құймақтарды, флотша макаронды, зельцтті, кремі бар кондитерлік өнімдерді, морсты, квасты, форшмакты, фритюрдегі өнімдерді, сілікпені, паштеттерді, фритюрде қуырылған өнімдерді, шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, қаймақ қосылған салаттарды, окрошканы, саңырауқұлақты, үйде дайындалған өнімдерді дайындауға;
2) пастерленбеген сүтті, қайнатылмаған немесе термиялық өңдеусіз сүзбені және қаймақты, суда жүзетін құстың жұмыртқасын және етін пайдалануға;
3) алдында ішкен тамақтардың, сондай-ақ алдында дайындалған тамақты пайдалануға; ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін; тіл мен жүректі қоспағанда ішек-қарынды; суда жүзетін құстың етін және жұмыртқасын пайдалануға жол берілмейді.
308. Сәбилер үйлері, МДТОҰ, интернат және жалпы білім беру ұйымдары мен ТКБ ас блоктарында сақтайтын тамақтану қағидатына сәйкес тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар, майонез қосылған салаттар, газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындар (минаралды және ауыз суды қоспағанда), чипсілер, кептірілген нан, гамбургерлер, ход-догтар; ащы тұздықтар, кетчуптар негізінде бірінші және екінші тағамдарға; сағыз сатуға және тамақ өнімдерін сататын автоматтарды пайдалануға жол берілмейді.
309. Жаппай сауықтыру емшаралары ретінде оттегі коктейльдерін педиатр-дәрігердің белгілеуінсіз өткізуге жол берілмейді. Емшараны тек медицина қызметкері ғана нұсқаулыққа сәйкес коктейльдерді дайындау шарттары бар болғанда жүргізуі тиіс.
310. Ас блогында ұйымның медицина қызметкері немесе жауапты адамы осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес сапасын бракераж журналына жазу арқылы дайын тағамның сапасын органолептикалық бағалау жүргізіледі.
311. Күнсайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдыруы тиіс. Сынамаларды қақпағы бар таза шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2оС-тан +6оС-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынама келесі күні немесе демалыстан кейінгі (демалыс күндерінің санына қарамастан) күні дайындалатын тағаммен – таңғы аспен, түскі аспен, бесін немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін сақталуы тиіс.
9. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім
беру объектілерінде персоналды гигиеналық тәрбиелеуге
(жеке гигиенаға) қойылатын талаптар
312. Объектілерде персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалуы тиіс. Қол жуу үшін араластырғышы бар ыстық және салқын су келтірілген, сабын және жеке немесе бір рет қолданылатын сүлгі орнатуға арналған құрылғымен жабдықталған қол жуатын раковиналар орналастырылады.
313. Персоналдың арнайы киімін жуу кір жуатын ұйымда (бар болғанда) немесе өзге де кір жуатын орында жүргізілуі тиіс.
314. Ас блогының қызметкерлері кемінде үш арнайы киім жиынымен (халат немесе шалбары бар кеудеше, бас киім) және қажетті жеке гигиена қағидаларын сақтау жағдайларымен қамтамасыз етіледі. Ас блогының қызметкерлері мынадай жеке гигиена қағидаларын орындайды:
1) жұмыс басталу алдында сырт киімді шкафқа салады, қолдарын сабынмен және щеткамен мұқият жуады;
2) таза арнайы киімде жұмыс істейді, шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды;
3) жұмыс үдерісінде сақина, алқа, сағат және басқа да сынатын заттарды шешіп қояды;
4) ас блогынан шығатын жерде дәретханаға барған кезде арнайы киімді шешеді, асханаға қайтып келгенде қолды ыстық сумен сабынмен және щеткамен мұқият жуады, содан кейін арнайы киімді киеді.
Ұзын тырнақ өсіруге және оны лакпен бояуға, арнайы киімді түйреуішпен түйреуге жол берілмейді.
315. Суық тию немесе асқазан-ішек бұзылу белгілері, іріңдеу, тіліктер, күйіктер пайда болған кезде қызметкер бұл туралы әкімшілікке хабарлайды және медициналық көмекке жүгінеді, сондай-ақ отбасындағы барлық ішек инфекцияларымен ауыру жағдайлары туралы хабарлайды.
316. Қызметкерде ішек инфекциясы, іріңді тері аурулары, жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы, күйіп қалу немесе кесіп алу жағдайлары болса, уақытша жұмыстан шеттетіледі және тиісті тексеру және дәрігердің қорытындысы бойынша медициналық бақылау тексеруден өткізілгеннен кейін жұмысқа жіберіледі.
317. Жұмысқа тиісті кәсіби біліктілігі бар аспаздар жіберіледі.
318. Ас блогы алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасымен жарақталуы тиіс.
10. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен
білім беру объектілерінде балалар мен жасөспірімдерді
тәрбиелеу, оқыту (мектеп оқулықтарына) және өндірістік
практикаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
319. Жалпы үлгідегі сәбилер үйінде туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі, мамандандырылған сәбилер үйінде (жалпы үлгіді сәбилер үйіндегі топта) 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.
320. Сәбилер үйінде тәрбиеленетін балалардың тиімді саны 100 – 150 құрайды. Топтардың топтасуы туғаннан бастап 1,5 жасқа дейін – 10 бала; 1,5 жастан 2 жасқа дейін – 13 бала; 2 жастан 3 жасқа дейін – 15 бала.
321. Сәбилер үйлерінің және МДТОҰ-ның күн і осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшада келтірілген ұйқы, демалыс, таза ауада болу, оқу сабақтарын өткізу, дене шынықтыру ұзақтығының нормаларына сәйкес келеді.
322. Жаңадан жүре бастаған балалар үшін топтық үй-жайларда құралдармен және ойыншықтармен жабдықталған еденнің қоршалған бөлігі көзделеді.
323. Әртүрлі ді сақтай отырып, 2 түрлі жастағы балаларды 1 топқа біріктіруге жол беріледі.
324. Сыртқы ауа температурасы – 150 С дейін болғанда балалардың күндізгі ұйқысын дәлізде ұйымдастыруға жол беріледі.
325. 3 жастағы балаларға арналған оқу сабақтарының саны апта ішінде оннан аспауы тиіс. Бір сабақтың ұзақтығы сабақ арасындағы 10 – 15 минут үзіліспен 10 – 15 минуттан аспайды. Сабақтар бір қалыпты қарқындылықты қозғалмалы ойын түрінде өткізіледі. Сабақтың ортасында ұзақтығы 1,5 – 2 минут дене шынықтыру үзілістерін өткізеді.
326. МДТОҰ топтарын, жалпы білім беретін және арнайы (қосалқы) білім беру ұйымдарындағы топтарды (сыныптардың) балалармен толықтыру осы Санитариялық қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес қабылданады.
Әртүрлі жастағы (аралас) топтың контингентін іріктеу әрбір жастағы топтың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне барынша көп сәйкес келетін күнін ұйымдастыру мүмкіндігін ескереді.
Инклюзивтік сыныптарды (топтарды) жиынтықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың (балалардың) дені сау құрбыларына қатысты арақатынасы үш адамға біреу болып есептеледі.
Ескерту. 326-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1367 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
327. Шағын жинақталған МДТОҰ-да топтарды толықтыру кезінде мыналар оңтайлы болып табылады:
1) жастары тетелес балалардың екі аралас тобы (сәбилер, мектепке дейінгі);
2) жастары тетелес балалардың екі аралас тобы және бір даярлық тобы.
328. Күндізгі серуеннің ұзақтығы кемінде 1,5 – 2 сағатты, кешке кемінде 2 сағатты құрауы тиіс.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн і осы Санитариялық қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес қабылданады.
329. "Бала күтуші қызметі" қызметтерін көрсететін объектілерде балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың жастарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Күні МДТОҰ-ға қойылатын осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес көзделеді.
330. Сәбилер үйінің, МДТОҰ-ның және интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның күн інде балаларды жалпы шынықтыру рәсімдері көзделуі тиіс. Жалпы шынықтыру рәсімдері ауа ванналарын, су ресімдерін (оның ішінде үлкен ваннада, бассейнде жүзу), серуендеу және ашық ауада ұйықтауды қамтиды. Әдістер мен құралдарды жыл мезгілін, үй-жай температурасын, топтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қолданады.
331. Жалпы білім беретін ұйымдардағы сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, "сатылы" оқу сабақтары үшін пайдаланады. Қыркүйекте 35 минуттан 3 сабақ; екінші тоқсаннан бастап 35 минуттан 4 сабақ; екінші жартыжылдықтан бастап сабақтар 45-минуттан жоспарланады. Еңбек сабағынан басқа біріккен сабақтарға жол берілмейді. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.
332. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, оқушылардың негізгі (инвариантты) оқу жүктемесі бастауыш мектепте кемінде бес сабақты және негізгі мектепте кемінде 6 сабақты құрайды.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу жүктемесінің нормалары осы Санитариялық қағидаларға 16-қосымшағасәйкес келуі тиіс.
333. Сабақ кестесін құрған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушылардың ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік динамикасы ескерілуі тиіс және осы Санитариялық қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес қиындық (балл) бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.
334. Апта ішіндегі жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі сейсенбі немесе сәрсенбі күндеріне оның барынша көп көлемі келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары үшін сейсенбі мен бейсенбіге келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең қиын немесе орташа және жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге қарағанда пәндердің саны да көбірек болады. Сәрсенбіде жеңілдетілген күн көзделеді.
Бір күн ішіндегі баллдың ең көп саны дүйсенбі және сенбі күндеріне келуі тиіс.
335. Шағын жинақталған мектептерде сыныптарды қалыптастыруды нақты мектеп жағдайларымен, оқушылар және мұғалімдер санымен айқындайды. Бірінші және үшінші сыныптардың, екінші және үшінші сыныптардың, екінші және төртінші сыныптардың, бесінші және алтыншы сыныптардың, алтыншы және жетінші сыныптардың, жетінші және сегізінші сыныптардың оқушыларының бір топқа біріктірілуі оңтайлы болып табылады. Тоғызыншы, оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарды біріктіруге жол берілмейді.
336. Екінші сыныптан бастап компьютерлік технологияларды пайдалануға болады.
337. Сабақтардың кестесі міндетті және факультативті сабақтар үшін бөлек құрастырылады. Факультативті сабақтарды міндетті сабақтар санының барынша аз саны бар күндері жоспарланады. Факультативті және міндетті сабақтың соңғы сабағының басталуы арасындағы үзілістің ұзақтығы 45 минутты құрайды.
338. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. 5 – 9-сынып оқушылары үшін қосарланған сабақтар тек зертханалық, бақылау жұмыстарын, еңбек сабақтарын, мақсатты (шаңғы тебу, жүзу) дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін жол беріледі. 10 – 11(12)-сыныптарда қосарланған сабақтарды негізгі және салалық пәндер бойынша өткізуге жол беріледі.
339. Жалпы білім беретін ұйымдардың барлық түріндегі оқушыларға арналған сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 10 минут, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан кейін әр қайсысы 20 минуттан 2 үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістерді қозғалыс ойындарында таза ауаны барынша көп пайдалану кезінде жүргізеді.
340. Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
341. Мектеп алды сыныптарындағы сабақтардың барынша көп рұқсат етілген саны ұзақтығы 25 – 30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуы тиіс.
342. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін ұйымдар жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік қызметін және балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеп тұрған кезде тамақтануды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде осы Қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде 1 балаға кемінде 4 м2 есебімен жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) және кемінде 2 сүлгі (аяққа және қолға арналған) көзделеді.
343. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарындағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, КББО-дағы әртүрлі еңбектің жалпы ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспауы тиіс. Оқушылар қоғамдық пайдалы еңбекпен сабақтан тыс уақытта аптасына екі рет: 1 – 4-сынып оқушылары күніне кемінде 30 минут, 5 – 8-сыныптар – кемінде 45 минут, 9 – 11-сыныптар – кемінде 1,5 сағат айналысуы тиіс.
344. Интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да оқушылар мынадай жұмыс түрлеріне:
1) 1 – 2-сыныптар төсек жинауға, гүлдерді суаруға; асхана, тамақ ішетін үстелді дайындау бойынша кезекшілікке;
2) 3 – 4-сыныптар 1-тармақшада көрсетілген жұмыс түріне қосымша киімнің ұсақ жөндеуге және жеке киімдерін (іш киім, шұлық, орамалдар) жууға;
3) 5 – 6-сыныптар 1 және 2-тармақшаларда көрсетілген жұмыс түрлеріне қосымша, жатын бөлмелерді жинауға, үстелді толығымен дайындауға және ыдыстарды жинауға;
4) 7 – 11 (12)-сыныптар өзіне-өзі қызмет көрсету түрлерінің барлығына және қоғамдық пайдалы еңбекке және асүй бойынша кезекшілікке жіберіледі.
345. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқушылардың жүктемесі аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс.
Арнайы түзету білім беру ұйымдарында тәрбиені және оқу сабақтарын ұйымдастыру осы Санитариялық қағидалардың жалпы білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарына сәйкес, сондай-ақ ұйымның ерекшелігіне және бейініне сәйкес көзделеді.
346. Бір сарынды еңбек кезінде (конвейерлік өндіріс, ұсақ бұйымдарды жинау және т.б.) жұмыстың әрбір 50 минутынан кейін 10 минуттық үзіліс сақталуы тиіс; жұмысқа дейін және әрбір 2 сағат сайын өндірістік гимнастика жүргізіледі (7 – 8 минут). Станокта жұмыс істейтін тоқыма өндірісі мамандығы үшін жұмыстың 3 – 3,5 сағатынан кейін 40 – 50 минуттық үзіліс жасалады.
347. Металлургия саласының мамандығына оқыған кезде бірінші 5 – 6 аптада жүктеме жеңілдейді және 6 сағатқа дейін тұрақты өсумен 3 сағатқа дейін жұмыс күнінің ұзақтығы қысқарады. Бір күн ішінде "ыстық" және "салқын" жұмыс түрлері кезектесуі тиіс және қолайлы микроклиматы бар үй-жайларда қосымша үзіліс көзделеді.
348. Құрылыс мамандықтарына оқыған кезде кемінде 15 минут қосымша үзіліс көзделеді, түскі үзіліс кемінде 40 минут болады; ауыз су ішу тәртібі ұйымдастырылады.
349. Ауыл шаруашылығы механизаторы, құрылыс саласы жұмысына оқыған кезде машина жүргізу үшін күніне 3 сағаттан аспайтын уақыт көзделеді. Дала жұмыстарында 3-курс оқушылары үшін түскі үзіліс (практика кезінде) 35 – 45 минут, ал ыстық күндері 3 – 4 сағат көзделеді. Дала жұмыстары бір ауысымда жүргізіледі. Жұмыстың осындай түріне алдын ала немесе мерзімдік медициналық тексеруден, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе және мерзімдік нұсқамадан өткен адамдар жіберіледі.
350. Химиялық саласының мамандығына оқыған кезде бірінші курста оқу шеберханада, зертханаларда немесе оқу ұйымының кабинеттерінде, 2 – 3-курстарда цехта немесе өндірістің жұмыс орындарында жүргізіледі.
351. Өндірістік оқуды тек бірінші ауысымда жүргізеді, оқушылардың технологиялық жабдықтарды жөндеуіне жол берілмейді. Өндірістік жағдайларда болу уақыты 4 сағаттан аспауы тиіс.
352. Мектептен тыс ұйымдарда балаларды оқыту жексенбіні және каникулды қоса алғанда аптаның кез келген күнінде жүргізіледі. Оқу күндері балалар сабағының ұзақтығы демалыс күндері кемінде 1,5 сағатты және каникул күндері 3 сағатты құрайды. Оқудың 30 – 45 минутынан кейін балалардың демалуы және бөлмені желдету үшін ұзақтығы кемінде 10 минут үзіліс жасалады.
353. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі ғимаратында жалпы ойын аймақтары, жалпы дене дайындығына арналған, мектеп бейініне байланысты үй-жайларға қызмет көрсететін топтармен техникалық және тактикалық дайындыққа арналған спорт түрлері бойынша арнайы аймақтар, әкімшілік-шаруашылық және басқа да үй-жайлар көзделеді.
Алғашқы дайындық топтарындағы сабақтардың ұзақтығы 2 оқу сағатынан аспауы, оқу-жаттығу топтарында күніне кемінде 4 сағаттан аспауы тиіс.
Оқу күндері спорт объектілеріндегі сабақтардың ұзақтығы 1,5 сағаттан, демалыс және каникул күндері 3 сағаттан аспауы тиіс. 30 – 45 минут сабақтан кейін балалардың демалуына және үй-жайды желдетуге арналған ұзақтығы кемінде 10 минут үзіліс жасалады. Сабақтар екі ауысыммен болған жағдайда, күннің ортасында екі ауысым арасында жинау үшін және үй-жайды желдету үшін 1 – 2 сағат үзіліс жасалады.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт объектілерінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық пункттер көзделеді. Спорт және дене шынықтыру сабақтары спорт киімінде және аяқ киімінде жарамды жабдықта жүргізілуі тиіс.
354. Мектептен тыс ұйымдарда теориялық сабақтарды ұйымдастыру үшін ауданы бір адамға кемінде 2,5 м2есебінен үй-жай бөлінеді. Музыка және би, қойылым, қуыршақ театры, дәріс және т.б. іс-шаралар орындау үшін концерт залы, екі сахналық киім (кемінде 18 м2) бөлмесі, қосалқы (костюмдерді, декорацияларды сақтайтын) үй-жайлар жабдықталады.
355. Жануарларға күтім жасайтын балаларға жануарларды қауіпсіз ұстау тәсілдері және алғашқы медициналық көмек туралы нұсқама жүргізіледі.
356. Объектілерде құс, аң және балық асырайтын тірі табиғат бұрышын ұйымдастырған кезде ветеринариялық ілеспе құжаты болуы қажет.
357. Мектеп оқулықтарын басып шығару осы Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда баспаға жіберіледі.
358. Осы Санитариялық қағидалар жалпы білім беру түзету ұйымдарында оқитын есту, сөйлеу және көру кемшіліктері бар балаларға арналған басылымдарға қолданылмайды.
359. Оқу үдерісінде ақпараттық материалды ұсыну сипатына және көлеміне, оқу үдерісіндегі функционалдық мақсатына және оқушылардың жас санатына байланысты басылымдар осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес сыныпталады.
360. Басылымның өндірістік ерекшелігі осы Санитариялық қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда, мектеп оқулықтарын шығару және өткізу тоқтатылады.
361. Мектеп оқулықтарының басылымдарына мемлекеттік санитариялық қадағалау мына жолмен жүзеге асырылады:
1) оқулықтардың әрбір басылымына олар көптеп шығарылғанға дейін өндірістік ерекшелігінің осы Санитариялық қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігіне ішінара тексеру. Оқулық сыртының, қапсырмасының безендірілуінің негізгі элементтері, жинақталу және бекітілу әдістері (брошюралау), атауы және нөмірі, терім тығыздылығы, гарнитурасы, негізгі кәріп кегелі, мәтінде бөлінуі салыстырылады;
2) басылған оқулықтарды іріктеп таңдау және кейін оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу схемасы осы Санитариялық қағидаларға 19-қосымшада берілген.
362. Оқулықтарды дайындауға арналған қағаз баспа мәтінінің жақсы көрінуін қамтамасыз етеді және оқулықтың санитариялық жағдайын қанағаттандырады. Шағылысу коэффициенті 70 %-дан 80 %-ға дейінгі ақ немесе сәл сары түсті қағаз пайдаланылады.
363. Қағаздың беті тегіс (машиналық тегіс қағаз үшін кемінде 30 – 40 сек және жылтыр қағаз үшін 100 – 150 сек), таза, қылшықсыз және дақсыз, біркелкі бөлінген, жылтыры елеусіз болуы тиіс.
364. Қағаз кейінгі парақтағы немесе беттің екінші жағындағы басылған мәтінді көрсетпеуі тиіс.
365. Оқулықтарды шығару үшін іріктеп алынған және арнайы дайындалған қағаз саны кемінде бір баспа парағында қара – ақ және түсті нұсқаларда жасалған таза түрінде және оған мәтін жазылған немесе сурет салынған күйінде іріктеліп гигиеналық бағаланады.
Зерттеу үшін қолданылатын аспаптар осы Санитариялық қағидаларға 20-қосымшада көрсетілген.
366. Мектеп оқулықтары нақты, қанық қара түсті және біркелкі басылуы тиіс.
367. Оқулықтар жеңіл оқылу талаптары мен көріп қабылдау ерекшеліктеріне жауап беретін гарнитуралармен теріледі.
368. 1-сыныпқа арналған әліппе және басқа да оқулықтар негізгі және біріктірілетін штрихтердің қалыңдығындай кішкене ғана айырмашылықпен тік ақшыл жазбамен жазылған Әліппелік немесе Журналдық ұсақ гарнитурамен теріп жазылады.
Әліппенің барлық негізгі мәтіні (басылған) бір гарнитурамен терілуі тиіс. Әліппе ішінде кәріп суретін ауыстыруға жол берілмейді. Әліппелердегі жаңа әріптер сурет болып салынбай, 48 кегльден ұсақ емес теріліп жазылуы тиіс.
369. Оқулықтардағы негізгі мәтін тік ашық кәріппен терілуі тиіс.
370. Мәтіндегі сөз бен сөйлемді бөлу үшін жартылай майлы немесе майлы кәріппен теру ұсынылады; ақшыл немесе жартылай майлы курсивпен теруге жол беріледі. Бөлек сөздер үшін әріптерді сиректетіп теруге жол беріледі.
371. Оқулықтың тақырыбын теру үшін титулда 2,0 және одан жоғары кегельмен теру ұсынылады.
Титул мен шмуцтитулды теру үшін ірі терме кегельдік кәріптер пайдаланылады.
372. Оқулықтардағы кәріпің көлемі көріп қабылдаудың жас ерекшеліктеріне және оқу дағдыларының даму дәрежесіне сәйкес келеді. 8 – 11 (12)-сыныптардың оқулықтарындағы негізгі кәріп кемінде 10 кегель болып көзделеді.
Әр түрлі жастағы мектеп оқушылары үшін кәріп көлемінің гигиеналық нормалары осы Санитариялық қағидаларға 21-қосымшада берілген.
373. Орта және жоғары сынып оқушыларына арналған оқулықтарда барлық қосымша мәтіндерді петитпен (кегель 8) теруге жол беріледі, тұтас мәтін 12 жолдан аспауы тиіс. Петит әдебиеттер тізімін, сілтемелерді, сөздіктерді теру кезінде шектеусіз қолданылуы мүмкін.
374. Өлеңмен жазылған мәтінді петитпен 8 – 11 (12)-сыныптарға арналған оқулықтарда төрт жолға дейін, ал 8 – 11 (12)-сыныптарға арналған оқулықтарда бір бетте 16 жолдан асырмай басуға жол беріледі. Петитпен терілген өлеңмен жазылған мәтінді бір бет ішінде кемінде екі рет қарапайым мәтінмен алмастыруға жол беріледі.
375. Сұрақ пен тапсырмаларды петитпен теру тек қана 7 – 11-сынып оқушыларына арналған оқулықтарда әр сұрақтың (тапсырманың) мәтіні екі жолдан аспайтын, ал петиттің тұтас мәтіні бір бетте 16 жолдан аспаған жағдайда жол беріледі.
376. Тақырыпта петитпен параграфтың соңын теруге жол беріледі (8 – 11 (12)-сыныптарға арналған оқулықтарда). Барлық жағдайда тақырып жаңа жолдан басталады.
377. 5-сыныпқа дейінгі карталарда (барлық түрдегі) және атластарда жазбаны теру үшін петитті пайдалануға жол берілмейді, ал одан кейінгі сыныптарға арналған карталар мен атластарда 8-ден төмен кегельді пайдалануға тыйым салынады.
378. Төменгі сынып оқушылары үшін ірі кәріпте 20, 16, 14 кегельмен терген кезде жол ұзындығы 126 – 130 мм құрайды. Жасына қарай кәріпті 12 – 10 кегельге кішірейткен кезде жолдың 98 – 113 мм болуы ұсынылады.
379. Төменгі және орта буын сынып оқушыларына арналған оқулықты безендіру кезінде екі бағанда теруге жол берілмейді.
380. Қосымша мәтінге ескертулер, түсіндірмелер, сілтемелер, сөздіктер, әртүрлі тізімдер, әр түрлі атластар мен карталардағы жазбалар және т.б. жатады.
381. Ұзақ үзбей оқуды талап етпейтін пәндер (анатомия, физиология және адам гигиенасы, география және т.б.) бойынша 8 – 11 (12)-сыныптарға арналған оқулықтарда бағандағы жол ұзындығы кемінде 63 мм және бағандардың арасындағы аралық кемінде 9 – 10 мм болған жағдайда, 10 кегельмен екі бағанда теруге жол беріледі.
Барлық оқулықтарда сөздіктер мен сілтемелерді екі бағанда теруге жол беріледі.
382. Оқулықтардың мәтінін үш бағанда теруге тыйым салынады.
383. Мәтінді оқудың жеңілдігі көбіне терім жолының анық шектейтін жиектердің бар болуымен айқындалады. Жиектер терім жолымен анық бөлінеді, ақ түсті және көлемді болады.
384. Бос орынның шекті минимумы реңді және штрихті иллюстрация үшін 12, түрлі – түстілер үшін 18 тармақты құрайды.
385. Теру тығыздығы – 1 шаршы сантиметр (бұдан әрі – см2) алаңда белгілердің саны жалпы теру сапасын айқындайды және осы Санитариялық қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес келеді.
Егер 1 см2 көрінетін жол саны екіден аспаса, теру тығыздығы қанағаттанарлық деп есептеледі.
386. Тақырып пен абзацты қоспағанда, барлық жолдар бір тік деңгейден басталады.
387. Төменгі сынып оқушыларына арналған оқулықтарда бетке тасымалдау саны 3 – 4-тен аспайды.
388. Оқулықтарда иллюстрацияның түрлі-түсті болуы ұсынылады. География мен тарихқа арналған карталарды ақшыл, қанықтығы аз бояулармен бояу керек. Егер картаның мазмұны мен функционалдық құрамы талап ететін болса, ашық түсті бояумен картаның жеке элементтері боялады.
389. Оқулықтардың мұқабаларын көп ластанбайтын мықты материалдан жасау көзделеді.
390. 12-ге дейінгі көлемдегі парағы бар оқулықтар, оқу құралдары және дидактикалық материалдар үшін (бастауыш сыныптардан басқа) мұқаба ретінде полимерлі жабындысы бар қағаз немесе матасыз негіздегі қапсырма материалын пайдалану ұсынылады, ал 6 беттен аспайтын құралдар үшін мұқабалық қағазды пайдалануға жол беріледі.
391 Қатты қаптамада шығарылатын оқулықтар дәкедегі жіппен бекітіледі немесе жіпсіз дәкені түбірге желімдеу арқылы бекітіледі. Жіппен тігілген блок түбірін материалды 20 мм блок форзацына шығарып, тегіс жиектеу ұсынылады; жіпсіз жалғауға және сыммен жалғауға жол берілмейді.
392 Мұқабада шығарылатын оқулықтар дәкесіз жіппен тігіледі, бетбелгі қойылады; түбірге қосымша желімдеу ұсынылады; блоктарын тігу кезінде дәптер түрінде желімдеуге жол беріледі.
393 1 – 4 сынып оқушыларына арналған бір басылымның салмағы 200 граммнан (бұдан әрі – г); 5 – 6-сынып үшін 300 г; 7 – 9-сынып үшін 400г; 10 – 11-сынып үшін 500г аспайды. Оқу басылымының салмағының 5%-ға өсуіне жол берілмейді.
394 Жазу құралдары жиынтығымен бірге бір оқу күнінде оқушыларға арналған оқулықтардың салмағы (иыққа асатын сөмкенің немесе портфельдің салмағынсыз) мынадан аспауы тиіс: 1 – 3-сынаптар үшін 1,5–тен 2,0 кг дейін; 4 – 5-сыныптар үшін 2,0–ден 2,5 кг дейін; 6 – 7-сыныптар үшін 3,0-ден 3,5 кг дейін; 8 – 9-сыныптар үшін 4,0-ден 4,5 кг дейін.
11. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен
білім беру объектілеріндегі медициналық қамтамасыз
етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
395 Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылуы тиіс.
Медицина қызметкері болмаған кезде медициналық қамтамасыз етуді аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жүзеге асырады.
396 Изолятор палаталары өту жолы болмауы, олардың арасында 1,2 м биіктікте әйнектелген қалқа құрылғысы арқылы медициналық кабинетпен жапсарлас орналасуы тиіс.
397 Жабық үлгідегі интернат ұйымдарына, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне, КББО-на және сәбилер үйлеріне жаңа түскен балалар үшін ойын бөлмесінде бір сәбиге ауданы 2,5 м2, жатын бөлмесі – 1,8 м2, дәретхана – 0,8 м2 болатын карантиндік бөлімше көзделуі тиіс.
398 Бейімделген, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда, көп пәтерлі тұрғын үйдің 1-ші қабатында, жеке үй иелігінде орналасқан ұйымның медициналық бөлмелерінің жиынтығы мен ауданы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.
399. Жалпы білім беру және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да медициналық пункттің үй-жайларының ең аз жиыны ауданы кемінде 18 м2 дәрігер бөлмесі, ауданы кемінде 14 м2 емшара бөлмесі, интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, КББО үшін қосымша ауданы кемінде 6 м2болатын изолятор көзделеді.
400. Балалар мен жасөспірімдер аз уақыт болатын білім беру мекемелерінде, сондай ақ мектептен тыс білім беру ұйымдарында медициналық кабинет көздемеуге жол беріледі.
401. Емшара бөлмесінде алдын алу екпесін жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшара және алдын алу екпелерін бір мезгілде өткізуге рұқсат етілмейді.
402. Селолық елді мекендердегі медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлме жабдықталады.
403. ТКБ, ЖОО-да медициналық үй-жайларды жатақханалар мен оқу корпустары жанында орналастырады, мұнда әрқайсының ауданы кемінде 18 м2 болатын дәрігер, емшара кабинеті көзделеді. Жатақханаларда изолятор көзделеді.
Күндізгі бөлімдегі студенттердің саны 3000-нан асатын оқу орындарында студенттік профилакторий ұйымдастырылады.
404. Дене бітімі және ақыл-ойы дамымаған балаларға арналған арнайы білім беретін ұйымдардағы медициналық үй-жайлар оқшауланған блогта, бірінші қабатта орналастырылады. Дәрігерлік және емшара кабинеттері бейіні бойынша қолданыстағы талаптарға сәйкес көзделеді.
405. Арнайы жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде барлық балаларға арналған физиотерапиялық және көру кемшіліктері мен тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған балаларға арналған сумен емдеу бөлмелері; емдік дене шынықтыру бөлмелері немесе залдары; логопед кабинеті көзделеді.
406. Арнайы білім беру ұйымдарында тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін емдік дене шынықтыру дәрігері, невропотолог, ортопед, протездеу, гипстеу бөлмесі, протездерді және аяқ киімдерді жөндеу шеберханасы, еңбек терапиясы бөлмесі, парафинмен емдеу, озокирит және гидротерапия бөлмелері көзделеді.
407. Ақыл-ойы дамымаған балаларға арналған ұйымдарда психиатр бөлмелері; есту қабілеті нашар балаларға арналған, сөйлеу мәнері бұзылған балаларға арналған аудиометриялық кабинасы бар отоларинголог бөлмесі, естуді жақсарту және сөйлеуді қалыптастыру бойынша жеке жұмыс жасауға арналған бөлмелер көзделеді.
408. Көру кемшіліктері бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында көздің көруін жақсартатын және қалған көзді қорғайтын оптикалық құралдары бар офтальмологиялық бөлмелер көзделеді.
409. Медициналық кабинеттердің жабдықталуы осы Санитариялық қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес қабылданады.
410. Аурудың созылмалы түрі, қатер факторлары, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексерулер кезінде анықталған және жекелеген жіті аурулармен ауырған оқушылар диспансерлік есепке алынады және кейіннен сауықтыру арқылы бақылауға алынады.
411. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын ұйымның медицина қызметкері жүргізеді. Балалардың әрбір жас тобы үшін балалардың сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған кешенді сауықтыру іс-шаралар жоспары жасалады.
412. Мектептен тыс ұйымдардан басқа объектілерде балалар мен жасөспірімдерге профилактикалық медициналық тексерулер өткізіледі. Объектілердің балалары, жасөспірімдері және персоналы профилактикалық егулер алуы тиіс.
413. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:
1) оқушылар мен тәрбиеленушілердің сырқаттанушылығының статистикалық есебін жүргізеді;
2) балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және жақсарту, олардың арасында сырқаттанушылықты төмендету бойынша іс-шараларды жыл сайын жоспарлайды;
3) созылмалы ауруы бар балаларды уақтылы диспансерлеуді ұйымдастырады және бақылайды;
4) тереңдетілген медициналық тексеру нәтижесі бойынша динамикалық бақылау, дене бітімінің даму деңгейін, дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық топтарды айқындайды;
5) емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізеді (оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылау, күнсайын амбулаториялық қабылдау, шынықтырудан және сауықтырудан өту т.б.);
6) жыл сайын сырқаттанушылыққа талдау жүргізеді (МДТОҰ, интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, КББО, сәбилер үйлерінде – тоқсан сайын) және оқушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы, ұйымдағы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелерін іс-шаралар жоспарын бекіте отырып, педагогикалық кеңес және ректораттар отырыстарына шығарады;
7) ұйым қызметкерлерінің профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өтуін бақылауды және осы Санитариялық қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес журналға тіркей отырып, ас блогы қызметкерлерінің денсаулығына күнсайын бақылауды жүзеге асырады;
8) тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеруді өткізу, денсаулық жағдайы бойынша оқушыларды (тәрбиеленушілерді) бөлу (денсаулық тобы), дене тәрбиесі топтары, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру бойынша есептерді жыл сайын және сұратуға байланысты ұсынады;
9) балалардың тамақтануының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады: келіп түскен тағам өнімдерінің сапасы, оларды сақтау мерзімдері мен жағдайлары, дайындалу технологиясы, дайын тағамның сапасы, ас блогының ұсталуы. Балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда (сәбилер үйі, интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, КББО) ай сайын онкүндікте тамақтануға және кейіннен түзете отырып, жекелеген өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізуі тиіс;
10) балалар мен жасөспірімдердің жеке гигиена ережесін сақтай отырып, дене тәрбиесіне жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
414. Білім беру ұйымдарына түсетін балалар мен жасөспірімдер медициналық тексеруден өтеді.
415. Медициналық кабинеттерде жабдықтар мен мүкәммалды санитариялық-дезинфекциялық өңдеу өткізеді.
416. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, ұйым басшылығы, оның қызметкерлері және медицина қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.
417. Ұйымда осы Санитариялық қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес есепке алу-есеп беру құжаттамасы жүргізіледі.
418. Ұйымның персоналы медициналық тексеруден және гигиеналық оқудан өтеді. Жеке медициналық кітапшасы жоқ және жұмысқа рұқсат белгісі қойылмаған адамдарды жұмысқа қабылдауға жол берілмейді.
"Балалар мен жасөспірімдерді
тәрбиелеу мен білім беру
объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 1-қосымша
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім
беру объектілерінде жүргізілетін зертханалық
құрал-саймандық зерттеулер
Зерттеу түрлері
|
Зерттеудің кезеңділігі
|
Өлшеу немесе сынама алу орны
|
1
|
2
|
3
|
1. Микроклиматты зерттеу
|
Температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
|
3 жылда 1 рет (жылыту кезеңінде) және көрсеткіштер бойынша
|
Қабылдау бөлмелері, топтық, жатын, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар
|
2. Ауа ортасын зерттеу
|
Сынап буының болуы
|
3 жылда 1 рет және көрсеткіштер бойынша
|
медициналық кабинеттер
|
Көміртегі тотығының болуы
|
Пешпен және дербес жылытылатын ұйымдарда – жылыту кезеңінде 1 рет
|
Топтық бөлмелер, оқу үй-жайлары, зертханалар, спорттық залдар, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар
|
Құрылыс және әрлеу материалдары токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер
|
Алдын ала санитариялық қадағалау тәртібімен және көрсеткіштер бойынша
|
Салынып жатқан, қайта құрылып жатқан объектілерде, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және пайдалануға беру кезінде
|
Желдетудің тиімділігін зерттеу
|
Көрсеткіштер бойынша
|
зертханалар, химия кабинеті, спорттық залдар, шеберханалар
|
3. Өнімдерді, дайын тағамдарды және тамақтану рациондарын зерттеу
|
Негізгі қоректену заттарының болуы және тағамның құндылығы (түскі ас)
|
МДТОҰ, балалар тәулік бойы болатын ұйымдар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар – 3 жылда кемінде 1 рет және көрсеткіштер бойынша
|
Тарату желісінен, тамақтану үстелінен сынама алу
|
Термиялық өңдеудің тиімділігі
|
Көрсеткіштер бойынша
|
Еттен және балықтан жасалған тағамдарын тарату желісінен, тамақтану үстелінен сынама алу
|
Тағам сапасының бактериологиялық көрсеткіші
|
Әр тексеріс кезінде
|
Тағамхана, тарату желісінен, тамақтану үстелінен сынама алу
|
Өнімдерді санитариялық-химиялық көрсеткіштірге, пестицидтердің қалдық санына, йодталу сапасына
|
Көрсеткіштер бойынша
Көрсеткіштер бойынша және 2 жылда 1 рет
|
Ұйымдардың ас блоктары
|
4. Суды зерттеу
|
Су құбырлары жүйесінің суы (бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер)
|
Алдын ала санитариялық қадағалау тәртібімен (құрылыс аяқталғанда, қайта жаңартудан кейін, жөндеу жұмыстардан кейін, апатты жағдайлары жойылғанда, пайдалануға беру кезінде) және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен (көрсеткіштер бойынша)
Маусым басталу алдында сауықтыру (маусымдық) ұйымдарында
|
Су тарату крандары, ғимаратқа – судың кіру және шығу орындары, бөлек ғимараттарда орналасқан тағамханаларда
|
Ыдыстарға құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда)
|
3 жылда 1 рет және көрсеткіштер бойынша
|
МДТОҰ-дағы, балалар үйлері, интернаттық және жалпы білім беретін ұйымдар
|
Құдықтардан, каптаждардан, ұңғымалардан, қоғамдық пайдалану бұлақтарынан алынған су (санитариялық-химиялық және бактериологиялық, паразитологиялық және радиологиялық зерттеулер)
|
Жаңа оқу жылының алдында 1 рет, көрсеткіштер бойынша
|
Құдықтар, каптаждар, ұңғымалар, бұлақтар және су тарату крандары
|
Шомылуға арналған ашық су қоймаларындағы су (бактериологиялық, паразитологиялық, радиологиялық зерттеулер)
|
Шомылу маусымы басталар алдында және көрсеткіштер бойынша
|
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шомылатын орындар
|
Жабық жүзу бассейндерінен және ваннадан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)
|
Жылына кемінде 2 рет және көрсеткіштер бойынша
|
Екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінен судың бетінен 25-30 см тереңдікте
|
5. Топырақты зерттеу
|
Санитариялық-микробиологиялық және паразитологиялық (гельминттерге) зерттеулер
|
Жылына 1 рет
|
МДТОҰ-дағы, балалар үйіндегі құмды алаң
|
Топырақты радиологиялық зерттеулерге
|
Құрылысқа жер учаскесін бөлу кезінде
|
Жер учаскесі
|
6. Жиһаздарды және жабдықтарды зерттеу
|
Жиһаздардың өлшемі балалар мен жасөспірімдердің жасы мен бойына сәйкестігі
|
3 жылда 1 рет және көрсеткіштер бойынша
|
МДТОҰ-дағы, балалар үйлері, интернаттық, жалпы білім, орта және жоғары оқу орындары
|
7. Балалар тауарлары түрлерін сараптау
|
Баспасөз басылымдарының санитариялық талаптарға сәйкестігі
|
Жаппай шығаруға дейін алдын ала қадағалау тәртібімен үлгілерді іріктеп алу;
одан әрі - көрсеткіштер бойынша
|
дайындаушы кәсіпорындарда білім беру ұйымдарында
|
Балалар тауарларының түрлері (киім, аяқ киім, ойыншықтар косметикалық құралдар және т.б.)
|
Жаппай шығаруға дейін алдын ала қадағалау тәртібімен үлгілерді іріктеп алу;
және ағымдағы қадағалау тәртібімен (әр тексеріс кезінде)
|
Дайындаушы кәсіпорындарында
Көтерме және бөлшек сауда орындарында
|
8. Ұйымдардың санитариялық жағдайын бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштер
|
Сыртқы ортадан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттеу
|
Әр тексеріс кезінде
|
Ас блоктарындағы жабдық, бөлшектеу үстелдері, мүкәммал, ас үстелдері, персоналдың қолы мен киімдері және т.б.;
балалар үйлеріндегі, МДТОҰ-дағы ойыншықтар, көрнекі құралдар, тамақтану үстелдері, орау үстелдері, ыдыс, персоналдың қолымен арнайы киімдері
|
Шайындыларды паразитологиялық зерттеу
|
жылына 1 рет және көрсеткіштер бойынша
|
МДТОҰ-дағы, балалар үйлеріндегі, интернаттардағы ойыншықтар мен көрнекі құралдар, төсек әбзелдері мен сүлгілер;
спорт залдарының, спорт мектептерінің спорт жабдықтары
|
9. Оқыту жағдайларын зерттеу
|
Электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеулігі
|
Пайдалануға беру кезінде, жабдықтарды ауыстырғанда, одан әрі әрі 3 жылда 1 рет және көрсеткіштер бойынша
|
Компьютер сыныптарында және мультимедиялық кабинеттерде, компьютермен жеке оқыту бөлмелерде, компьютерлік және интернет клубтар
|
Жасанды жарықтандыру деңгейі
|
3 жылда 1 рет және көрсеткіштер бойынша
|
Топтық ұяшық үй-жайлары, оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберхана бөлмелері, өзін-өзі дайындау бөлмесі, рекреацияның оқу залы
|
Шу, діріл
|
Пайдалануға беру кезінде және көрсеткіштер бойынша
|
Ас блогы, шеберханалар, жабдықтармен іргелес тұрған үй-жайлар, дербес компьютерді және бейне терминалды пайдаланатын үй-жай
|
"Балалар мен жасөспірімдерді
тәрбиелеу мен білім беру
объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 2-қосымша
Тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары учаскелерінің құрамы
мен ауданы
Тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары, өлшем бірліктері
|
Жер учаскелерінің өлшемі
|
Ескертпе
|
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру ұйымдары, орын1)
|
1)МДТОҰ-ның сыйымдылығында, 1 орынға м2: 100 орынға дейін - 40, 100-ден жоғары - 35; 500-ден жоғары орын - 30.
Жер учаскелерінің өлшемі азайтылуы мүмкін: реконструкциялау жағдайында - 25%, 20%-дан астам еңіспен бедерлі орналасқан жағдайда - 15%, жаңа құрылыс – елді мекендерінде-10% (көгалдандыру ауданын қысқарту есебінен)
|
Сәби жастағы балаларға арналған топтық алаң 1 орынға 7,5 м2қабылданады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ойын алаңын жалпы типтегі МДБТОҰ учаскесінің шегінен тыс орналастыруға жол беріледі.
|
Жалпы білім беру мектептері, оқушылар1)
|
1) оқушылардың сыйымдылығы 25-тен 300-ге дейін болғанда 1 оқушыға 72 м2;
300-ден 600-ге дейін болғанда 1 оқушыға 52 м2;
600-ден 900-ге дейін болғанда 1 оқушыға 39 м2;
900-ден 1200-ге дейін болғанда 1 оқушыға 33 м2;
|
Мектептің жер учаскелерінің өлшемі мынадай болуы мүмкін: қайта жаңарту жағдайында 20%-ға азайтылады; көбейтіледі: 30%-ға – селолық елді мекендерде, егер оқу-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыруға басқа жерлерде арнайы учаскелер көзделмесе (шаруашылық қожалықтары).
Мектептің спорттық аймағы шағын ауданның дене шынықтыру – сауықтыру кешенімен біріктірілуі мүмкін
|
Мектеп-интернаттар, оқушылар
|
Жалпы білім беру мектеп-интернаттарының сыйымдылығы жағдайында, оқушылар:
200-ден жоғары 300-ге дейін – 1 оқушыға 70 м2
300 – 500 - 65 м2
500 және жоғары - 45 м2
|
Интернат ғимаратын (жатын корпусы) мектептің жер учаскесіне орналастырған кезде жер учаскесін 0,2 га кеңейту қажет.
|
Мектептен тыс мекемелер, орны
|
Жобалауға тапсырма бойынша
|
|
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары, оқушылар
|
Кәсіптік-техникалық училище және орта арнаулы оқу орындары сыйымдылығы жағдайында, оқушылар:
300-ге дейін - 1 оқушыға 75 м2
300 – 900 - 50-65 м2
900 - 1600 - 30-40 м2
|
Жер учаскесінің өлшемдері азайтылуы мүмкін: реконструкциялау жағдайында 50%-ға, гуманитарлық сала ұйымдарына 30%-ға;
үлкейтіледі: ауылдық елді мекендердегі ауыл шаруашылығы саласы ұйымдары үшін 50%.
Ұйымдарды кооперацияға бірлестіру және оқу орталықтарын құруда жер учаскелерінің өлшемін оқу орталықтарының сыйымдылығына байланысты азайту ұсынылады, оқушылары:
1500-ден 2000-ге дейін - 10%-ға,
2000-нан 3000-ға дейін - 20%,
3000 және одан жоғары -30%,
Тұрғын үй, оқыту және қосалқы шаруашылықтар, полигондар, автотрактородромдардың өлшемдері көрсетілген өлшемге кірмейді
|
Жоғарғы оқу орындары, студенттер
|
Жоғарғы оқу орындарының аймақтары (оқу аймағы) 1 мың студентке га: университеҒттер, техникалық ЖОО - 4-7; ауылшаруашылық — 5-7; медициналық, фармацевтикалық — 3-5;
экономикалық, педагогикалық, мәдениет, өнер, сәулет — 2-4; біліктілікті арттыру институты және сырттай ЖОО — олардың бейініне сәйкес коэффициентпен — 0,5; мамандандырылған аймақ – жобалауға тапсырма бойынша;
спорттық аймақ — 1-2; студенттік жатақхана аймағы — 1,5-3. Дене шынықтыру ЖОО жобалауға тапсырма бойынша жобаланады
|
ЖОО-ның жер учаскесінің өлшемі қайта жаңарту жағдайында 40%-ға азайтылуы мүмкін.
Бірнеше жоғарғы оқу орындарының жиынтық аумағын бір учаскеге кооперацияға бірлестіру жағдайында оқу орнының жер учаскесін 20%-ға қысқарту ұсынылады.
|
Балалар үйлері -интернаттар, 1 мың адамға орын (4-тен 17 жасқа дейін)
|
Жобалауға тапсырма бойынша.
|
|
Мектепке дейінгі ұйымдардың саябағы, орны
|
|
|
Ескертпе: 1) қалаларда мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттары және мектептен тыс мекемелер көліктік қолжетімділігі 30 минуттан аспайтын қоныстану аумағында орналастырылады. Ауылдық елді мекендерде мектептен тыс мекемелері үшін орындарды жалпы білім беретін мектептердің ғимаратында көздеу ұсынылады.
"Балалар мен жасөспірімдерді
тәрбиелеу мен білім беру
объектілеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 3-қосымша
Әртүрлі үлгідегі арнайы мектеп- интернаттардың
учаскесінің және алаңдарының аймағындағы элементтердің
құрамы мен шаршы метрге шаққандағы ауданы (бұдан әрі- м2)
Үйлер мен интернаттарға арналған учаскелер
Учаскенің ауданын 1, 2 және 3-кестелерде келтірілген, ұсынылған көрсеткіштерді есепке ала отырып жобалауға берілген тапсырмамен айқындау керек.
Жер учаскесінің ауданы мекеменің бейініне байланысты 2,2-2,5 гектардан кем болмауы тиіс.
Учаске құрылысының тығыздығы 20 пайыздан (бұдан әрі - %) аспауы тиіс.
Мамандандырылған балалар мекемелеріндегі жер
учаскелерінің ауданы
1-кесте
Параллелді сыныптар саны
|
Арнайы мектептер-интернаттардағы балалар үшін жер учаскелерінің ауданы 1 тәрбиеленушіге кемінде, м2
|
Кереңдер үшін
|
Соқырлар үшін
|
Ақыл-есі дамымай қалғандар үшін
|
Полиомиелиттен және целебральді сал ауруларының ауыр салдарынан кейін сүйек-бұлшықет жүйесі бұзылғандар үшін
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
200
|
205
|
225
|
180
|
2
|
160
|
160
|
180
|
140
|
Ескертпе: тығыз аумақтарда учаске алаңы 15-20 %-ға қысқартылуы мүмкін
|
Достарыңызбен бөлісу: |