Бала асырау жүйесі және асырауға беру процесіне шолу - Виктор Гроза, ғ.к., LISW-S
- Грэйс Броди ат. Ата-ана мен балатану иституты Мандел қолданбалы әлеуметтік ғылымдар мектебі
- Case Western Reserve Университеті
- Кливленд, OH 44106-7164
- victor.groza@case.edu
- http://msass.case.edu/faculty/vgroza/index.html
- Эван Дональдсон ат. Бала асырау иститутының аға ғылыми қызметкері
Фактілер - Жасы 18-ге толмай асырауға алынған балалар саны – 1,6 миллион.
- Бұл 18-ге толмаған жалпы балалар санының 2,5 пайызына тең.
- Баланы асырауға алған отбасылардың 82 пайызы 1 бала, 15 пайызы 2 бала, ал 3 пайызы 3 бала асырайды.
Өзге фактілер - Жасы 18-ге толмай асырауға берілген әрбір 100 қыз балаға 90 ұл бала тиеді. Осы жас аралықтағы кәдімгі балалар статистикасы қарама-қарсы: әрбір 100 қыз балаға 106 ұл бала келеді.
- Отбасы тарапынан асырауға алынған балалардың (18 жасқа дейінгі) 17%-ы өзге нәсілді балалар. Өзге нәсілді өгей балалардың үлесі - 11%, ал нәсілі өзге туған балалардың үлесі 7%.
- Асырауға алынған балалардың 13%-ы шетелде туған. Ал туған балалар мен өгей балалардың 4%-ы ғана өзге елде туыпты.
- Кореяда туып, АҚШ-та асырауға алынған балалар саны (18 жасқа дейінгі) - 48,000. Корея - балаларды шетелге асырауға ең көп беретін ел. Асырауға алынған әрбір 4 баланың бірі Кореяда туған (24 %). Ал жалпы, шетелде туып, АҚШ-та асырауға берілген балалардың жарымына жуығы Азиядан келген.
Шамалап жасалған болжамдар Асырауға берілген балалардың жасы Халықаралық деңгейде бала беруші елдер - 2008 АҚШ-та бала асырап алу тарихы - Жетімдер пойыздары
- 1854 және 1929 жж аралығында 100,000 астам жасөспірім «жетімдер пойыздарына» отырғызылып, ауылдық жерлерге жөнелтілді.
- Жабық түрде бала асырау
- 1920-1960 жж аралығында балаларды жасырын асырау кең тараған
- Жалғыз-басты аналар балаларын тастап кететін
- Халықаралық бала асырау
- 1950 жж Кореядан бала алып келе бастаған
- Генри және Берта Холт
- Жасы есейген балалар және белгілі-бір мұқтажы бар балалар
- 1970 жж
- Басты заңнамалық негіздер 1980, 1996 жж қаланған
- Ашық түрде бала асырау
Американдықтардың шетелден асырауға бала алатындары неліктен? - Бедеулік
- Гуманитарлық (балаға көмек беру)
- Ашық түрде бала асырауды ұнатпау
- Балалар жасының кішірек екені
- Агенттіктердің бұл тәсілді ұнататыны
Баланы асырауға алу процесі,1-қадам - Шешім қабылдау – идеяны іске асыру
- Есепке алынатын факторлар
- Процестің ұзақтығы
- Шығындар
- Баланың сипаттамасын жасау
- Байланысқа шығу (телефон, интернет, агенттіктің үйге келуі, биресми кездесу, ата-аналар топтары)
Агенттікті таңдау – есепке алуға тұрарлық факторлар - Балаларды асырауға беру ісімен қанша уақыт айналысып жүргені
- Бюджеттерінің қаншама үлесі баланың игілігіне жаратылып жүргені
- Жылдық есептің нұсқасын алу, соның ішінде директордың жалақы деңгейін біліп алу
- Өз программалары мен қызметтерінің жетістіктерін қалай бағалайтындары
- Шығындар туралы жіті мәлімет жинау
Баланы беруге дейін үйді зерттеу - Асыраушы отбасының қызығушылықтарын, мүдделерін, артықшылықтарын және басқа да қасиеттерін анықтап, жан-жақты зерттеп, олардың балаға қамқорлық жасау қабілеттерін айқындау.
- -- Бала асырап алуға үміткер отбасы зерттеуден кейін жазылған қорытынды баяндаманы оқып, талқылап, түсінбегенін сұрап алуға құқылы.
- Үй зертттеулері тиісті талаптарға сай болуы қажет
- Азаматтық статус
- АҚШ-тың Азаматтық және иммиграциялық қызметтер жөніндегі бюросы бекіткен стандарттар
- Бала беретін елдердің талаптары
- Қылмыстық жазалардың болған-болмағаны
Баланы асырауға бергенде үй зерттеуін жүргізу - Зерттеуді жеке контрактор немесе басқа бір ұйым жүргізген болса, агенттік соны қадағалап, керекті стандарттарға сай келуін тексеру тиіс.
Асырауға беруге дейінгі дайындық - Асырауға беруге дайындық деген не?
- Үй және отбасын зертттеу, бағалау арқылы ақпарат жинау шараларын қолға алу
- Асыраушы отбасыларға алдағы өзгерістер туралы көбірек айтып, жаңадан семья құру түсінігін жеткізу
- Дайындауды процесс деп те, нәтиже деп те қарастыру керек
- Дайындық жұмыстары ойдағыдай өкізілмесе, оның кесірін кейін жою мүмкін емес
- Асырап алу процесінің табысты болуы баладан гөрі ата-анаға көбірек байланысты, яғни баланың отбасы ішіне азаптанбай, жеңіл ғана кіріп кетуіне жасалған жағдайларға байланысты болады.
Асырауға беруге дайындау қызметі: талқыға салынатын тақырыптар - Асырауға үміткер әке-шешеге келесі тақырыптар бойынша мәлімет беріледі:
- Асырап алудың отбасыға әсері;
- Тәжірибесі оңды болған асыраушы отбасылардың ерекшеліктері;
- Беруші елдердегі жағдай және балаларды қамқоршы органдарға берудің әсері;
- Баламен тіл табысу, оны дамыту және ата-ана болудың тәсілдері;
- Баланың білім алу кезіндегі қиыншылықтары;
- Арнайы мұқтажы бар баланы бағу;
- Нәсілі, ұлты, мәдениеті немесе діні басқа баланы асырау;
- Баланың бұрынғы ортасымен үнемі қатынаста болуының маңыздылығы және баланың жаңа ортаға бейімделуінің қажеттілігі;
- Баланың үйреншікті ортадан үзіліп кету ауыртпалығын бірге көтеріп, бұрынғы өміріндегі келеңсіз жағдайларды ұмытуға көмектесіп, жеке басының дамуына жағдай жасаудың маңыздылығы;
- Бала туа алмай, соны уайымдап жүрген отбасыларға көмектесу.
- *жекелеген немесе топ түрінде
Келесі қадамдар - Үйді зерттеу
- Ата-ананы дайындау/білім беру
Баланы орналастыру - Баланы ойлап жасалады: әрбір балаға өз семьясын табу
- Орналастыратын ұйым асырауға берілетін бала туралы барлық медициналық, жеке және әлеуметтік мәлімет жинап, соны асырап алушы семьяға алдында-ала көрсетуі керек.
- Агенттік міндетті түрде бұл мәліметтің толық әлде қысқаша екенін бөліп көрсету керек.
- Мәлімет қысқартылып алынған болса, онда сол қысқаша шолуды жасаған адамның аты-жөні, жұмыс орны, өкілеттігі және шолу жасалған күн құжатталуы тиіс.
- Мәлімет ағылшын тілінде болмаған жағдайда білікті аудармашының қызметі қамтамассыз етіледі.
- Болашақ ата-анаға шешім қабылдауға кем дегенде бір апта уақыт берілуі қажет. Баланың мүддесі үшін шешім тезірек қабылдануы керек болған жағдайда ғана ата-анадан аталған мерзімнен бұрын шешімдерін айтулары сұралады.
Бала орналастырылғаннан кейін көрсетілетін қызметтер - Бұл қызмет отбасыларға асырап алуға қатысты істерін аяқтауға көмектеседі.
- Бала келгеннен кейін алғашқы 2-3 аптаның ішінде агенттік алғашқы тексерумен үйге келеді.
- Баланың денсаулығына қатысты қажеттіліктері және емделудің жолдары туралы ақпарат берілсе, бұл ата-ананың алдын-ала жоспар жасап, дайындалуына мүмкіндік береді.
- Бұл қызметтер көбіне әрбір отбасыға икемделіп көрсетіледі.
Бала орналастырылғаннан кейін көрсетілетін қызметтер - Бұл қызметтер баланың игілігі, жаңа ортаға бейімделуі және тұрақтылығы мақсатында көрсетіледі.
- Асыраушы отбасылар бұл қызметтерді тікелей агенттіктің өзінен немесе соның жолдамасы бойынша алады:
- Беруші елдер сұраған жағдайда баланы орналастырғаннан кейін оның халі туралы есеп беру;
- Дамыту және білім беру қызметтері;
- Психикалық саулық сақтау қызметтері;
- Баланың жаңа ортадағы бейімделу, әлеуметтік жүріс-тұрыс және басқа да қабілеттерін дамыту;
- Отбасыға, оның әрбір мүшесіне және ерлі-зайыптыларға психологиялық көмек көрсету;
- Баланы уақытша бағу;
- Орналастыру процесі аяқталғанға дейін үзіліп қалса, баланы жаңадан орналастыру.
Бала асыруға берілгеннен кейінгі ұстанымдар - Асырап алу - өмір бойғы процесс.
- Асырап алынған балалар мен ересек адамдар, және асыраушы отбасылар асырауға алынған баланың нәсілін, ұлтын, мәдени әдет-ғұрпын құрметтеп, оның жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу керек.
Америкадағы баланың әл-ауқатын қорғау жүйесінің ұстанымдары - Қауіпсіздік
- Тұрақтылық
- Игілік
АҚШ-тағы баланы әлеуметтік қорғау жүйесі және Балалар құқығы конвенциясының арасында ұқсастық бар - Балалар
- Құқығы
- Конвенциясы
Балалар үшін қауіпсіздік тұрғысынан ең жағымсыз жер - #1— Институттар, жетімдер үйлері, топ арасында болып есею
- #2— Туған отбасылар
Балалар игілігі облысындағы қауіпсіздік мәселесі - Міндетті түрде есеп беру
- Отбасыларды тергеуге, сондай-ақ, уақытша немесе тұрақты қамқорлық алу туралы өтінішті сотқа жіберу құқығы бар Ата-ана құқығын сақтау, калпына келтіру және жою туралы шешімдерге қатысты сотқа кеңес беру үшін барлық мәліметті жинау
- Басты назарда ата-ананың құқығы емес, баланың құқығы болуы тиіс
Балаларды асырап алудың психологиялық салдары - Асырап алу – бұл өте күшті әрі жағымды шара
- Балалардың көбі ешқандай психологиялық зардаптарға душар болмайды
- Асырауға алынғандардың шамамен 4%-і аса қатты эмоционалдық және мінез-құлық проблемаларына шалдығады (тәуекел деңгейі жоғары әлеуметтік топтарда бұл көрсеткіш 2-3% тең)
- 30%-ға жуығы оқу-үйрену кезінде қиыншылық көреді. Бұл негізінен оқып-үйрену қабілетінің төмен болуы себепті, не болмаса, оқуға теріс әсер тигізетін эмоционалдық және мінез-құлық проблемалары себепті болады
- Жыныстық жетілу мерзімі ұзағырақ созылып, бұл кезең асырауға алынғандар үшін өзгелерге қарағанда қиындау болуы мүмкін
- Асырап алудың өзі проблема емес; проблемалар көбіне балалар асырауға алынғанға дейін, тіпті туғанға дейін ананың құрсағында жүрген кездегі зиянды, жаман тәжірибенің салдарынан пайда болады
Халықаралық асырап алуға берілетін балалардың дамуы - Тез икемделе алатын тентектер
- Жаралы жандар
- Физикалық қиыншылығы мол балалар
Асырап алу нәтижелерін қорытындылау - Нәтижелердің бәрі де оңды болады
- Асырап алу мысалдарының көбі өте табысты
- Клиникалық және тұрмыстық проблемалар – бұл асыраушы отбасы өмірінің бір бөлігі
Асырап алу туралы мәлімет көздері - American Adoption Conference
- http://www.americanadoptioncongress.org/
- Child Welfare Information Gateway-Adoption
- http://www.childwelfare.gov/adoption/
- Concerned United Birth Parents
- http://www.cubirthparents.org/
- Ethica: A Voice for Ethical Adoptions
- http://www.ethicanet.org/itemlist.php?pagestyle=itemlist
- Evan B. Donaldson Adoption Institute
- http://www.adoptioninstitute.org/index.php
- National Adoption Clearinghouse
- http://www.adoption.org/adopt/national-adoption-clearinghouse.php
Достарыңызбен бөлісу: |