133
– мамандығы бойынша тыңдаған немесе оқыған мәтіннің, естіген ақпараттың
мазмұнын айта білуі, ондағы оқиғаға өз көзқарасын білдіре білуі, оны өзінше толықтыра
білуі тиіс.
Студенттің берілген тақырып бойынша мәлімдеме жасау, сұхбат құру, әңгімені қоштау
т.б. бағытта білім, білік дағдысы болуы қажет.
Мамандық тілі деңгейі
Тыңдалым бойынша кәсіби мәтінді таспадан тыңдап, студент:
- берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге
керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;
- түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды,
тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық бөлімдері бойынша негізгі ақпаратты
тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар:
- іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы бойынша
сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек. Мәтіндердің тақырыбы
студенттердің таңдап алған мамандықтарына сәйкес алынады.
Оқылым әрекеті бойынша мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып, студент:
- оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөлімдері арасындағы логикалық
және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.
- студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы
тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет. Мәтіннің
түрі: жалпы ғылыми, жалпы кәсіби және арнайы мамандық саласы бойынша құрастырылуы
тиіс. Мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы, баяндаманы оқу
барысында студент төмендегі жайттарды орындай білуі қажет:
- оқудың басты стратегияларын қолдана білуі; мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның
ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
- хабарға, апаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білуі тиіс.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын
терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып
бойынша жеке көзқарасын, тұжырымында жеткізе білгені жөн.
Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс.
Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет,
ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5 болуы тиіс.
Студент сонымен қатар:
- мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып
бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды байыта жаңғыртып, толықтырып,
өз бетінше өңдей білуі тиіс;
- ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен
жазбаша құра білу тиіс;
- нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған
хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Әдеби шығармалар немесе мақалаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар, эссе,
түйіндеме, пікір жаза алады.
Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы
бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей
шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы
жайында әңгемелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Диалогтық
сөйлеуде студент:
- айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әртүрлі сұрақтар қою
негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
- мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне
жеткізе білуі;
- естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.
134
Типтік бағдарламада ЖОО-да дайындалатын барлық мамандық түрлері бойынша
лексикалық тақырыптар тізімін беру мүмкін емес. Оны әр оқу орны өз бағдары мен
жоғарыда көрсетілген халықаралық стандартқа сай анықтайды.
Тіл үйренушілердің деңгейін анықтау критерилері
В
1
– негізгі жеткілікті деңгей
Студент мынандай коммуникативті тапсырмаларды орындай алуы қажет:
кәсіби қатынас саласындағы қатысымды-тілдік құрылымдарды түсіне және қолдана
білуі керек;
кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойларды түсінуі, оған қатысты өз ойын білдіруі,
мәтін мазмұнын құптауы немесе келіспеуі, қосымша деректер негізінде баяндай алуы қажет.
Студент өз мамандығы бойынша ойын жаза алуы, болашақ қызметі туралы баяндай алуы
міндетті.
В
2
– негізгі стандартты деңгей
Студент берілген деңгей негізінде мынандай коммуникативті тапсырмаларды орындай
алуы қажет:
-
кәсіби қатынас саласындағы әртүрлі қатысымдық міндеттерді шешу кезінде
мамандығы бойынша түрлі қатысымдық-тілдік құрылымдарды түсініп, қолдана білуі қажет;
-
тіл грамматикасының негізгі заңдылықтарын меңгеріп, оны кәсіби жағдаяттарда
қолдана алу қабілеттілігі;
-
оқыту үдерісі кезінде алған білімін, білігі мен дағдысын кәсіби қызметте қолдана
алу қабілеттілігі;
-
өз мамандығына қатысты кәсіби жағдаяттарда ойын қазақ тілінде дәлелді,
жүйелі жеткізе білу қабілеттілігі;
-
кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойды, БАҚ-тағы күнделікті жаңалықтан
кәсібіне қатысты ақпараттарды түсіну қабілеттілігі;
-
ағылшын тілінде өз мамандығы, болашақ қызметі туралы баяндай алу қабілеттілігі.
-
кәсіби терминдермен жұмыс істеу барысында оқығаны туралы өзінің бағасын бере
отырып, пікірін, ойын ағылшын тілінде дұрыс айта білу қабілеті.
-
өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау қабілеті.
С
1
– С
2
– негізгі стандарттан жоғары деңгей
Студент берілген денгейі негізінде мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай
алуы қажет.
Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түciнy. Ғылыми еңбектерді оқып баяндай бiлy.
Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби
шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі. Өзінің ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша мақала,
баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет. Ғылыми еңбекке эссе, жоспар (жай және
күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті.
Тыңдалым бойынша бейтаныс түпнұсқадағы кәсіби мәтінді таспадан тыңдап, студент:
- берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге
керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;
- түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды,
тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ақпаратты
тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар:
- іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат
мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек.
Ағымды, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша
әдістемелік нұсқаулықтар
Кредиттік технология бойынша баллдық жүйе студенттің білім деңгейін бағалауда
маңызды рөл атқарады. Студент біліміне объективті түрде қойылатын қорытынды баға