Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет35/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

70 

 

Әрбір  мұғалімнің  өздігінен  білімін  көтеруі  –  үздіксіз  жүретін  құбылыс,  ой  еңбегінің 



әдіс-тәсілін меңгеру, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспарын жасап, оны 

іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылады. 

Өздігінен білім алу – мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі.  

Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі қызметтері ретінде М.Князеваның мынадай 

топтамасын келтіруге болады: 

1.  Экстенсивтік – жаңа білімдерді іздестіру, жинақтау. 

2.  Бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау. 

3.  Компенсаторлық  –  мектептік  білімнің  олқылықтарын  толықтыру,    өз  біліміндегі 

кемшіліктерді жою. 

4.  Дамытушылық -  өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық 

сапаларын дамыту. 

5.  Әдіснамалық – кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу. 

6.  Коммуникативтік  –  түрлі  кәсіптер,  ғылымдар,  адамдар  арасындағы  байланыстарды 

орната алу. 

7.  Шығармашылық – шығармашылық жұмысқа үйрену. 

8.  Жаңашылдық  –  қалыптасып  қалған  пікірлерге  жаңаша  көзқарастардың  туындауы, 

ескілікті жою, стереотиптерден арылу. 

9.  Психологиялық – зиялы адамдар  қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір 

бөлігі ретінде сезіну. 

10. Геронтологиялық  –  жасы  ұлғайған  адамдардың  өздігінен  білімдерін  жетілдірулері 

арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.  

Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  адам  өздігінен  білімін  жетілдіріп  отыруы    арқылы 

бәсекеге  қабілетті,  еркін  жан-жақты  дамыған  тұлға  бола  алады.  Өздігінен  білім  алу 

үдерісінің  құнды  жақтарының  бірі  ретінде  тұлғаның  жеке  танымдық  белсенді  іс-әрекетпен 

шұғылдануын атауға болады. Бұл үдерісте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім 

алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді. 

Өздігінен  білім  алудың  тағы  бір  маңызды  ерекшелігі  ретінде    адамның  білімді 

ізденудегі құлшынысының, ынта-ықыласының барлығы адамның өз еркінен туындайтынын, 

сырттан келетін ешқандай ықпалдардың болмайтындығын атап өтуге болады.  

Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта және 

жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ 

мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева 

т.б. ұсынған  мынандай жағдайларды қарастыруға болады: 

1.  Кітапханадағы  электрондық  және  кітап  қоры,  Интернет  жүйесін  пайдалану. 

Студент жастарға кітапхананың бай қорымен танысып қалу мүмкіндігін жіберіп алмау керек, 

себебі  онда  академиялық  кітаптардан  басқа  мерзімді  басылымдар  арқылы  заманауи 

жаңалықтармен  танысып  отыруға  болады.    Интернет  арқылы  қашықтықтан  оқыту  жүйесі 

бойынша түрлі білімді жетілдіру курстарына қатысуға болады.  Бұның ұтымды жағы болып  

адамның  өзіне  үйреншікті  жағдайда  отырып  сан  алуан    білім  беру  бағдарламаларымен 

танысып,  өзінің  қалауы  бойынша  біреуін  таңдап  электрондық  пошта  арқылы  хат  алмасып 

білімін толықтыруы болып табылады.   

2.  Студенттердің  ғылыми-зерттеушілік  іс-әрекеттері.  Кәсіби  дайындық  барысында 

студенттер  курс  жұмысы,  дипломдық  жұмыс  (бакалавриатта),  зерттеу  жұмысының 

нәтижелерін  мақала  ретінде  жариялау,  магистрлік  диссертация  (магистратурада)  жазумен 

айналысады.  Бұл  жұмыс  барысында  жас  мамандар  бір  ғылыми  мәселені  шешуде  өзіндік 

көзқарастарын  қалыптастырады,  зерттеудің  эмпирикалық,  теориялық,  әдіснамалық 

әдістерімен  танысады,  бір  тақырып  көлемінде  өздерінің  білімдерін  тереңдетеді.  Ғылыми 

жетекшісінің  басшылығымен  зерттеу саласындағы белгілі мамандардың еңбектерімен жан-

жақты танысып, өзіндік болжамдарын жасап, жеке пікірлерін тұжырымдай алады.  

3.  Білімді,  іскерліктерді  жан-жақты  жетілдіру  курстарына  қатысу.    Студенттік  шақ 

адам  бойындағы  қабілеттерді  дамытуға  өте  қолайлы  кезеңдедің  бірі.  Арнайы  білімдермен 



71 

 

қатар  жас  маман  тұлғасына  оның  іскерліктеріне  байланысты  көп  талаптар  қойылады. 



Сондықтан    сөйлеу  шеберлігін  дамытуға    арналған  психологиялық  тренингтерге,    шет 

тілдерін  үйрену  курстарына  қатысып    жоғарғы    білім  туралы  дипломмен  қатар    бір  неше 

сертификаттар алып шықса оның  жұмысқа орналасуы да жеңіл,  және жұмыс орнында  өз 

күшіне деген сенімділік нығая түспек. Бұндай мамандар  өздерінің құзіреттілігімен беделді 

де абыройлы бола алады.  

4.  Кәсіби  іс-әрекет  бағытында  жұмыс  істеп  көру.  Қазіргі  нарық  заманында  көптеген 

студент  жастар  оқуларымен  қатар  қосымша  жұмыс  істеуге  тырысады.  Әрине,  бұл 

сабақтарына  кедергі  болмаса  өте    құптайтын  жайт.  Егер  сабақтарымен  қатар  алып  жүре 

алмаса,  жазғы  каникул  кездерінде  өздерінің  кәсіби  іскерліктерін,  құзіреттерін  практика 

жүзінде сынап көрулеріне болады. Бірақ осындай жұмыстар болашақ маманның өзі таңдаған 

кәсіптерімен  байланысты  болғаны  абзал.  Мысалы  репетиторлық  жұмыстар,  мектепте 

сабақтан  тыс  спорттық  үйірме,  факультативтік  жұмыстарын  жүргізу,  лингвистикалық 

аудармашылық  жұмыстар,  компьютерлік  қызмет  көрсету  жұмыстары,  балалардың  демалыс 

лагерлерінде  жетекшілік  атқару,  бала  бақшаларында  тәрбиеші  болу  сияқты  жұмыстар 

жастардың  болашақ  кәсібімен  жақынырақ  танысуға,  ұжым  ішінде  тұлға  аралық  қарым-

қатынасты  орнатуға  уйренуіне,  тәжірибе  жинақтауына,  өз  мүмкіндіктерін  бағалауға  көп 

септігін тигізді. 

5.  Қоршаған  ортадан  алынған  ақпараттарды  білім  алу  көзіне  айналдыру. 

Айналамыздағы  бізді  қоршаған  таныс  және  бейтаныс  адамдармен  дұрыс  қарым-қатынас 

орнатудың өзі болашақ мұғалім үшін  кәсіби тәжірибе жинақтаудың көзі бола алады, себебі 

ертең  мұғалімдік қызметте жасы үлкен әріптестерімен, балалардың ата-аналарымен сөйлесе 

алу қажет. Сонымен қатар әрбір тәжірибелі ұстаздардың дәрістеріне қатысу арқылы олардың 

аудитория  назарын  қалай  аулайтынын,  сабақ  үстінде    тәртіпті  сақтай  алу  іскерліктерін, 

ынтымақтастық  қарым-қатынас  орната  алу  шеберліктерін  үйренуге  болады.  Теледидардан 

көретін  хабарларыңыздың  кәсібіңізге  қатысты  жаңалықтары  болса  оларды  педагогикалық 

күнделігіңізге  түртіп  жазып  алуды  дағдыға  айналдырған  дұрыс.  Кітап  дүкендеріне,  кітап 

көрмелеріне  баруды  әдетке  айналдырған  абзал,  себебі  онда  ең  соңғы  жаңа  кітаптар 

сарынымен танысып отыруға мүмкіндік бар.  

6.  Өздігінен  білім  алудың  көзі  ретінде  әр  адамның  әуестенушілігін,  хоббиін 

қарастыруға  болады.  Кез  келген  адамда  өзіне  тән  бір  ерекшеліктері  болады.  Мысалы  біреу 

жақсы  ән  айта  алады,  екіншісі  жақсы  билей  алады,  үшіншілерінде  ақындық  қабілеттері 

дамыған,  кейбіреулері  музыкалық  аспаптарда  жақсы  ойнай  алады,  басқасында  спорттық 

қабілеттері  басым  болып  келеді.  Бұл  қабілеттерді  одан  әрі  дамытып  отыру  қажет,  себебі 

ертеңгі  кәсіби  іс-әрекетте  балаларға  беретін  сабағыңыздан  басқа  оларды  әуестендіретін, 

қызықтыратын тұлғалық сапаларыңыздың  бірі осы ерекшелігіңіз болады.  

Өздігінен  білім  алу  негіздерін  жақсы  меңгерген  маман  кәсіби  іс-әрекетте  үнемі 

әріптестерінің  алды,  ұжымның  абыройлы  тұлғасы,    өзінің  құзіреттілігімен,  бәсекеге 

қабілеттілігімен  гуманистік  бағыттылығы  негізінде  басқаларға  үлгі-өнеге  болып  оларға 

қолдау көрсете алады. 

Мектептерде  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу,  жинақтау  ісі  күрделі  және 

шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе  - оқыту, білім 

беру  және  тәрбие  тәжірибесі,  дәлірек  айтсақ  нәтижесі  оқушының  жеке  тұлғалық 

сапаларынан  көрінетін,  белгілі  бір  мақсатпен  ұйымдастырылатын  педагогикалық  үдеріс. 

Көпшілік  мұғалімнің  педагогикалық  тәжірибесі  –  бұл  педагогикалық  ғылымының 

жетістіктерін  қолданып,  жұмыс  істеп  жатқан  білім  беру  ұйымдарының  тәжірибесі.  Озат 

педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе 

-  мұғалімнің  шеберлігінің  жоғары  деңгейі,  тұрақты  педагогикалық  нәтиже  беретін  оқыту 

және  тәрбие  тәжірибесі.  Мұғалімнің  тәжірибесінде  жаңалық  болмауы  мүмкін,  бірақ  ол 

ғылымда белгілі  принциптерді,  әдістерді  табысты түрде қолданып, басқа  мұғалімдерге үлгі 

болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау