Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет32/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

64 

 

Қазіргі балалар қозғалысының маңызды ерекшеліктерінің бірі  – ересек жетекшілерді 



олардың өздерінің таңдау құқығы.  

Балалар  бірлестігінің  жетекші  –  көшбасшысы  жасына,  жынысына,  ұлтына,  біліміне 

партияға  мүшелігіне    қарамай,  Ресей  Федерациясының  балалар  құқықтары  және  заңдары 

декларациясының  шеңберінде  кез  келген  адам  бола  алады.  Балалар  бірлестігі  мемлекеттік 

және  жеке  меншік  мекемелердің  қоғамдық  құрылымдарының  тұрғылықты  жері  бойынша 

құрыла және қызмет ете алады. 

Балалар  бірлестіктері  бір-бірінен  іс-әрекеттерінің  мазмұны,  қызмет  ету  ұзақтығы, 

басқару формалары арқылы ерекшеленеді. Іс-әрекеттің мазмұны бойынша еңбек, өткізілетін 

бос  уақыт,  қоғамдық  –  саяси,  діни,  патриоттық,  танымдық  және  т.б.  балалар  бірлестіктері 

болуы  мүмкін.  Балалардың  еңбек  бірлестіктері  оларды  еңбекке  баулуды  ұйымдастыру 

міндеттерін  жүзеге  асырады.  Оларға  жеке  экономикалық  мәселелерді  шешу  мақсатында 

балалардың біріккен іс-әрекеті үшін құрылған оқушылар кооперативі мысал бола алады. 

Бос уақыт өткізетін, қоғамдық – саяси, патриоттық және т.б. бірлестіктер балалардың 

қабілеттері  мен  бейімділіктерін  дамыту  мәселелерімен  және  қарым-қатынас  жасау,  өзін-өзі 

көрсету,  өзін-өзі  таныту  үшін  мүмкіндіктер  жасау  мәселесімен  айналысады.  Соған 

байланысты бұл ұжымдарға  өз еріктерімен кіреді.  

Қызмет ету ұзақтығына қарай белгілі бір қосымша білім мектебі, мекемесі базасында 

балалардың  тұрғылықты  жеріндегі  қоғамдық  бірлестіктер  тұрақты  жұмыс  істеуі 

мүмкін.Балалардың  типтік  уақытша  бірлестіктеріне,  балалардың  жаздық  орталықтары, 

туристік топтары және т.б. жатады. Кей мәселелерді шешу үшін көп уақытты талап етпейтін 

бірлестіктер де жатады (көмек акциялары, слеттерге және т.б. қатысушылар). 

Басқару  сипатына  қарай  балалардың  қоғамдық  бірлестіктерінің  ішінен  формальды 

емес  балалар  бірлестігін,  клубтық  бірлестіктерді,  балалар  ұйымдарын  бөліп  көрсетуге 

болады. 


Мектептерде  педагогтар,  жетекшілер,  кейде  балалардың  өзі,  олардың  ата  –  аналары 

көтереді.  Бастама  көтеруші  педагогтар  –  балалар  бірлестігінің  ерікті  кураторлары, 

жетекшілері,  лидерлері  және  олардың  белсенді  қатысушылары.  Осындай  педагогтардың 

және белсенді оқушылардың топтары жаңа идеялардың генераторы болады. Қазіргі уақытта 

мектептердің  тәрбие  жүйесіне  етене  енген  қоғамдық  балалар  құрылымдары  (ұйымдар, 

клубтар, кеңестер, одақтар, балалар парламенттері және т.б.) құрылуда.   

Мектептің  тәрбие жүйесінде балалардың қоғамдық құрылымы:  

-  оқушылардың  өздерін  -  өздері  басқаруларының  әрқилы  формалары,  органдары 

(жоғары сынып оқушыларының кеңестері, мектеп комитеті, думалар және т.б.);   

- мектеп (оқушылар) ұйымдары; 

- қосымша білім беру  жүйесінде жұмыс істейтін балалардың қоғамдық бірлестіктері, 

ұйымдары;  

-  ұжымдық  шығармашылық  істері,  ойындар,  спорттық,  туристік  –  өлкетанушылық 

жарыстарды  дайындау  және  өткізу  бойынша  кеңестер,  штабтар  сияқты  уақытша  балалар 

бірлестіктері; 

- балалардың өз бетінше жұмыс істейтін бағдарлы бірлестіктері (нақты сала бойынша 

білімді кеңейту, тереңдету) арқылы көрініс береді. 

 

Осындай  балалар  бірлестіктерінің  әрқайсысының  мектептің  тәрбие  жүйесіне  ықпал 



ету  ерекшеліктері  мен  тәсілдері  бар.  Мектептің  тәрбие  жүйесінде  оқушылар  ұйымдарының 

алатын  орны  ерекше.  Олар  мемлекет  анықтаған  мектептің  негізгі  міндеттерін  шешетін 

педагогикалық  ұжымның  одақтастары,  оқушының  құқығын  қорғаушылар,  педагогтармен 

бірге 


өткізілетін 

мектептік 

олимпиадалардың, 

конкурстардың, 

байқаулардың, 

шығармашылық көрмелердің, пәндік апталықтардың белсенділері. Олардың іс-әрекеттерінің 

негізгі  объектілері    -  мектеп,  оқушы,  «мұғалім  -  оқушы»,  оқу  іс-әрекеті.  Оқушы  іс-

әрекеттерінің мектептегі рөлі мен орны, оның оқушылар, педагогтар, ата-аналар алдындағы 

беделі – мектептегі тәрбие жүйесі нәтижесінің көрсеткіші. 



65 

 

Мектеп пен балалар қоғамдық құрылымының өзара әрекеттестігінің негізгі мағынасы 



– мақсаты мен нәтижесі бала. 

Ұжымдық  шығармашылық    (И.Т.Иванов)  істің  мәні  –  әрбір  және  барлық  балаларды 

әржақты  дамыту  және  қалыптастыру,  әлеуметтік  өмірге  олардың  белсенді  және 

мейірімділікпен қызмет етуі. 

ҰШІ мына кезеңдері: 

1.  Ұжымның  алдан-    ала  істелетін  жұмыстары  әңгімеден  басталады.  Онда  шешуге 

тиісті мәселелер ұсынылады, талқыналады, қай жерде қанша уақыт істейді т.б.  

2. ҰШІ жоспарлау жалпы жиналыстарда талқыланады. Әрбір ұжым мүшесі өз пікірін 

айтып,  жоспарда  көрсетілген  мәселелерге  байланысты  сұрақтар  қойып,  ұсыныстарын 

кіргізеді. 

3. ҰШІ анықтау және дәлелдеу. Жасалған іс жобасын талқылайды, жұмысты бастауға 

кіріседі. 

4. ҰШІ өткізу. Дайындық қорытындысын шығару.  

5. ҰШІ аяқтау.Қорытындысын шығару. Не жақсы болды? Себебі не? Келешекте нені 

ұсынамыз? 

6.  Ұжымдық  іске  қорытынды  жасалғаннан  кейін  арнайы  жиында  айтылған 

ұсыныстарды    жүзеге  асыру,  келешекте  іс  әрекеттердің  мақсатын,  мазмұнын  және 

бағыттарын белгілеу.  

 

Бекітуге арналған сұрақтар 

1.  Скаутизмді құрудың мақсаты қандай болды? 

2. Балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдардың негізгі мақсаты 

не?  


3.   «Мың бала» патриоттық қозғалысы бағдарламасының  бағыттары қандай? 

 

 



Дәріс №14 Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің  диагностикасы 

Жоспары: 

1.  Оқушылардың тәрбиелік деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері. 

2.  Диагностиканың әртүрлі әдістері мен әдістемесін пайдаланудың ерекшеліктері.  

3.  Оқушы мен сынып ұжымының психологиялық -  педагогикалық сипаттамасы. 

Мақсаты: Диагностиканың әдістері мен әдістемесі туралы білімдерін қалыптастыру. 

Глоссарий:  

Критерий  –  бағалауға,  пікір  айтуға  не  топтастыруға  негіз  болатын  белгі;  қайсыбір 

құбылысты пайымдау, бағамдау өлшемі.  

 

Әдебиеттер: 



1.   Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. - Астана, 2011. 

2.  Губайдуллина Г.Н. Педагогиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. – Алматы,2011. 

3.  Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. Учебное пособие. – Москва, 2008. 

4.  Набуова Р.Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқу құралы. - Алматы, 2015.  

5.  Тәжібаева С.Ғ.  Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. –Алматы, 2013. 

6.  Худякова  Н.Л.  Теория  и  методика  воспитания:  учеб.  пособие  Н.Л.  Худякова  Челябинск: 

Изд – во Челяб. гос. ун – та, 2009. 

 

Сынып  жетекшісінің  оқу  -  тәрбие  жұмысының  нәтижесі  -  сынып  жетекшісі 



жұмысының  ішіндегі  ең  күрделі  кезеңі.  Себебі,  ол  педагогикалық  процестің  мәнін  танып 

білуге  аса  зор  ықпал  етеді.  Әрбір  жағдайды  талдау  жұмысының  нәтижесінде,  оған  дер 

кезінде  дұрыс  шешім  қабылдап,  түзетулер  және  толықтырулар  енгізіп  отыруға  мүмкіндік 

туады.  



жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау