68
Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер
көп. Гуманистік педагогиканың білімді бағалауы өктем педагогикадан бөлек. Ең бірінші
орында оқу-тәрбие үдерісінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі
диагностика тұрады. Ол мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін
көтеру үшін оның жолдарын талдайды.
Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық-
педагогикалық білім алу үшін көптеген әр түрлі тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен
сынып жетекшісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімелесулері қажет.
Содан кейін алған мәліметтерді талқылап, қорытындылайды. Негізгі мәліметтерді сынып
жетекшісі сол сыныптағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін
сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социометриялық әдістерді, экспериментті қолдануға
болады.
Оқушының жеке басын танып білуде оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының
атқаратын қызметі ерекше. Себебі оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын,
психикалық процестерін (жаңа материалды меңгеруі, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы,
сөйлеуі т.б.) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына
оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен
шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуын да
көздейді.
Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-
аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу – оқушылардың үйдегі
өмірі мен еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай
өткізетіндігін, үй тапсармаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап
білуге ықпал етеді.
Жеке тұлғаны зерттеу
Оқу жылының басында оқушылардың тәрбиелігін анықтау:
№ Аты -
жөні
Оқуға
көзқара-
сы
Еңбекке
көзқара-
сы
Өнерге
көзқарасы
Жолдастарымен
қарым -
қатынасы
Дене
қимыл –
қозғалысы
деңгейі
Тәрбие-
лік
деңгейі
Бұл кесте оқу жылының аяғында да толтырылады.
Оқушыларды зерттеу картасы
1.
Оқушының аты-жөні:............................................................
2.
Мекен жайы:::........................................................................
3.
Ата-анасының мамандығы...................................................
4.
Жанұяның құрамы, материалдық дәрежесі .......................
5.
Жанұядағы қарым-қатынас .................................................
6.
Жанұядағы бала тәрбиесінің сипаты .................................
7.
Баланы бос уақыты...............................................................
8.
Үй жұмысына қатысуы.........................................................
9.
Баланың денсаулық жағдайы ...............................................
Оқушының жалпы
даму дәрежесі
1.
Аты-жөні .................................................................................
2.
Жалпы дамуы .........................................................................
3.
Оқу еңбегінің көзқарасы .......................................................
69
4.
Оқушының үлгерімі ...............................................................
5.
Дене еңбегінің көзқарасы ......................................................
6.
Оқушының қызығушылығы мен бейімділігі .......................
Бекітуге арналған сұрақтар
1. Тәрбиелік деңгей қалай айқындалады?
2. Тәрбие үрдісінің тиімділігін зерттеу және бағалау өлшемдері қандай?
3. Диагностиканың қандай әдістері мен әдістемесі бар?
Дәріс №15 Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру
Жоспары:
1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы
2. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері.
Мақсаты: Өздігінен білім алудың негізгі ерекшеліктерімен таныстыра отырып, озық
педагогикалық тәжірибе мен инновацияның түрлерін меңгерту.
Глоссарий:
Педагогикалық кеңес – мектептің барлық іс – әрекетін басқарудың тұрақты органы,
мұғалімдердің педагогикалық ойының ұжымдық орталығы.
Педагогикалық курстар – мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығын көтерудің бір жолы.
Педагогикалық курстарда мұғалімдер теориялық мәселелермен және озат педагогикалық
тәжірибелермен танысып, білімдерін толықтырады.
Әдебиеттер:
1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004.
2. Кукушин В.И. Теория и методика воспитания. – М.: Издательский центр
«Академия»,2002.
3. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. Учебное пособие. – Москва, 2008.
4. СуминаТ.Г. Теория и методика воспитательной работы: курс лекций.Т.Г.Сумина
Екатеринбург: Изд – во Рос.гос.проф. – пед. ун –та, 2010.
5. Тәжібаева С.Ғ. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. –Алматы, 2013.
6. Худякова Н.Л. Теория и методика воспитания: учеб. пособие Н.Л. Худякова Челябинск:
Изд – во Челяб. гос. ун – та, 2009.
Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді,
ал білім беру процесіндегі маңызды фигура – ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі
міндеттерінің
бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл
тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр
мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде
жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты
мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның
экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары
туындап отырады. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде.
Білім жетілдіру - кадрлардың, білімнің түрлі саласындағы мамандардың ғылыми –
техникалық білімін кеңейтетін және кәсіби іскерлігін, біліктілігін арттырып, мамандығын
көтеретін мемлекеттік жүйе. Мұғалімдердің мамандығын жетілдіру - өздігінен білім алу (ең
алдымен), курстар, семинарларда, мектептегі, пән бірлестіктерінде, практикумдарда,
ғылыми-педагогикалық конференцияларда, құрылтайларда, симпозиумдарда, озат тәжірибе
мектептерінде, білім жетілдіру институттарында, аудандық, қалалық методикалық
мамандықты жетілдіру методикалық кәсіпке жатады.