52
қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық
жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы
тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар
тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында
өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын
жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-
шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне,
құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер
етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын
туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.
Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі
мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың
нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм
жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған
жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысу арқылы қалыптасқан нормалар мен
құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы
талаптарды да бұзады.
Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт - жасөспірімнің жеке адам болып
қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының
қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын
қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу
- ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы
тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:
- Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру.
Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы
тәрбиенің бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;
- Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет;
мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты
қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсіндіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру
керек;
- Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге
сәйкес жоспарлау;
- Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының
психикалық ерекшеліктерін ескеру;
- Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық
және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспекттерге сәйкес келуі тиіс;
- Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды
демалыстар ұйымдастыру;
- Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай
жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен,
Ішімдікке қарсы жұмыстың мазмұны мәнді, түсінікті, адамзат баласының
қажеттіліктерін дұрыс қамтитын терең ұғымға негізделуі керек. Балалардың салауатты өмір
салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне, өзі тәрбиеленіп отырған ортасына байланысты
болып келеді.
Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруды, олардың
белгілі жас-жыныс, ұжымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген тиімді.
Бекітуге арналған сұрақтар
1. «Салауатты өмір салты» дегенді қалай түсінесіздер?
2. «Салауатты өмір салтына» негіз болатын 3 идеяны атаңыздар.
3. Салауатты өмір салтын құруға қатысты дәрігерлердің берген кеңесі қандай?
53
Дәріс №11 Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының
әдістемесі
Жоспары:
1. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мәнді сипаттамасы
2. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары.
3. 12 жылдық мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері.
Мақсаты:Кәсіптік бағдар беру жұмыстары, олардың формалары және 12 жылдық
мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері туралы білім жүйесін
қалыптастыру.
Глоссарий:
Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын
талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік адаптация – бұл әртүрлі
оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету
жағдайына бейімделу жүйесі.
Кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен
психикалық-физиолгиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер
саласында мамндық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын әске асыруына
ақпараттар мен консультациялық көмек беру.
Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере
отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
Әдебиеттер:
1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004.
2. Воронов В.В. Технология воспитания. – М.: «Школьная Пресса», 2000.
3. Кукушин В.И. Теория и методика воспитания. – М.: Издательский центр «Академия»,
2002.
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев М.Р. Педагогика. Оқу құралы. –Алматы, 2000.
5. Пряжников Н.С. Профориентация в школе: игры, упражнения, опросники, М. 2005
«ВАКО».
6. Тәжібаева С.Ғ. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.Оқулық. –Алматы, 2013.
7. СуминаТ.Г. Теория и методика воспитательной работы: курс лекций.Т.Г.Сумина
Екатеринбург: Изд – во Рос.гос.проф. – пед. ун –та, 2010.
Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау – қиын педагогикалық мәселелердің бірі.
К.Маркс «Белгілі бір мамандықта біздің қабілетімізге қатысты шатасу – өзіне өшпенділік
туғызатын қателік» - деп жазды.
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және
басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен
бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және
мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді (мектеп,
үйелмен, жұртшылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді.
Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және
үйлестіруші орталық.Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын
мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және мектептен тыс
тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
- оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту
мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
- оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.