Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет22/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36

44 

 

ішімдік  және  нашақор  пайдалануы;  ата    -    ананың  шектен  тыс  мейірімінен  балаға 



психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау.  

  Әңгімелесу  әдісі-  бұл  баламен  сөйлесу  арқылы  оның  ішкі  жан  дүниесіне  ену, 

проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу. 

Сынып  жетекшісінің  әлеуметтік  педагогпен  бірлесе  жүргізетін    әдістердің  бірі- 

бақылау  әдісі.  Баланың  іс-  қимылын,  сөзін  әр  түрлі  іс-шаралардан  байқау.  Жүйелі  және 

нәтижелі  жұмыстар  арқылы  ол  баланың  мінезінде  ауытқушылық  болса,  сөзінде  береке 

болмаса, ол баламен жеке жұмыстар ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда 

жүргізу  өте  тиімді:  ойын  кезінде,  сабақта,  әр  түрлі  іс-шараларлда  үнемі  көңіл  аударып, 

жүйелі жұмыстар жүргізу керек. 

- Сауалнама- жазу арқылы бала туралы ақпараттар жинау. Сауалнаманың мазмұнында 

негізгі проблемалар болуы тиіс: 

- ойы;  


- мінезі;  

- әлеуметтік демографиялық жағдайы;  

- белгілі бағыт бойынша қызығушылығы.  

Девиантты жүріс-тұрыс пен мінез-құлыққа душар болған балалармен жұмыс түрі мен 

технологиясы – алдын алу және қатарға қосу немесе бейімдеу болып табылады. Бейімдеудің 

бірнеше түрі бар, олардың бірі- психологиялық бейімдеу. Психологиялық жолмен бейімдеу - 

баланың  сана  -    сезімінде  терең  орын  алып  қалған  «менің  ешкімге  қажетім  жоқ»,  «менің 

қолымнан ешнәрсе келмейді» деген ойдан арылтып, ақыл  - кеңес беру, иландыру жолымен 

өзіне деген сенімін арттыру. 

Балаға мұғалімнің, ата - аналарының немқұрайлығының өршуі, құрбы-құрдастарымен 

өзара  қарым  -  қатынастырының  дұрыс  болмауы  қоғамда  қиын  баланың  көбеюіне  әкеліп 

соғуда.  

Психологиялық  түзету  кезеңінде  тек  қана  төзімділік  керек.  Тәрбиелік  іс  –  кезінде 

сабырлы,  ілтипатты,  салқынды,  ұстамды  болу  қажет.  Құр  уағыз  айтып,  мезі  етіп,  жанын 

жараламай, қателігін үнемі  бетіне баспау керек. Орынсыз жазаламау  керек. Жан  – жылуын 

зәруліктен  құтқару,  бала  құқығымен  санасу.  Жеке  тұлға  ретінде  дамуына  ықпал  ету  жағын 

ескеру қажет. 

 

Бекітуге арналған сұрақтар 

1.  «Девиантты  мінез-құлықты»,  «Делинквентті  мінез-құлықты»  ұғымдарының    мәнін 

ашыңыз.   

2. Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының себептері мен факторларын атаңыз. 

3. Қиын балалармен  қандай әдістер қолданылады? 



 

Дәріс №9 Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі 

Жоспары: 

1. «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары 

2. Дарындылықтың диагностикасы. 

3. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогикалық іс –  

әрекеттің қағидалары мен заңдылықтары 

Мақсаты: «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдарының мәнін 

түсіндіре  отырып,    дарынды  балаларды  анықтау  жолдары  мен  дарындылықты  дамыту 

әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыру.  

Глоссарий:  



Интеллект  -  ақпаратты  мақсатты  бағытта  қайта  өңдеуге,  реттеуге,  оқуға  қабілеттіліктің 

күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті 



Қабілеттіліктер  -  бір  немесе  бірнеше  іс-  әрекеттің  түрін  ойдағыдай  орындаудың  шарты 

болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиеті.  




45 

 

Нышан  -  қабілеттіліктер  дамуының    табиғи  алғышарттары.  Туа  біткен  анатомиялық-  

физиологиялық  ерекшелік,  нышандар  болып  табылады,  олар  қабілеттіліктер  дамуының 

негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақытта да дамудың нәтижесі. 



Дарындылық  –  үлкен  нышаннан  туындайтын  қабілеттіліктің  түрі.  Дарындылық  адамның 

сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. 



Дарындылық – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс –

тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік  көрінісі. 

Адамның  білуге  деген  ынта  –  ықласының  бала  бойында  туа  біткен  алғырлық  қасиетімен 

ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады. 



Талант  -  белгілі  бір  істі  өз  бетімен  және  ойдағыдай  орындауда  қабілеттіктердің  қиысып 

келуін.  



Бейімділік дегеніміз – жеке тұлғаның қандай да бір іс - әрекетті орындауға бағыттылығын 

айтады.  



Вундеркинд  –  бұл  белгілі  бір  әрекет  түрінде  (музыка,  сурет  салу,  ән  салу,  т.б.)  керемет 

жетістігі бар мектепке дейінгі немесе кіші мектеп жасындағы бала.  

Әдебиеттер 

1.  Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004.  

2.  Бап-баба С.Б. Жантану негіздері. Оқу  құралы. – Алматы, 2006. 

3.  Кукушин  В.И.  Теория  и  методика  воспитания.  –  М.:  Издательский  центр  «Академия», 

2002.  

4.  Кусаинов А.К., Кожахметова К.Ж. Демеуова М.Г. Знаем ли мы своих детей?  – Алматы, 



2004г. 

5.  Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва, 2008.  

6.  СуминаТ.Г.  Теория  и  методика  воспитательной  работы:  курс  лекций.Т.Г.Сумина 

Екатеринбург: Изд – во Рос.гос.проф. – пед. ун –та, 2010. 

 

Әр  бала  –  зерттелмеген  құпия.  Адам  белгілі  іс-  әрекетке  қабілетті  болып  тумайды, 



оның  қабілеттіліктері  қалыптасады,  дұрыс  ұйымдасқан  іс-әрекетте  дамиды.  Арнайы  - 

әрекеттен тыс қабілеттіліктердің дамуы мүмкін емес. 

Бір  немесе  бірнеше  іс-әрекеттің  түрін  ойдағыдай  орындаудың  шарты  болып 

табылатын  жеке  тұлғаның  дара  психологиялық  қасиетін  қабілеттіліктер  деп  атаймыз.  Кез 

келген қабілеттілік белгілі бір істі орындауға бағытталады: оқу пәндеріне, еңбектің түрлеріне 

қабілеттілік аңғартады.  

 

Қабілеттіліктер жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Мысалы, ойдың сапасы немесе 



естің  сапасы  сияқты  психикалық  қасиеттер  көптеген  іс-  әрекетте  кеңінен  қолданылады. 

Жалпы  қабілеттіліктерге  жеке  тұлғаның  қасиеті  ретінде  бақылағыштық  жатады.  Сонымен 

қатар жалпы қабілеттілік байқалған адамдар әртүрлі іс-әрекетпен ойдағыдай айналыса алады. 

Мәселен,  жалпы  қабілеттілікті  меңгерген  мектеп  оқушылары  көп  жағдайда  барлық 

пәндерден жақсы оқиды. Арнаулы қабілеттілік қандай да белгілі бір іс- әрекетті ойдағыдай 

орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық, техникалық, әдеби, музыкалық, бейнелеу 

өнері саласында және тағы басқа қабілеттілік қалыптасуы мүмкін.  

Қабілеттіліктердің бұл екі негізгі түрінен басқа үшінші түрін-практикалық іс- әрекетке 

қабілеттілікті  ерекше  атауға  болады.  Бұл  түріне  құрастырушылық-техникалық, 

ұйымдастырушылық, педагогикалық қабілеттіліктер жатады. Көптеген қабілетті адамдар тек 

белгілі  бір  салада  қабілеттілік  танытты,  мәселен,  музыкада  немесе  математикада,  немесе 

өнерде.  

Белгілі бір істі өз бетімен және ойдағыдай орындауда қабілеттіктердің қиысып келуін 

талант  деп  атайды.  Кейде  балаларда  математикалық  және  техникалық  таланттары  өте  ерте 

аңғарылады.  

Талантты адамдар шығармашылық қызметке ерекше қабілеттілік аңғартады. Әдебиет 

пен  өнер  саласында  құнды  шығармаларды  дүниеге  әкеледі,  ғылым  мен  техника  саласында 

күрделі теориялық және практикалық міндеттерді оцдағыдай шешуге қабілетті.  




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау