Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім



жүктеу 2,06 Mb.
бет7/12
Дата18.12.2017
өлшемі2,06 Mb.
#4448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Салтанат
Ол дүниеге құдіреттің күшімен Ақын болып келген-ді. Бұла таланты болмысымен біте қайнасып біртұтас күйде туа салған жыр-ғұмыр еді ол! Қазақтың жыр көгіне Құлан өңірінде бұрын-соңды өмір кешкен ақындармен құйрық тістесе өрмелеп шығып, бір қатарда тұру жазыпты оның маңдайына тағдыры... Осы бір жыр-ғұмырдың адамдар жүрегіне құйрықты жұлдыздай ғарыштық жылдамдықпен жақындап келе жатқанын, бір-ақ сәтте жалт етіп өте де шығатынын ешкім білмеді... Көзге, көңілге жарқ етіп шағылысып сәулесі, «өзімді-өзім зерделеп ұғынғанша, жалған, жалған, жалт бердің бұрылғанша, өлмегенім сол менің – жұрт көңілінде жан-жүректі жалғыз жол жырым қалса» деген сыбыры-күбірі, күрсінісі ғана қалды соңында.

Ол... сол күйі «қара түнге қарсы ұшып кетіп бара жатты». «Шындығы жоқ әділетсіз өмірдің ластығынан» жиренді ме, бес күндік ғұмырға мың күндік, бәлкім ғасырлық дұғай сәлем жолдап «киелі дүние-кең сарайды» жанамалап қана өтті... Көп тұрақтамады. Өйтпеген күнде ол «сол дүниенің төріне шұғыла шуақ шашсам» деп талпынып еді... Әттең, дүние-ай!

Оны, оның ккөңіліндегі сұрапыл сезімді ешкім түстеп танып та үлгермеді. Кезінде әкесі, аймаққа белгілі лирик ақын Қуандық аға Шолақовтың өзі қызының өлең жазатынына әу басында «тегімізде бар нәрсе ғой» деп аса таңдана да қоймапты. Тараздағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын қызы каникулға келгенінде өзіне бірер өлеңін оқып та бергені бар. Бұл пәлен деп тіс жармады, «жай бір өлеңді ермекке балап жүр-дағы» деп оның өлеңдерінің ішкі поэтикасына тереңдеп үңілмепті де. Жан жары «отағасы-ау, қызыңның мына өлеңдерінде бірдеңе бар, өзің оқып көрсеңші» деп қанша жерден қолқаласа да... Әке көңілі бір үйден қос ақынның шыққанын қос көрмеді ме... Ақындық өнер дертпен тең ғой. Бәлкім, бауыр еті – баласының сол дерттен – ақындықтың азабынан аулақтау жүргенін қалаған шығар. Бір мәрте өлеңін оқып тыңдата алмаған соң, қызы әкесін қайта мазаламаған... Өрттей өлеңінің ішінде жалғыз өзі қалып, жалын тілі ұшында маздап жанып бара жатыпты-ау қыз-ғұмыр!

Соңыра оның өлең дәптерін тауып алып, оқып көріп... өзінің бір түйір қанынан, рухынан жаралған алапат қуатты толқынның ізін басып шығып, әдебиет айдынына құйғалы асыға да аптыға аққанын кештеу болса да, түсінген. Сол, сол,бір өткір алмас кездік тілкемдеп өткендей, көкірегі ашып, жүйе-жүйкесін солқылдата сыздатып өкініш уы тарады бойына...

Дәл жанында, ошағының басында өзегі от-жалын болып күйіп-жанып, өресі де, өлеңі де өзімен деңгейлес ақын жүріпті-ау... Оны он екіде бір гүлі ашылмай жатып ажал тырнағына беріп қойғаны қандай өкінішті! Ақынды сақтай алмапты... Салтанаттың әкесінен көңілі қалды ма, ешкіммен де ақылдаспай бір топ өжырларын жасырып, «Зерде» қайырымдылық қоры ұйымдастырып өткізген республикалық «Қазақтың ақын қыздары» атты жыр мүшайрасына жолдаған екен. Бірақ, құландық Салтанат Абашева осы жыр додасынан топ жарып шығып, жеңімпаз атанған қуанышын көріп, көп қызықтауға да үлгермеді...

Оның албырт та асау жырлары соңыра «Жыр-десте» ұжымдық жинағына да еніп, қамшының сабындай ғана келте ғұмырына өшпестей ескерткішті өзіне-өзі орнатып кетті.


Алмаз
Ол ауылда туып-өсті, сондағы орта мектепті бітірді. Салауаттылықты сүйді ол! Алмаз жөнінде сұрай қалсаңыз-ақ, Айшабибі ауылының үлкен,кішісі түгел «е, әлгі ертелі-кеш доп қуып жүретін баланы айтамысың?» деп жатады. Кейін Таразға қоныс аударғанда Алмаз өзінің салауатты өмір салты ұстанымынан бір танбады. Тек аяқдоп орнын тастаяқпен алмастырды. Оның өзі оқитын Тараз мемлекеттік университетінің технологиялық кешеніне жақын жерде «Снукер» бильярд клубы бар болатын. Қолы босаса-ақ сонда баратын. Аздаған ақы-пұлы қалтаға ауыр соғады-ау деп те қиналып жатпады. «Е-е, басқалардай темекіге, ішімдікке жұмсап жатқаным жоқ қой, бір тәуірі. Салауаттылыққа не жетсін-ау!» деген уәжге тоқтайтын. Қаншама курстасын спорттың осы түрімен айналысуға баулып, өзі де күн-түн демей ақ тер, көк тер жаттығумен болды. Сөйтіп жүріп, тастаяқ өнерін бір кісідей меңгеріп алғанының өзі неге тұрады!? Аз-ақ уақыт ішінде. Таразда бильярдтың жаңадан тамырын жая бастаған тұсы еді бұл. Мұнымен енді Тараздың «мен» деген майталмандарының өзі санаса бастады. Өйткені, олар университеттің бары-жоғы екінші курсында оқитын «сарыауыз балапанның» оңай шағыла қояр жаңғақ еместігін білетін. Футболшы бала енді... «бильярдшы бала» атанды...Бұған дейін не істерге білмей сенделіп жүретін курстастарының дені енді бильярдты жағалап, салауаттылыққа бет бұра бастады. Бұл да болса Алмаздың үлгісі ғой! Оның, тіпті бүкіл қала жастарын салауаттылық жолына бастағысы келген... Бірде алдын-ала іріктеу кезеңінде сол қала жастарының арасынан суырылып шығып, Таразда бильярдтан ең алғаш ұйымдастырылып өткізілген қалалық ашық турнирде өзі күнде келіп машығын жетілдіріп, бір мүшесіндей болып кеткен «Снукер» клубының намысын қорғауға тәуекел етті... Ә дегеннен-ақ қолы жүріп бір кетті, барлық қарсыластарының бірінен соң бірін тізе бүктірді. Ақыры, Таразда өткен тұңғыш тастаяқ турнирінің бас жеңімпазы да өзі болды! Еңбекқорлық қай саладағы табыстың болсын басты кепілі екенін ол талай дәлелдеді де. Аяқдопта да, тастаяқта да, білімде де, еңбекте де!

Ол университетті ойдағыдай бітірісімен, алғашқы еңбек жолын Батыс Қазақстан облысында «ТМК» (Қазақстанның техникалық майлары) сауда үйі» ЖШС-інің Атыраудағы филиалының директорлығынан бастаған-ды... Амал не, енді өзін бизнесте сынап көргісі келген іскер де ілкімді жастың ғұмыры 2005 жылдың 28 тамызы күні ойда жоқ жерде үзілді... Кездейсоқ жол апатынан. Алайда оның ісі – жастарға үлгі. Бұрынғы қалалық турнир енді А.Тұрдалинді еске түсіруге арналып өте бастады. Соңғы үш жыл ішінде облыстық, тіпті халықаралық деңгейде дүбірлеп өтті. Алмазды еске түсіруге арналып биыл оның туған ауылында облыстық аяқдоп жарысы да ұйымдастырылды...

Сондай, сондайда ғой... тастаяқ түйістіріп, талай мықтылармен тіресіп, одан қалды когалда доп қуып құлдыраңдаған қайсар ұл бейнесі еріксіз көз алдыңа келеді екен.... Ол осылай құрбы-құрдастарын спортпен шұғылдануға, салауаттылыққа шақырып жүрген сияқты...
Болат – Айнұр
Махаббат-ай, адам баласына ақтық демі таылар әтінде де тасмеңіреу тағдырға, тіпті ажалдың өзінің көзіне тайсалмай тіктеп қарарлық алапат күш-қуат сыйлайсың-ау! Аңыз-әфсаналарда ғашықтардың «Қозы менен Баяндай бір молада өлсем-ау» дейтіні содан-ау, сірә! Өмір – ғайып, онда тұрған таңданарлық ештеңе де жоқ. Әркім пешенеіне жазылғанды көреді. Құйрықты жұлдыздай бір жалт етіп ағып түсер қыршын ғұмырлар қасіреті алқымыңа өксік кептейді... Онекіде бір гүлі ашылмаған сол айбозымдардың, Болат пен Айнұрдың бір-біріне деген кіршіксіз езімдерін көкіректеріне түйіп, мәпелеп, оған өмірлерінің ақтық әттеріне дейін адалдық таныта алғандығы... құдай шебер-ай, арттарында аңыз болып қалды! Көк күрсініп, та теңеліп, теңіз «ах» ұра күңіреніп, Қозы-Баян, Сейфіл-Мәлік, Ләйлі-Мәжнүн хикаяларының мүлде басқа, ғарыштық-жаһандық ғасырдағы ғашықтар жүректерінің дүрсілінен туған махаббат қасіретнамасын жер-жиһанға таратып жатты... Аққу-мұңның қанаты дір-дір қақты...

Баку-Ақтау әуе рейсімен ұшып келе жатқан бір-біріне ынтық, өмірге іңкәр екі мұңлық жаңа махаббат қасіретнамасы баталар тұсқа – аққу әндері шырқалар шекке біртіндеп жақындай түскендерін сезінбеген күйде еді... Өмір-ғайып жарқын жүз, тұнжыр көздерінен жарқ етіп бұл-бұл ұшты... Олар от оранып, бір-бірін ажырамастай қып белдікке таңып, қол ұстақан күйде Мәңгібақи дүниесіне, көгілдір Каспий түбіне он мың метрлік биіктіктен бір-ақ секірген!.. Сүңгуірлер қос ғашықтың мәйітін теңіз түбінен дәл осы күйінде тапты...

Түптің түбінде осылай болып шығарын бимәлім бір түйсікпен мезді ме... қайран қос ғашықтың өмірлерінің ақыры тақалған тұста да бір-біріне адалдықты ер ұстануы, әлім-берім уақыт ішінде әлгіндей шешімге келуі ақылға симас нәстедей көрінер. Олар... қол ұстаса құшақтары айқақан күйі... Ажалдың өзіне қарай қарсы ақты!

Бұл жай олардың туған-туыстарын, дос-құрбыларын, барша қазақтандық жастарды, өздері магитратураында оқитын Кардиф университетінің ұжымын да бей-жай қалдырмады... Кардифтіктер екі үздік білімгерлері атында арнайы шәкіртақы да тағайындады. Оны қазақстандық дарынды туденттер ғана алатын болады. Биылғы жылғы жаймашуақ көктем күндерінің бірінде Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейменовалардың туған жерлерінде – Тараз бен Ақтөбе қалаларында бір мезгілде құшақтары мәңгіге айқасқан бейнелері сомдалып, «Махаббат аллеясы» ескерткіші еңсе көтерді... Ал Ертіс өзенінде бүгінде «Болат Кәрентаев» кемесі жүзіп жүр... Оған Болаттың есімі бір кезде өзі қызмет еткен Ақтау теңіз-сауда айлағы ұжымының бастамасымен берілді...

Аз ғана ғұмыр кешіп, құйрықты жұлдыздай оңдарына айшықты із тастап, жарқырай аққан Болат пен Айнұрдың рухтарына арналып тұрғызылған «Махаббат» монументі маңайына қазір де сәулелі от-шуақ шашып, адамдар жүрегіне махаббат нұрын, енім қуанышын ұялатып, нағыз шынайы махаббаттың өлмейтінінің, өшпейтінінің куәсі де болып тұрғандай...
ЫҚЫЛАСТЫҢ ҚОБЫЗЫ
Ықыластың қазақ музыка өнеріндегі орны қандай? Әлбетте, айрықша елеулі. «Оның тұлғасын рухани тарихтың төріне шығаратын қисынның зоры деп Қорқыттан кейін аттай мың жыл бойы тілін тістеген қасиетті қара қобызға тіл бітіргенін айтқан жөн. Орта ғасырдағы Қорқыттан он шақты күйді жадына сақтай алған халық одан беріде дәмі таңдайға татитын қобыз күйлері дүниеге келсе, бүгінгі күнге жетер еді ғой! Өкінішке орай, Қорқыт пен Ықылас арасындағы мың жылдықты қыдыра шолғанда, қадау-қадау бақсы сарындарынан басқа ештеңе таппаймыз» (А. Сейдімбек). Ықаңды «ұлы қобызшы» деуіміз де содан...

...Бұдан бір ғасыр бұрын өз орталарында дегдар қобызшы барын өзге түгілі өз ауылдастары да жақсы біле бермейтін. Қарашаның суық желі бүрсең қақтырған сол бір күндерде хас шебер қызыл аршадан шауып қобыз түптеумен болды. Бұл өнерге берілгендікті қойсаңызшы, отбасының жұпынылығы, тұрмысының жұтаңдығы да бір пәсте естен шығып үлгерді. Ісмерлік Ықыластың әулетіне дарыған өнер-ді. Әкесі Дүкеннің қолынан шыққан осындай қобыздың біреуі кезінде бір қараға бағаланғаны да бар. Ал атасы Алтынбектің зергерлігі де аймаққа мәлім-ді. Оның Сапақ датқаға Ықылас сыйға тартқан тобылғы сабы жауһар тастармен безендірілген қамшысының өзі хас шебердің қолынан ғана шығатын асыл дүние еді деседі, білетіндер.

Дүкен мен Ықыластың - әкелі-балалы қобызшылардың, қобыз жасау шеберлерінің есімі берсі Жетісу, Қарқаралы, әрісі Тоқмоқ, Ташкент жұртшылығына да жақсы таныс еді. Олар әкелі-балалы екеудің қобыз жасау өнерімен бел шешіп айналысатынына әбден қанық-ты. Бұл өзі әкесінің кешеу күзде Тоқмоқ базарынан екі түйеге теңдеп бұж-бұж безі бар діңгектер әкелгенінен басалды-ау. Ел онда Шу бойында Қуаралда қыстауда отырған-ды. Сол жылы олар діңгекті ұрып тексеріп көріп «Құдай қаласа, ел Арқаға шыққан соң шабамыз» деп мәмілелескен. Ел Мұңлыға келіп, Бүгілдің иірім-иірім қара суларын жағалай қонғаннан соң бұлар құмбыл іске де кіріскен. Тоқмоқтың қызыл аршасынан сағағы қудың мойнындай әсем иілген, аруана үнді алғашқы қылқобыз солай шабылған-ды...

Енді сол ісмерлік Ықаңа көшкендей. Шебер мына қыл қобызды жонуға барын салды. Әйелі Күнікеймен де ісі-місі болмады. Тек... қобыздың шанағын қаптайтын былғары таптырмай аз-кем әуре-сарсаңға салғаны болмаса. Бірақ оны да қожайыны Абзидың күл-қоқыры арасынан тапты. Зергердің сонда ғана көзінде жылт етіп үміт ұшқыны тұтанған. Әйелі Күнікей де күлімдеп сала берді. Дегенмен, Ықаңның көкірегін шер буып, өзінің Арқадағы туған ауылына – Бүгілге Шу арнасын қыстап қалуынан енді жетіп жығылудың қиындығы уайымын қоюлатты. Туған ауылына жетіп жығылуға жалғыз аяқ артары, әкесінен қалған кезнардың да ұшты-күйлі жоғалуы келіп қосылған соң не жорық! Міне, осының бәрі қобызы шанағына жиналып, аздан соң шерлі әуен бебеулей төгілді. Бұл өзінің ғана емес, сол кездегі жарлы-жақыбай бар жұрттың зар-мұңы еді. Бебеу үн аядай ауылға тез тарады. Жұрт құлағын осылай қарай тігіп емінулі:



-Неткен үн мынау! Жүректі қозғайды-ай, өзі...

Зарлы, сырлы әуенді жұрттың құмары қанбай тыңдай бергісі келеді. Ғажайып үн Хасен байдың да делебесін қоздырғандай. Тіпті Ықыласты қызықтырып «Сен маған қызыл аршадан қобыз шауып бер де, мына үйірден кез келген атыңды таңдап мін!» деп қолқа салды. Ықыластың өнерін сауған кезі жоқ, бірақ. Әлгі қобызына Хасен байдан ат емес, он қой алып, оның өзін қанша жерден таршылық көріп отырса да, бір кембағал қарияның қанжығасына байлап жібергені бар ғой! Өнердің өзі құдіреті- киесі барын жастай ұғынғанға қонады екен-ау! Осы өнері Ықыласты Сайдалы Сары Тоқа күйшімен, Тәттімбетпен, Шөже ақынмен, қырғыз Күреңкей қомызшымен, Шоқанмен де кермалдас, сұқбаттас еткен екен... Бала кезінде түсінде Қорқыт атасын көруі бекерге шықпапты. Қобызы қаншама күйге өмір берді! Оның титімдей ғана шанағына «Қоңыр», «Кертолғау», «Ерден», «Жалғызаяқ», «Жарым патша», «Жезкиік», « Бес төре», «Қамбар-Назым», «Айрауықтың ащы күйі», «Қазан», «Шора», «Аққу», «Қаншайым», «Саржан төре» күйлері... қазақ сахарасының ұлы сарыны қалай сиған! Осы Қуарал, ана Кемен өзені куә - Ықаң кезекті күйін шығарарда үйге, жерге, көкке симай кететін-ді. Ұлы қобызшының өмірінің соңғы жылдарында осындай толғақты күйді басынан жиі өткергені анық. Оның мұнысына әйелі Күнікейдің де, баласы Ақынбайдың да әбден еттері үйреніп кеткен-ді. Ұлы қобызшы көкірегіне шер-шемен байланды. Үлкен ұлы Дүйсебайдың беймезгіл қазасы оны тұралатып та тастады. Не көрді ол? Өмір неге осыншама келте әрі нәзік болды екен? Жесір қалған келіні Разияның жоқтау-зары да аза бойыңды қаза еткендей. Келіні ұлымен бары-жоғы бір жыл ғана бірге тұрыпты. Енді қыздай жесірді кіші ұлы Ақынбайға қосқан күнде де сол зар тиылмауда. Осындайда Ықаңды Керөбелімен Кеменді өрлей Қуарал шоқысына дейін қыдырыстап келу де жұбата алмаған... Мұның бәрі қария көкірегінен шер болып төгілді, соңыра. Күй «Таңғы сарын» аталады. Құдая құдуанда, сол саз, сол сарын шеркөкірек келінін де жұбатқандай. Таңалды жайраңдап тілге де келді... Бір жеті өткеннен соң келіні ұл балаға босанды. Ықылас немересіне Дулат есімін берді. Көп өтпей шілдехана тойы да қызған... Отбасы көптен күткен қуанышқа баласа да, сол күндері жетпістің екеіне келген қобызшы қарияға кесел төтеннен келді. Жел болып жабысып, көкірегі әлдебір жайсыздықты сезінгендей удай ашып кетті. Қарт жел шайқаған қаңбақтай теңселіп кетті. Ештеңені естімейді де. Аз-кем уақыт әлдеқайдан Қорқыт зары еміс-еміс естіліп тұрды да, ол да тынды, ақыры. Төтеннен жабысқан кесел қарияны төсекке алып ұрған. Ұлы қобызшының көз алды қызыл—жасыл сәулеге толды да кетті. Үш күн осылай біресе Кертөбелін шақырып, Кеменге қарай ұмсынып, сандырақтаумен болған. Аузына бір тілім нан алмады. Үшінші күні ғана денесінің қызуы басылып, Ықаң аздап сорпа ұрттаған. Бұған әйел, бала-шағасы, алыстан ат арытып келген ағайын-туыстары да қуанысып қалған. Қобызшының беті бері қарады деп ойлады бәрі де. Шынында да қобызшы біраз ширап, төсегінен де тұрды. Балалары сүйемелдеп, күннің шуағына да шығарды. Бірақ, көп тұрмады, басы айналғандай болып төсегіне қайта келіп жатты. Көкірегінен ең соңғы аққу әнін ұшыруды ойлап жатты ол. Соған әл-дірмәні жетсе, қанеки! Қарт қылқобызына қол жүгірткен. Қобызға тіл бітті! Ықаң да демін ауыр алып: «Кертөбелім мені туған топырағыма, Бүгіліме жеткізбеді. Бүгілімнен су іше алмадым. Туған ауылымды аңсаумен өмірім өтті» деп күрсінді. Ұлы қобызшының мына сөзі әйелі Күнікейге де, інісі Жанасқа та, Түсіпбекке де, Ақынбайға да шаншудай тиген. «Жоқ! Менің айтайын дегенім бұл емес»деп ышқына айқайлап жіберді де, «Ерден» күйін бебеу қақтырды-ай. Ұлы күйші қобызын бейне бір күллі даланы күймен тербеткісі келгендей ерен күшпен ойнады. Сөйтіп отырып ұлдарына « Түсіпбек, Ақынбай жадыларыңа тұтыңдар, Менен соң мына қобызда ойнайтын мына сендерсіңдер. Мені Қуаралдың Кеменмен түйісер иініне жерлеңдер. Сонда жатқым келеді. Менің қобызымды ұмытпаңдар» деп қобызын да, өмірін де аманаттауды ұмытпаған. Ықылас талтүстің кезінде дүниеден озды. Оның аманаты сол күйінше орындалды. Оның ақ сабанға оралған мәйіті үйемен Қуаралға жеткеізіліп, жерленді. Түйенің бұйдк\асынан оның алты жасар немересі Ермекбай жетелеп алып жүрді. Бұл 1915 жылдың қаңтар айы еді.

Кейде құдіреттің ісіне, адамның жадысына таң қалғандайсың. Түсіпбек болмаса, «Қорқыт» күйі бүгінге жетер ме еді, жетпес пе еді? Ол күйді өзі орындайтын, балаларына да аманаттап кетті. Қара қобыз кіші ұл Ақынбайға мұраға қалды. Бірде балалары ойнап жүріп әлгі қобызды сындырып та алады. Әкесінің, ата-бабасының ісмерлігінен Ақынбайда да жұқана қалыпты. Қара қобыздың қыл сағағын жез шегемен бекітіп, тиегін де оңдап салды. Қобызға қайта тіл бітті! Қартайыңқыраған шағында Разия (Ықаңның келіні) «Сендер білесіңдер ме, білмейсіңдер ме, мына қобыздың жетісіне бір рет «дың-ң» етіп өздігінен үн шығарып тұратынын. Демек, ол- киелі!» дегенінде немерелері: «Апа, қойыңызшы! Қыл шегіне шыбын қонып ұшқаннан шығатын үн ғой ол!» деп күлісетін. Кейуана сонда да беріспей, «Олай демеңдер. Бұл –сиқырлы қобыз! Маған ерекше күш береді, өмірімді де ұзартып отыр» деп бұлқан-талқан болушы еді. Разия апа өле-өлгенінше қара қобызды кие тұтып өтті...

Бұл қобыз - қазір Жайлаукөлдегі Ықылас ұрпақтарының қолында. Ұрпақтары оны бірнеше мәрте республикалық Ы. Дүкенұлы атындағы этнографиялық ұлт аспаптары мұражайына өткізбек те болған екен. Бірақ мұражай қызметкерлері мұны аса құнды жәдігер екен-ау деп те мойын бұрмаған секілді. Мұндай әңгімені Жайлаукөлде болғанымызда Ықаңның шөбересі Ғабиттің аузынан да естідік. Әрі айт-бері айт, қобыздың тұрар орны Ықаңның өз атындағы мұражай ғой! Қобызшылық өнер исі қазақ халқы ұландарына жұғысты болып жатса ұтылмасымыз анық. Осы тұрғыда Ы. Дүкенұлының туғанына 165 жыл толуына орай үстіміздегі жылғы 9-10 қазан аралығында облыста республикалық қыл қобызда және сым қобызда орындаушылар байқауы өткізілгелі отыр. Ұлы Қорқыттан бастау алатын қылқобыз күйлері Тараз көгінде әуелей көтерілер күн де алыс емес.
БЕЙІМБЕТ БАСТАҒАН БІР ІС
немесе Жамбылдың алғашқы хатшысы кім?
Ғасырдан да ұзақ уақыт өтсе де... Жамбыл әлі де жан-жақты жосығымен танылған жоқ. Әсіресе, ақын алдын көрген әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көрнекті өкілдері ұлы ғұмырдың 1936 жылдан басталар шоқтықты кезеңіне ғана көп үйіріліп, үңіле қалам тербейді. Олар ұлы жырау өмірбаянының 1923-1936 жылдар аралығына қатысты тұсына біртүрлі секемдене, үрке қарасатын секілді ме, қалай... Сол бір жылдар ақын өмірінің «ақтаңдағындай» әлі күнге қозғаусыз.

Әлбетте, баспа жүзінде қазақ оқырманы Жамбыл есімімен ең алғаш Ш. Сарыбаевтың хабарлауымен естіп-біліп, танысқаны белгілі. Осындай шеті көрінген еміс-еміс деректері бола тұра ол жылдардың Жәкең өмірінен сызылып тастарлықтай не жазығы бар?

Осы, басқа да мәселелерді көрнекті ғалым Т. Кәкішев бір мақаласында («Зиялылардың үлгісі», «Оңтүстік Қазақстан» газеті, 1989 жыл, 10 ақпан) жан-жақты ашып көрсетіп, қызықты деректер келтірген екен. Бұдан біз жамбылтану, оның мұраларын жиып-теру, шығармаларын өз ауызынан жазып алу ісін жоғарыдғы айтылған мерзімнен көп бұрын 1932 жылы Бейімбет Майлин бастап қолға алып, сол кездегі Қастек (қазіргі Жамбыл) ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі Зейнел Имажановқа жүктеп, тапсырғандығына қанығамыз. Кейіннен әлемді ауызына қаратқан «ХХ ғасырдың Гомерінің» келешегіне көз жіберіп, алтын көпір жасайын дегенді ойласын –мейлі, ойламасын-мейлі, әйтеуір, халық үшін аянбай еңбек етуге даяр зиялы азаматтарымыздың осы іс-әрекеттеріне риза болмасқа шараң жоқ. Осыдан кейін автор: «Жәкеңнің Қ. Әбдіқадыров, Т. Жароков, Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаевтардан бұрынғы... алғашқы хатшысы Зейнелдің ұлы Хамит Имажанов еді» деген пікірге табан тірейді. Аталмыш мақалада 1932 жылы студент болған Хамиттің өз ауызынан: «Жамбылды өз қолымызға алдық. Үйде жатады. Бірнеше ай жатты. Ол кісі айтыстарды айтып отырады. Әсіресе, Сүйінбай мен Қатаған (қырғыз ақыны) айтысын, сондай-ақ, Тезек төремен, Құлманбетпен, тағы басқа да бірқатар әйелдермен, Сарыбас деген ақынмен айтысы бар... Өзінің, тағы басқалардың өлеңдері ауызынан шыққанын қағып алып қағазға түсірдім. Кейін дұрыстап көшірдім де», деген сөзі келтіріледі. Бұдан соң біз Жәкеңнің бір тақырыпты өзі бастаса, «Жәкемді әрі қарай жалғастырып, аяқтайын» деп отыратын баласы (Алғадайдан үлкен, есімі – Қожаш, ашаршылық жылы жасы 44-тен аса бере қайтыс болған секілді) болғандығын білеміз.

Хамиттің өзіне келсек, ол 1909 жылы туылған екен. 1942 жылы әскер қатарына алынып, Сталинградтан Дрезден арқылы Прагаға шейін барған. 1944 жылы кеңес сардары ретінде Қытайдың Шыңжаң өлкесіне жіберіліп, майданға қарсы толқуларды басуға қолынан келгенінше септескен. 1946 жылдан 1974 жылға дейін Түркістан қаласындағы Әл-Фараби атындағы орта мектепте физика, математикадан сабақ берумен қатар директор, ал зейнетке шыққаннан кейін Ясауй мұражайында ғылыми қызметкер болыпты.

Белгілі ғалым Т. Кәкішевке кейіннен Хамит тапсырған Зейнел Имажановтың өз қолымен толтырылған өмірбаянынан: «...Үш-төрт айдың ішінде 9 мың жол өлең жазылған қолжазбаны баяғы Фатимаға өткіздім... Сонда бір қате жазып өткізген өлеңдердің көшірмесін барған аудандағы мұғалімдер алып, пайдаланып, қолыма тигізбей кетті» - деген секілді көп жайларға қаныға түсеміз.

Ал енді сол Хамит қолымен жазылып алынған мол дүние қайда жым-жылас жоғалды дегенге келейік...

Фатима Ғабитова оқу халық комиссариатында істеп, Ілияс Жансүгіров екеуі 1935 жылы Сүйінбай ақынның жинағын шығарғанда осы материалдарды молынан пайдаланған деген де сөз бар... Өйткені, сол кездегі «Әдебиет майданы», «Халық мұғалімі» журналдарында халық ауыз әдебиетінің үлгілері көп жарияланған болатын. Хамит жазып алған шығармалардың хабарын енді Зейнел жазбасынан оқиық: « 1940 жылы Жамбылға сәлемге келдім. Ол кезде Қапалдағы педтехникумда қызмет етуші едім. Жәкеңнің хатшылары Тайыр мен Ғали бар екен. Оларға Жәкең: «Менің осындай дәрежеге жетуіме сол ауыр жылдарда осы Имажановтың бастауы себеп болды...» деп айтып отырды. Кейін бір келгенімде, Жәкең шығармашылығына қатысты кейбір көзге көрінген кемістіктерді жиып-теріп, өзіміздің Жоғарғы Кеңеске жазып жібердім. Жоғарғы Кеңестен «Сенің хатыңды Жазушылар Одағына, Ә. Тәжібаевқа жібердік. Сізден көрсеткен кемшіліктердің бәрін бұрын да кейбіреулер айтып жүр еді. Біз оны қолға алып жатырмыз» деген жауап та алдым. Жәкең өлген соң, Сәбитке: «Бейімбет бастаған, мен қостаған аз ғана еңбегіміздің Жәкең тарихына кіруі керек қой» дегенімде, «ол жазуыңды Ғалиға бер» деген соң Ғалиға берсем де, көзге көрінбей кетті. 1932 жылы Бейімбет қолға алған, менің аздаған еңбегім, аттары аталған, көздері тірі азаматтардың Жәкеңе көрсеткен еңбегі көзге көрінбей кетуі өкініштілеу» -деп жазыпты ол.

Кейде бүгінгіні көріп, соның бәрі кеше жасалғандай масайрап, өрекпитініміз бар. Қам көңіл болған Зейнелдің ертеңгінің бүгін болуын қалап, қозғау салуының өзі қандай азаматтық! Сайып келгенде, қазақ елінің өнерпаздығының асқар биігіне айналған Жамбылға әкелі-балалы Имажанов Зейнел-Ғабиден мен Хамиттің жәрдемі осындай болған. Олардың жыр алыбы Жамбылға алғаш хатшылық етуі ауызға алынып, тарих бетінен көрініс тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.


ӘЛ-ХАМДУ ЛИЛАҺИ, МҰСЫЛМАНБЫЗ...
Кешегі коммунистік идеология күрескерлерінің ата-баба дінін мансұқтап, онымен арадағы ілекер байланысты үзбек боп жанталасып, жүзі шімірікпей мешіттерімізді қиратып, ақиқат әлемінің астын үстіне келтіргені естен шыға қойған жоқ. Оның темір торынан әрең деп босанып шығып, «Біз мұсылманбыз ба осы?» деп өзімізге өзіміз сын көзімен тереңдеп үңіліп, болмысымызды бажайлай бастадық, шүкір. Түп-тұқиянымызда, тамыр-ділімізде, қанымызда бар мұсылмандық болмысымыз толық сипатымен көріне алмай жатса, оны дінге деген екі түрлі көзқарас қалыптастырған қоғамда тәрбие алғандығымыздан көрсек керек-ті. Барлығын да бір күнде өзгертуге құлшыну, бәлкім, күпірлік те шығар...

Дін- адамзат қоғамының алтын діңгегі. Адамдарды адамгершілік жолынан адастырмай, азғындыққа ұрындырмай, сүйегін де, жүрегін де, тілегін де пәк ұстауға тәрбиелеу құралы. Ол басшыны да, қосшыны да бір деңгейде ұстайды. Дінге сену – Аллаһқа сену деген сөз. Діннен айыру ділден, тәңірге – Жаратушыға деген сенімнен айыру екенін, оның ақыры тұйыққа тірейтінін ата-бабаларымыз бағзы замандарда-ақ зерделеп, «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп пәлсафа түйген. Түптеп үңілсек, сенімсіздік астарында обал мен сауапты, жақсылық пен жамандықты, адал мен арамды айыра білмес нысапсыздық, құлқынқұмарлық, қызғаншақтық, көре алмаушылық, өтірік-өсек, адам өлтіруден де шімірікпейтін жауыздық жатыр емес пе?

Ісләм діні, ең алдымен, өзіңнің жан дүниеңді дұрыстап ал, дейді. Нәпсіңді тый, бойыңдағы қызғаншақтық, мақтаншақтық, көреалмаушылық, зұлымдық, тағы басқа да сайтани салқындықтың ықпалынан арыл, дейді. Оның кілті Аллаһқа деген жүрек сенімімен қатар Аллаһтың бізге берген нығметі – намаз оқуда жатыр. Ал, намаз оқымай Құдайға сенген кісілердің сенімі (иманы) дәлелі жоқ тиянақсыз, делінеді.

Құран-Кәрімде «Адам баласының өзінде ғибрат бар, жер жүзінің халифасы» деп дәріптеледі әрі қаперсіз, өзімшіл жаратылғаны да нақтылы көрініс тапқан. Мұның өзі Жаратушы иеміз басқарып, іс-әрекеттерімізді үйлестіріп, реттеп отырмаса («Адам баласы Аллаһқа мұқтаж, адам баласына Аллаһ күре тамырынан да қымбат»), көптеген қауіп-қатерлерге тап келуіміз әбден мүмкін екені де Құран-Кәрімде соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіледі.

Аллаһқа бәрі аян, ғайыпты біледі, залым емес, нығметі есепсіз, уәдесі – хақ. Кім оның белгілерін ұлықтаса – күдіксіз, ол – жүректің тақуалылығынан («Хам» сүресі). Жаратушының адам баласынан – сана иелерінен талап ететіні де барлық іс-әрекетті ақылмен жасау, ғмбадаттың өзі де ақылмен орындалмаса, соңы соқыр сенімге айналып кетеді.

Бұл қалай ұғындырылады? Енді соған келейік. Адамның денесінде екі қуат – жан мен тән, нақты өз атымен атасақ, рух пен нәпсі бар. Ол жөнінде Құран-Кәрімде «Адамды балшықтан жасап, оған өз рухымнан үрледім» деп айтады. Абай атамыз:

Ақыл мен жан мен - өзім, тән – менікі,

Менімен менікінің мағынасы екі.

Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел баста,

Менікі өлсе, өлсін, оған бекі, - деп бұл құбылыстың мәнін де ашып бермей ме?! Адам баласының ішкі дүние құпиясының барлық шешімі, міне, осы жерден басталады. Бұған қарағанда, біз адам деп оның жанын, яғни рухын айтады екенбіз. Жаны жоқ болса, ол адам емес. Ал, рух жерге рухани әлемнен сынаққа келеді. Адамның тәні – рухтың осы өмірдегі мекен-тұрағы. Су ішкілік ғұмыры өтіп сынақ бітісімен, тәні мен нәпсісі өліп, рух еріксіз қайтадан өз әлеміне кетеді. Сынақтың мақсаты – Аллаһты тану болса, ал оның мән-мағынасы Аллаһ берген таза, пәк рухты кірлетпей, өсіріп, кемеліне жеткізу. Бұл үдеден шығу үшін рух кедергіге – нәпсі мен шайтанға қарсы күресуі қажет. Біз кейде тіл ұшына не оралса, соны ірікпей айта саламыз, оның кесірін аз тартпаймыз. Ойдың біздің өзіміздікі, не періштенікі де емес, шайтан тарапынан келетінін сөйтіп естен шығарып та аламыз. Құран-Кәрімде адам баласының ең бірінші ашық жауы – шайтан екені 88 мәрте қайталанып ескертілуі жайдан жай емес.

Ал, Аллаһ тағала «Рух менің әмірімде» дейді. Оны қалай алудың жолын да көрсетіп, «Сен мені есіңе алсаң (намаз оқып), мен де сені еске аламын» дейді. Бүгінде адамдардың рухын әлсіретіп, нәпсісін (құлқын қамы, жыныстық әулекілік, нашақорлық, тағы басқалары) тыя алмаудан – жүрегін қара даққа алдырудан опат болып жатқандары қаншама!

Нәпсіңнің айдауына еріп, илеуіне көнгенің – рухыңның өлгені. Нәпсінің боданы болған пендеден еліне келер пайда жоқ. Зұлымдыққа, зұлмат қара күштердің топан суына бұрқанысты қайратпен қарсы тұра алмайды ол. Нәпсінің құлдығынан босанып шыға алмаушылар бұған дейін де Шыңғыс хан, Напалеон, Грозный, Гитлер, Сталиндердің талай тасын өрге өрлеткен. Ендеше, қайбір азаматтың да елін көгертер-көгертпесі рухының егемендігін алуы-алмауымен де байланысты. Жүрегі барша ластықтан тазарып, күшейген рухы нәпсісін «ноқталап» дегеніне көндіре алған адам – егемен. Рухтың егемендігі ісләм дініне мойынсұнумен келеді. Қожа Хафизше айтқанда, «Құлдар (Аллаһтың құлы) ғана азат!»

Құдай ауызына салды ма, бұл мәселені түптеп қозғаған М. Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы немесе Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» романы күллі әлем жұртшылығы үшін «SOS» ескертуінен бір де кем түсіп жатқан жоқ бүгінде...

Біз бір-біріміздің мұсылмандығымызға нанбай, күдік келтіретін болсақ, біздің ара-жігіміз ерте ме, кеш пе сөзсіз ажырайды. Мұсылмандар бір-бірін кәлима айтып тұрғаны үшін-ақ бауыр тартуы тиіс. Ал, оған көнбей, «Сен мұнапықсың, мұсылман емессің» деуден ұпайымыз түгелденбесі анық.

Пенделерде негізінен иман (сенім) мына төмендегідей үш түрлі болатыны белгілі. Иман тәхкики – құдай тарапынан келген бұйрықтарды мұқым ел болып «бекершілік» деп қарсы болса да, шындық деп сеніп, өз көңілін зәредей айнытпай берік пиғылда қалған кемел иман. Иман истедләли – құдайдың бар екенін һәм жалғыздығын дәлелмен, ақылмен ойлап біліп рас тұтуы, иман тәхлиди - өз ақылымен құдайды танымаса да, ата-бабаларымыз ұстап келе жатқан жол ғой деп иман келтіретіндердің иманы (Ы. Алтынсарин, «М ұсылмандық тұтқасы»).

Соңғысы – иманның ең әлсіз түрі, ешнәрсеге түсінбей, біреудің сөзіне еріп іс істеуші кісі. Оның епті шайтандай азғырушыға еріп кетіп, діннен шығуы да оңай. Алайда, Аллаһ тағала бұл иманды да дұрыс деген. Мұхаммед ғ. с-ның хадисінде «ассалаумағалейкум» деп сәлем бере білген кісіні мұсылман емессің демеңіз» - депті. Мұның мәнісі – кім-кімнің де ісләм әлеміне иненің жасуындай ілтипаты болса, оны өзекке теппей, өзіңдей көр, дегендік. Қазіргі кейбір діни ағымдар секілді адамдарды жылымына күштеп те, аярлықпен арбап та тартып жатқан жоқ – Аллаһ тарапынан адамзатқа аспаннан ең соңынан түскен Құран-Кәрімнің иманилығы, сақилығы, киелілігі осынысында! Кезінде дана Абай: «Біріңді, қазақ, бірің дос

көрмесең, істің бәрі бос!» деген даналық сөзін де осыдан шығарып айтқан-ау, сірә!

Жоғарыдағыдай иман сипаттарының жоқ дегенде бойымызда біреуі бар ғой. Әл-хамду лилаһи, мұсылманбыз!

Төл тарихының ұзына көші бойында өзіндік дүниетанымына жат үндінің – буддизм, қытайдың – даосизм, византияның – несториандық діндерін қабылдамай, тек иманға ғана ұйып, ісләмге ғана жүгінген халқымызға өктемдік ету саясатын алдымен қауқарынан айырудан – дініне, наным-сеніміне балта шабудан бастауды коммунистер жайдан-жай ойлап тапқан жоқ. Бір халықтың екі дінге бөлінушілігінің, көпдінділіктің соңы апатқа, қантөгіске ұрындырып та жатыр. Солтүстік Ирландиядғы протестанттар мен католиктер арасындағы қақтығыстар, Югославия құрамында болған Босния, Хорватиядағы соғыстар этникалық емес, осы дінге бөлінушіліктен туындаған-ды...

Темір тордан енді ғана босанып шығып, уығымызды тіктей бастаған тұста бұл жайлардың бізді де жиі толғантатыны заңды. Жалпы Қазақстандағы негізгі екі дін – ісләм мен православиеге ғана жол берілгені жөн дейміз. Ал, қазаққа қандай дін керек десек, бізге бабаларымыз негізін қалап кеткен ісләм дінінен басқа діннің қажеті жоқ. Бойдағы барлық күш-қуатымызды жаңа дін іздеуге емес, қолда барды ұқсатуға жұмсағанымыз ләзім.

Тәуелсіздігіміз – Тәңірдің сыйы. «Күннің жаманы кетеді» демекші, бұл заман – нарық заңының анайы түрін халық өз көзімен көрсін, тәубасына келсін деген Жаратушының жазмышы. Осы кезеңнен біздің алар тәліміміз: бай, қуаттылық – мақсат емес, мақсат – имандылық пен адамгершілік. Соған қол жеткізсек, Аллаһтың берері мол деп сенейік, әлеумет!


жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау