Молибден. Өсімдіктерде нитраттарды аммиакқа тотықсыздандыруға, углеводтардың мөлшерін көбейтуге және клеткадағы тотығу-тотықсыздану процестерін күшейтуге қатысады. Сондықтан-ақ бұршақ тұқымдастардың тамырында азотты атмосфералық ауадан сіңіретін бактериялар қоректік ортада молибден болғанда ғана тіршілігін күшейтеді. Топырақтың қышқылдығы өсімдікте молибден алмасуын нашарлатады.
Молибден бөтен микроэлементтерге қарағанда жер қыртысында анағұрлым аз кездеседі. Өсімдік кұрамында осы микроэлементтер аз болса оның жетімсіздігі де ерте сезіледі. Оның үстіне молибденнің өсімдіктер құрамындағы жетімсіздігін түсім мөлшерімен ғана емес, өсіп-өнуі кезіндегі сыртқы белгілерінен де көруге болады. Мұның өзі өсімдік құрамындағы нитраттардың мөлшерін кемітіп, оның өсімдіктердегі қышқылдық ортаның азаюына әсер етеді.
Мырыш. Әдетте ферменттер құрамына еніп, катализатор-қызметін аткарады.
Мырыш өсімдіктердің өсуіне дем беретін заттарды -ауксиндерді күшті күйінде жинақтауға, оның үстіне өсімдік организмінде болатын аса маңызды реакцияларға қатысып, пла-малардың жабысқақтығына әсер етеді, өсімдіктердегі тотығу процестеріне байланысты жүретін реакцияны жеделдетеді, өсімдіктердегі углеводтың өзара алмасуына орай ферменттік жүйенің құрамына қосылады. Мырыш әсерінің арқасында өсімдіктерде С витамині, каротин, углевод пен белоктар көбейеді. Өсімдіктердің тамыр жүйесінің өсуін күшейтіп, оның аязға, құрғақшылыкқа және тұз-сортаңға төзімділігін күшейтіп, жеміс салу процесі үшін маңызды түрде ықпал етеді. Сонымен қатар мырыш өсімдіктердің түріне, топырақ пен климатқа сай құбылып тұрады.
Мыс. Қлеткадағы тотығу -тотықсыздану процестеріне, ондағы ферменттер кұрамына кіреді.
Мыстың қатысуымен амин қышылдары ұзыннан ұзақ шұбатылып күрделі органикалық қосылыстар түзеді, және оның химиялық құрамына әсер етеді. Мырыш секілді оны да дақыл-дардын дәні мен түйнегі бойына жақсы сіңіреді.
Өсімдіктер мен жануалардың бірқалыпты өсіп, жетілуі үшін аздаған мөлшерде болса да мыс өте қажет. Ол хлорофилл сияқты аса күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін тұрақтандырып, оны ыдыраудан қорғап тұрады. Клеткаларында болатын тотықтандыру процестеріне қатысып, ферменттердің құрамына кіреді, ол ферменттердін кейбіреулері ВІ2 тобындағы витаминдердің әрекетін күшейтіп, өсімдіктердегі углевод пен белоктардың алмасуына әсер етеді. Топырақта мыс жеткілікті болса, өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруына шалдығуы азаяды.
Өсімдіктерде белоктарды синтездеуге мыстың жақсы әсер ететіндігі және осының арқасында өсімдік тканьдерінін су ұстау қабілетінің артатындығы анықталады. Ал мыс жеткіліксіз болса, ткань коллоидтерінің суды өзінде ұстау қабілеті нашарлайды. Астық тұкымдас дақылдар мұндай ауруға шалдыққанда жапырақтары, барлық жеміс ағаштарының ұштары қурайды немесе солып қалады.
Кобальт өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Олар әсіресе теңізде, суларда өсетін өсімдіктерде көп, ал тұщы суларда батпақты және теңіз жағалауындағы өсімдіктер құрамында аз болады. Мұның өзі осы маңайда мал шаруашылығы орналасатын шаруашылықтарда малдың әр түрлі ауруға ұшы-рауына әсерін тигізеді. Кобальт өсімдіктің құрғақшылықка төзімділігін күшейте түседі. Өсімдіктердің кобальтты пайдаланудағы ерекшелігі, топырақтан сіңіріп алған кобальттың төрттен үшіне дейіні өсімдіктің ұсақ тамырларына жиналады. Көкөніс дақылдарына кобальт қолданған кезде алқаптардың түсімі ар-татындығы айқындалды. Мұнымен қатар, өсімдіктердің химиялық құрамы өзгеріп, хлорофилл және аскорбин қышқылы, құрғақ заттардың мөлшері едәуір көбейеді.
Минералдық қоректену дегеніміз өсімдіктердің минералдық тұздарды өз бойына сіңіру қабілеті. Бұл процессіз өсімдіктер бойында органикалық қосындылардың пайда болуы, яғни олардың өсу, дамуы тіпті де жүзеге аспайды.
Өсімдік дамуының әр қилы кезеңінде оның минералдық заттармен қоректену жүйесін өзгертіп, өсу қарқынын реттеп қана қоймай, сонымен бірге оның дамуын да тездетуге болады. Олардың өсуінін бастапқы кезеңінде қоректік заттар жетіспесе, бұл көптеген өсімдіктер тіршілігіне елеулі зиян келтіреді.
Топырақта өсімдік организмін канағаттандыратын минералдық заттар кемісе немесе мүлде жоқ болса, ол кезде қолдан тыңайту жүргізіледі. Көбінесе топырақты азотты, фосфорлы, қалийлі және микроэлементтердің тұздарымен тыңайтады. Бұл ретте егістік көлемі, топырақтың, егілетін өсімдіктің түрі мен сортының ерекшеліктері, сол өсімдік тамырларынан бөлініп шығатын заттардың қасиеттері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар минералдық заттар топырақка өсімдіктің өсуі мен даму кезеңдеріне орай да беріледі. Мысалы көптеген өсімдіктер өз дамуының алғашқы кезеңінде фосфорлы заттарды көбірек тілейді де, азотты қосындыларды онша қажет етпейді. Егер азотты, фосфорлы және калийлі тыңайткыштарды енгізу көзделсе, оларды тұқым себілместен бұрын жер жырткан кезде-ақ топыраққа араластырып жіберіледі.
Өсімдікке қажет болған тыңайтқыштарды топыракқа араластырып (тамыр арқылы) берумен катар, соңғы кезде олардың ерітінділерін өсімдіктің үстінен бүркіп (жапырақ аркылы) сіңіру яғни қосымша қоректендіру жолдары да көп колданылып келеді. Тәжірибесі бар егінші өсімдік тіршілігінің кез-келген факторына тікелей әсер етумен бірге онымен тығыз байланысты болатын басқа факторлар арқылы жанама түрде де ықпал етуге мүмкіндіктің бар екенін, соның арқасьшда тіпті ауа райы тым күрделі, қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алатынын білді. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуаншылық жағдайында шығымдылықты едәуір арттыруга болады. Кезінде К. А. Тимирязев тыңайтқыштар өсімдіктердің қоректік көзі болып қана қоймайды, олар сондай-ақ куаңшылықпен күрес құралы болып табылады деп көрсеткен болатын. Себебі егер өсімдік бойында қоректік заттар көп болған сайын ол құрамында элементтер аз дақылдарға қарағанда суды өте аз буландырады. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, оларды өсірудің климат-топырақ және агротехникалық жағдайлары, топырақтағы қоректік элементтерді дақылдардың өнімділігі арқылы бағалау биологиялық, шаруашылыктық болып екіге бөлінеді.
Атап айтқанда дакылдардан негізгі және қосымша өнімдер өндіруге, сонымен бірге аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған жапырақтары үшін қоректік заттарды топырақтан алған жағдайда бұл биологиялық болып табылады (7-таблица).
Ал қоректі заттарды тек қана негізгі және қосымша өнімдер үшін пайдаланса, бұл дақылдар шаруашылықтық болып саналады. Дқкылдардың қоректік заттарды пайдалануы шаруашылықтарда алатын өнімдерге қарағанда биологиялық өнімдерге анағұрлым жоғары болады. Қоректік заттарды дақылдардың белгілі өнімдері үшін пайдалануы өнім түрлерімен сыртқы құрылымына байлапысты өзгсріп отыралы. Мысалы, дәнді дақылдар егістігінен жоғары дәрежелі биологиялық өнім алған кезде сабанының үлес салмағы көп болған жағдайда 1 тонна дәніне сәйкес минералды элементтер көп жұмсалады. Ал картоп, күнбағыс, капуста, қант қызылшасына келетін болсақ дәнді дақылмен салыстырғанда оның 1 тоннасына негізгі өнімнің жинақталуы үшін калий элементі, ал беде, зығыр дақылдарына кальций анағұрлым көбірек беріледі. Дәнді дақылдардың сабағына қарағанда дәнінде азот пен фосфор 4 есе, ал сабанындағы калий мен кальций дәнге қарағанда 2-3 есе артық болады. Мысалы, профессор А. Т. Пономареваның деректеріне сүйенсек Қазақстан жағдайында кейбір ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректі элементтерді 1 тонна шаруашылық өнімге есептегенде пайдаланылуы мына төмендегідей болады (8-таблица) екен.
Бұл таблицадағы көрсеткіштер еліміздің әр түрлі климат-топырақ аймақ-тарында егілген дақылдардың қоректі заттарды пайдалануынан өзгеше болып келеді.
Кез келген дақылдардың өсу және пісу кезеңдеріндегі қоректік заттармен қамтамасыз етілу мөлшерін анықтап білу әр түрлі климат-топырақ аймақтарында егілген дақылдардьщ әр гектарынан алынатын жоспарлы өнімге қаншалықты тыңайткыш қажет екенін есептеп шығаруға, оның мөлшерін жоспарлауға, оның үстіне тыңайтқыштардың жұмсалуы мен шығынын анықтауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |