Байќалады


Суккуленттіу өсімдіктердін қоректенуінің билогиялық негіздері



жүктеу 387 Kb.
бет2/21
Дата04.01.2022
өлшемі387 Kb.
#36158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
диплом

Суккуленттіу өсімдіктердін қоректенуінің билогиялық негіздері


Суккулентті өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуі

Суккулентті өсімдіктердің ауа арқылы қоректенуі

3.3. өсімдік тамырларының суды пайдалануы

өсімдік тамырларының топырақтағы кейбір органикалық заттардың пайдаланылуы

қоректі заттардың цитоплазматикалық мембранасымен сіңірлуі

Қорытынды



Қолданылған әдебиеттер тізімі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ-КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫ
Агроклиматтық жағдай

Жамбыл облысының табиғаты температураның құбылмалылығы, жауын-шашынныц әр жылы әр территорияға әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады.

Облыстың оңтүстік таулы аймағының ауа-райы жұмсақтау келеді, қысы онша қатты емес. Ылғал да біршама жақсы түседі.

Облыстағы ауаның жылдық орташа температурасы 6,5 және 10,5 градус арасында ауытқып тұрады. Ал Солтүстік және таулы аудандарда 6,5-8 градус, орталық аудандарда 9ғ-10 градус шамасында болады.

Ең суық ай -қаңтардағы ауаның орташа температурасы оңтүстік аудандарда минус 5-9, солтүстік аудандарда 12-14 гра­дус. Ал жылдың суық кезеңіндегі ауаның орташа температурасы 3-4 және 7-8 градус суықтық аралығында. Кей жылдары аяз 42-47 градусқа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөктерлерінде 21-22 градус, ал Бетпақдалада тіпті 26-27 градусқа дейін көтеріледі. Жылдың жылы кезеңіндегі орташа ауа температурасы таулы аудандар мен облыс­тың солтүстігінде 15-17 градус, орталық аудандарда 18-19 гра­дус. Аса ыстық жылдары күндізғі ауа температурасы шөлді аудан­дарда 45-47, таулы аудандарда 40-42 градус болады.

Көктемнің алғашқы белгілері март айының екінші жартысында, ал таулы аудандарда марттың аяғы мен апрельдің басында бай­қалады.

Көктемнің ұзақтығы облыстың жазық аудандарында 40-55 күн, тау бөктерлерінде 50-60 күн, ал таулы аудандарда 70 күнге дейін созылады.

Жылына күн 2700 сағат шамасында шуағын төгеді, сонық 2000 сағаты (74%) жылдың жылы кезеңіне сәйкес келеді.

Жылы кезеңдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шөл және шөлейт аудандарда 40-45 процент, ал оның ең төмен болатындығы (30 процент) нюнь -август арасы. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы таулы аудандарға қарай жоғарылап 55 процентке дейін жетеді.

Жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Облыстың шөл аймақтарында ол жылына 100-150 мм, жазықтықта 150-200 мм, тау бөктерлерінде 300-400 мм, тау бастарында 450-500 миллиметрге дейін түседі. Жауын-шашын жылдың суық кезеңіне қарағанда жылы кезеңінде неғұрлым мол түседі, оның 30-40 проценті көктемде жауады.

Қар жұқа түседі, әрі тұрақтамайды. Ол ең қалыңдағанда облыстың солтүстігінде 10-нан 20-35 сантиметрге дейін, оңтүстігінде -15-30, тау бөктерлерінде -20-40, тау бастарында 20-40 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді.

Топырақтың тоңазу қабаты қыста солтүстік аудандарда -80-100, оңтүстікте 40-60 сантиметр.

Э. С. Зарембо классификациясы бойынша облыс территориясы мынадай агроклиматтық аудандарға белінеді: өте қүрғақ, ыстықтау (I а), өте қүрғақ, ыстық (I б), құрғақ, ыстық (II), өте қуаң тау бөктері (III), қуаңдау және ыстықтау таулы аудан (IV).

1 а. Өте құрғақ ыстықтау агроклиматтық ауданға Бетпақдаланың шығыс бөлігі (Сарысу ауданының солтүстік-шығыс, Мойынқұм ауданының солтүстік бөлігі) жатады.

Ауаның 10 градустан жоғары тәуліктік орташа температурасының жиынтығы (тиімді температура) 3100-3400 градус. Селянинов бойынша гидротермикалық коэффициент (ГТК) 0,2-0,3.

Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 миллиметр. Жылдың жылы мезгіліндегі ауаның орташа ылғалдылығы 45 процент, ал оныц ең төмен (30 проценттен де төмен) болатын кезі жылына 160 күн.

Қыс ызғары апрельдің екінші онкүндігі мен майдың бірінші он-күндігі арасында қайтады. Күзгі суық сентябрьдің үшінші, онкүндігі мен октябрьдің басында түседі. Аязсыз кезең 130-165 күнге со­зылады. Тұрақты қар қабаты декабрьдің бірінші онкүндігінде қалыптасады да, 85-100 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 10-20 сантиметр.

Шөл және шөлейт аймақтардың көп бөлігі негізінен көктемгі және күзгі жайылым ретінде пайдаланылады.



жүктеу 387 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау