Фосфорды өсімдік топырақтан фосфат күйінде қабылдайды. Ал ол есімдік денесінде пайда болатын эфирдің және басқа да органикалық қосындылардың, кейбір ферменттердің, нуклео-протеидтердің және т. б. құрамына енеді.
Калий де өсімдіктер тіршілігінде аса маңызды физиологиялық роль атқарады. Ол өсімдіктердің жас, балғын органдарында, протоплазмаға бай клеткаларында, әсіресе өсімдіктердің ұрығында, жеміс түзілетін органдарында көп кездеседі. Ал өсімдіктердің жоғарыда аталған бөліктерінде заттар күштірек алмасады, клеткалар түзіледі, өсуі де жоғары қарқынды болады.
Жоғары дәрежелі өсімдіктер қоректерінің ішінде ешқандай калий болмаса, өсімдік құрып кетеді немесе өте болымсыз вегетативтік өнім береді. Калий жетіспесе плазма коллоидтарынын ылғалды сақтап тұру қабілеті кемиді. Өсімдіктер жазғы куаңшылық кезеңдуінде су тез бура айналатындықтан калийдің жетіспеуінен көбірек зәру шегеді. Сондай-ақ калий бүршік тамырларының дамуына, клеткаларының толысуына және бүршік түйнектерінің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді. Углеводтардың түзілуіне және қоз-
ғалысына қатысады.
Калий тыңайтқышы өсімдіктердің белок заттарынын синтез жасауына (химиялық қосылыстар шығаруға) үлкен ықпал жасайды. Калий жетіспесе бұл процесс бөгеліп қалады да, белоксыз (зиянды) азот жиналуына себеп болады.
Кальций өсімдіктердің ескі сабақтарында әсіресе астық тұ-қымдастарының жапырақтарында кездеседі. Ол белоктын түзілуіне, өсімдіктегі органикалық қышқылдарды бейтараптауға және өсімдіктердің тамыр жүйелерінің дамуына кемектеседі.
Магний. Хлорофилл құрамында фосформен бірге ткань және тұқым құрамына кіреді, жасыл өсімдіктердің бірқалыпты қоректенуіне қатысады. Онын шамадан тыс көп болуы өте зиянды. Ол құм, құмдауыт жерлердегі басқа топырақтың бәрінде кездеседі.
Темір өсімдікте хлорофилл түзуге, өсімдіктің бірқалыпты тыныс алуына қажетті элемент. Өсімдікке темірдің қажеттілігі жарыққа байланысты. Темір шымтезекті және шым күлгін топырақтан басқанын бәрінде де кездеседі.
Күкірт. Белок, май құрамына кіріп, клеткадағы тотығу-тотықсыздану процестеріне әдетте қатысады. Ол өсімдікке күкірт қышқылының анионы Sа4 түрінде енеді.
Бор. Өсімдіктің өсуін, жемістер мен тамыр-жемістерде қанттың мөлшерін реттеп отырады.
Өсімдіктердің құрғақ затындағы бордың мөлшері бірдей болмайды. Ол өсімдіктердің ылғал режиміне жақсы әсер етіп, олардағы углевод пен белоктың алмасуына әрі фотосинтез процестерінін, тамыр жүйесінін өсуін тездетеді. Мұның өзі өсімдіктердің құрғакшылық және тұзсыз жағдайларға төзімділігін жақсартады. Ол өсімдіктердін калий мен азотты пайдалануын тездетсе, фосфорды пайдалануын кешіктіреді.
Бор негізінен алғанда қант қызылшасында, көкнәр тұқымдас өсімдіктер құрамында көп кездеседі де дәнді дақылдар егістігінде аз, бұршақты дақылдарда орташа мөлшерде байқалады. Бұлардың өсімдік құрамында жетіспеуі олардын әр түрлі ауруларға -хлорозға, шіріндіге душар болуына әкеліп соғады.
Сонымен бірге бор -мыстың, марганецтің, аллюминийдің уытын жойып, калийдің сіңірілуін күшейтеді, хлор мен азоттың сіңірілуін азайтады, бұдан соң аммиакпен салыстырғанда нитратты азоттың өсімдіктерге таралуы арта түседі. Өсімдік тканьдарын, әсіресе оның тамырларын оттекпен қамтамасыз етуді жақсартады. Басқа да микроэлементтер (марганец, йод, мыс, мырыш) секілді бордың ерекше бір маңыздылығы сонда, ол өсімдіктердегі тотықтыру процестерін реттеуге көмектеседі.Органикалық заттарды түзу үшін өсімдікке азоттың, фосфордың, калийдің және кальцийдің пайдалануын шұғыл арттырады. Бордың арқасында қант кызылшасында қант, картопта крахмал, жаздық бидайдың дәнінде белок, соя мен күнбағыстың тұқымында май, шөптерде С витамині мен каротин көбейетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |