Байќалады


Аласа таулы және тау етегіндік аймақ



жүктеу 387 Kb.
бет9/21
Дата04.01.2022
өлшемі387 Kb.
#36158
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
диплом

3. Аласа таулы және тау етегіндік аймақ. Бұл аймаққа Қырғыз бен Талас Алатауы жазық тау бастары, тік беткейлер, тау етегіндегі жазықтар, Қаратау мен Шу-Іле таулары аңғарларындағы абсолюттік биіктігі 1200-700 метр алқаптар кіреді.

Топырағы боз қызыл қоңыр және сұр түсті. Боз қызыл қоңыр топырақты белдеу жыл бойында және әр маусымда жауын-шашынның біркелкі түспейтіндігі, жазда ауасының құрғақ болуы және ылғалдың тез буланып ұшып кетуге бейімділігімен сипатталады. Оның айдалатын қабатында 3 процент қарашірік, 0,10-0,15 про­цент азот, 0,15-0,23 процент фосфор болады. Механикалық құрамы орташа және ауыр саздақты. Айдалатын топырақтағы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың бірден бір жолы ылғал жинау және оны сақтау, сондай-ақ органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолдану болып табылады.

Рельефі тұрақсыз аудандарда айдалатын жерлер беткейлерді көлденеңінен қайырмасыз жырту, сай, жыралардың жиектерін бекіту, еріген қар суларын жинау, ауыспалы егіске жонышқа енгізу сияқты эрозияға қарсы шаралар жүргізуді талап етеді.

Боз қызыл қоңыр топырақты белдеуден төмен жайпақ тау етегіндегі жазықтарда Шу-Іле және Қырғыз Алатауын бойлай сұр топырақты алқап созылып жатыр. Оның жазы ыстық, құрғақ, қысы қысқа, суық келеді. Қысқы-көктемгі температура кектемгі-жазғы температураға тез ауысады. Жауын-шашынның басым белігі қысқы-көктемгі кезде түседі.

Әсіресе кәдімгі сұр және бозғылт сұр топырақ көп жерді қамтыған. Сұр топырақ Қырғыз, Талас, Қаратау, жоталарының етегін, абсолюттік биіктігі 600-800 метр тау және өзен аңғарларын алып жатыр. Жер асты сулары өте терең орналасқан, сондықтан топырақ құралу және өсімдіктердің су режиміне оның әсері болмайды.

Топырақ раң тәріздес және жусанды шөптер негізінде құралған. Механикалық құрамы жағынан жеңіл, орта және ауыр саздақты болып келеді, көп жағдайда майда тастардан құралады.

Кәдімгі сұр топыраққа тән сипат қарашірік қабатының жұқалығы (35-60 сантиметр), мұнда қарашірік мөлшері аз (2 процент) және 50-90 сантиметр тереңдікте иллювиальды карбонатты горизонттың болуы. Топырақ қоректік элементтерге тапшы (жалпы азот 0,12-0,1'3 процент) келеді. Әйтсе де ол жақсы дренаждалады әрі сорланбайды.

Кәдімгі сұр топырақ үнемі суарғанда және органикалық, минералдық тыңайтқыштарды қолданған жағдайда жақсы өнім береді. Малта тастар жер бетіне жақын орналасса қоректік заттардың шайылып кетуі жиі кездеседі. Сондықтан минералдық тыңайтқыштармен топырақ үстеп қоректендірілуі қажет. Суарылмаса топырақ қатты құрғайды, бұл уақытта оны жайылым үшін пайдалануға бо­лады.

Бозғылт сұр топырақ органикалық заттарға тапшы, қарашірік 0,9-1,2 процент, карбонат 1,2 проценттен (жоғарғы қабаттарда) 5-12 процентке (50-70 сантиметр тереңдікте) дейін. Топырақ ерітіндісінің реакциясы сілтілі. Топырақтың өзі сорланбаған, механикалық құрамы жағынан жеңіл саздақ және құмдақ, үстіңгі бетін жел үріп, су шайған.

Сұр топырақпен қатар таулы аймақтың топырақ дүниесінде жартылай гидроморфты, аракідік сорлы және сортаңдау топырақтар да кездеседі. Ондай жерлер Қаратау, Қырғыз Алатауының етегін бойлай және Шу-Іле тауының оңтүстігін алып жатыр. Топырақтың гидрологиялық режимі бойынша бұл аймақта жер асты сулары беткі қабатқа жақын орналасқан, сондықтан да бұл жердің топырағы сазды, батпақты болады да, суармалы егіншіліктің дамуына қолайлы келеді. Мұнда түрлі шалғынды өсімдіктер өседі.

Әсіресе шалғындық-сұр топырақ айырықша назар аударуға тұрады, ол ауыл шаруашылығы үшін суармай-ақ қолдануға жарамды. Ұзақ суару нәтижесінде бұл топырақтың агрохимиялық және агрофизикалық қасиеті өзгерген. Неғұрлым қуатты қарашірік қабаты қалыптасып, оның қарашірік мөлшері айдалатын қабатта 1,5-2,0 процентке жеткен, карбонат және гипсті горизонт қалыңдаған.

Суармалы топыраққа тән ерекшелік суда минералдық заттардың жиналуы, суаруға жұмсалған су мен ауыл шаруашылық құралдарының қолданылуынан топырақтың нығыздалуы болып табылады. Ал бұл оның су өткізгіштік, су жинағыштық, ауа өткізгіштік қасиетін және өсімдіктің тамыр жүйесінің жетілуін нашарлатады. Дұрыс суарылмаған және табиғи дренаждалуы нашар топырақтар екінші рет сорлануға ұшырайды. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін үнемі терең етіп (35 сантиметрге дейін) зябь жырту, жоңышқа егісімен ауыспалы егіс жүйесін енгізу, жер асты суларының көтерілуін болдырмау үшін суару режимін жер сорын шаюды, коллекторлы-дренаж жүйесін дүрыс үйымдастыру қажет.




жүктеу 387 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау