2. Таулы далалық аймақ Қырғыз Алатауьшың солтүстік баурайын және Қаратау жотасының шығыс бөлігін қамтиды (абсолюттік биіктігі 2000-1200 метр). Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 миллиметр шамасында. Өсімдігі бұта тектес, астық тұқымдас түрлі шөптер болып келеді. Топырағы тау жыныстарының жел үрлеп үгілуінен қалыптасқан. Қара топырақ пен қара-қоңыр топырақ басым, оның кұрамында 3-9 процент қарашірік және 1 процент азот болады. Топырақ құрылымы майда тасты. Жыртуға жарамды жерлер де кездеседі. Оны игеру үшін эрозияға қарсы бірқатар шараларды іске асыру қажет. Жеткілікті мөлшерде шабындықтардың болуы мал ұстауға қолайлы. Тәлімі егіншілік қосымша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |