Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет43/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   472

 

91 


 

Сөйлеу  - тек адам баласына ғана тән қарым қатынастың ерекше және ең жетілген 

түрі. Адамдар сөйлеу арқылы өзара ой алмасып, ой бөліседі, біріне әсер етеді. 

Сөйлей  білу  туа  біткен  қасиет  емес.  Тілдің  дамуы  бүкіл  онтогенез  барысында 

баланың деңсаулығы мен ақыл - есінің дамуымен қатар жүреді және оның жалпы өсіп 

–  дамуының  көрсеткіші  болып  табылады.  Сөйлеуді  бала  бірте  –бірте,  үлкендерден 

естіген дыбыстар мен сөздерге еліктеу арқылы үйренеді. Кейбір дыбыстарды бала айта 

алмай, оларды ұқсас дыбыстармен алмастырады. Бұл физиологиялық құбылыс. Кейде 

мамандар екі жасар баланы дыбыстарды анық айтпайғаны үшін логопедке жібереді. 

Мұндай  жағдай  –  үлкен  қателік.  Екі  жастағы  баланың  дыбысты  бұрмалап,  анық 

айтпауы – таза табиғи құбылыс. Бұл құбылыс физиологиялық сақаулық деп атап және 

оның  себебі  –  артикуляциялық,  аппаратың  толық  жетіліп,  қалыптаспағандағы. 

Сондықтан, мамандар тілдің дұрыс, қалыпты дамуымен егжей – тегжейлі таныс болып, 

оның барлық заңдылықтарын білу қажет.  

Тіл  мүкісін  дер  кезенде  байқап,  түзету  үшін  бала  тілінің  дамуынын  әр  кезеңін 

және  тіл  мүкістерінің  себептерін  жетік  білу  керек.    Бала  тілінің  бүкіл  онтогенез 

барысында дамуын жетік білу – дұрыс диагноз қою , тіл мүкісін түзетуге бағытталған 

арнайы коррекциялық жұмысты құруда маңызы зор. 

 Бала  тілінің  дұрыс  дамымуына  әртүрлі  зияңды  экзогендік  (сыртқы)  және 

эндогендік  (ішкі)  факторлар,  сонымен қатар қоршаған  әлеуметтік  ортаның  жағдайы 

себеп болады. 

  

  Бала тілінің дамуының тежелуінің негізгі себептері: 



1. Бала іште жатқанда пайда болатын патология. Бұл патология іште жатқан баланың 

дамуын тежейді. Ең  өрескел тіл мүкістері іштегі дамуы ауыр өзгеріске ұшырған 4  апта 

-4  ай  аралығындағы  пайда  болады  .  Іштегі  ұрықтық  дұрыс  дамымауына  жүктілік 

кездегі  токсикоз,  вирустық,  инфекциялар,  эндокриндик  аурулар,  резус  –фактор 

бойынша қанның сәйкес келмеуі, әртүрлі жарақаттар себеп болады.  

Бала туылғанда алған жарақат және асфиксия.  



Бала  өмірінің  алғашқы  жылындағы    түрлі  аурулар.  Қайталан  беретін  вирустық 

инфекциялар, менинго  –энцефалиттер, асқазан – ішек қызметінің жиі бұзылуы бала 

тілінің дамуына кері әсер тигізеді. 

 Бас сүйегінің зақымдануы, ми шайқалуы. 



Тұқым қуалайтын кей факторлар. 

Келеңсіз тұрмыстық – әлеуметтік факторлар ( отбасындағы нашар психологиялық 



ахуал, тәртіпсіздік, киын мінез – құлық, баламен тілдесудің жетіспеушілігі). 

Осымен аталған бір немесе бірнеше себептер баланың сөйлеу қабілетініңдамуы 

тежелген мүмкін. 

Қоршаған әлеуметтік ортада жылы қарым-қатынас, көтеріңкі көңіл-күй, баламен 

көп  тілдесу,  сөйлесу,  бала  тәрбиесіне  көңіл  қою  баланың  сөйлеу  қабілетінен  бұрыс 

сөзді  түсінуі  қабілеті  дамиды.  Бала  тілінің  дамиды  оның  психикасымен  :  ақыл-есі, 

мінез-құлқы, жігерінің дамуымен тығыз байланысты. 

Баланың  тілінің  даму  процесі  уақытылы  дұрыс  жүруі  үшін  арнайы  жағдайлар 

болуы тиіс: 

 - баланың дені, психикасы сау болуы; 

 - баланың ақыл есі, ой өрісі дамыған болуы; 



 

92 


 

 - естуі мен көруі қалыпты болуы; 

 - жеткілікті психикалық белсенділік; 

 - сөйлеу, сөйлесуге деген ынтасы; 

 - сөйлесіп, қарым-қатынас жасайтын толыққанды орта. 

Уақытылы  және  дұрыс  сөйлесу  барысында  бала  үнемі  жаңа  түсініктерді 

меңгереді,  онын  сөздік  қоры  кеңейе  ,  байи  түседі  және  баланың  қоршаған  ортамен 

танысуы тереңдей түседі. Олай болса, сөйлеу, сөйлеу қабілетінің дамуы баланың ой- 

өрісінің дамуымен тығыз байланысты.  

Ересектер баланың дұрыс сөйлеуіне неғұлым ертерек көңіл бөлсе, дұрыс сөйлеу 

машықтары  соғұлым  тезірек  қалыптасып,  жөнеледі.  Бала  есейген  сайын  тіл 

мүкістіктері  өзінен  өзі  жойылып  кетеді  деу  –үлкен  қателік.  Дер  кезінде  логопедтік 

көмек көрсетілмесе, дыбыс пен сөзді бұрмалап, дұрыс емес айту тұрақты, үйреншілікті 

болып қалуы мүмкін. 

Баланың тіл мүкістіктерін, мектепке дейінгі кезенде түзеткен жөн.  Дер кезінде 

түзелменген  тіл  мүкісі  мектеп  жасындағы  баланы    нашар  оқу  үлгерміне  әкеп 

соқтырады.  Ерте  көрсетілген  медициналық  және  педагогикалық  коррекция  (түзету) 

мектеп оқушысының психологиялық саулығы, жақсы оқу үлгерімінің кепілі. 

Арнайы,  сауатты  логопедтік  көмекті  тек  педагогтік  біліктілігі  жоғары  логопед 

көрсетуі тиіс. Тек сол жағдайда ғана логопедтік түзету ( коррекциялық) жұмыстары 

жақсы.  

Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  ең  басты  іс-әрекетінің  ойын  болғандықтан, 

ойын  арқылы  баланы  оқыту  қажет.  Сол  себепті  логопедиялық  сабақтарда 

дидактикалық, рөлдік ойындар өте қажет.  Олардың мақсаты – ережені сақтап білуді, 

сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарды, қабылдауды, есте 

сақтау қабілетін дамыту. 

Сондықтан  да  ойын-тапсырмаларды  таңдауда  және  іріктеуде  балалардың  жас 

және  жеке  ерекшелігін  ескерген  жөн.  Балалардың  сөздік  қорын  дамытуда  ойын, 

тапсырма,  жатты,улардың  орны  ерекше.  Педагог  балалармен  ойынды  үш  түрлі  етіп 

өткізуге  болады:  заттармен,  үстел  үсті  және  сөздік  ойыны.  Ересектер  топтарында  

байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға арналған  бірнеше ойын түрін ұсынамыз. 

Ойын  түрі  сабақты  қызықты  етіп,  жалпы  логопедиялық  сабақтың  тиімділігін 

біршама  жоғарылатады.  Ал  енді  мектепке  дейінгі  жастағы  баланы  оқыту  үрдісінде 

қолданылатын дидактикалық ойындардың қысқаша баяндамасы: 

 1-ші ойын  – «Мен білемін». 

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту. 

Мазмұны:  педагог  допты  қолдана  отырып,  келесі  мәтінді  айтады,  бұл  кезде  допты 

еденге ырғақпен соғу. 

– Мен ұлдардың бес атын білемін: 

Арман – бір 

Аділет – екі 

Қуаныш – үш 

Асхат – төрт 

Нариман – бес 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау