Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет45/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   472

 

95 


 

нәрседен  өзіне  қызықтысына  ықыласы  ауып,  таңдап  алады.  Баланың  бір  ерекше 

қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. 

Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол 

ашады.        

Қай бала болмасын  ойынмен өседі, өйткені бала  табиғатының өзі  тек ойынмен 

байланысты.  Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге  тәуелсіз.  Ол  озін  еркін  ұстайды.  Ал 

еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін  білуге  деген  талпынысы  мен 

құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. 

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде 

де  озады»  деген  аталы  сөздер  сырына  жүгінсек,  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың 

ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде 

де  жалғасы  береді.  Ойын  барысында  бала  өзін  қоршаған  үлкендер  сияқты,  өзінің 

сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. 

Ойынды  қолданумен  бірге  ойлауға,  тілді  дамытуға,  шығармашылық  әрекетін 

байытуға  бағыт  алады.  Баланың  ойын  кезіндегі  қимыл-  қозғалысы  дене  бітімін 

жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық 

әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса 

отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. 

Мектепке  дейінгі  тәрбиеленушілерде  педагогикалық  процестер  барысында 

баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- 

құлық  дағдыларын  қалыптастыру  көзделеді.  Психологиялық  жаттығулар  баланы 

үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін 

айтып  жеткізе  білуге  көмектеседі.  Ойын  жаттығулар  арқылы  баланың  білімділік 

дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. 

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің 

үйлесімді  дамуына  ықпал  етеді.  Баланың  сезім  әрекетін,  әсерленушілік  деңгейін 

анықтау үшін қолданылады. 

Ойындардың  негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын, 

байқампаздығын,  есте  сақтау,  қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің 

жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей 

білуін  анықтау,  қалыптастыру.  Ойынға  зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  сол 

ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең 

алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да 

ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. 

Сонымен  балалардың  сөздік  қорларын  дамытуда  ойындарды,  тапсырма- 

жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры 

дамып,  ауызша  сөйлеу  машығын  игереді.,  таным  белсенділіктері  қалыптаса  түсіп, 

ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. 

Ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасын  тауып  келе  жатқан,  әрі  үлкен  мәні  бар  мәдени 

шығармашылық-  саусақ  ойыны.  Саусақ  ойынын  ойнай  отырып,  балалар  қоршаған 

ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  жан-  жануарларды,  құстарды,  ағаштарды  т.б 

көптеген бейнелерді бейнелей алады. 

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық 

етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. 



 

96 


 

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік 

қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін 

толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. 

Ұсақ  моториканы  дамыту  жұмыстарын  ерте  сәбилік  шақтан  бастаған  дұрыс. 

Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне 

әсер  ете  отырып  массаж  жасау  керек. Ерте  жаста  және  мектепке  дейінгі  кіші жаста 

қарапайым 

жаттығуларды 

жасауда 


өлеңмен, 

тақпақпен 

ұымдастырылған  

жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын 

қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. 

Ал  ересек  топтағы  балалар  үшін  ұсақ  моториканы  дамыту  және  қолдың 

икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға 

үйренудің маңыздысы болып саналады. 

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не 

қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  өзінің  айналасындағы  қоршаған  ортамен 

танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. 

Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы 

арта  түседі.  Ойын  -  баланың  бірінші  әрекеті,  сондықтан  да  оның  мән  -  мағынасы 

ерекше. 

Қазақ халқының ұлы ойшылы  Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер 

бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  зейіні  тұрақсыз  болады.  Оларды  біркелкі  жұмыс  тез 

жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын 

түрінде  жүргізу  қажет.  Өйткені  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  алған  білімді 

ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. 

Ойын  барысында  баланың  жеке  басының  қасиеттері  қалыптасады.  Баланың 

қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық 

ерекшелігі  мынада:  олар  ойланады,  эмоциялық  әсері  ұшқындалады,  белсенділігі 

артады,  ерік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды,  мұның  бәрі  баланың  шығармашылық 

қабілеті мен дарынын ұштайды. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  көргендерін,  байқағандарын,  айналасынан 

естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты 

бейнелейді.  Ойын  барысында  балалар  дүниені  тани  бастайды,  өзінің  күш  жігерін 

жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. 

Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген 

ойға  келді.  Ойын  арқылы  оқыту,  бұл  ой  көптеген  балалармен  мен  логопедтерді 

қызықтырды.  Грузин  педагогы  Ш.А.Амонашвили  ойын  арқылы  балаларға  өте  қиын 

әлемдік  танымды  түсіндіре  білді.  Ш.А.Амонашвили  өз  оқушыларымен  ойын 

ойнағанда  өзін  балалармен  бірдей  қоя  отырып,  олардың  көңіліне,  ойына,  санасына 

пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті - 

баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. 

Балабақшадағы  тәрбиелеу-оқыту  жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік 

қорларын  дамыту,  ауызша  сөйлеуге  үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау