Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет361/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   472

 

761 


 

жасаумен емес, керісінше, ертегілерді бірге көріп, не болмаса ертегіні ата-ана өзі оқып 

беріп, баланың ертегіні түсінгенін, я түсінбегенін байқап, сұрақтарына жауап бергенде 

ғана  нәтижелі  болады.  Сондықтан  әрбір  ата-ана  өз  баласының  мүмкіндігін,  жас 

ерекшелігіне тән сөздік қорын жетілдіріп отыруға тырысуы тиіс. 

Баланың  тілін  дамыту  жұмысың  негізгі  мазмұны  –  сөздің  жалпы  ұғым  беретін 

жағын  меңгеруге  көңіл  бөліп,  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  өз  ойын  еркін  жеткізуін, 

қоршаған  орта  мен  айналасындағы  адамдармен  еркін  қарым-қатынасқа  түсу,  сөйлеу 

қабілеттерін қалыптастыру[3].  

Сонымен қатар, балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру төмендегідей нақты 

міндеттерді орындағанда жүзеге асырылады:  

1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;  

2.  Бала  тілінің  дыбыстық  жағын  жетілдіру,  мәнерлі  де  мәдениетті  сөйлеуін 

тәрбиелеу;  

3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық  

формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;  

4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;  

5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;  

6. Көркем сөзге баулу;  

7. Сауаттылыққа үйрету.  

Сөйлеу дағдысын дамыту әдістеріне жатады: балаға айналадағы өмірді бақылату, 

бақылай білуге үйрету. Сурет көрсетіп әңгімелесу. Фильмдер көрсету және оны талдау. 

Көркем  әдебиет  шығармаларын  оқып,  тыңдату.  Осының  бәрінде  бала  білетін  және 

жаңадан үйренетін сөздер түсіндіру; түрлі жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.  

 

Әдебиеттер  



1. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға 

білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. 2007 ж.  

2. Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. 2-6 

жас аралығы. Алматы: Рауан, 1992.  

3.Л.П.  Федеренко,  Г.А.Фомичева,  В.К.  Лотарев,    Мектеп    жасына    дейінгі  

балалардың  тілін  дамыту  методикасы. А., «Мектеп», 1981, 244 б. 

 

БАЛАБАҚШАДА МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНАМЫЗ? 



 

Майпасова Зарина Сергеевна 

КМҚК «Қарлығаш» балабақшасы 

 

Балабақшадағы  музыкалық  тәрбиеннің маңызы  балабақшадағы  сәбилік  шағынан 

тәрбиеленіп  келе  жатқан балада  музыканы  тыңдау,  оны  түсіну,  есте  сақтау,  ажырата 

білу,  ән  салу,  би  билеу,  сазгерлерді,  аспаптарды  тану  қабілеттері  бірте-бірте 

қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған 

білім  дағдыларын  қалыптастыру  музыка  жетекшісінің  алдына  қойылған  аумақты  да, 

жауапты ісі. 



 

762 


 

Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  музыкамен  айналысуының  маңызы  зор. 

Балалар халық әндерімен қатар түрлі классикалық музыка және вокалдық шығармалар, 

инструменталдық (фортепиано, скрипка, аккардеон, флейта, домбыра, қобыз және т.б.) 

шығармаларды  тыңдап,  ішкі  дүниесімен  қабылдауға  тырысады.Олар  музыкалық 

шығарманның көркемдік бейнесін суреттеумен қатар, музыкалық аспаптарды ажырата 

алады.  Музыкалық  сауаттылығын  көтеруге,  музыкалық  аспаптарда  ойнауға 

қызығушылығы  арта  түседі.  Ол  үшін  сазды  естіп-тыңдау  қабілетімен  қатар  баланың 

эмоционалдық  қасиеттерін  дамытып,  ойын  түрлерімен  жоғарғы  дауыстық  әуендерді 

пайдаланған  жөн.  Баланың  музыкалық  дыбысты  ажырату  қабілетін-шаруашылыққа 

деген қызығушылықты арттырып, музыкалық аспаптарда ойнап үйренуге жол ашады. 

Балаларға  эстетикалық  тәрбие  беруде  музыкалық  ойыншықтар  мен  музыкалық 

аспаптарға  айрықша  мән  беріледі.  Өйткені  олар  балалардың  зор  қызығушылығын 

тудырады.  Сондай-ақ,  бұлар  балдырғандарды  музыка  сферасына  қызықтыру, 

шығармашылық  қабілетін  жетілдіру  мақсатында  отбасында,  балабақшада  да  кеңінен 

қолданылады.  Музыкалық  аспаптарды  мектепке  дейінгі  балаларды  тәрбиелейтін 

мекемелерде пайдаланудың мүмкіндігі мол. Бос уақытта музыкаға жеке әуестенушілік, 

балалар оркестріндегі коллективтік орындаулар осындай мүмкіндік  болып табылады. 

Педагог әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына 

түрткі  болуға  күш  салады.Балалар  өздеріне  таныс  шағын  әндерді  ойнауды,  жеңіл 

ырғақтарды немесе жеке интонацияларды ойдан шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс 

әуенді  іріктеуді  «музыкалық  жаңғырта»  ойнауды,  ән  айтуды  және  өз  дауысына 

келтіруді  үйренеді.  Кейбір  ойыншық  аспаптар  дидактикалық  көрнекі  құрал  ретінде 

пайдаланылады. Олар педагогтың мектепке дейінгі балалардың музыкалық-сенсорлық 

қабілетін  дамытуына,  музыкалық  сауаттылықтың  жекеленген  элементтерімен 

класстаныстыруына көмектеседі. 

Балабақшада  музыкалық  аспаптардың  түрлерін  ансамбль  немесе  шағын  оркестр 

құруға болатындай етіп жинақтаған жөн. Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі 

анық, көлемі мен салмағы жағынан қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты 

болуы керек. Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар оқу 

іс-әрекеті басталмай тұрып ретке келтірілуі тиіс. 

«Музыкалық  ойыншықтар»,  «Балалардың  музыкалық  аспаптары»  деген  атаулар 

жай шартты атаулар. Музыкалық ойыншықтар көбінесе сюжеттік және дидактикалық 

ойындарда  қолданылады.  Музыкалық  ойыншықтарды  негізінен  балғын  жастағы 

балалар пайдаланады. Бірақ кейбір ойыншықтар музыкалық аспаптар сияқты оркестрге 

қосыла  алады.  Балалардың  музыкалық  аспаптары  көбінесе  кәдімгі  аспаптардың 

көшірмесі болып табылады. Әрине, олар музыкалық аспаптар сияқты аталып, сыртқы 

көрінісі  мен  дыбыстауы  жағынан  ұқсас  болғанымен,  мейлінше  қарапайым 

болғандықтан кәдімгі музыкалық аспап дыбысын толық бере алмайды. Дыбысталуына 

қарай  балалардың  музыкалық  аспаптары  мен  ойыншықтарын  белгілі  бір  түрлерге 

топтап бөлуге болады. 

1.Дыбыссыздар. Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді. Олар 

дыбыс  шығармайтын  пернелі  пианино,  ойналмайтын  шекті  домбыра,  жарғақты  баян 

және т.б. Дыбыссыздығына қарамастан, олардың сыртқы түрі тартымды, әрі ойынды 

құбылтуға  мүмкіндік  береді.  Балалар  көбінесе  өздерін  «музыкалық  жетекші» 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау