Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет359/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   472

 

757 


 

тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті 

іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.  

Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің 

төмендігін  тек  мектепке  барарда  ғана  байқайды.  Бұл  балаға  өте  ауыр  жүк.  Жаңа 

хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып 

үйренуі керек.  

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. 

Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең 

бола түспек.  

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 

жастағы  баланың  тілінің  дамуында  ақау  болмасын  десеңіз  дамыту  ойын  – 

жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту 

әдістемесі  мұндай  жағдайда  өте  тиімді.  Омыраудағы  баланың  саусақтарын  уқалауға 

болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың 

бас  бармағын  жаймен  сипап  отырып,  оған  былай  деңіз:  «Саусақ  –бала  сен  қайда 

болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан 

орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім», 

Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына 

саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да 

көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі  ұсақ моториканы дамытып жатырмыз 

ғой.  


Бір  жастан  асқан  балалар  үшін  –  саусақ  бассейні  әдістемесі  өте  пайдалы.  Бір 

ыдысқа  1  кг  бұршақты  немесе  фасольді  төгеміз  де  ішіне  баланы  қызықтыратын  бір 

ойыншықты  көміп  қоямыз.  Сондан  соң  оны  тауып  беруін  өтінеміз.  Бұл  қызықтыру 

жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу 

қаупі бар.  

Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз.  

Сол ұсақ моторика дегеніміз не?  Физиологиялық  тұрғыдан  айтқанда ол қолдың 

ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы.  

Сонымен  қатар  «қол  мен  көздің»  тепе-теңдігін  де  ұмытпауымыз  керек,  себебі 

қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады.   

Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады. 

Ересек  адам  нақты  бір  әрекет  жасағанда  біздің  білегіміз  әртүрлі  бағытта  қозғалу 

арқылы, қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады.  

Сондықтан  қозғалыс  жасау  кезінде  оның  қолының  иықтан  төмен  барлық  жері 

қозғалады.  Яғни қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді.  

Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек? 

Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте 

жақын орналасқан.  

Яғни  ұсақ  моторикаға  стимул  жасау  арқылы  біз  сөйлеу  әрекетінің  белсенділігін 

арттырамыз.  

Ұсақ  моторика  баланың  өсе  келе  киініп  шешінуіне,  сурет  салуына,  жазуына 

көмектеседі.     




 

758 


 

Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. 

В.А.Сухомлинский бала  қабілетінің  қайнар  көзі оның  саусақтарының ұшында  екенін 

жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі 

жақсы дамиды.  Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі.   

Кішкентай  сәбидің  қолына  массаж  жасау  арқылы  біз  алақандағы  ми 

қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз. 

Данышпан қазақ халқымызда бұған да ерекше назар аударған.   

Мысалы,  «Қуырмаш»,  «Санамақ»  т.б.  ойындарды  ойнатудың  баланың  ұсақ 

моторикасын,  көру-қозғалыс  тепе-теңдігін  сақтауда,  зейін  қою,  есте  сақтау,  санау 

қабілеттерін дамытуда маңызы зор. 

Осылайша,  жұмыс  нәтижесі  тиімді  болуы  үшін  саусақтың  нәзік  қозағлысын 

қалыптасыру  бойыншатүрлі  –  әдіс  –тәсілдер  мен  қабылдаулар  міндетті  түрде 

пайдаланылуы қажет.  

Жұмысымның  нетижесі  ретінде  түрлі  жұмыстар  атқару  барысында  балалар 

қызығушылығының артқанын байқадым.  

Көрнекті ғалым – Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйреудің 

амалын табу, қайталама жатығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан.  

Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік жасадым 

деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы  – өте 

анық және күшті» екенін естен шығармау керек деп жазған болатын.  

Міне,  сондықтан  да  шығармашылық  процесстен,  өзі  жасаған  істен,  әр  жұмысты 

немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретемін.  

Бұдан әрі де түрлі қызметке деген қызығушлықты қалыптастыратын ұсақ қол және 

жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздеcтіру 

жұмысын жалғастырамын.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер  



• Бардышева Т. Ю. Сәлем, саусақ. Саусақ ойындары.  

•  Большакова  С.  Е.  Ұсақ  қол  моторикасын  қалыптастыру:  Ойындар  мен 

жаттығулар.  

• Пименова Е. П. Саусақ ойындары. 2007.  

 

БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 



 

Майданова Толкын Канатовна 

КМҚК №134 "Гауһар" балабақшасы 

 

Тіл – ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, 



сөйлеу,  ойлау  тәсілінің,  мінез-құлқының,  мәдениеті  мен  әдеп  ниетінің  айрықша 

белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Тіл өнерінің құнын халқымыз өте биік бағалап, «Өнер 

алды – қызыл тіл» деген.  

Егеменді  еліміздің  талабына  сай  мемлекеттік  тілді  меңгеру,  қазіргі  заманға  сай 

білімді  де,  тәрбиелі  ұрпақ  тәрбиелеу  педагогтар  еншісінде.    Мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  сөйлеу  дағдысын  дамыту  мәселесі  бағдарламаға  сай  дидактикалық 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау