Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет364/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   472

 

767 


 

 

«Су қандай пішінге ие болады?» тәжірибесі. 

Мақсаты: Су өзіндік нақты пішінге ие емес екендігін түсіндіру.  

Балалар судың түсі, пішіні, дәмі болмайтындығын бақылап, іс жүзінде танысты.  

Сауыттың  көлеміне  қарай  суда  пішін  қалыптасады,  егер  су  салғышқа  құйсақ  ол 

жайылып ешқандай пішінге ие болмайды. Сондықтан су ешқандай пішінге ие емес. 



«Судың еріткіш қасиеттері» тәжірибесі. 

Мақсаты: Судың кейбір заттарды ерітетін қасиеті барын түсіндіру.  

Судың кейбір заттарды ерітетін қасиеттері бар екендігін зертхана жұмысы барысында 

стаканға су құйып, әр стаканға өз қалауымен затты салып, шай қасықпен араластырып, 

стакандағы  су  мөлдір  болып  қалды  ма,  әлде  өзгерді  ме,  тұнба  қалды  ма?  Балалар 

заттардың  барлығы  суда    ери  бермейтіндігін  кейбір  заттар  толық  ериді,  бірі  тұнып 

қалады, ал кейбірі су бетінде қалқып, уақыт өте келе су түбінде тұнатындығын өздері 

жасап, көз жеткізді.  

Заттардың барлығы суда ери бермейді: кейбір заттар толық ериді, бірі тұнып қалады, 

ал кейбірі су бетінде қалқып уақыт өте су түбінде тұнады.  



«Тұзды және тұщы суда тұнбалардың түзуі» тәжірибесі. 

Мақсаты: Қандай суда тұнбалалар тез түзілетіндігін бақылау.  

Қандай судағы тұнбалар тез түзелетінін екі ыдысқа бірдей құм салып, екі стаканға да 

су  құйып,  екі  стаканның  біреуіне  тұз  салып,  екі  стакандағы  затты  да  жақсылап 

араластырып,  бірнеше  минуттан  соң балалардың  нені байқағандарын,  тұзды  судағы 

заттар тез еріп, судың астында тұнба тез түзеледі де, су мөлдірленеді. Ал тұщы судағы 

заттар судың жоғарғы бетінде қалқып қалатындығын жұмыс барысында білді. Тұзды 

судағы заттар тез еріп, судың астына тұнба тез түзіледі де, су мөлдірленеді. Ал тұщы 

судағы заттар судың жоғарғы бетінде қалқып қалады.  

«Жүзеді немесе батады» тәжірибесі. 

Мақсаты:  Баланың  түрлі  заттардың  суда  жүзуін  немесе  батуын  зерттеуге 

ынталандыру. 

Кейбір заттар суда жүзіп, батуын зертхана жұмысында тәжірибе жасау арқылы тас, 

темірдің, матаның, шынының суда бататындығын, ал ағаш, қағаз су бетінде қалқып 

жүзетіндіктерін қызыға бақылады. Осындай зертханалық жұмыстардың нәтижесінде 

балалар су сұйық, қатты және газ тәрізді үш күйде болатындығын тәжірибе жүзінде 

танысып,  судың  қасиетінің    түрлі  қоспалар  арқылы  өзгеріске  түсетінін  бақылады. 

Осыған  сүйене  отырып,  балаларға  судың  қасиетін,  пайдасын  іс  тәжірибе  жүзінде 

түсіндіру ретінде қолдандық. 




 

768 


 

     М.Монтессори  зертханасында  суды    ерекше  қарастырып  отырған  себебі 

табиғаттағы бар құбылыс сумен байланысты. Сумен байланысты болғандықтан, судың 

қасиетін  жете  ашу,  судың  тіршілік  көзі  екенін,  оның  адамзатқа  берер  пайдасы  мен 

залалын айта отырып, судың құрамын, оның пайдалану барасындағы ерекшелігін атап 

көрсету. «Судың да сұрауы бар» демекші суды мөлшерден тыс пайдаланған да зиян 

болып келеді. Жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарына назар аударсақ қыста қардың 

мөлшерден тыс жаууына байланысты кейбір жерлерде су тасқыны болса, кейбір жерде 

құрғақшылық  жиі  кездесуде.  Республикамыздың  кейбір  аймақтарында  судың 

тапшылығы  да  байқалады.  Көктем  мезгілінде  еліміздің  кейбір  аймақтарын  су  басу 

қауіпі жиілеп кетті. Осындай судың көп мөлшерде болуы, жерімізге көрік беріп тұрған 

әдемі  ағаштар  мен  жайқалған  гүлдердің,  шіріп  өспей  қалуына  себеп  болып  отыр. 

Сондықтан  балаларға  табиғат  құбылысындағы  өзгеріске  назар  аударып,  суды 

үнемдеуге,  ысырап  жасамауға  үйрету  барысында  судың  қасиеті  мен  маңызын  бала 

бойына түсіндіру, сіңіру.  

        Қорыта  келгенде  балаларға  ерте  жастан  судың  қасиетін,  маңызын,  пайдасын 

түсіндіру арқылы мөлшерден тыс пайдалану, ысырап жасау қандай жағдайға апарып 

соқтыратынын түсіндіру. Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта 

есімізде болып, жадымызда сақтай білейік.  

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Бала мен балабақша №5, 2015 ж. 

2. М.Монтессори. Балалар үйі. Ғылыми педагогика әдісі. Гомель, 1993 ж. 

3. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. 2011 ж. 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ТАНЫМЫНА ҚАРАПАЙЫМ 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЕРТЕГІНІҢ РӨЛІ 



 

Махамбетова С.С., Мамилина А.С. 

№23 «Ақниет» б/б КМҚК 

 

Бүгінгі  таңда  тұлғаның  алғашқы  түсінігі  төмендегі  қасиеттерді  негізге  алады: 



әлеуметтік және интеллектуалдық құзіреттілік, креативтілік, бастамашылық, дербестік 

пен жауапкершілік, қатынастық.  

Баланың  интелектуалдық  дамуының,  танымдық  және  шығармашылық 

қабілеттерінің  қалыптасуының  мықты  факторы  ол-математика.  Ол  арқылы  баланың 

сөйлеуі,  есте  сақтауы,  қиялы,  эмоциялары  дамиды,  ерік-жігер  қасиеті  мен  тұлғаның 

шығармашылық ұстанымы қалыптасады.  

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  ұнатып  айналысар  нәрсесі  не?  Әрине,  ертегі 

тыңдап, ойын ойнау. 

Бұл  ретте,  алалардың  жатқа  білетін  халық  ертегілері  мен  жазушылардың 

ертегілері-  біздің  баға  жетпес  көмекшілеріміз.  Олардың  қайсы  болмасын  түрлі 

математикалық  жағдаяттардың  табылмас  кені.  Оны  балалар  өздігінен  игеріп  кетеді. 

«Мақта  қыз»  ,  «Бауырсақ»  сандар  ретімен  таныстырады.    «Үйшікей» 




 

769 


 

және  «Шалқан»  сан  мөлшері  мен  ретімен  таныстырып  қана  қоймай,  арифметика 

негіздерін  үйретеді.  «Үш  аю»  ертегісінің  көмегімен  балалардың  көлемдер  жайлы 

білімін  бекітіп,  схема  бойынша  модель  жасауға  үйретуге  болады.  «Қызыл  телпек» 

ертегісін оқи отырып, «ұзын» және «қысқа» ұғымдары жайлы түсіндіре кетуге болады  

Бірақ ертегіні құр оқып беру ол жеткіліксіз. Математикалық  ертегілерді сахналау 

арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жұмысымызға негіз болуда. Біз  

қарапайым  матматикалық  ұғымдарды  қалыптастыру  пәнінде  тақырыптарды  ертегі 

желісімен  меңгертуді  жұмысымызда  кеңінен  қолданамыз.  Себебі,  ертегі  орын  алған 

жерде әрдайым жақсы көңіл-күй болады. Сондықтан да біз математикалық ұғымдарды 

қалыптастыру  барысында,  балаларға  ертегіде  ойнауды,  «ертегіге  ену»  әдісі  арқылы 

оның бір кейіпкері болып, ғажайып ертегі әлеміне аттануды ұсынамыз.  

Бұл    балалар  бойына  аталмыш  іс-әрекетке  қызығушылығын  арттырып,  санау, 

кеңістікті  ,  уақытты  бағдарлау,  сонымен  қатар  басқа  да  математикалық 

бағдарламаларды  игертуге  мүмкіндік  береді.  Ертегі  арқылы    өткен  материалды 

қайталап және бекітіп қана қоймай, балаларды жаңа тақырыппен таныстыруға болады.  

      Кез-келген математикалық ертегі «Баяғы бір заманда,  бағзы бір мемлекетте…» 

деп  басталады.  Ертегі  сюжеті  балалар  әдебиетінің  әлемдік  жауһарларының 

үзінділерінен алынуы мүмкін.  

Мысалы,  Е.Шварцтың  «Жоғалған  уақыт  ертегісі»,  «Масақ»  және  «Аққу-қаздар» 

желісі бойынша құрастырылған ҰОІӘ-рі балаларға өте ұнады.  

Осылайша, «Пішіндер қаласына саяхат» және «Ойыншықтар не дейді?» ертегілері 

туындады. Ал, көңілді смешариктар жайлы математикалық ертегінің тууына балалар өзі 

себепкер болды. Бірден бірнеше ертегіге саяхат балаларды қызықтырады.  

Ертегі  құрастырып  саханалау  арқылы,  біз  оған  үлестірмелермен  қатар 

мультимедиялық ілеспе ойластырамыз.  

Осылайша,  Пішіндер  қаласына  аттану  үшін  бізге  қала  көшелері    бейнеленген 

магнитті  ширма,  оның  терезелеріне  балалар  геометриялық  пішіндер-«тұрғындарды» 

орналастыра отырып, кеңістікті бағдарлау білігін көрсетті. 

«Смешариктардың  басынан  кешкендері»  және  «Ертегі  қамалы»  әдістемелері 

көпфункционалды,  екі  ұзындықта  орындалады,  олардың  көмегімен  түрлі 

тақырыптарды;(мөлшерлік  және  реттік  санауды,  көрнекілік  негізінде  қарапайым 

арифметикалық  есептерді  шешуге,  геометриялық  пішіндер  жайлы  білімін  бекіту)   

меңгертуге болады. 

Компьютеризациялау  ғасыры  біздің  балабақшаға  да  қадам    басты. 

Мультимедиялық  құрылғы  кез-келген  ҰОІӘ-нде    ертегі  атмосферасын  жасауға 

мүмкіндік береді. Ғажайып экран ғарыш кемесінің немесе уақыт машинасының басқару 

пультіне  айнала  алады.  Қажет  жағдайда  дәстүрлі  фланелеграфты  алмастыра  алады.  

«Ғажайып  экранның»  көмегімен  ізденушілікке  негіз  болатын  тосын  сәттер  танымал 

мультфильмдердің кейіпкерлерімен әңгімелесуге болады.  

   Осылайша, мен нық түрде: математика – бұл тіпті қиын емес деп айта аламыз.  

Әсіресе, бала жүрегіне кілт таба алсаңыз. Кілт ол-ертегі!  

Ертегі әлемінің есігін айқара аша тұрып,  балаларды математикамен таныстырып 

қана  қоймай,  оларды  мейірімділікке,  сенімділікке,  бір-біріне  қол  ұшын  беруге, 

танымпаздыққа және қиындықты жеңе білуге үйретуге болады. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау