Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет32/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   472

 

68 


 

қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті 

тәрбиелеуде  отбасы  мен  тәрбиешілер  шешуші  рөл  атқарады.Cондықтан,  менің 

ойымша жаңа өсіп келе жатқан балаларды отбасында және де балабақшада, мектепте 

жақсылыққа,  мейрімділікке,  сүйіспеншілікке  тәрбиелесе  мұндай  балалардан  өте 

ақылды да тәрбиелі ұрпақтар шығады деген ойдамын.Тәрбие әлеуметтік құбылыстарға 

жатады  және  қоғамның  өмірі  мен  даму  факторының  рөлін  атқарады.  Әлеуметтік 

көзқарас бойынша, тәрбие арнайы жасалған мемлекеттік  және қоғамдық құрылымдар 

арқылы жүзеге асатын сондай-ақ, қоғам қадағалап түзетіп отыратын мақсатты түрде 

бағытталған  жастарды  осы  және  болашақтағы  қоғам  өміріне  дайындау.Адамзат 

тарихында  пайда  болған  адамгершілікке  көптеген  категориялар:  жомарттық, 

сыпайылық,  әділдік  пен достық,  ар мен  намыс  тағы басқалары  сонау  көне дәуірден 

басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Мектепке дейінгі адамгершілік 

тәрбие  –  балалардың  адамгершілік-сана  сезімін,  мінез-құлқын  қалыптастыруды 

қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілділік, 

қоғамдағы  және  өмірдегі  қарапайымдылық  пен  сыпайылық,  үлкенді  сыйлау  мен 

ибалық адамгершілік тәрбиесінің сатылап қамтитын жүйелі мәселелері. Адамгершілік 

тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын 

ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен 

қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде 

пайдаланғаны  дұрыс.  Ата-ананың  болашақ  тәрбиесі  үшін  жауапкершілігі  ұрпақтан 

ұрпаққа жалғасуда.  «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың 

күн сайын атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер 

айтса соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың 

үйден  көргені,  етене  жақындарынан  естігені,  ол  үшін  адамгершілік  тәрбиесінің  ең 

үлкені,  демек,  жақсылыққа  ұмтылып,  жағымды  істермен  айналысатын  адамның 

айналасындағыларға  көрсетер  мен  берер  тәлімі  мол  болмақ.  Жас  өспірім  тәлім-

тәрбиені,  адамгершілік  қасиеттерді  үлкендерден,  тәрбиешілерден  насихат  жолымен 

емес,  тек  шынайы  көру,  сезім  қатынасында  ғана  алады.  Жеке  тұлғаның  бойындағы 

жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  қалыптасуы  осы  бағытта  жүзеге  асады,  сөйтіп 

оның өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-

тәрбие  берілуі  керек.  Жақсы  адамгершілік  қасиеттердің  түп  негізі  отбасында 

қалыптасатыны белгілі. Сондықтан да бала тәрбиесіне келгенде ата – ананың балаға 

деген тәрбие беруі улкен роль атқарады. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде 

үш  жастан  он  екі  жасқа  дейінгі  аралықта  әр  адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті 

нәрсенің бәрін де ертегіден алады.  Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана 

сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол, 

еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  игі  қасиеттер  қалыптасқан  ұрпақ  тәрбиелеу. 

Ертегінің  рухани  тәрбиелік  мәні  зор.  Ол  балаға  рухани  ляззат  беріп,  қиялға  қанат 

бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани 

азық«,  деп  атап  көрсеткен.  Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы 

мұрат-міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы 

ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін 

жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу  

біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю 



 

69 


 

арқылы  басқа  халықтардың  да  тілі  мен  мәдениетіне,  салт-дәстүріне  құрметпен 

қарайтын  нағыз  мәдениетті  азамат  қалыптасады.Халық  педагогикасы  –  нәрестенің 

сезімін  ананың  әуенімен  оятатын  бесік  жырлары,  даналыққа  толы  мақал-мәтелдер, 

жұмбақ-жаңылтпаштар,  қиял-ғажайып  ертегілері,  ойындары,  тәрбиелеп  өсіру 

негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті 

–  халық  педагогикасында,  ұлттық  дәстүрінде.  Қазақ  халқының  әлеуметтік  өмірінде 

үлкенді  сыйлау  ұлттық  дәстүрге  айналған.  Отбасында,  балабақшада,  қоғамдық 

орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап 

етіледі.  Халқымыздың  тәлім-тәрбиелік  мұрасына  үңілсек,  ол  адамгершілікті, 

қайырымдылықты,  мейірбандықты  дәріптейді.Ата-бабамыздың  баланы  бесігінен 

жақсы  әдеттерге  баулыған.  «Үлкенді  сыйла»,  «Сәлем  бер,  жолын  кесіп  өтпе»  деген 

секілді  ұлағатты  сөздердің  мәні  өте  зор.  Адамгершілікті,  ар-ұяты  бар  адамның  бет-

бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман 

жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың 

ар-ұятын,  намысын  оятып,  мейірімділік,  қайырымдылық, кішіпейілділік,  қамқорлық 

көрсету, адалдылық, ізеттілік секілді қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді 

сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік 

тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашан 

да халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы 

іске көзін  жеткізу,  сенімін  арттыру.  Осы  қасиеттерді  балаға  жасынан бойына  сіңіре 

білсек,  адамгершілік  қасиеттердің  берік  ірге  тасын  қалағанымыз  болар  еді. 

Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы 

адамгершілік қасиеттерімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам 

баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра 

білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиетті мол адамшылдық атаулының көрініс болып 

табылады.Тәрбиешінің  ең  бастапқы  формалары  педагогтың  балалармен  мазмұнды 

қатынасында,  жан-жақты  іс  әрекетінде,  қоғамдық  өмірдің  құбылыстарымен  танысу 

кезінде,  балаларға  арналған  шығармаларымен,  суретшілер  туындыларымен  танысу 

негізінде  іске  асады.  Мұндай  мақсатқа  бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбек 

сүйгіштікке,  ізгілікке,  ұжымдық  пен  патриотизм  бастамасына  тәрбиелеуге,  көп 

дүнеині  өз  қолымен  жасай  алуды  және  жасалған  дүниеге  қуана  білуді  дамытуға, 

үлкендер  еңбегінің  нәтижесін  бағалауға  тәрбиелеуге  мүмкіндік  жасайды.  Балаларда 

ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ 

мақсат  қою  және  оны  жүзеге  асыру  ісіне  өздері  қатысуға  талпыныс  пайда  болады. 

Мұның  бәрі  де  баланың  жеке басының  қоғамдық  бағытын  анықтайды,  оның  өмірге 

белсенді  ұстанымын  бірте-бірте  қалыптастырады.  Әр  баланың  жеке  басы-  оның 

моральдық  дамуы  үшін  қамқорлық  жасау-  бүгінгі  күннің  және  алдағы  күндердің 

талабы,  оған  менің  күнделікті  көңіл  бөлуім  талап  етіледі.  «Балалар  бақшасындағы 

тәрбие  бағдарламасы»  мектепке  дейінгі  балалардың  жан-жақты  дамуын,  олардың 

мектепке дайындығын қарастырады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын 

ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, 

саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ұрпақ  тәрбиесі  —  келешек  қоғам  тәрбиесі.  Сол  келешек 

қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық 

етіп  тәрбиелеу  —  біздің  де  қоғам  алдындағы  борышымыз.Ата-анаға,  өзінің  жақын 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау